ХАЛЫҚТЫ ЖӘНЕ АУМАҚТЫ ИНЖЕНЕРЛІК ҚОРҒАУ
Түркістан станциясында вагонның жолдан шығуы нәтижесінде күшті әсер ететін улы зат аммиакты жою бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығуға ҚТЖ-9 ДС, Түркістан торабының НОДГП-9 желілік бөлімшелері мен станциялары, ІЖҚ-30 пайдалану депосы, ӨЖЖ-54 жолының Арыс қашықтығы, ШЖ-38 сигнализациясы мен байланысының Арыс қашықтығы, ТЧЭ-33 пайдалану локомотив депосы, ЭЧ-24 Шымкент электрмен жабдықтау қашықтығы, пп-29 өрт пойызы, ВП-38 Арыс қалпына келтіру пойызы, Шымкент қаласының «ӘТЖК» ЖШС филиалы, Түркістан қаласының азаматтық қорғау қызметтері тартылды. Жаман айтпай жақсы жоқ демекші, химиялық заттардың тұтануы немесе ауаға тарауы орын алған сәтте, азаматтардың әрекет ету ережесімен таныс болыңыздар.
Инженерлік қорғау – ТЖ болдырмау және оның ауқымын, сонымен қатар туындаған жағдайда салдарын азайту бойынша ұйымдастырушылық пен инженердік-техникалық іс-шаралар кешені. Осы қорғаудың негізгі мақсаты – адам шығынын болдырмау және материалдық залалды азайту, шұғыл авариялық-құтқару жұмыстар үшін жағдай жасау.
Халықты инженерлік қорғау ең алдымен ықтимал бұзылулар, қорғау құрылыстарының радиациялық пен химиялық залалдану аймақтарында баспана мен паналарды салу мен қолдануға негізделеді.
Халықты бұл құрылыстарда жасыру – барлық табиғи мен техногендік ТЖК түрлерінің зақымдандыру факторларынан, сондай-ақ әскери іс-әрекеттерді жүргізу уақытында қорғаудың ең тиімді және әмбебап іс-шарасы.
Баспаналар – ең сенімді қорғау құрылыстары: олар барлық механикалық, жылулық, радиациялық, химиялық және биологиялық факторлардан қорғауды қамтамасыз етеді.
Радиацияға қарсы баспаналар (РҚБ) – сыртқы сәулеленуден, теріге, киімге, аяқкиімге радиоактивтік шаңның, АХҚЗ тамшыларының, биологиялық құралдардың тікелей тиюінен қорғауға арналған құрылыстар. РҚБ сәулеленуді ондаған – жүздеген есе азайтады. Қорғау үшін РҚБ конструкциясы, оның жерге көмілуі мен топырақ себіндісі, қарапайым сүзгілі-желдеткіш пен герметизация жүйелері қолданылады.
РҚБ-ға адамдарды жасыруға бейімделген арнайы салынған құрылыстар, шаруашылық мақсатындағы құрылыстар (жерқоймала- ры, көлікжайлар, көкөніс қоймалары) жатады. Әдетте баспанаға 50- ден 300 адамға дейін сыяды, аудан мен көлем бойынша адам басына нормалар баспаналарға сияқты.
ТЖ-да инженерлік қорғау барлық мәселелер кешенін шешу мақсатында «Ресейдің қалалары мен халқын қауіпті табиғи және техногендік процесстерден инженерлік қорғау» кешенді бағдарламасы әзірленген. Оны орындау ТЖ-да халық пен аумақ қорғанысын елеулі жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Халықты радиацялық және химиялық қорғау
Радиациялық қорғау – бұл адамдарға иондаушы сәулелендірудің әсерін алдын алуға немесе барынша азайтуға және қоршаған ортаның радиоактивтік ластануын рұқсат етілген деңгейге дейін төмендетуге бағытталған ұйымдастырушылық, инженерлік-техникалық және арнайы іс-шаралар кешені. Ол адамдардың оларға иондаушы сәулеленудің зиянды әсерінен қорғалу деңгейін қамтамасыз етеді және радиациялық қауіпсіздікке қол жеткізудің негізгі механизмі болып табылады. Демек, радиациялық қорғаудың не- гізгі мақсаты – бұл халықтың және РҚО персоналының радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Радиациялық қорғауды іске асыру келесі қағидаларға негізделеді: иондаушы сәулелендiрудiң барлық дереккөздерiнен халықтың және персоналдың сәуле алуының жеке мөлшерiнiң жол берiлетiн шегiнен асырмау;
иондаушы сәулелендiру дереккөздерiн пайдалану жөнiндегi қызметтiң барлық түрiне тыйым салу, бұл орайда алынған пайда адам мен қоғам үшiн табиғи радиациялық ортаға қосымша сәуле алу келтiретiн ықтимал зиян қатерiнен аспайды;
сәуле алудың жеке дозасы мен сәуле алатын адамдар санын мүмкiндiгiнше төмен деңгейде ұстау.
Радиациялық қорғаудың негізгі міндеттері: РҚО-да аварияның туындауы туралы ескерту; аварияның радиациялық салдарын шектеу болып табылады.
Бірінші міндет РҚО жобалау, орналастыру, салу және қалыпты жұмыс істеу кезеңдерінде шешіледі. Бұл ретте бір қатар ұйымдастырушылық пен инженерлік-техникалық іс-шаралар кешенін өткізу қара- стырылады, олардың негізгілеріне келесілер жатады: РҚО-ны табиғи төтенше жағдайлардың туындау қаупі мен аварияның мүмкін салдарын есепке алып орналастыру;
аварияларды алдын алу және радиоактивтік заттардың шығарындыларының санитарлық-қорғау аймағынан тыс таралуын шектеу бойынша арнайы шаралар;
радиациялық қауіпті объектілердегі персоналды және жақын орналасқан халықты қорғау бойынша шаралар.
Нақты бір жерде орналастырған кезде АЭС пен елді-мекендердің арасында ең төмен арақашықтық бойынша шектеулер қарастырылады: тұрғындар саны 50 мың адамға дейін елді-мекен АЭС-тан 8 км-ден
жақын емес қашықта орналастырылады;
500 мыңнан 10 млн. дейін халқы бар қала – 30 км жақын емес қашықта;
2 млн. асатын халқы бар бала – 100 км және одан көп қашықта. РҚО орналастыру кезінде аумақтың сейсмикалығы, оның геологиялық, гидротехникалық және ландшафттық жағдайлары ескерілуі тиіс.
Аварияларды алдын алу және шығарындылардың таралуын шектеу бойынша шаралар келесіні қамтиды:
ядролық реакторда процесстердің бақыланбайтын дамуын үзетін тез әрекет ететін қорғау жүйелерін қолдану;
жарылыс процесстері кезінде радиоактивтік өнімдердің шығуына кедергі жасайтын бірнеше қауіпсіздік тосқауылдарын құру; РҚО персо- налын сапалы даярлау; РҚО айналасында санитарлық-қорғау аймағын құру.
РҚО персоналын және АЭС маңайындағы аудандарда тұратын ха- лықты қорғау бойынша арнайы шаралар:
радиациялық жағдайдың автоматтандырылған мониторинг жүйесін;
РҚО-ға автоматтандырылған жергілікті хабарлау желісін; АЭС-тан 30 шақырымдық аймақта қорғау құрылыстарын (баспаналарды, радиа- цияға қарсы паналарды жәе т.с.с.) құруды қарастырады.
Авария кезінде РҚО-да халықты радиациялық ТЖ жағдайында қорғау және төменде қарастырылған авария салдарын жою бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Халықты төтенше жағдайларда қорғау. Радиациялық сипатты төтенше жағдайларда адамдардың зақымдану қаупі:
ластанған жерден сыртқы гамма-сәулеленудің; ішкі, радиоактивтік заттар ағза ішіне тыныс алу органдары арқылы немесе асқорыту жолы арқылы түскен кезде туындайтын сәуле алу дозасымен шартталған.
Осы факторлардың рөлі және оларға тиісті түрде қарсы әрекет ету аварияның даму фазасына байланысты. Әдетте үш фаза қарастырылады.
Аварияның дамуының ерте фазасы – аварияның басталуынан бастап атмосфераға радиоактивтік заттардың шығарылуы тоқтаған және жергілікті жердің радиациялық ластану қалыптасуды аяқтаған сәтіне дей- ін уақыт. Бұл фазаның ұзақтығы бірнеше сағаттан 10 тәулікке дейін құруы мүмкін.
Орта фазасы – ЖРЛ қалыптасуды аяқтаған сәтінен бастап халықты барлық қорғау және тішілігін қамтамасыз ету шараларын іске қосқанға дейін. Фазаның ұзақтығы бірнеше тәуліктен бір жылға дейін құруы мүмкін.
Соңғы фаза – қорғау шараларын орындау аяқталғанға (қажеттілігі тоқтағанға) дейін созылады. Фаза ЖРЛ-дағы халықтың тіршілік әре- кетіне барлық шектеулерді алып тастаумен және радиациялық жағдай- ды әдеттегі санитарлық-радиациялық бақылауға ауысумен бірге бір уақытта аяқталады.
Ластану аймақтарының шекарасын анықтау және аварияның ерте фазасында қорғау шараларын жүргізу радиациялық барлау деректері бойынша жүргізіледі және Ресей Денсаулық сақтау министрлігі бекіт- кен, қолданыстағы «Ядролық реактордың авариясы болған жағдайда халықты қорғау шаралары туралы шешімді қабылдау үшін критерий- лер» негізінде жоспарланады.
Егер күтілетін дозалар жоғарғы деңгейге жетсе немесе одан асып кетсе, онда 6.1-кестеде келтірілген шаралар, тіпті егер олар халық әрекетінің бұзылуына байланысты болса да, міндетті болып келеді. Ерте фазасының ұзақтығы 10 тәулік, ол Чернобыль АЭС-тағы аварияның тәжірибесінде белгіленген.
Радиоактивтік ластанған аумақтарда аварияның орта мен соңғы даму кезеңдері үшін тән халықтың тәртіп режимдері туралы, елді-ме- кендерді қатерсіздендіру және оларды нақтыланған радиациялық барлау мен радиациялық бақылау деректері бойынша оңалту тура- лы шешімдерді қабылдау үшін ЖРЛ аудандары және оларда орна- ласқан елді-мекендер белгіленеді. Ластану тығыздығы туралы, Ки/ км2, әртүрлі аудандардан деректерді алған кезде, әкімшілік аумақтың картасында ЖРЛ аймақтау, яяғни тиісті аймақтарды сызу жүргізіледі. Бұл аймақтардың шекаралары аумақтың белгілі ластану тығыздығы- на қарамастан белгіленеді. Радиациялық жағдайдың өзгеруін ескеріп, бұл шекаралар Ресей Үкіметінің шешімімен үш жылда кем дегенде бір рет қайта қаралады. Бұл аймақтар үшін дозаның жылдық тиімділі- гінің шамасы белгіленеді, оны халық радиациялық қорғау болмаған кезде алуы мүмкін және қорғау шаралары жоспарланады.
.Жылдық доза 0,1 радтан аспайтын аумақтарда, орта мен аулышаршуалық өнімнің ластануының әдеттегі бақылауы жүргізіледі, соның нәтижелері бойынша жылдық доза бағаланады. Халықтың осы аумақта өмір сүруі мен шаруашылық қызметі радиациялық факторлар бойынша шектелмейді және аумақ ЖРЛ аймақтарына жатпайды. Осы аймақта цезий-137 бойынша ластану тығыздығы 1 – 5 Ки/км2.
Жылдық тиімді доза 1 радтан асып кететін аумақтарда ЖРЛ дозасы белгіленеді.
Радиациялық бақылау аймағы – жылдық доза 0,1-ден 0,5 рад дейін құрайтын аумақ. Бұл аймақта табиғи ортаның және ауылшаруашылық өнімдердің радиациялық мониторингі, халықтың сәулеленуін бақылау іске асырылады. Дозаларды төмендету құралдары қолданылады (тері мен тыныс алу органдарын қорғау, йодтық профилактика).
Көшу құқығы бар тұру аймағы – ластану тығыздығы цезий-137 бойынша 5 – 15 Ки/км2, жылдық доза 0,5-тен 2 рад дейін аумақтың бөлігі. Радиациялық бақылау аймағынағы сияқты қорғау шаралары іске асырылады. Бұл аймаққа тұрақты тұру үшін өз еркімен кіру шек- телмейді. Келгендерге радиацияның әрекетімен шартталған, денсау- лыққа залал қаупі түсіндіріледі.
Көшу аймағы – ластану тығыздығы 15 – 40 Ки/км2 аумақ. Орта жылдық доза 2 радтан асады. Аймаққа тұрақты тұру үшін кіруге тый- ым салынған. Радиациялық пен медициналық қорғау шаралары іске асырылады. Балаларға, репродуктивтік жастағы тұлғаларға тұруға тыйым салынады.
Шеттету аймағы – төтенше қауіпті ЖРЛ бар аумақ. Ластану тығы- здығы 40 Ки/км2 асады, жылдық доза 5 радтан көп. Аймақта тұрақты тұруға болмайды, шарауашылық қызмет жүргізу және табиғатты пай- далану қатал реттеледі. Уақытша келген кезде жеке қорғаныс құрал- дары, радиациялық қорғау режимі және басқа шаралар қолданылады. ЖРЛ аймағында жүргізілетін қорғау іс-шаралары халықтың қалып-
ты тіршілік әрекетінің, аумақтардың шаруашылық пен әлеуметтік жұмыс істеуінің бұзылуына әкелуі мүмкін, яғни экономикалық залалды ғана емес, сонымен қатар халыққа да жағымсыз әсерге әкелетін арала- су болып табылады. Сондықтан, араласу сипаты (қорғау іс-шаралары) туралы шешімді қабылдаған кезде арнайы қағидаларды басшылыққа алады:
болжалды араласу халыққа зияннан көрі, көбірек пайда әкелуі тиіс, яғни дозаны азайту нітижесінде залалдың азаюы араласудың құнын және одан болуы ықтимал (ең алдымен әлеуметтік) залалды (араласу- ды негіздеу қағидасы) ақтау үшін жеткілікті болуы тиіс;
араласудың түрі, ауқымы және ұзақтығы, араласудың өзіне байланысты залады алып тастағанда дозаның төмендеуінен таза пайда барынша жоғары болатындай таңдалуы тиіс (араласуды тиімдендіру қағидасы).
Осылайша, халықты тікелей радиациялық қорғауды ұйымдастыру кезінде негізгі күш ИИ әсерін жоюға немесе азайтуға шоғырланады, оған:
қорғаныс құрылыстарда жасырыну; жеке қорғаныс құралдарын қолдану;
ЖРЛ аймақтарында, тіпті эвакуацияға дейін болу уақытын қысқарту;
арнайы өңдеумен (қатерсіздендіру);
дәрілік алдын алу құралдарын қолдану арқылы қол жеткізіледі.
Халықтың радиациялық авария кезінде және жергілікті жердің радиоактивтік ластану жағдайларында әрекеттері. «Барлығыңыздың назарына!» хабарлау сигналын естіген соң, хабарлау құралдарын (теледидар, радиоқабылдауыш, желілік радио) қосу, ақпаратты тыңдау және оған сәйкес әрекет жасау қажет. Егер нақты жағдай үшін ұсыныстар болмаса, онда тыныс алу органдарын қорғау керек (орамалмен, шарфпен және т.с.с.) және мүмкіндігінше жақын ғимаратта, ең жақсысы өз пәтерінде тез жасырыну керек.
Жайға келген кезде:
үстінгі киім мен аяқкиімді ауыстыру жіне оларды пластиктік па- кеттерге немесе үлдірге салып қою;
терезені, желкөзді, есіктерді тығыз жабу, желдеткішті сөндіру; хабарлау құралдарын қосу және ақпаратты қабылдауға дайын
болу;
тұрмыстық ластанудың өлшеуіші болған кезде, жүйелі түрде өл- шеулерді жүргізу керек.
Жайды герметизациялау (қол астында бар құралдармен терезе мен есіктердегі саңылауларды бітеу, желдеткіш тесіктерді жабыстырып тастау) және азық-түліктерді сенімді жабу (ашық азық-түлітерді по- лиэтилен пакеттерге салу, жабық сауыттарға су толтырып алу, азық- түлік пен суды тоңазытқышқа, жабық шкафтарға, қоймаларға қою).
Нұсқауларды алған кезде йодтық профилактиканы жүргізген жөн (қол астыдағы құрал – бір стакан суға 5% йод ерітіндісінің 3 – 5 тамшысы ересектер үшін; 100 гр суға 1 – 2 тамшы екі жасқа дейін ба- лаларға; 5-7 сағ кейін қайта). Жеке гигиена ережелерін қатал сақтуа: дененің ашық жерлерін күніне бірнеше рет сабынмен жуу.
Жайды қажет болған жағдайда және қысқа уақытқа ғана қалды- рған жөн. Көшеге шыққан кезде тыныс алу органдары мен теріні та- бельдік, ал олар болмаған кезде – қол астыдағы құралдармен қорғау. Әр қайтып келген сайын киімді ауыстырған жөн.
Мүмкін эвакуациялануға дайын болу қажет, ол үшін:
жеке қорғаныс құралдары, соның ішінде қол астындағы; мерзім бойынша киім мен аяқкиім, ішкиім; азық-түліктің бір күндік қоры, дәрі-дәрмектер; құжаттар, ақша және басқа қажетті заттар дайын бо- луы тиіс.
Эвакуация үшін жайдан шығар алдында тоңазытқышты, барлық электрлік пен газ аспаптарын тоқтан ажырату, суды жабу, барлық тез бұзылатын азық-түліктерді лақтырып жіберу керек.
Ластанған жерде қорғаныс құралдарын шешуге, шаң көтеруге болмайды, шылым шегуге, тамақ ішуге, жатуға, отыруға, шымдауыт топырақта немесе асфальтпен жүруге тыйым салынады. Жүйелі түрде абайлап сүрту немесе қағу арқылы қорғаныс құралдарының, киім мен заттардың қатерсіздендірілуі, сонымен қатар терінің ашық жерлерін сүрту мен жуу жүргізіледі. Радиациялық бақылаудан кейін киімді ауыстыру қажет. Ластану аудандарында азық-түліктерді тек қана радиациялық бақылауды жүргізгеннен кейін немесе герметикалық қаптамадағы азық-түліктерді жеуге болады.
ЖРЛ жағдайында тәртіп нормалары мен ережелерін сақтау радиациялық зақымдану қаупін төмендететін маңызды қорғау шарасы болып табылады.
Химиялық қорғау
Химиялық қорғау – ХҚО-да авария болған кезде адамдар мен қоршаған ортаға АХҚЗ-ның әсерін алдын алуға және барынша азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, инженерлік-техникалық және арнайы іс-шаралар кешені. Қорғаудың әр түрі бойынша сияқты (инженерлік, радиациялық, медициналық), химиялық қорғау іс-шаралары тағайындалуы бойынша екі негізгі топқа бөлінеді:
ХҚО-да аварияның туындауы мен дамуын алдын алуға байланысты;
химиялық сипатты туындаған ТЖ салдарын шектеуге байланысты (халықты ТЖ-да қорғау).
Бірінші топтың іс-шаралары жеткілікті типті:
табиғи ТЖК болуын, халықтың тығыздығы мен елді-мекендердің орналасуын ескеріп, аумақта ХҚО жобалау және орналастыру;
объектіні авария алдындағы күйден шығаруға, жеке агрегаттарды немесе бүкіл өндірісті авариясыз тоқтатуға арналған автоматты қа- уіпсіздік жүйелерін қолдану және т.б.;
ХҚО-да және оның санитарлық-қорғау аймағында химиялық мониторингті құру;
автоматтандырылған жергілікті хабарлау желісін құру; персоналды оқыту және оның біліктілігін арттыру.
ХҚО-да авария болған жағдайда, оның ауқымы, әдеттегідей, жергілікті (объектілік немесе жергілікті жердің) сипатты болатынын ескерген жөн: объект, санитарлық-қорғау аймағы, оған жанасатын ау- мақтар.
Химиялық залалдану аймақтарында адамдар АХҚЗ ағза ішіне тыныс алу органдары арқылы түскен кезде, сол секілді жерде, заттарда, киімде және т.б. бар тамшы-сұйық фазамен түйісу нәтижесінде зақымдалуы мүмкін. Қорғаудың рөлі АХҚЗ-ның адам ағзасына негізгі әсер ету жолдарын жабуды қамтиды.
Қорғау іс-шараларын жүргізу мазмұны мен тәртібі нақты жағдайға байланысты, дегенмен кез келген жағдайда олар үш негізгі принципке негізделуі тиіс.
ХҚО-да авария сипаты туралы және оның даму нәтижелері туралы ақпаратты шұғыл алу, болжалды қауіп немесе химиялық залалданудың басталуы туралы халықты хабардар ету.
Қауіп туындаған жағдайда – АХҚЗ-ның адамдарға ықпалын болдырмау бойынша ескерту шараларын қабылдау.
Ықпал болған кезде – оның нәтижелерін шектеу және салдарын жою бойынша шараларды қабылдау.
Бірінші принципті іске асыру химиялық қорғауды ақпараттық қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізуге негізделеді (химиялық жағдайды болжау, химиялық мониторинг, барлау және залалды бақылау, халықты хабардар ету).
АХҚЗ әсерін болдырмауға және салдарын жоюға бағытталған қорғау шараларының санына (тікелей қорғау іс-шаралары) келесілер жатады:
қорғаныс құрылыстарды, тұрғын мен өндірістік ғимараттардың қорғау қасиеттерін қолдану;
жеке қорғаныс құралдарын қолдану;
дәрі-дәрмектік, профилактикалық және емдеу құралдарын қолдану;
жер мен объектілерді арнайы өңдеу (газсыздандыру); халықты эвакуациялау.
Химиялық мониторинг пен барлау деректерінің негізінде химиялық залалдану туралы хабарлау белгісі беріледі. Бұл синал тікелей қорғауды іске қосады. Химиялық бақылаудың (мониторингтің) нәти- желері бойынша арнайы өңдеуге шешім қабылданады, жеке қорғаныс құралдарын шешу мүмкіндігі туралы қорытынды жасалады.
Адамдардың химиялық залалдану аймақтарында тәртібі. ХҚО-да авария болған жағдайда халықты АХҚЗ зақымдану қаупі ту- ралы жергілікті хабарлау желілері арқылы хабардар ету объектілердің кезекші диспетчерлеріне жүктеледі. Бұл авария фактісін белгілегеннен және АХҚЗ бұлтының таралу бағыты туралы алдын ала болжам- нан кейін дереу жүргізіледі.
АХҚЗ жақын тұратын халық (2,5 км дейін) кәсіпорынның диспетчерлік қызметімен хабардар етіледі, ал 2,5 км әрі қарай тұратындарға РТЖЖ оперативтік қызметі хабарлайды. Әдетте авария туралы ақпаратта атмосфераға қандай зат шығарылғаны туралы, қай аудандарда (тұрғын орамдарда) ластану бұлтының таралу қаупі ең үлкен, қандай шараларды дереу қабылдау керек екенін туралы айтылады.
Халық үшін қорғанудың екі негізгі түрі бар: залалдану аймағыгаг шығу және үйлерінде жасырыну.
АХҚЗ буларының жай ішінде бірінші белгілерін сезген кезде, газтұтқырды (егер бар болса) немесе өз қолымен жасалған тыныс ор- гандарын қорғайтын қарапайым құралдарды кию қажет.
Тым болмаса, орамалды сулап (сумен, сода ерітіндісімен), онымен ауыз бен мұрынды жабу. Жайларды саңылаусыздандыру және азық- түлік пен суды жабу бойынша шаралар РҚО-дағы авария кезінде қол- данылатын шараларға ұқсас. Хлордан қорғану үшін ас содасының 2% су ерітіндісінде, ал аммиактан – лимон қышқылының 5% су ерітіндісінде суланған дәке таңғышты қолданған жөн. Залалдану аймағынан шыққан кезде газтұтқырды, ал ол болмаған кезде – қарапайым суға суланған байлауыштарды, маскаларды қолдану қажет.
Есте сақтаған жөн: адамдар неғұрлым тез залалдану ай- мағынан кетсе, соғұрлым олардың зақымдану қаупі төмен болады.
Залалданған аумақта тез, шаң көтермей және заттарға қол тигізбей өткен жөн. Залалдану аймағында тамақ, су ішуге, шылым тартуға тыйым салынады.
Теріде (қолда, баста) немесе киімде АХҚЗ тамшыларын байқаған кезде, сол жерлерді жеке химияға қарсы пакеттен өңдеу, ал ол болмаған кезде – мол сумен жуып-шаю қажет.
Химиялық зақымдану кезіндегі медициналық көмек.
АХҚЗ- мен зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмекті ең қысқа мерзімде көрсету қажет.
Аммиакпен зақымдалған кезде – таза ауа, минералды су неме- се сода қосылған жылы сүт; тұншығу кезінде – оттегі; көзге неме- се теріге тиген кезде – квасецтердің 0,5 – 1,0% ерітіндісі, су, лимон қышқылының ерітіндісі (басу).
Хлормен зақымдалған кезде – залалданған аймақтан шығару, толық тыныштық, оттегімен ингаляция; тыныс алу жолдары тітіркенген кезде – нашатыр спиртімен, ас содасының буларымен демалу; көзді ас содасының 2% ерітіндісімен жуып шаяды; минералды су немесе сода қосылған жылы сүтті, қара шәй ішуге кеңес беріледі.
Жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ) ағза ішіне, тері жамылғысына және киімге кез келген зиянды қоспаның (радиоактивтік заттардың, АХҚЗ, биологиялық құралдардың және басқ.) тиюінен қорғауға, сондай-ақ ашық оттан және жанып тұрған от қоспасынан қорғауға арналған. ЖҚҚ негізгі қорғау функциясы зиянды қоспалардың адамның ағзасына тыныс алу органдары, киім мен тері арқылы — барлық мүмкін әсер ету жолдарын жабуды қамтиды.
Тиісінше орындайтын қорғау функциялары бойынша ЖҚҚ тыныс алу органдарын қорғау құралдары (ТОҚҚ) мен теріні қорғау құрал- дарына (ТҚҚ) бөлінеді. Қорғау әрекетінің принципі бойынша барлық ЖҚҚ сүзгілеу мен оқшаулау болып бөлінеді.
Сүзгілеу типінің құралдары адамның тыныс алу органдарына және терісіне түсетін ауаның көптеген зиянды қоспаларды сүзгілеуді (та- зартуды) қамтамасыз етеді және оны қорғалатын органдарға әкелуге кедергі жасамайды. Оқшаулайтын ЖҚҚ қоршаған ортамен қалыпты ауамен алмасуды бұзып, ағзаны залалданған ауадан толығымен қорғайды. Сондықтан оқшаулайтын ЖҚҚ пайдаланушылық сипаттамалары елеулі нашарлау болып келеді.
ЖҚҚ қолдану – қорғаудың жоғары тиімді әдісі, дегенмен оны тәжірибеде жүзеге асыру маңызды қиындықтарға тап болады. Ха- лықтың ТОҚҚ-мен жоғары қамтамасыз етілгендігіне (шамамен 90%) қарамастан, оларды ТЖ-да қолдану мүмкін емес. Әдеттегідей, олар қаладан 30-80 км қашықтықта орналасқан қоймаларда сақталады. Оларды халыққа іс жүзінде жеткізу және беру шамамен 6-8 сағат алуы мүмкін. Одан басқа, сақтауға салынған ЖҚҚ әскери уландыру заттарынан қорғауға есептелген және бір қатар кең таралған АХҚЗ-дан (аммиактан, азот тотықтарынан және басқ.) қорғамайды.
Өнеркәсіптік өндірісінің қорғаныс құралдары аумақтың бүкіл халқына есептеліп жиналады (экономика объектілерінің персоналына – 105%, қалған халыққа – 100%). Бірінші кезекте қауіпті өндірістер ор- наласқан экономиканың санатталған қалалары мен облыстары қамта- масыз етіледі.
Тыныс алу органдарын қорғау құралдары.
ТОҚҚ негізгі тағай- ындалуы тыныс алу органдарын, көз бен бас терісін ауадағы барлық зиянды қоспалардан қорғау болып табылады.
Сүзгілеу ТОҚҚ-ға газтұтқырлар, респираторлар, қарапайым құрал- дар (таңғыштар, маскалар) жатады. Олармен қорғау принципі тыныс алатын ауаны сүзгілеу мен сіңіру арқылы (газтұтқырлар) немесе тек қана сүзгілеу арқылы (респираторлар) зиянды қоспалардан тазартуға негізделген. Сүзгілеу құралдары тыныс алатын ауаны оттегімен байытпайды, сондықтан оларды оттегінің қалыпты мөлшері бар атмосферада қолдануға болады.
Сүзгілеу газтұтқырлар (СГТ). СГТ типтерінің алуан түрлеріне қарамастан, олардың барлығының конструкциясы бірдей, оның құрамына екі негізгі қорғау элементтері кіреді: тікелей немесе қосқыш түтіктің көмегімен қосылуы мүмкін беткі бөлігі мен сүзгілеу-сіңіру жүйесі (ССЖ).
Беткі бөлігінің (маска, шлем-маска) қорғау қасиеттері сорап коэффициентімен бағаланады, ол маска астындағы кеңістікте сонда беткі бөлігінің басқа тығыз жабыспағандықтан өтетін зиянды қоспаның мөлшерін сипаттайды. Осы коэффициенттің шамасын төмендету үшін, беткі бөлігін әрі қарай қиыстырып келтіруді тексеріп, мұқият таңдау қажет. Сүзгілеу-сіңіру жүйесі (бұрын – газға қарсы қорапша) тыныс алатын ауаны зиянды қоспаның буларынан және аэрозольден тазартады. Аэрозольдер (түтін, тұман) талшықты сүзгішпен ұсталады, ал булар катализатор-көмірдің қабатымен (шихтамен) сіңіріледі. Зиянды қоспа ССЖ арқылы өткен кезде, ол бір уақытқа толығымен тоқтатылады. Дегенмен уақыт өте ССЖ-дан шығатын ауада қоспалардың іздері (тез өту) шығуы мүмкін, бұл СГТ қорғау мүмкіндіктерінің таусылуы туралы айтады. Оны қолдануды бастаудан заттың тез өтіп кеткен сәтіне дейін уақыт сағатпен, минутпен көрсетілетін газтұтқырдың қорғау қуаты деп аталады.
Халықты қорғау үшін қазіргі уақытта ең бұқаралық және сенімді ТОҚҚ болып табылатын ГП(ГП-5, ГП-7) типтік азаматтық газтұтқырлар мен олардың модификациялары арналған. Дегенмен бұл СГТ бір қатар АХҚЗ-дан (аммиактан жәнебасқ.) жәнекөміртектің монооксидінен (СО) қорғауды қамтамасыз етпейді. СГТ қорғау мүмкіндіктерін кеңейту үшін олар СГТ-1, СГТ-3 қосымша патрондармен немесе гопкалитті патронмен (ДП1 типтік) жинақталады. ДПГ-1, ДП-1 патрондардағы арнайы сіңіргіш – гопкалит, ол көміртек монооксиді ауаның оттегімен қышқыл көмір газға дейін тотыққан кездегі катализатор болып табылады:
Тыныс алу органдарын ең жаңа қорғау құралы – әмбебап қорғау патроны (ӘҚП), ол СГТ (ГП-5, ГП-7) беткі бөліктерімен қолданылады. Патрон АХҚЗ-дан, сол секілді көміртектің монооксидінен де қорғай- ды. ӘҚП-ның аммиактан қорғау әрекетінің уақыты 30 – 40 мин, хлор- дан – 30 – 50 мин, фосгеннен – 30 мин, көміртек монооксидінен – 120 – 300 мин құрайды.
ГП типтік газтұтқырлардан басқа халықтың кейбір санаттарын қорғау үшін ПДФ-Д газтұтқыры (балалардың сүзгілеу) – мектепке дейінгі жастағы балалар үшін; ПДФ-Ш – 17 жасқа дейін оқушылар үшін; балалардың қорғау камералары (БҚК) – бір жарым жасқа дейін балалар үшін қолданылады.
Халыққа әкімшіліктің өкімі бойынша тиісті беру бекеттерінде қажет болған жағдайда ГП-5 немесе ГП-7 сүзгілейтін газтұтқырлары беріледі. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ата-аналары тұрғылықты жері бойынша балаларға арналған газтұтқырларды, емшектегі балалар үшін – БҚК камераларын алады. Оқушылар мен студенттер жеке қорғаныс құралдарды (ГП, АН, ИПП, таңу пакеті) оқу орны бой- ынша алады.
Газтұтқырдың өлшемін анықтау үшін, бас төбесі, жақ, иек арқылы өтетін тұйық сызық бойынша басты өлшеу қажет. Өлшемдерді 0,5 см дейін жинақталады.
Өлшеу сызығының ұзындығы 63 см дейін болған кезде, газтұтқырдың шлем-маскасының өлшемі нөлдік; 63,5-тен 65 см-ге дейін – бірін- ші; 65,5-тен 68 см дейін – екінші; 68,5-тен 70,5 см дейін – үшінші; 71 см-ден және одан жоғары – төртінші.
Респираторлар. Бұл зиянды газдардан, булардан және аэрозольдерден жеңілдетілген ТОҚҚ ауа қатты шаңдалған кезде қолданылады. Ауа 11-15 ПДК көп емес шамалы концентрацияда зиянды қоспалар- мен ластанған кезде қолданылады. СГТ қарағанда олар тек қана тыныс алу органдарын қорғайды, өйткені ауыз бен мұрынды жабатын жар- тылай маска болып келеді. Әдеттегідей, респираторлар өнеркәсіптік объектілердің, соның ішінде ХҚО персоналымен қолданылады. Олар- дың тағайындалуы жеткілікті мамандандырылған. Дегенмен халық радиоактивтік аэрозольдерден қорғау үшін «Лепесток», Р-2 және басқ. типтік кең тараған және қарапайым респираторларды қолдана алады.
Мақталы-дәке таңғыштар мен шаңға қарсы маталы маска (ауруханада қолданылатындар сияқты) – бұл ең қарапайым ТОҚҚ.
Таңғыш өлшемі 150 х 100 см дәке бөлігінен жасалады. Дәкеге қалындығы 2 см дейін бір қабат мақта салынады (ұзындығы 30 см, ені 20 см). Дәкені екі жағынан мақтаға бүктейді. Дәкенің ұштарын екі бау шығатындай кеседі.
Аммиактан қорғау үшін таңғышты сірке, тұз немесе лимон қышқылының 5% ерітіндісімен сулайды, ал хлордан қорғау үшін – 2% сода ерітіндісімен. Көзді қорғау үшін шаңға қарсы көзілдірікті, жүзуге арналған көзілдірікті және басқ. қолдануға болады.
Оқшаулайтын ТОҚҚ тынысалу органдарынауадағыконцентрациясы- на қарамастан кез келген зиянды қоспалардан қорғау үшін, сонымен қатар оттегінің жетіспеу жағдайында да қолданылады. Олардың қорғау әсерінің принципі тыныс алу органдарын сыртқы ауадан толық оқшаулауға және тыныс алатын ауаны көміртек диоксидінен (СО2) қоршаған ортамен алма- сусыз оны оттегімен бір уақытта байытумен тазартуға негізделген.
Оқшаулайтын ТОҚҚ ретінде құрамында оттегі бар заттардың көмегімен тыныс алатын ауада оттегінің мөлшерін қалпына келтіру есебінен ағзаны тыныс алу қоспасымен қамтамасыз ететін автономдық тыныс алу жүйесі болып келетін оқшаулайтын тыныс алу аппараттарын (ОТА) қол- данады. Мұндай ОТА оқшаулайтын газтұтқырлардың тобы: ИП-4, ИП-5 және олардың модификациялары жатады.
Оқшаулайтын газтұтқырларды СГТ қолдану мүмкін емес болған кезде, нақты айтқанда, АХҚЗ-ның концентрациясы өте жоғары болған кезде қолданады (аварияның ошағы ауданында және оған жақын жер- де). Оның қорғау әрекетінің уақыты физикалық жүктеуге байланысты 50 минуттан (ауыр жүктеу) 3 сағатқа дейін (жеңіл) құрайды.
Теріні қорғау құралдары. АХҚЗ көбісі адам үшін теріге тиген кезде қауіп төндіруі мүмкін. Осы жолды жабу үшін, теріні қорғау құралдарын (ТҚҚ) қолданады. Олар дененің ашық жерлерін, киімді, аяқкиімді АХҚЗ булары мен тамшыларынан, радиоактивтік пен биологиялық аэрозольдерден қорғайды.
Сүзгілейтін ТҚҚ-ны АХҚЗ буларын бейтараптандыру үшін арнайы сіңдіргіші бар мақта маталардан жасайды. Әдетте бұл қатты материалдардан жасалған жұмыс костюмдері мен комбинезондары. Осы ТҚҚ оң қасиеттері кәдімгі киімнің қасиеттерінен ерекшеленбейтін жоғары физиологиялық-гигиеналық қасиеттер болып табылады.
Оқшаулайтын ТҚҚ – маталы негізге газ, ылғал өткізбейтін үлдір жабыстырылған немесе резеңкеленген мата қолданылатын жүйелі киілетін және көп рет қолданылатын арнайы костюмдер.
Отандық өнеркәсіп АХҚЗ-дан арнайы оқшаулайтын және сүзгілей- тін ТҚК көп мөлшерін шығарады. Әдеттегідей, оларды химиялық тех- нологиялары бар өнеркәсіптік объектілердің персоналы қолданады. ХҚО-да авария болған кезде осы (және басқа, мысалы әскери) ТҚҚ авария ошағында және ауданында әрекет етуге тура келетін салдар- ды жою құрылымдардың жеке құрамының (құтқарушылар, өрт бөлім- шелері, үнемі дайын тұратын авариялық-құтқару күштері) қорғалуын қамтамасыз ету үшін қолданады. Әдеттегідей, санитарлық-қорғау аймағына жақын тұратын халық (500 – 1000 м), мұндай химиялық залалданудың экстремалды жағдайында болуы мүмкін емес. Сондықтан халық арнайы ТҚҚ-мен қамтамасыз етілмейді, бұнын қажеті де жоқ. Қажет болған жағдайда химиялық авария кезінде қорғану үшін халық қол астындағы қарапайым ТҚК қолдана алады.
Қарапайым ТҚҚ – қатты матадан (былғарыдан, брезенттен, джин- са матадан және т.с.с); хлорвинилді және резеңкеленген негіздегі ма- тадан жасалған киім (жамылғы, плащ, күртке); резеңке және былғары аяқкиім, былғары және резеңке қолғап. Мұндай құралдар АХҚЗ тамышларынан жазда 30 мин бойы және қыста 1 сағ дейін қорғауды қамта- масыз етеді. Тоқыма мен мақта маталар радиоактивтік шаңнан ғана қорғайды.
Арнайы өңдеу
Арнайы өңдеу – бұл жергілікті жер мен объектінің (ғимараттар мен құрылыстар, техника, жеке қорғаныс құралдары, киім, аяқкиім бетінің, терінің ашық жерлерінің) радиоактивтік ластануын, химиялық, био- логиялық залалдануын жою бойынша іс-шара. Ол адамдардың бұл объектілермен жанасу кезінде зақымдануын болдырмау және ТҚКсыз жүру мүмкіндігін беру үшін ұйымдастырылады. Арнайы өңдеуді жүр- гізу туралы шешім ластанудың радиациялық пен химиялық бақылау нәтижелері бойынша қабылданады.
Арнайы өңдеу қатерсіздендіруді, газсыздандыруды, залалсыздандыруды қамтиды.
Қатерсіздендіру объектілердің радиоактивтік ластану дәреже- сін белгіленген рұқсат етілген шекке дейін төмендетуде қамтылған. Қазіргі уақытта радиоактивтік ыдыраудың жылдамдығына ешқандай физикалық пен химиялық әдістермен әсер ету мүмкін емес болғандықтан, онда радиоактивтік ластанудың белсенділігін төмендетудің жалғыз әдісі оны залалдандырылған беттерден механикалық жою болып табылады. Мұны жууға арналған су ерітін- ділері мен басқа сұйықтықтарды, ластанған беттерге қысыммен жіберілетін ауа мен газ-сұйықтық қоспаларды, сондай-ақ қабық қалыптастыратын құрамдарды қолданып қатерсіздендіру кезінде жасайды.
Қатерсіздендіру үшін беттерді жақсы суландыратын синтетикалық ұнтақтар, сабын негізіндегі штаттық ерітінділер қолданылады. Қысқы уақытта ерітіндінің қату температурасын төмендету үшін оған аммиак- тік суды қосады. Бұл ерітінділерден басқа, кір сабынның ерітінділері, су, еріткіштер (дихлорэтан, бензин, керосин және т.б.) қолданылуы мүмкін. Жоғары температуралы газ-сұйықтық қоспалар да тиімді.
АЭС-та аварияның салдарын жою кезіндегі еңбекті көп қажетсінетін операция – жергілікті жерді (көшелердің, жолдардың, алаңдардың учаскелерін, газондарды) және ғимараттар мен құрылыстардың сыртқы беттерін қатерсіздендіру. Бұл жағдайда келесі әдістер қолданылады:
механикалық (топырақты, асфальт жамылғыларын, штукатурканы шешу);
бүріккіш (беттерді қатерсіздендіру ерітінділерінің ағынымен қысыммен өңдеу);
құрғақ (ластанған беттерді полимерлік құраммен, сазды жамылғымен жабу және оларды сіңген радиоактивтік заттармен бірге алып тастау).
Көшелерде, алаңдарда, жолдарда бір уақытта топырақ бетін қабық қалыптастыратын рецептуралармен немесе тұтқыр материалдармен бекіту арқылы шаң басу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Механикалық әдісімен шешілген топырақ көму жеріне шығарылады.
Қатерсіздендіру үшін үйде, пәтерде (қол жеткізу қиын жерлер, кілемдер, жиһаз) әдеттегі шаңсорғыштар қолданылуы мүмкін. Жергілікті жер мен ғимараттарды қатерсіздендіру өрт техникасын (авто- цистерналарды, автосораптар мен станцияларды, мотопомпаларды), әскери мақсаттағы суару-жуу машиналары мен техниканы қолданып жүргізіледі.
Газсыздандыру АХҚЗ-мен залалдандырылған объектілер мен жер- гілікті жерді АХҚЗ бейтараптандыру немесе жою жолымен залалсыздандыруды қамтиды.
Барлық АХҚЗ – бұл химиялық қосылыстар болғандықтан, онда олардың молекулаларының құрылымын өзгертуді (бейтараптандыру- ды) химиялық жолмен іске асырады. Бұл мақсаттар үшін химиялық реакциялар нәтижесінде реакцияның улы емес өнімдерді қалыптасты- рып, АХҚЗ зиянсыздандыруға мүмкіндік беретін химиялық заттардың ерітінділерін қолданады. Бұл заттарды механикалық жолмен алыпта- сғанда (жуып шаю, үрлеу) объектінің химиялық залалдануын алып та- стай алады, бірақ бұл жағдайда АХҚЗ бейтараптандырылмайды, жай ғана басқа беттерге (жерге) ауысады.
Газсыздандыру үшін барлық рецептуралар АХҚЗ химиялық қаси- еттерін, нақты айтқанда олардың сілтілермен, қышқылдармен және басқ., гидролиз (сумен) реакцияларға қабілеттеріне негізделген. Қазір- гі уақытта АХҚЗ газсыздандыру үшін жиі қолжетімді заттар мен ерітінділерді қолданады: сілтінің су ерітінділері (10% NaOH), хлор- дың жоғары мөлшерімен тотықтырғыштар (хлорлы әктің 10% ерітін- дісі) және басқ. Техниканы, құрылыстарды (бірақ киім мен аяқкиімді емес!) газсыздандыру үшін қажетті ерітінділер болмаған кезде, жа- нар-жағар май материалдары (бензин, керосин, дизель отыны) неме- се еріткіштер (дихлорэтан, спирттер) қолданылуы мүмкін. Бірақ бұл жағдайларда АХҚЗ бейтараптандырылуы жүрмейді.
Үй жағдайында аммиак терінің ашық жерлеріне тиген кезде, олар- ды мол сумен, ал хлор тиген кезде – сабын сумен жуған жөн.
Химиялық белсенді реагенттерді қолданудан басқа, ХҚО-да авари- яның салдарын жою тәжірибесінде:
АХҚЗ су шымылдықтың көмегімен немесе сусымалы материалдың қабатымен сіңіріп алуды;
сұйық заттарды көбікпен оқшаулауды; сумен араластыруды қолданады.
Су шымылдықтары АХҚЗ булы-газды бұлтының таралуын шектеу мақсатында, оның таралу жолында қойылады. Бұл шымылдықпен кездескен кезде бұлттағы заттың концентрациясының араласуы және оның шайылуы өтеді. Шымылдықтар арнайы құрылғылары бар өрт машиналарын қолданып қойлыады. Бұл АХҚЗ басым мөлшеріне қар- сы қорғаудың тиімді әдісі.
Сусымалы материалдар (топырақ, құм, қож және басқ.) АХҚЗ сұй- ық фазасын («шалшықты») сіңіріп алу үшін қолданылады. Сұйық АХҚЗ көбікпен оқшаулау олардың булануын азайту мақсатында іске асырылады. Көбікке газсыздандыру заттары енгізілуі мүмкін. Көбікті шығару үшін өрт сөндіру машиналарының көбік генераторларын қол- данады. АХҚЗ буланы жыдамдығын төмендетудің ең қолжетімді әдісі – оларды судың ағынымен араластыру.
Газсыздандыру ақырғы нәтижеде жерде болу мүмкіндігін немесе объектімен жеке қорғаныс құралдарсыз жанасуды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан ол АХҚЗ толық бейтараптандырылуына қол жеткізіл- мегенше жүргізілетін болады.
Залалсыздандыру – залалданған объектілерде залалсыздандыру құрамдарды қолдану арқылы ауру тудыратын биологиялық құралдар- ды (бактерияларды, вирустарды және басқ.) жою.
Залалсыздандыру үшін құрамында хлор бар заттарды қолданады (құрғақ хлорлы әк, кальций гипохлоритінің тұздары, хлораминдер). Қосалқы құралдар ретінде залалсыздандыру әсері бар кейбір газсы- здандыру ерітінділерін де қолдануға болады. Инфекциялық аурулар- дың қоздырғыштары күн сәулесінің, жоғары температураның, ашық оттың, будың әсерінен өлуі мүмкін. Осыған залалсыздандырудың физикалық деп аталатын әдістер негізделген.