Қоғам

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТУРИЗМІН ДАМЫТУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Қазіргі таңда танымал және өзекті салалардың бірі ол – туризм. Туризмді көпшілік адам, тек саяхат жасау тұрғысынан танумен шектеледі, алайда туризм ол – тарих, туризм ол – медицина, туризм ол – мәдениет, туризм ол – сауда.

Әлемде жеті миллиард адам, екі жүз ден астам ел, сан түрлі тіл мен өзіндік ерекшеліктер бар, олардың бәрін болмасада бір шамасын біліп, тануымыз керек. Ел танимын, тіл үйреніп дамимын деушілерге туризм таптырмас сала. Туризм адамның дамуына, бәсекеге қабілетті болуына септігін тигізеді, яғни тұлғаның көшбасшылық және ойлау қабілетін арттырады. Бұл тұста жасөспірімдер туризимі алдына ден қояды. Жасөспірімдерге туризм саласы кәсіби тұрғыда тиімді болып табылады. Жастар туризмі ұғымдары мен категориялары зерттелген және осы негізде «жастар» және «жастар туризмі» анықтамалары нақтыланды. Жасөспірімдер туризмі атынан белгілі, яғни балалар және жастар мен жасөспірімдерге арналған, олар көбіне өз топ ішінде, достары мен құрдастарының арасында ұйымдастырылады. Сондай-ақ жеке саяхат түріде бар. Жеке жастар туризмі — бұл мотивация болып табылатын бір адамның дараланған жеке қызмет көрсетуі болып табылады, талабына сәйкесінше тур бағасы жоғары болады.

Жеке жастар туризмі іскерлік, ғылыми, сауықтыру мақсаттарымен және көп жағдайда топтар немесе туыстық байланыстар арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ трекинг, манубайкинг, сноуборд, альпенизім, велотуризм тіпті ғарыш пен джайлоо туризміне барушы туристерді жастар тарапынан екенін байқауға болады. Алайда танымдық мақсаттағы бағытында ұмытпау керек, себебі бұл адамның жеке қасиеттерін дамытуға дағдыланады.

Танымдық мақсаттағы туризм жастардың ой өрісін, санасын дамытып және жеке идеяларының туындауына үлкен септігін тигізеді. Жастар мәдениет және білім мақсатында музейлер мен спорттық кешендерге қызығушылық танытқандықтан оларды жеке турист ретінде қабылдайды. Қазірде музейлер тек экспонаттар, жәдігерлермен шектеліп қоймайды, аспан асты музейі сынды түрлі проектілер жасалынады, ол жасөспірім туристердің келуге деген қызығушылығын, қиалын арттырады. Жасөспірімдер туризмі қарапайым туризмнің барлық қағидаттарын қамтиды, алайда туристердің жас айырмашылығымен ерекшеленеді. Жасөспірім туризмінде туристердің жасы он төрт жастан бастап, отыз жас арасын қамтиды. Бұл туризм түрі құны мен орналасу жағдайында ерекшелік табады. Себебі, студенттер люкс (Lux) отельдерде және маршрут барысында ең жақсы орындармен өзін қамтамасыз ете алмайды. Алайда студенттік билеттері бар болса оларға көптеген жеңілдіктер жасайды.

Туризм саласында жасөспірім туризмінің сұранысы жылдан жылға артып келеді, әсіресе оқу туризмі маңызды рөл атқарады. Мысалға, елдер арасында студент алмасу бағдарламасы бар, ол елдер мен ел дәстүрін тану, тіл үйрену мен мәдениеттердің жақындасу мақсатында жоспарланады. Бұл бағдарлама бойынша туристердің жастары он сегіз – жиырма жетіні қамтуы керек, ол студенттің белгілі бір отбасыға жіберіледі де тілін, мәдениетін үйренуіне, түсінуіне оңтайлы септігін тигізеді.

Сонымен қатар, Еуропалық Одақ аясында жастар туризмі мен ұтқырлығын жеңілдету және жеделдету мақсатында көптеген мекемелер мен ұйымдар құрылды. Атап айтқанда  Erasmus бағдарламасы, оның мақсаты – елдер арасында студенттер алмасу. Бұл бағдарламаны Австралия, Новая Зеландия, Австрия, Швецария, Англия сынды елдер қолдайды. Жасөспірім туризмінің нарықтағы бағытын атап кетпесе болмайды, себебі туризм нарығында маңызды нарықтардың бірі ол жасөспірімдер туризмі болып табылады. Жас туристер туристік мансапта алдыңғы қатарда тұр. Олар үнемі алға қарай дамып отырады, жаңа кәсіптер ашады және маркетинг саласына үлкен үлестерін қосуда.

Жас саяхатшылардың мотивациялық факторларын ескеретін болсақ, жастардың саяхаттауына олардың байсалдылық танытуынан қарағанда, саяхатқа бейімділігі едәуір әсер ететіндігін атап өткен жөн. Жастар туризмінің негізгі мотивтері — білім алу, басқа адамдармен кездесу, мансаптық өсудің құндылығын арттыру, басқа мәдениеттер туралы білім алу, өзін-өзі дамытуды арттыру және саяхатшылар, бұл жас саяхатшылар тұлғасының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Алғашында жастар туризмі тек балаларды тәрбиелеу мақсатында құрылған болатын, кейінірек жорық мақсатында, яғни жорықтағы қауіпсіздік шараларды үйрету мақсатында ашылған.

Жасөспірім туризмінің негізі Германияда қаланған, өйткені онда жас туризмнің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылған алғашқы жатақханалар пайда болды. Бүгінде Германияда жас саяхатшылар үшін құны тиімді турларда жүретін туристер саны көп, бұл жастар туризмінің табысты дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Германиядағы жастар туризмінің өзіндік нормативтік- құқықтық базасы бар. Ал Ресей жастар туризмінің дамыу әлеуеті айтарлықтай үлкен, оның маңызы, әсіресе 2014 жылғы Сочи Олимпиадасынан кейін айқын болды. Қрымның Ресейге қосылуы туризмнің дамуына белгілі бір әсерін тигізді. Жастар көрікті жерлерге, Ресейдің теңіз жағалауындағы демалысқа қызығушылық таныта бастады. Қырым, Қазан және Анапа, Санкт-Петербургтегі турлар қазіргі жастар арасында өте танымал. Бүгінде бұл бағытта туристік ұсыныстар өте көп.

Жастар туризмінің тарихы 20 ғасырдан басталады. 1918-1928 жылдардағы туристік-өлкетану жұмысы мектептен тыс жұмыстарға бағытталды және 6-10 күндік экскурсия түрінде өткізілді. [1] Қазіргі кезде де, мектептерде экскурсиялар өткізіледі, себебі тек айтып, оқығаннан көзбен көріп, эмоциялар арқылы қабылдау есте ұзаққа сақталатыны бәрімізге белгілі жәнеде бұл адамның ойлау қабілетін дамытады. Біздің елде мұндай бағдарламалар бар, мысалы Нұр-Сұлтан қаласында «Turan-Asia» travel company оқушыларға арналған үш күндік экскурсия өткізеді. Ең бірінші күні оқушыларды орналастырады, тамақпен қамыту жұмыстарын жасап, қала орталығында үш сағаттық экскурсия өткізеді. Онда Бейбітшілік сарайына, «Астана-Опера», Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы — Ақ Орда мен «Хазірет Сұлтан» мешітін тамашалай алады. Екінші күні спорт әлеміне саяхат жасайды. Яғни,  «Алау»  мұз  сарайы,  «Сарыарқа»  республикалық  велотрегі,

«АстанаАрена» стадионын, Қазақстандағы ең ірі «Хан-Шатыр» ойын-сауық сауда орталығына барады. Ал үшінші күні Мұхиттан үш мың шақырымнан астам қашықтықта орналасқан әлемдегі жалғыз океанариумға бару, 5D кинотеатыры мен зоопарктеріне барады және көбелектер галереясын тамашалауға мүмкіндік алады. Экускурсия барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне бару мүмкіндігі қарастырылған. Музейде жаңа технологиялар қолданылады, мәселен динамикалық макеттер, үлкен экрандар мен мультимедиялық нұсқаулықтармен жабдықталған. Бұл экскурсия

10 адамды қамтиды, жалпы құны 55000 т құрайды. Жасөспірім туризмінің негізгі проблемалары ол туристік қызметтер мен тұрақты орнының жоғары құны, яғни отельдер, жастарға көрсетілетін туристік қызметтің сапасы төмен деңгейлігі, көлік транспортында айырмашылықтар, жастардың туристік демалыс  орындарының  едәуір  бөлігі  апатты  жағдайда  және  бос  тұруы, Ел ордамызда туристік өлкетану қызметі бойынша «Жас туристер станциясы» жұмыс атқарады. Ол туристік өлкетану іс-әрекеті барысында жеке тұлғаны тәрбиелеуге қоршаған ортаны, тарихи және мәдени ескерткіштерді білуге, қарым-қатынас жасау арқылы мектеп оқушыларын салауатты өмір салтын қалыптастыруға, ерік пен руханилыққа тәрбиелейді. Бүгінгі күні станцияда 640-тан астам орыс және қазақстандық студенттер бар. Олар «Жас велосипедшілер», «Жас туризм нұсқаушылары», «Жас гидтер», «Жас   өлкетанушылар»,«Өлкетану   географтары», «Шағын туризм», «Изотуризм» түрлеріне бағытталған. Туризмді мемлекеттік басқару белгілі бір әдістер мен формаларды қолданады.

Қазақ КСР Туризм, дене шынықтыру және спорт министрлігі «КСР Туризм, дене шынықтыру және спорт министрлігін құру туралы» Қазақ КСР Президентінің 1991 жылғы 31 тамыздағы № 417 Қазақ КСР Жарлығына сәйкес құрылды. [3] 2012-2016 жылғы Қазақстанда мемлекеттік туризмді дамыту бағдарламасында жасөспірімдер туризмінің тұлға аралық тәрбие негізінде, салауатты өмір салтын ұстануда, мәдениет, тарих және спорт түрі ретінде ерекшеленетіндігін айтады. Оның басты мақсаты — қызығушылық танытқан жастарды елдің табиғи, тарихи және мәдени көрнекті жерлерімен таныстыру. Жаз бойы жобағу қатысушы туристтер ежелгі Тараз, Сауран, Отырар қалаларын, Айша бибі, Қарахан, Арыстан баба, Х.А.М.Әуезованың кесенелерін аралады. Сапар барысында жобаға қатысушылар пикниктер ұйымдастырып, кемпингтер жасады. Жастар саяхаттардан алған әсерлерін өлеңдерінде, блогтарында, мақалаларында және ғылыми жобаларында көрсетті. Бұл жоба жастардың көпшілігін өзіне қарата алды және ішкі туризмнің дамуына әсерін тигізді, болашақтада мұндай жобалар жиі ұйымдастырылып, түрленуі маңызды. Себебі жастарды әр күн сайын жаңа ақпараттар мен жаңа жобаларды ұсыну арқылы тек жасөспірім туризмін ғана емес Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы алға бастар тағы бір қадам болар еді. Жасөспірімдер туризмі модернизацияланады, материалдық-техникалық қамтамасыз етіледі, шет елдерге демалу мақсатында базалар ашу жәнеде мектептерде ел ішінде жорықтар жасау мен Қазақстанның көрікті жерлеріне сапарға шығу міндеттеледі. Туризмді дамыту мақсатында ең алдымен ішкі туризмді дамыту керек. Ол үшін гид, экскутсавод, туроператор т.б мамандарының санын артыру керек. Осы себептіде жасөспірімдер туризмінің дамуы туризм саласында және экономика мен мемлекет үшін маңызды. Тек бұл үшін жасөспірімдерге дұрыс бағыт-бағдар берілуі тиіс, туризм мамандығына жастардың қызығушылығын артырып, мүмкіншіліктерін арттыру керек. Жастар туризмі аймақтың өндіргіш күштерінің ең динамикалық және белсенді элементін дамытады, сондықтан тұтасымен тағайындалған жердің ресурстық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close