Қоғам

ЭЛЕКТРМЕН ДӘНЕКЕРЛЕУ КЕЗІНДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

Оқшаулағышы жоқ немесе оқшаулағышы зақымданған дәнекерлеу сымдарын пайдалануға, сондай-ақ стандартты емес қорғау аппараттарын қолдануға болмайды.

Дәнекерлеу сымдары сығымдау, дәнекерлеу, балқытып біріктіру немесе арнаулы қысқыштар арқылы жалғастырылады. Электр сымдары электр тұтқышқа, дәнекерленетiн бұйымға және дәнекерлеу аппаратына шайбалары бар бұрандамалармен бекiтiлген мыс кабель ұштарының көмегiмен қосылады. Дәнекерлеу аппаратына, бөлу қалқанына және жабдыққа, сондай-ақ дәнекерлеу жұмыстары орындарына қосылған сымдар нақты оқшауланады және қажеттi жерлерiнде жоғары температураның әсерiнен, механикалық зақымданудан немесе химиялық әсер етуден қорғалады.

Электр дәнекерлеу машиналарының кабельдерi (сымдары) оттегi құбырларынан кемiнде 0,5 м, ацетилен және өзге жанғыш газдар құбырла- рынан кемiнде 1,5 метр қашықтықта орналастырылады. Кейбiр жағдайларда газ құбыры қорғағыш металл құбырларда орналастырылған жағдайда көрсетiлген қашықтықтарды қысқартуға болады. Дәнекерленетін бұйымды дәнекерлеу тогының көзімен қосатын кері өткізгіш ретінде кез келген профильдегі болат немесе алюминий шиналар, дәнекерлеу плиталары, стеллаждар және дәнекерлеу конструкциясы, егер олардың қимасы қыздыру шарттары бойынша дәнекерлеу тогының қауіпсіз ағуын қамтамасыз еткен жағдайда қолданылады.

Керi өткiзгiш ретiнде пайдаланылатын кейбiр элементтерін өзара біріктіру бұрандаларының, струбциналардың немесе қысқыштардың көмегiмен орындалады. Өрт-жарылыс және өрт қауiптi үй-жайлар мен құрылыстарда электр дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде керi өткiзгiш дәнекерленетiн бұйымнан бастап ток көзiне дейiн тек оқшауланған сыммен орындалады, әрi ол оқшаулау сапасы бойынша электр тұтқышқа қосылатын тiкелей сымнан кем болмауы қажет. Кері өткізгіш ретінде ішкі темір жолдарды, жерге тұйықтау немесе нөлдендіру желілерін, сондай-ақ ғимараттардың металл конструкцияларын, коммуникациялар мен технологиялық жабдықтарды пайдалануға жол берілмейді. Мұндай жағдайларда дәнекерлеу екi сымды қолдану арқылы жүргізіледi. Дәнекерлеу генераторлары мен трансформаторлар, сондай-ақ ашық ауада орнатылатын барлық қосалқы аспаптар мен аппараттар дымқыл тартуға қарсы оқшаулағышпен жабық күйде қолданылады және жанбайтын материалдардан жасалған шатырлардың астынан орнатылады.

Қолмен дәнекерлеуге арналған электр ұстағыштың құрылымы электродтарды берiк ұстауды және тез ауыстыруды қамтамасыз етедi, сондай-ақ жұмыста уақытша үзiлiс болғанда дәнекерленетiн бөлшекке оның корпусының немесе ол кенет металл заттарға құлағанда қысқа тұйықталу мүмкiндiгiн болдырмайды. Электр ұстағыштың тұтқасы жанбайтын диэлектрлiк және жылу оқшаулағыш материалдан көзделеді.

Дәнекерлеу кезiнде зауытта шығарылған, дәнекерлеу тогының номиналды шамасына сәйкес келетiн электродтар қолданылады. Электродтарды ауыстыру кезiнде олардың қалдықтары (тұқылдары) дәнекерлеу жұмыстары орындарында орнатылатын арнайы металл жәшiктерге орналастырылады. Электрдәнекерлеу қондырғысымен жұмыс iстеу кезiнде жерге тұйықталады. Негiзгi электр дәнекерлеу жабдығын жерге тұйықтаудан басқа, дәнекерлеу қондырғыларында қысқыш тiкелей бұйымға өтетiн (керi өткiзгiш) өткiзгiш қосылатын дәнекерлеу трансформаторының екiншi орамына қосы- лады.

Агрегат пен iске қосу тетiгiн тазалау күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi. Дәнекерлеу жабдығына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргiзiледi. Атомды-сутектi дәнекерлеуге арналған қондырғыларда доғаны қоректендiру бөлек трансформатордан жүргiзiледi. Доғаны тiкелей бөлу қора- бынан кез келген түрдегi реттегiш арқылы қоректендiруге жол берiлмейдi. Атомды-сутекті дәнекерлеу кезінде жанарғыда тізбек үзілген жағдайда кернеуді автоматты ажырату және сутекті беруді тоқтату көзделеді. Iске қосылған жанарғыны қараусыз қалдыруға болмайды.

Өрт-жарылыс қауiптi аймақтарда электрдәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде:

  • тұрақты ток көздерiн қоректендiру көздерi немесе құрылымында импульстi генераторлары бар, доғаның қайталана қозуы кезiнде электрод пен дәнекерленушi бұйым арасындағы кернеудi көтеретiн («разряд» түрiндегi ток көзi) ауыспалы токтың арнайы көздерi қолданылады;
  • П-II сыныпты өрт қауiптi аймақтарда тозаңнан тазарту үшiн қол жет- кiзу қиын орындар көбiк түзгiштiң екi пайыздық ерiтiндiсiмен 1 м2 алаңға 1 литр ерiтiндi есебiмен өңделеді;
  • тік және төбелік жағдайда дәнекерлеу, диаметрі 4 миллиметрден ас-айтын электродтармен орындалады. Бұл ретте дәнекерлеу тогының шамасы төменгі көлденең жағдайда дәнекерлеу кезіндегіден 20 % төмен көзделеді;
  • электрдәнекерлеу қондырғысын iске қосу алдында электрод тұтқышта электродтың болмауы тексерiледi.

Газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

Тұрақты дәнекерлеу жұмыстары конструкциялары жанбайтын материалдардан жасалған, ацетилен генераторлары, оттегi баллондары мен дәнекерлеу бекеттерi үшiн оқшауланған үй-жайлары бар, арнайы бөлiнген дәнекерлеу шеберханаларында жүргiзiледi. Ацетилен генераторларына арналған үй-жайлар желдеткiшпен және жеңiл алынып тасталатын конструкциялармен қамтамасыз етiледi. Генераторларды жертөле үй-жайларына орнатуға болмайды. Тасымалданатын ацетилен генераторларын пайдалануға рұқсатты қарамағында осы генераторлар болатын объектiнiң әкiмшiлiгi бередi. Тасымалданатын ацетилен генераторлары ашық алаңдарда орнатылады. Оларды жақсы желдетiлетiн үй-жайларда уақытша қолдануға жол берiледi. Генераторларды жертөле үй-жайларында орнатуға жол берiлмейдi.

Ацетилен генераторлары от жұмыстарын жүргізу орындарынан, сондай-ақ компрессорлармен және желдеткіштермен ауа жинау орындарынан кемінде 10 метр қашықтықта қоршалады және орналастырылады. Ацетилен генераторлары орнатылған жерлерге «Бөгде адамдарға кiруге болмайды – от қауiптi», «Темекi шегуге болмайды», «Отпен өтуге болмайды» деген аншлагтар (плакаттар) iлiнедi. Жұмыс аяқталғаннан кейiн тасымалданатын генератордағы кальций карбидi шығарылады. Генератордан шығарылатын әк лайы осы мақсатқа лайықталған ыдысқа шығарылады және лай шұңқырына немесе арнайы бункерге ағызылады.

Ашық лай шұңқырлары қоршаумен қоршалады, ал жабықтары жанбайтын жабындармен, сорғы желдеткiшiмен және лайды шығаруға арналған люктермен жабдықталады. Лай сақтау орындарынан 10 метр кем радиуста темекi шегуге және ашық отты пайдалануға болмайды, ол жөнiнде тиiстi тыйым салу белгiлерi орнатылады. Газ өткiзу шлангiлерi аппаратураның, жанарғылардың, кескiштер мен редукторлардың қосқыш ниппельдерiне қамыттардың немесе ниппельдiң ұзындығы бойымен кемiнде екi жерiнен жұмсақ күйдiрiлген (тоқылған) сымның көмегiмен сенiмдi бекiтiледi. Су ысырмалары ниппельдерiне шлангiлер тығыз кигiзiледi, бiрақ бекiтiлмейдi. Кальций карбидi құрғақ, желдетiлетiн үй-жайларда сақталады. Кальций карбидiн сақтауға арналған қоймаларды жертөле үй-жайлары мен су басатын төменгі жерлерде орналастыруға болмайды.

Механикаландырылған қоймаларда кальций карбидiнің барабандары тiгiнен үш қабат етiп, ал механика болмаған жағдайда көлденеңiнен үш қатар- дан аспайтындай етiп және тiгiнен екi қатардан аспайтындай етiп сақталады. Барабандар қатарларының арасына қалыңдығы 40-50 миллиметр тақтай төселедi. Қатарлап төселген кальций карбидi барабандары арасындағы өту жолдарының енi кемiнде 1,5 метр етiп көзделеді. Кальций карбидiнiң аралық қоймасы жоқ ацетилен қондырғыларының үй-жайларында бiр мезгiлде 200 килограммнан аспайтын кальций карбидiн сақтауға болады, бұл жағдайда осы мөлшердің ішінен тек бiр барабан ғана ашық күйде болуы тиіс. Кальций карбидi бар ашылған барабандар су өткiзбейтiн қақпақтармен қорғалады. Кальций карбидi бар барабандарды сақтау және ашу орындарында темекi шегуге, ашық отты пайдалануға және ұшқын шығаратын құралдарды қолдануға болмайды.

Газы бар баллондарды сақтау мен тасымалдау олардың мойындарына сақтандыру қалпақтары бұралғанда ғана жүзеге асырылады. Баллондарды тасымалдау кезiнде жұлқылау мен соғуға жол бермеу қажет. Баллондар дәне- керлеу жұмыстарын жүргiзу орындарына арнайы арбалармен, зембiлдермен, шанамен жеткiзiледi. Газы бар баллондар оларды сақтау, тасымалдау және пайдалану кезiнде күн сәулесi мен басқа да жылу көздерiнiң әсерiнен қорғалады. Үй-жайларда орнатылатын баллондар жылу беру аспаптары мен пештерден кемiнде 1,5 м, ал ашық от жылу көздерiнен кемiнде 10 м қашықтықта орналастырылады.

Жанарғылардан бастап (көлденеңiнен) қайта iске қосатын рампалы (топтық) қондырғыларға дейiнгi қашықтық кемiнде 10 м, ал оттегi немесе жанғыш газы жекелеген баллондарға дейiн кемiнде 5 метiп көзделеді. Бiр үй-жайда оттегi баллондары және жанғыш газдары бар баллондарды, сондай-ақ кальций карбидiн, сырларды, бояулар мен майларды сақтауға жол берiлмейдi. Дәнекерлеу шеберханасында бесеуден аспайтын оттегi және бес қосалқы ацетилен баллондары орналастырылады.

Жұмыс орнында екеуден аспайтын жұмыс және қосалқы баллон ұстауға болады. Оттегiден немесе жанғыш газдардан босаған баллондармен жұмыс iстеу кезiнде толық баллондармен жұмыс iстейтiндей қауiпсiздiк шаралары сақталады.

Газбен дәнекерлеу және газбен кесу жұмыстарын жүргiзу кезiнде мыналарға:

  • қатып қалған ацетилен генераторларын, құбырларды, бұрамаларды, редукторларды және дәнекерлеу қондырғыларының өзге де бөлшектерiн ашық отпен немесе қызған заттармен жылытуға;
  • оттегi баллондарының, редукторлардың және өзге де дәнекерлеу жабдығының әртүрлi майлармен, сондай-ақ май тиген киiммен және май сiңген шүберекпен жанасуына;
  • бiр су ысырмасынан екi дәнекерлеушiнiң жұмыс iстеуiне;
  • өте iрi түйiршiктi кальций карбидiн салуға немесе оны аппараттың шүмегiне темiр шыбықтың және сымның көмегiмен итеруге, сондай-ақ карбид тозаңымен жұмыс iстеуге;
  • кальций карбидiн тиейтiн дымқыл себеттерге немесе газ жинағышта су болған кезде тиеуге, сондай-ақ «карбидке су» генераторлары жұмыс iстеген кезде көлемiнiң жартысынан артық карбид тиеуге;
  • жанғыш газдарға арналған шлангiнi оттегiмен және жанғыш газдардың оттегi шлангiсiн үрлеуге, сондай-ақ жұмыс кезiнде шлангiлердi өзара ауыстыруға;
  • ұзындығы 30 метрден, ал монтаждау жұмыстарын жүргізу кезiнде 40 м асатын, белгіленген тәртіппен жазбаша рұқсат ресімделгеннен кейін ғана пайдалануға рұқсат берілетін шлангiлердi қолдануға;
  • газ өткiзу шлангiлерiн бұрауға, сындыруға немесе қысуға;
  • газ жинағышта ацетилен болған жағдайда генераторды тасымалдауға;
  • ацетилен генераторындағы газ қысымын әдейi жоғарылату немесе кальций карбидiнiң бiр жолғы мөлшерiн арттыру арқылы оның жұмысын жылдамдатуға;
  • кальций карбидi бар барабандарды ашу үшiн мыс аспапты, сондай-ақ ацетилен аппаратурасын дәнекерлеу үшiн және ацетиленмен жанасуы мүмкiн басқа да орындарда дәнекерлеу үшiн мысты пайдалануға жол берілмейді.

Металды кесу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстарын орындау кезiнде жұмыс орны электрмен дәнекерлеу жұмысы кезiндегiдей ұйымдастырылады. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың төгiлуiне жол бермеуге және дұрыс сақтауға, кесу режимiн сақтауға және жанармайы бар бакты күтiп ұстауға ерекше назар аударылады.

Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстарын жүргiзу орындарында жанармай қоры ауысым қажеттiлiгiнен аспайтын мөлшерде сақталады. Жанармай жарамды, сынбайтын, тығыз жабылатын, арнайы ыдыста, отпен байланысты жұмыстарды жүргiзу орындарынан кемiнде 10 метр қашықтықта сақталады.

Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстары үшiн бөгде қоспалары мен суы жоқ жанармай қолданылады. Кiшкентай бакты оның көлемiнен 3/4 артық жанармаймен толтыруға болмайды. Кiшкентай бак ақаусыз күйде ұсталады және герметикалы етiп жасалады. Кiшкентай бакта манометр, сондай-ақ кiшкентай бактағы қысымның 5 атмосферадан артық жоғарылауына жол бермейтiн сақтандыру клапаны көзделеді. 10 атмосфералық қысымдағы сумен сыналмаған, жанғыш сұйықтық аға- тын немесе ақаулы сорғысы бар кiшкентай бактарды пайдалануға болмайды. Бензинмен кесу жұмыстарын бастамас бұрын барлық бензинмен және керосинмен кесу арматурасының ақаусыздығы, ниппельдердегi шлангiлер қосқыштарының тығыздығы, салмалы гайкалар мен бастиектердегi бұрандалардың ақаусыздығы мұқият тексерiледi. Жұмыс орнында құйылған тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды тұтату арқылы кескіш буландырғышты қыздыруға жол берілмейді. Жанармайы бар кiшкентай бак оттегі баллоны мен ашық от көзiнен кемiнде 5 метр және жұмыс орнынан кемiнде 3 метр қашықтықта болады. Бұл ретте кiшкентай бак жұмыс iстеген кезде жалын мен ұшқын түспейтiндей орналастырылады.

Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстарын жүргiзу кезiнде мыналарға жол берілмейді:

  • жанармайы бар бактағы ауа қысымының кескiштегi оттегiнiң жұмыс қысымынан артық болуына;
  • шие түсiне дейiн қатты қыздыруға, сондай-ақ кескiштi жұмыс кезiнде басымен жоғары қаратып тiгiнен iлiп қоюға;
  • кескiшке оттегi немесе жанармай беретiн шлангiлердi қысуға, бұрауға немесе сындыруға;
  • бензин немесе керосин бөлуге арналған оттегi шлангiлерiн кескiште пайдалануға.

Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

Дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде жұмыс орны жанғыш материалдардан тазартылады, ал кемiнде 5 метр қашықтықтағы жанғыш материалдардан жасалған құрылымдар жанбайтын материалдардан жасалған экрандармен қорғалады немесе су бүркіледi.

Дәнекерлеу шамдары толықтай жарамдылықта ұсталады және нәтижелерi мен тексерген күнін ерікті нысандағы журналға енгiзе отырып, кемiнде айына бiр рет олардың төзiмдiлiгi мен герметикалығы тексерiледi. Бұдан басқа жылына кемiнде бiр рет гидравликалық бақылау сынағы жүргiзiледi.

Әрбiр дәнекерлеу шамы зауыттың гидравликалық сынақ нәтижелерi мен рұқсат етiлген қысымы көрсетiлген паспортпен қамтамасыз етiледi. Шамдар тиiстi қысымда реттелген, серiппелi сақтандыру клапандарымен жарақталады. Дәнекерлеу шамдарына осы мақсат үшiн арнайы бөлiнген орындарда жанармай толтырылады және жағылады. Шамдарды толтыру кезiнде жанармайдың төгiлуiне және ашық отты пайдалануға жол берiлмейдi. Дәнекерлеу шамынан жалынның шығуын болдырмау үшiн шамға құйылатын жанармай бөгде қоспалар мен судан тазартылады.

Дәнекерлеу шамының жарылуын болдырмау үшiн мыналарға жол берілмейді:

  • жанармай ретiнде керосинмен жұмыс iстейтiн шамдар үшiн бензин немесе бензиннiң керосинмен қоспасын қолдануға;
  • ауа толтыру кезiнде шамның резервуарындағы қысымды паспортта көрсетiлген, рұқсат етiлген жұмыс қысымынан жоғарылатуға;
  • шамға оның резервуарының 3/4 көлемiнен артық жанармай құюға;
  • шам жанып тұрғанда немесе суымай тұрып, ауа винтi мен отын құю тығынын ашуға;
  • ашық оттың маңында шамды жөндеуге, сондай-ақ одан жанармайды ағызуға және оған құюға.

Үй-жайларға жылу беру және кептіру қондырғыларын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

Ұтқыр (мүкәммал) ғимараттарды жылыту үшін бу және су калориферлері, сондай-ақ зауытта дайындалған электр қыздырғыштар пайдаланылады.

Киiм-кешек пен аяқ киiмдi кептiру осы мақсатқа арналған, орталықтан сумен немесе су калориферлерiн қолдана отырып жылытылатын үй-жайларда, ғимараттарда немесе құрылыстарда жүргiзiледi. Кептiргiштердi тамбурларда және ғимараттардың шығу жолдарын- да орналасқан басқа да үй-жайларда орнатуға болмайды. Полимер жылытқыштары бар металл констукциялардан жасалған ғимараттарда құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде ғимараттардан тыс кемiнде 18 метр қашықтықта немесе өртке қарсы қабырғалардан кейiн жанарғы құрылғыларын орналастыра отырып, тек ауамен немесе сумен жылу беру жүйесi ғана қолданылады.

Жылу тасығыштары бар құбырлардан бастап қоршау құрылымдарына дейiнгi қашықтықтың 100 метрден кем болуына жол берiлмейдi. Жылы будкаларда ашық отты пайдалануға, сондай-ақ отпен байланысты жұмыстарды жүргiзуге және электр калориферлерiн және инфрақызыл сәулелi газ жанағыларын қолдануға болмайды.

Үй-жайларды инфрақызыл сәулелі газ жанарғыларымен кептіру кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

Инфрақызыл сәулелi жанарғылары бар жылжымалы және тұрақты қондырғылар жанарғылар сөнген кезде газ берудi тоқтататын автоматты бұғаттағышпен жабдықталады.

Инфрақызыл сәулелi газ жанарғыларын монтаждау мен пайдалану- ды газ жұмыстарын жүргізуге рұқсаты бар персонал жүргiзедi. Еденге орнатылатын инфрақызыл сәулелi газ жанарғылары бар жылжымалы қондырғылар арнайы тұрақты тұғырмен қамтамасыз етiледi. Газы бар баллон қондырғы мен өзге де жылу беру аспаптарынан кемiнде 1,5 метр, ал электр есептегiштен, ажыратқыштардан, розеткалар мен өзге де электр аспаптарынан кемiнде 1 метр қашықтықта орналасады. Жанарғылардан бастап жанғыш материалдардан жасалған құрылымдарға дейiнгi қашықтық кемiнде 1 метр, қиын жанатын заттарға дейiн кемiнде 0,7 метр, жанбайтын заттарға дейiн 0,4 метр етiп көзделеді.

Сұйытылған газдағы қондырғыны монтаждау кезiнде шлангiлердiң ұзындығы жұмыстың ыңғайлылығын қамтамасыз ететiндей мүмкiндiгiнше қысқа етiп көзделеді. Едәуiр қашықтағы кептiру орнынан бастап қосу торабына дейiнгi қашықтық 30 метрден аспайтындай етiп қабылданады. Қондырғы газ торабынан алысырақ болғанда болат құбырдан жасалған уақытша газ құбыры төселедi, ал оған жанарғылар иiлгiш шлангiлермен қосылады. Иiлгiш шлангiлер қосқыштың герметикалығын қамтамасыз ететiн бұрандалары мен гайкалары бар қамыттардың көмегiмен редуктормен және құбырлармен қосылады. Иiлгiш шлангiлердi олардың майысуы мен қысылып қалуына жол бермей, кемiнде 2 метр биiктiкте төселедi. Инфрақызыл сәулелi газ жанарғылары бар қондырғылар жұмыс iстеп тұрған орындарда жанғыш заттар мен материалдарды сақтауға, сондай-ақ оларды пайдалана отырып жұмыс iстеуге болмайды.

Инфрақызыл сәулелi газ жанарғыларын пайдалану кезiнде мыналарға жол берілмейді:

  • жұмыс iстеп тұрған қондырғыны қараусыз қалдыруға;
  • керамикасы зақымдалған, сондай-ақ ашық жалын шығаратын жанарғыларды пайдалануға;
  • егер үй-жайда газдың иiсi шықса, қондырғыны пайдалануға;
  • жанарғылардың жылу сәулесiн тiкелей жанғыш материалдар, газы бар баллондар, газ құбырлары, электр өткiзгiштерi жағына бағыттауға;
  • газ қондырғыларын қатты отынды жылыту қондырғыларымен қатар пайдалануға.

Ашық алаңдарда жұмыс iстегенде (жұмыс орындарын жылыту үшiн және дымқыл жерлердi кептiру үшiн) тек желге тұрақты жанарғылар пайдаланылады.

Сұйық және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін жылу генераторларын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

 Ауа жылыту қондырғылары салынып жатқан ғимараттан кемiнде 5 метр қашықтықта орналастырылады. Көлемi 200 литрден аспайтын отын құятын ыдыс қолданылады және ауа жылытқыштан кемiнде 10 метр және салынып жатқан ғимараттан кемiнде 15 метр қашықтықта орналастырылады. Отын ауа жылытқышқа металл құбыр арқылы берiледi. Отын құбырларында отынның төгілуін болдырмайтын зауытта шығарылған қосқыштар мен арматура қолданылады. Шығын багының отын құбырларында өрт немесе авария болған жағдайда қондырғыға отын берудi тоқтату үшiн ысырма вентиль орнатылады. Салынып жатқан ғимаратта пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын сақтаған кезде сұйық отынмен жұмыс істейтін және кіріктірілген отын багы бар тасымалданатын немесе жылжымалы ауа жылытқыш аспаптарды қолдануға жол беріледі.

Газ отынымен жұмыс iстейтiн қондырғыларды монтаждау мен пайдалану кезiнде:

  • жылу шығаратын қондырғыларға зауыттың паспорты бар стандартты жанарғылар орнатылады;
  • жанарғылар жалынды үзбей және агрегаттың жылу жүктемесiн қажеттi реттеу шегiнде оны жанарғыға өткiзбей тұрақты жұмыс iстеуi қажет;
  • жылу шығаратын қондырғылары бар үй-жайлардағы желдеткiш 1 сағатта үш еселiк ауа алмасуды қамтамасыз етуi қажет.                                                                                                                                           Жылу шығаратын қондырғыларды пайдалану кезiнде мыналарға жол берілмейді:
  • отын құбырларының герметикалығы бұзылған, форсунка корпусы жылу шығаратын қондырғымен нығыз орнатылмаса, үй-жайға жану өнiмдерiнiң өтуiне ықпал ететiн түтiн мұржалары, электр қозғалтқыштары мен iске қосу аппаратурасы ақаулы болса, сондай-ақ электр қозғалтқыштың жылу қорғағышы болмаса және басқа да ақаулары болса, қондырғымен жұмыс iстеуге;
  • форсунка ретке келтiрiлмегенде (отын қалыпты жанбаса) жұмыс iстеуге;
  • отын құбырларын қосу үшiн резеңке немесе полихлорвениль шлангiлерi мен муфталарын пайдалануға;
  • қондырғы мен отын бактары жанына жанғыш қоршаулар орнатуға;
  • отын құбырларын ашық отпен қыздыруға;
  • қысқа мерзiмге тоқтағаннан кейiн ауамен үрлемей жылу шығаратын қондырғыны iске қосуға;
  • жұмыс қоспасын көру тесігі арқылы жағуға;
  • жылу шығаратын қондырғы жұмыс iстеп тұрған кезде шамдар элект- родтарының арасындағы саңылауды реттеуге;
  • ауа жинау коллекторларында қорғағыш тор болмаған жағдайда жылу шығаратын қондырғыны iске қосуға.

Электр калориферлерді монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

Тек зауытта дайындалған, желдеткіш жұмыс істемеген кезде қыздырғыш элементтерге электр энергиясын беруді болдырмайтын жарамды дабылы мен бұғаттағышы, шығатын ауаның температурасын бақылау және оны реттеу автоматикасы электр және жылу қорғағышпен көзделген электр калориферлерді монтаждауға және пайдалануға рұқсат етіледі. Электр калориферін монтаждау, жұмысқа дайындау, iске қосу дайындаушы зауыттың паспортында көрсетiлген тәртiппен жүзеге асырылады. Электр калориферi корпусы мен желдеткiш арасына жұмсақ қыстырма үшiн жанғыш материалдарды қолдануға болмайды.

Электр калориферлерiн пайдалану кезiнде мыналарға жол берілмейді:

  • дабыл қаққышты немесе бұғаттағышты сөндiруге;
  • электр калориферден шығу жолындағы дайындаушы зауыт белгiлеген ауа температурасын жоғарлатуға;
  • желдеткiш жұмыс iстемей тұрғанда электр калорифердi қосуға (бұғаттағыш қондырғыны әр iске қосар алдында тексеріледi);
  • электр калориферде немесе оның жанында киiм немесе басқа да жанғыш материалдарды кептiруге;
  • жұмыс iстеп тұрған электр калориферi орнатылған үй-жайда жанғыш заттар мен материалдарды сақтауға.Дәнекерлеу сымдары сығымдау, дәнекерлеу, балқытып біріктіру немесе арнаулы қысқыштар арқылы жалғастырылады. Электр сымдары электр тұтқышқа, дәнекерленетiн бұйымға және дәнекерлеу аппаратына шайбалары бар бұрандамалармен бекiтiлген мыс кабель ұштарының көмегiмен қосыла- ды.

    Дәнекерлеу аппаратына, бөлу қалқанына және жабдыққа, сондай-ақ дәнекерлеу жұмыстары орындарына қосылған сымдар нақты оқшауланады және қажеттi жерлерiнде жоғары температураның әсерiнен, механикалық зақымданудан немесе химиялық әсер етуден қорғалады. Электр дәнекерлеу машиналарының кабельдерi (сымдары) оттегi құбырларынан кемiнде 0,5 м, ацетилен және өзге жанғыш газдар құбырларынан кемiнде 1,5 метр қашықтықта орналастырылады. Кейбiр жағдайларда газ құбыры қорғағыш металл құбырларда орналастырылған жағдайда көрсетiлген қашықтықтарды қысқартуға болады.

    Дәнекерленетін бұйымды дәнекерлеу тогының көзімен қосатын кері өткізгіш ретінде кез келген профильдегі болат немесе алюминий шиналар, дәнекерлеу плиталары, стеллаждар және дәнекерлеу конструкциясы, егер олардың қимасы қыздыру шарттары бойынша дәнекерлеу тогының қауіпсіз ағуын қамтамасыз еткен жағдайда қолданылады. Керi өткiзгiш ретiнде пайдаланылатын кейбiр элементтерін өзара біріктіру бұрандаларының, струбциналардың немесе қысқыштардың көмегiмен орындалады.

    Өрт-жарылыс және өрт қауiптi үй-жайлар мен құрылыстарда элек- тр дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде керi өткiзгiш дәнекерленетiн бұйымнан бастап ток көзiне дейiн тек оқшауланған сыммен орындалады, әрi ол оқшаулау сапасы бойынша электр тұтқышқа қосылатын тiкелей сымнан кем болмауы қажет. Кері өткізгіш ретінде ішкі темір жолдарды, жерге тұйықтау немесе нөлдендіру желілерін, сондай-ақ ғимараттардың металл конструкцияларын, коммуникациялар мен технологиялық жабдықтарды пайдалануға жол берілмейді. Мұндай жағдайларда дәнекерлеу екi сымды қолдану арқылы жүргізіледi. Дәнекерлеу генераторлары мен трансформаторлар, сондай-ақ ашық ауада орнатылатын барлық қосалқы аспаптар мен аппараттар дымқыл тартуға қарсы оқшаулағышпен жабық күйде қолданылады және жанбайтын ма- териалдардан жасалған шатырлардың астынан орнатылады.

    Қолмен дәнекерлеуге арналған электр ұстағыштың құрылымы электродтарды берiк ұстауды және тез ауыстыруды қамтамасыз етедi, сондай-ақ жұмыста уақытша үзiлiс болғанда дәнекерленетiн бөлшекке оның корпусының немесе ол кенет металл заттарға құлағанда қысқа тұйықталу мүмкiндiгiн болдырмайды. Электр ұстағыштың тұтқасы жанбайтын диэлектрлiк және жылу оқшаулағыш материалдан көзделеді.

    Дәнекерлеу кезiнде зауытта шығарылған, дәнекерлеу тогының номиналды шамасына сәйкес келетiн электродтар қолданылады. Электродтарды ауыстыру кезiнде олардың қалдықтары (тұқылдары) дәнекерлеу жұмыстары орындарында орнатылатын арнайы металл жәшiктерге орналастырылады.

    Электрдәнекерлеу қондырғысымен жұмыс iстеу кезiнде жерге тұйықталады. Негiзгi электр дәнекерлеу жабдығын жерге тұйықтаудан басқа, дәнекерлеу қондырғыларында қысқыш тiкелей бұйымға өтетiн (керi өткiзгiш) өткiзгiш қосылатын дәнекерлеу трансформаторының екiншi орамына қосылады.

    Агрегат пен iске қосу тетiгiн тазалау күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi. Дәнекерлеу жабдығына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргiзiледi. Атомды-сутектi дәнекерлеуге арналған қондырғыларда доғаны қоректендiру бөлек трансформатордан жүргiзiледi. Доғаны тiкелей бөлу қорабынан кез келген түрдегi реттегiш арқылы қоректендiруге жол берiлмейдi. Атомды-сутекті дәнекерлеу кезінде жанарғыда тізбек үзілген жағдайда кернеуді автоматты ажырату және сутекті беруді тоқтату көзделеді. Iске қосылған жанарғыны қараусыз қалдыруға болмайды.

    Өрт-жарылыс қауiптi аймақтарда электрдәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде:

    • тұрақты ток көздерiн қоректендiру көздерi немесе құрылымында импульстi генераторлары бар, доғаның қайталана қозуы кезiнде электрод пен дәнекерленушi бұйым арасындағы кернеудi көтеретiн («разряд» түрiндегi ток көзi) ауыспалы токтың арнайы көздерi қолданылады;
    • П-II сыныпты өрт қауiптi аймақтарда тозаңнан тазарту үшiн қол жеткiзу қиын орындар көбiк түзгiштiң екi пайыздық ерiтiндiсiмен 1 м2 алаңға 1 литр ерiтiндi есебiмен өңделеді;
    • тік және төбелік жағдайда дәнекерлеу, диаметрі 4 миллиметрден ас- пайтын электродтармен орындалады. Бұл ретте дәнекерлеу тогының шамасы төменгі көлденең жағдайда дәнекерлеу кезіндегіден 20 % төмен көзделеді;
    • электрдәнекерлеу қондырғысын iске қосу алдында электрод тұтқышта электродтың болмауы тексерiледi.

     

    Газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

    Тұрақты дәнекерлеу жұмыстары конструкциялары жанбайтын материалдардан жасалған, ацетилен генераторлары, оттегi баллондары мен дәнекерлеу бекеттерi үшiн оқшауланған үй-жайлары бар, арнайы бөлiнген дәне- керлеу шеберханаларында жүргiзiледi. Ацетилен генераторларына арналған үй-жайлар желдеткiшпен және жеңiл алынып тасталатын конструкциялармен қамтамасыз етiледi. Генераторларды жертөле үй-жайларына орнатуға болмайды.

    Тасымалданатын ацетилен генераторларын пайдалануға рұқсатты қарамағында осы генераторлар болатын объектiнiң әкiмшiлiгi бередi. Тасымалданатын ацетилен генераторлары ашық алаңдарда орна- тылады. Оларды жақсы желдетiлетiн үй-жайларда уақытша қолдануға жол берiледi. Генераторларды жертөле үй-жайларында орнатуға жол берiлмейдi.

    Ацетилен генераторлары от жұмыстарын жүргізу орындарынан, сондай-ақ компрессорлармен және желдеткіштермен ауа жинау орындарынан кемінде 10 метр қашықтықта қоршалады және орналастырылады. Ацетилен генераторлары орнатылған жерлерге «Бөгде адамдарға кiруге болмайды – от қауiптi», «Темекi шегуге болмайды», «Отпен өтуге болмайды» деген аншлагтар (плакаттар) iлiнедi. Жұмыс аяқталғаннан кейiн тасымалданатын генератордағы кальций карбидi шығарылады. Генератордан шығарылатын әк лайы осы мақсатқа лайықталған ыдысқа шығарылады және лай шұңқырына немесе арнайы бункерге ағызылады.

    Ашық лай шұңқырлары қоршаумен қоршалады, ал жабықтары жанбайтын жабындармен, сорғы желдеткiшiмен және лайды шығаруға арналған люктермен жабдықталады. Лай сақтау орындарынан 10 метр кем радиуста темекi шегуге және ашық отты пайдалануға болмайды, ол жөнiнде тиiстi тыйым салу белгiлерi орнатылады. Газ өткiзу шлангiлерi аппаратураның, жанарғылардың, кескiштер мен редукторлардың қосқыш ниппельдерiне қамыттардың немесе ниппельдiң ұзындығы бойымен кемiнде екi жерiнен жұмсақ күйдiрiлген (тоқылған) сымның көмегiмен сенiмдi бекiтiледi. Су ысырмалары ниппельдерiне шлангiлер тығыз кигiзiледi, бiрақ бекiтiлмейдi. Кальций карбидi құрғақ, желдетiлетiн үй-жайларда сақталады. Кальций карбидiн сақтауға арналған қоймаларды жертөле үй-жайлары мен су басатын төменгі жерлерде орналастыруға болмайды.

    Механикаландырылған қоймаларда кальций карбидiнің барабандары тiгiнен үш қабат етiп, ал механика болмаған жағдайда көлденеңiнен үш қатар- дан аспайтындай етiп және тiгiнен екi қатардан аспайтындай етiп сақталады. Барабандар қатарларының арасына қалыңдығы 40-50 миллиметр тақтай төселедi. Қатарлап төселген кальций карбидi барабандары арасындағы өту жолдарының енi кемiнде 1,5 метр етiп көзделеді. Кальций карбидiнiң аралық қоймасы жоқ ацетилен қондырғылары- ның үй-жайларында бiр мезгiлде 200 килограммнан аспайтын кальций карбидiн сақтауға болады, бұл жағдайда осы мөлшердің ішінен тек бiр барабан ғана ашық күйде болуы тиіс. Кальций карбидi бар ашылған барабандар су өткiзбейтiн қақпақтармен қорғалады. Кальций карбидi бар барабандарды сақтау және ашу орындарында темекi шегуге, ашық отты пайдалануға және ұшқын шығаратын құралдарды қолдануға болмайды. Газы бар баллондарды сақтау мен тасымалдау олардың мойындарына сақтандыру қалпақтары бұралғанда ғана жүзеге асырылады. Баллондарды тасымалдау кезiнде жұлқылау мен соғуға жол бермеу қажет. Баллондар дәне- керлеу жұмыстарын жүргiзу орындарына арнайы арбалармен, зембiлдермен, шанамен жеткiзiледi.

    Газы бар баллондар оларды сақтау, тасымалдау және пайдалану кезiнде күн сәулесi мен басқа да жылу көздерiнiң әсерiнен қорғалады. Үй-жайларда орнатылатын баллондар жылу беру аспаптары мен пештерден кемiнде 1,5 м, ал ашық от жылу көздерiнен кемiнде 10 м қашықтықта орналастырылады.

    Жанарғылардан бастап (көлденеңiнен) қайта iске қосатын рампалы (топтық) қондырғыларға дейiнгi қашықтық кемiнде 10 м, ал оттегi немесе жанғыш газы жекелеген баллондарға дейiн кемiнде 5 метiп көзделеді. Бiр үй-жайда оттегi баллондары және жанғыш газдары бар баллондарды, сондай-ақ кальций карбидiн, сырларды, бояулар мен майларды сақтауға жол берiлмейдi.

    Дәнекерлеу шеберханасында бесеуден аспайтын оттегi және бес қосалқы ацетилен баллондары орналастырылады. Жұмыс орнында екеуден аспайтын жұмыс және қосалқы баллон ұстауға болады. Оттегiден немесе жанғыш газдардан босаған баллондармен жұмыс iстеу кезiнде толық баллондармен жұмыс iстейтiндей қауiпсiздiк шаралары сақталады.

    Газбен дәнекерлеу және газбен кесу жұмыстарын жүргiзу кезiнде мыналарға:

    • қатып қалған ацетилен генераторларын, құбырларды, бұрамаларды, редукторларды және дәнекерлеу қондырғыларының өзге де бөлшектерiн ашық отпен немесе қызған заттармен жылытуға;
    • оттегi баллондарының, редукторлардың және өзге де дәнекерлеу жабдығының әртүрлi майлармен, сондай-ақ май тиген киiммен және май сiңген шүберекпен жанасуына;
    • бiр су ысырмасынан екi дәнекерлеушiнiң жұмыс iстеуiне;
    • өте iрi түйiршiктi кальций карбидiн салуға немесе оны аппараттың шүмегiне темiр шыбықтың және сымның көмегiмен итеруге, сондай-ақ карбид тозаңымен жұмыс iстеуге;
    • кальций карбидiн тиейтiн дымқыл себеттерге немесе газ жинағышта су болған кезде тиеуге, сондай-ақ «карбидке су» генераторлары жұмыс iстеген кезде көлемiнiң жартысынан артық карбид тиеуге;
    • жанғыш газдарға арналған шлангiнi оттегiмен және жанғыш газдардың оттегi шлангiсiн үрлеуге, сондай-ақ жұмыс кезiнде шлангiлердi өзара ауыстыруға;
    • ұзындығы 30 метрден, ал монтаждау жұмыстарын жүргізу кезiнде 40 м асатын, белгіленген тәртіппен жазбаша рұқсат ресімделгеннен кейін ғана пайдалануға рұқсат берілетін шлангiлердi қолдануға;
    • газ өткiзу шлангiлерiн бұрауға, сындыруға немесе қысуға;
    • газ жинағышта ацетилен болған жағдайда генераторды тасымалдауға;
    • ацетилен генераторындағы газ қысымын әдейi жоғарылату немесе кальций карбидiнiң бiр жолғы мөлшерiн арттыру арқылы оның жұмысын жылдамдатуға;
    • кальций карбидi бар барабандарды ашу үшiн мыс аспапты, сондай-ақ ацетилен аппаратурасын дәнекерлеу үшiн және ацетиленмен жанасуы мүм- кiн басқа да орындарда дәнекерлеу үшiн мысты пайдалануға жол берілмейді.

     

     Металды кесу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

    Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстарын орындау кезiнде жұмыс орны электрмен дәнекерлеу жұмысы кезiндегiдей ұйымдастырылады. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың төгiлуiне жол бермеуге және дұрыс сақтауға, кесу режимiн сақтауға және жанармайы бар бакты күтiп ұстауға ерекше назар аударылады. Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстарын жүргiзу орындарында жанармай қоры ауысым қажеттiлiгiнен аспайтын мөлшерде сақталады. Жанармай жарамды, сынбайтын, тығыз жабылатын, арнайы ыдыста, отпен байланысты жұмыстарды жүргiзу орындарынан кемiнде 10 метр қашықтықта сақталады. Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстары үшiн бөгде қоспалары мен суы жоқ жанармай қолданылады. Кiшкентай бакты оның көлемiнен 3/4 артық жанармаймен толтыруға болмайды. Кiшкентай бак ақаусыз күйде ұсталады және герметикалы етiп жасалады. Кiшкентай бакта манометр, сондай-ақ кiшкентай бактағы қысымның 5 атмосферадан артық жоғарылауына жол бермейтiн сақтандыру клапаны көзделеді. 10 атмосфералық қысымдағы сумен сыналмаған, жанғыш сұйықтық ағатын немесе ақаулы сорғысы бар кiшкентай бактарды пайдалануға болмайды. Бензинмен кесу жұмыстарын бастамас бұрын барлық бензинмен және керосинмен кесу арматурасының ақаусыздығы, ниппельдердегi шлангiлер қосқыштарының тығыздығы, салмалы гайкалар мен бастиектердегi бұрандалардың ақаусыздығы мұқият тексерiледi.

    Жұмыс орнында құйылған тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды тұтату арқылы кескіш буландырғышты қыздыруға жол берілмейді. Жанармайы бар кiшкентай бак оттегі баллоны мен ашық от көзiнен кемiнде 5 метр және жұмыс орнынан кемiнде 3 метр қашықтықта болады. Бұл ретте кiшкентай бак жұмыс iстеген кезде жалын мен ұшқын түспейтiндей орналастырылады.

    Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстарын жүргiзу кезiнде мыналарға жол берілмейді:

    • жанармайы бар бактағы ауа қысымының кескiштегi оттегiнiң жұмыс қысымынан артық болуына;
    • шие түсiне дейiн қатты қыздыруға, сондай-ақ кескiштi жұмыс кезiнде басымен жоғары қаратып тiгiнен iлiп қоюға;
    • кескiшке оттегi немесе жанармай беретiн шлангiлердi қысуға, бұрауға немесе сындыруға;
    • бензин немесе керосин бөлуге арналған оттегi шлангiлерiн кескiште пайдалануға.

    Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

    Дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде жұмыс орны жанғыш материалдардан тазартылады, ал кемiнде 5 метр қашықтықтағы жанғыш материалдардан жасалған құрылымдар жанбайтын материалдардан жасалған экрандармен қорғалады немесе су бүркіледi. Дәнекерлеу шамдары толықтай жарамдылықта ұсталады және нәтижелерi мен тексерген күнін ерікті нысандағы журналға енгiзе отырып, кемiнде айына бiр рет олардың төзiмдiлiгi мен герметикалығы тексерiледi. Бұдан басқа жылына кемiнде бiр рет гидравликалық бақылау сынағы жүргiзiледi. Әрбiр дәнекерлеу шамы зауыттың гидравликалық сынақ нәтижелерi мен рұқсат етiлген қысымы көрсетiлген паспортпен қамтамасыз етiледi. Шамдар тиiстi қысымда реттелген, серiппелi сақтандыру клапандарымен жарақталады. Дәнекерлеу шамдарына осы мақсат үшiн арнайы бөлiнген орындарда жанармай толтырылады және жағылады. Шамдарды толтыру кезiнде жанармайдың төгiлуiне және ашық отты пайдалануға жол берiлмейдi. Дәнекерлеу шамынан жалынның шығуын болдырмау үшiн шамға құйылатын жанармай бөгде қоспалар мен судан тазартылады.

    Дәнекерлеу шамының жарылуын болдырмау үшiн мыналарға жол берілмейді:

    • жанармай ретiнде керосинмен жұмыс iстейтiн шамдар үшiн бензин немесе бензиннiң керосинмен қоспасын қолдануға;
    • ауа толтыру кезiнде шамның резервуарындағы қысымды паспортта көрсетiлген, рұқсат етiлген жұмыс қысымынан жоғарылатуға;
    • шамға оның резервуарының 3/4 көлемiнен артық жанармай құюға;
    • шам жанып тұрғанда немесе суымай тұрып, ауа винтi мен отын құю тығынын ашуға;
    • ашық оттың маңында шамды жөндеуге, сондай-ақ одан жанармайды ағызуға және оған құюға.

     

    Үй-жайларға жылу беру және кептіру қондырғыларын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

    Ұтқыр (мүкәммал) ғимараттарды жылыту үшін бу және су калориферлері, сондай-ақ зауытта дайындалған электр қыздырғыштар пайдаланылады. Киiм-кешек пен аяқ киiмдi кептiру осы мақсатқа арналған, орталықтан сумен немесе су калориферлерiн қолдана отырып жылытылатын үй-жайларда, ғимараттарда немесе құрылыстарда жүргiзiледi. Кептiргiштердi тамбурларда және ғимараттардың шығу жолдарында орналасқан басқа да үй-жайларда орнатуға болмайды. Полимер жылытқыштары бар металл констукциялардан жасалған ғимараттарда құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде ғимараттардан тыс кемiнде 18 метр қашықтықта немесе өртке қарсы қабырғалардан кейiн жанарғы құрылғыларын орналастыра отырып, тек ауамен немесе сумен жылу беру жүйесi ғана қолданылады. Жылу тасығыштары бар құбырлардан бастап қоршау құрылымдарына дейiнгi қашықтықтың 100 метрден кем болуына жол берiлмейдi. Жылы будкаларда ашық отты пайдалануға, сондай-ақ отпен байланысты жұмыстарды жүргiзуге және электр калориферлерiн және инфрақызыл сәулелi газ жанағыларын қолдануға болмайды.

    Үй-жайларды инфрақызыл сәулелі газ жанарғыларымен кептіру кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

    Инфрақызыл сәулелi жанарғылары бар жылжымалы және тұрақты қондырғылар жанарғылар сөнген кезде газ берудi тоқтататын автоматты бұғаттағышпен жабдықталады. Инфрақызыл сәулелi газ жанарғыларын монтаждау мен пайдалануды газ жұмыстарын жүргізуге рұқсаты бар персонал жүргiзедi.

    Еденге орнатылатын инфрақызыл сәулелi газ жанарғылары бар жылжымалы қондырғылар арнайы тұрақты тұғырмен қамтамасыз етiледi. Газы бар баллон қондырғы мен өзге де жылу беру аспаптарынан кемiнде 1,5 метр, ал электр есептегiштен, ажыратқыштардан, розеткалар мен өзге де электр аспаптарынан кемiнде 1 метр қашықтықта орналасады.

    Жанарғылардан бастап жанғыш материалдардан жасалған құрылымдарға дейiнгi қашықтық кемiнде 1 метр, қиын жанатын заттарға дейiн кемiнде 0,7 метр, жанбайтын заттарға дейiн 0,4 метр етiп көзделеді.

    Сұйытылған газдағы қондырғыны монтаждау кезiнде шлангiлердiң ұзын- дығы жұмыстың ыңғайлылығын қамтамасыз ететiндей мүмкiндiгiнше қысқа етiп көзделеді. Едәуiр қашықтағы кептiру орнынан бастап қосу торабына дейiнгi қашықтық 30 метрден аспайтындай етiп қабылданады. Қондырғы газ торабынан алысырақ болғанда болат құбырдан жасалған уақытша газ құбыры төселедi, ал оған жанарғылар иiлгiш шлангiлермен қосылады.

    Иiлгiш шлангiлер қосқыштың герметикалығын қамтамасыз ететiн бұран- далары мен гайкалары бар қамыттардың көмегiмен редуктормен және құбырлармен қосылады. Иiлгiш шлангiлердi олардың майысуы мен қысылып қа- луына жол бермей, кемiнде 2 метр биiктiкте төселедi. Инфрақызыл сәулелi газ жанарғылары бар қондырғылар жұмыс iстеп тұрған орындарда жанғыш заттар мен материалдарды сақтауға, сон- дай-ақ оларды пайдалана отырып жұмыс iстеуге болмайды.

    Инфрақызыл сәулелi газ жанарғыларын пайдалану кезiнде мыналарға жол берілмейді:

    • жұмыс iстеп тұрған қондырғыны қараусыз қалдыруға;
    • керамикасы зақымдалған, сондай-ақ ашық жалын шығаратын жанарғы- ларды пайдалануға;
    • егер үй-жайда газдың иiсi шықса, қондырғыны пайдалануға;
    • жанарғылардың жылу сәулесiн тiкелей жанғыш материалдар, газы бар баллондар, газ құбырлары, электр өткiзгiштерi жағына бағыттауға;
    • газ қондырғыларын қатты отынды жылыту қондырғыларымен қатар пайдалануға.

    Ашық алаңдарда жұмыс iстегенде (жұмыс орындарын жылыту үшiн және дымқыл жерлердi кептiру үшiн) тек желге тұрақты жанарғылар пайдаланылады.

    Сұйық және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін жылу генераторларын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

    Ауа жылыту қондырғылары салынып жатқан ғимараттан кемiнде 5 метр қашықтықта орналастырылады.

    Көлемi 200 литрден аспайтын отын құятын ыдыс қолданылады және ауа жылытқыштан кемiнде 10 метр және салынып жатқан ғимараттан кемiнде 15 метр қашықтықта орналастырылады. Отын ауа жылытқышқа металл құбыр арқылы берiледi. Отын құбырларында отынның төгілуін болдырмайтын зауытта шығарылған қосқыштар мен арматура қолданылады. Шығын багының отын құбырларында өрт немесе авария болған жағдайда қондырғыға отын берудi тоқтату үшiн ысырма вентиль орнатылады.

    Салынып жатқан ғимаратта пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талапта- рын сақтаған кезде сұйық отынмен жұмыс істейтін және кіріктірілген отын багы бар тасымалданатын немесе жылжымалы ауа жылытқыш аспаптарды қолдануға жол беріледі.

    Газ отынымен жұмыс iстейтiн қондырғыларды монтаждау мен пайдалану кезiнде:

    • жылу шығаратын қондырғыларға зауыттың паспорты бар стандартты жанарғылар орнатылады;
    • жанарғылар жалынды үзбей және агрегаттың жылу жүктемесiн қажет- тi реттеу шегiнде оны жанарғыға өткiзбей тұрақты жұмыс iстеуi қажет;
    • жылу шығаратын қондырғылары бар үй-жайлардағы желдеткiш 1 сағатта үш еселiк ауа алмасуды қамтамасыз етуi қажет. Жылу шығаратын қондырғыларды пайдалану кезiнде мыналарға жол берілмейді:
    • отын құбырларының герметикалығы бұзылған, форсунка корпусы жылу шығаратын қондырғымен нығыз орнатылмаса, үй-жайға жану өнiмдерiнiң өтуiне ықпал ететiн түтiн мұржалары, электр қозғалтқыштары мен iске қосу аппаратурасы ақаулы болса, сондай-ақ электр қозғалтқыштың жылу қорғағышы болмаса және басқа да ақаулары болса, қондырғымен жұмыс iстеуге;
    • форсунка ретке келтiрiлмегенде (отын қалыпты жанбаса) жұмыс iстеуге;
    • отын құбырларын қосу үшiн резеңке немесе полихлорвениль шлангiлерi мен муфталарын пайдалануға;
    • қондырғы мен отын бактары жанына жанғыш қоршаулар орнатуға;
    • отын құбырларын ашық отпен қыздыруға;
    • қысқа мерзiмге тоқтағаннан кейiн ауамен үрлемей жылу шығаратын қондырғыны iске қосуға;
    • жұмыс қоспасын көру тесігі арқылы жағуға;
    • жылу шығаратын қондырғы жұмыс iстеп тұрған кезде шамдар элект- родтарының арасындағы саңылауды реттеуге;
    • ауа жинау коллекторларында қорғағыш тор болмаған жағдайда жылу шығаратын қондырғыны iске қосуға.

    Электр калориферлерді монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

    Тек зауытта дайындалған, желдеткіш жұмыс істемеген кезде қыздырғыш элементтерге электр энергиясын беруді болдырмайтын жарамды дабылы мен бұғаттағышы, шығатын ауаның температурасын бақылау және оны реттеу автоматикасы электр және жылу қорғағышпен көзделген электр калориферлерді монтаждауға және пайдалануға рұқсат етіледі. Электр калориферін монтаждау, жұмысқа дайындау, iске қосу дайындаушы зауыттың паспортында көрсетiлген тәртiппен жүзеге асырылады.Электр калориферi корпусы мен желдеткiш арасына жұмсақ қыстырма үшiн жанғыш материалдарды қолдануға болмайды.

    Электр калориферлерiн пайдалану кезiнде мыналарға жол берілмейді:

    • дабыл қаққышты немесе бұғаттағышты сөндiруге;
    • электр калориферден шығу жолындағы дайындаушы зауыт белгiлеген ауа температурасын жоғарлатуға;
    • желдеткiш жұмыс iстемей тұрғанда электр калорифердi қосуға (бұғаттағыш қондырғыны әр iске қосар алдында тексеріледi);
    • электр калориферде немесе оның жанында киiм немесе басқа да жанғыш материалдарды кептiруге;
    • жұмыс iстеп тұрған электр калориферi орнатылған үй-жайда жанғыш заттар мен материалдарды сақтауға.
Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close