Қоғам

ОРМАН, ДАЛА ӨРТІ НІҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒА ІС-ШАРА ӨТТІ

Төтенше жағдайлар, полиция қызметкерлері шаруа қожалықтарына ерекше назар аударылды. Оларды егілген алаңдарда, бау-бақша учаскелерінің айналасында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырылып, 5000-ға жуық жаднамалар таратылды. Төтенше жағдайлар қызметкерлері егіс алқаптарының айналасында жыртылған жерлерді сапалы жүргізу егістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін және өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жыртылған жерлердің ені 4 метрден кем болмайтынын атап өтті. Бұл ретте азаматтардың өздері өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарын сақтаулары және қырағылық танытуы тиіс.

Табиғи өрт – табиғи ортада апатты пайда болатын және таралатын, бақыланбайтын өртену процесі (орманның, даланың, шым тезекті батпақтың).

Орман өрті – орман экожүйесінде өзінен-өзі немесе адаммен жандырылатын өртену. Төменгісінде орманның төсемі, шөп-бұта жамылғысы, жас бұталар жанады, жоғарғысында – ағшаштардың ұштары жанады; жерастысында – шым батпақ қабаты және ағаштардың тамырлары жанады.

Дала өрті – далаларда өзінен-өзі немесе қолдан тұтату кезінде пайда болады.

Ормандағы жаппай өртену ыстық және құрғақ ауа райы кезінде найзағай соққысынан, өртпен байқаусыз пайдаланудан, жердің жоғарғы қабатын кепкен шөптерді жағып тазартудан және басқа себептерден болуы мүмкін. Өрттер елді-мекендердегі ғимараттардың, ағаш көпірлердің, электр және байланыс желілердің, мұнай өнімдері қоймаларының және басқа да жанатын материалдардың жануына, сондай-ақ адамдар мен ауылшаруашылық жануарлардың зақымдалуына әкеп соғуы мүмкін. Орман алқаптарында төменгі өрттер жиі пайда болады, ол кезде орман төсемі, жас бұталар, шөп-бқта жамылғысы, шыбықтар, ағаш тамырлары және т.б. жанады. Құрғақшылық кезеңінде жел болғанда жоғарғы өрттер пайда болуы мүмкін, ол кезде от ағаштардың ұштарымен, қылқан жапырақты ағаштармен таралады. Төменгі өрттің таралу жылдамдығы минутына 0,1 метрден 3 метрге дейін, ал жоғарғысы – жыл бағытымен минутына 100 метрге дейін. Шым батпақ пен өсімдік тамырлары жанған кезде жан-жаққа таралатын жерасты өрттері пайда болуы мүмкін.

Ескерту іс-шаралары

Табиғи өрт кезінде халықты қорғау және залалды төмендету үшін тұтас орманда ені 5-10 метр және қылқан жапырақты орманда 50 метрге дейін қара жолдар мен топырақ жолақтарын жаса және тазалау бойынша алдын ала іс- шаралар жүргізіледі. Елді-мекендерде тоғандар мен су қоймалары құрылады, олардың сыйымдылығы поселке немесе елді-мекеннің 1 гектарына 30 кубтық метрден кем болмайтын есеппен жасалады. Өрт кезінде орман мен елді- мекендерде ормандағы, елді-мекендердің жанындағы өрт жағдайын бақылау үшін өртке қарсы звенолардың кезекшілігі ұйымдастырылады; салынымдар мен орман алқаптарының арасындағы топырақ жолақтары тазартылады; елді- мекендер мен саяжай поселкеселрінің шекарасына жақын орман шетінің 1 метр ұзындығына 10 литр судан кем болмайтын есеппен өрт су қоймалары толтырылады; құдықтар мен тоғандар қалпына келтіріледі; мақта-дәкелі таңғыш, респираторлар және дем алу органының басқа құралдары дайындалады; жаздың құрғақ кезеңінде орманға келіурежимі шектеледі (әсіресе автомобильмен).

Егерде сіздер ормандағы өрттің ошағына жақын жерде болсаныздар

Егерде сіздер ормандағы өрттің ошағ  ына жақын дерде болсаңыздар және Сіздерде оны өз күштеріңізбер жоюға, таралуына жол бермеуге және өртті сөндіруге мүмкіндігіңіз болмаса, дереу жақын жердегі барлық адамдарды қауіпті аймақтан шығу қажеттілігі туралы ескертіңіздер. Олардың жолға немесе қара жерге, кең алаңға, өзеннің несесе су қоймасының жағасына, жазық жерге шығуын ұйымдастырыңыздар. Қауіпті аймақтан жылдам, өрттің қозғалу бағытына перпендикулярлы шығыңыздар. Егерде өрттен кету мүмкіндігі болмаса, су айдынына кіріңіздер немесе су киімді жамылыңыздар. Ашық кеңістікке немесе алаңға шыға сала, жерге жақын ауамен дем алыңыз – ол жерде түтін аз болады, ауыздарыңыз бен мұрындарыңызды мақталы-дәкелі таңғышпен немесе шүберекпен жабыңыздар. Өрттің аймағынан шыққаннан соң елді-мекеннің әкімшілігіне, орман шаруашылығына немесе өртке қарсы қызметке, сондай-ақ жергілікті тұрғындарға өрттің орны, көлемі және сипаты туралы хабарлаңыздар. Елді-мекенге өрт аймағының жақындағаны туралы хабарлау белгісін біліңіздер және өрттің сөндірілуін ұйымдастыруға қатысыңыздар. Кішкене төменгі өрттердің жалындарын, оны ағаштық бұьақтарымен соққылап, су құйып, ылғалды топырақ лақтырып, аяқпен тепкілеп сөндіруге болады. Өртті сөндірген кезде байқап әрекет жасаңыздар, жолдар мен қара жерден алыстап кетпеңіздер, басқа қатысушыларды көзден таса қылмаңыздар, олармен кездесіп және дыбыстық байланыс жасасып отырыңыздар.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close