Қоғам

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ

Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық

  1. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық осы Қағидалардың талаптары негізінде, ғимараттардың, құрылыстардың, технологиялық процестердің, технологиялық және өндірістік жабдықтың өрт қауіптілігі ерекшелігін негізге ала отырып әзірленуі тиіс.
  2. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтарда мынадай мәселелерді көрсету қажет:
    • аумақтарды, ғимараттарды, құрылыстар мен үй-жайларды, оның ішінде эвакуациялау жолдарын күтіп ұстау;
    • жабдықты пайдалану және өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде технологиялық процестердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
    • жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті заттар мен материалдарды сақтау және тасымалдау;
    • жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды қарап тексеру және жабу;
    • темекі шегу, ашық отты қолдану және от және өзге де өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу үшін орындарды орналастыру;
    • жанғыш заттар мен материалдарды жинау, сақтау және жою, арнайы киім-кешекті ұстау және сақтау;
    • үй-жайларда бір мезгілде болатын шикізат, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің рұқсат етілген мөлшері;
    • ауытқуы өрттің немесе жарылыстың шығуына әкелуі мүмкін бақылау-өлшеу аспаптарының шекті көрсеткіштері (манометрлер, термометрлер).

Өрт кезінде персоналдың іс-әрекеттері, оның ішінде:

  • өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақыру;
  • технологиялық құрал-жабдықты авариялық тоқтату;
  • желдеткіш пен электр жабдықтарын ажырату;
  • өрт сөндіру құралдары мен өрт автоматикасын пайдалану;
  • адамдарды, жанғыш заттар мен материалдық құндылықтарды эвакуациялау;
  • кәсіпорынның барлық үй-жайларын қарап тексеру және жарылыс- өрт қауіпсіз күйіне келтіру.

Эвакуациялау жоспарын жасау жөніндегі нысан

  1. Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) қабатта бір мезгілде 10-нан астам адам болған кезде өрт шыққан жағдайда адамдарды эвакуциялау жоспарлары әзірленеді. Эвакуациялау жоспарлары графикалық және мәтіндік бөлімдерден тұрады. Графикалық бөлім ғимаратты немесе құрылысты эвакуациялық шығу жолдарын (саты торларын, сыртқы ашық сатыларды, тікелей сыртқа шығу жолдарын), көрермендер мен қызмет көрсетуші персоналдың қозғалыс маршруттарын, сондай-ақ қол өрт хабарлағыштары түймелерінің, телефон аппараттарының, өрт сөндіру құралдарының (өрт сөндіру крандарының, өрт сөндіргіштердің) орналасқан орындарын көрсете отырып, әр қабатты (әр секторды) жоспарлауды қамтиды. Мәтіндік бөлімде адамдарды эвакуациялаудың тәртібі мен реті, қызмет көрсетуші персоналдың міндеттері, сондай-ақ жарыстарға немесе мәдени ойын-сауық іс-шараларына өрт туралы құлақтандыру және адамдарың эвакуациялық шығу жолдарына қозғалысын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету жөніндегі күштерін жұмылдыру жазылады.
  1. Эвакуациялау жоспарын әзірлегенде өрттің пайда болуы аса ықтимал жерлерге, оның дамуы ықтимал сипатына, құрылыстың көрермендермен толықтығына және жарыстар мен мәдени-сауықтыру іс-шараларын жүргізу үшін жұмылдырылған қосымша күштердің болуына қарай адамдарды эваку- ациялаудың бірнеше (3-5) түрі көзделеді. Эвакуациялау жоспарларының мәтіндік бөлімде әрбір нұсқа бойынша мыналар: өрт туралы адамдарға құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру (эвакуация- лау қажеттілігі, құлақтандыру аймағы мен құлақтандыру әдістері, құлақтандыру құрамы туралы кім шешім қабылдайды); қызмет көрсету персоналының тұлғалар санын, сондай-ақ эвакуацияла- уға жұмылдырылған қосымша күштерді (оларды жинау тәртібі, жинау орындары, аймақтар мен секторлар бойынша жауаптылар, жинау дабылдары); эвакуациялау жолдары (олардың ұзақтылығы мен бағыты, эвакуациялау жолына жауаптылар, эвакуация кезінде қозғалыс тәртібі, қызмет көрсету персоналының және эвакуациялау үрдісіне қатысудағы қосымша күштердің міндеттері); эвакуациялау жолының соңғы пункттері (эвакуацияланғандарды бөліп жайғастыру тәртібі, қажет болса, оларға медициналық қызмет көрсету); көрермендерді эвакуациялау үшін қосалқы шығу орындарын қолдану, ар- найы жабдықты қолдану мүмкіндігі, сондай-ақ эвакуациялауды ұйымдастыруға және оны ойдағыдай өткізуге арналған әртүрлі техника мен инженерлік жүйелерді (түтін жою жүйесін, автоматты өрт сөндіру қондырғыларын, ішкі телефон және радио байланысын) қолдану көзделеді.
  1. Жоспардың графикалық бөлімінде эвакуациялауда адамдардың қозғалу жолдары (эвакуациялық шығу бағытына қарай көрсеткіштері бар жасыл түсті тұтас сызықпен) көрсетіледі. Құрылыс ішінде адамдар жаппай жиналған бол- са, жоспарларда бұл аймақтарды эвакуациялау бағыттары көрсетілген, түрлі түсті реңктермен белгіленген эвакуациялық жолдарды қарастыру керек. Эва- куациялау жоспарында қосалқы эвакуациялау жолдары (жасыл түсті ирек жолмен) көрсетіледі.
  2. Эвакуациялау жоспары (графикалық және мәтіндік бөлімдері) көрнекті рәсімделіп, өрт сөндіру бекеттері мен қызмет көрсету персоналының тәулік бойы кезекшілігі бар басқа да үй-жайда, сондай-ақ объектінің басшылығында көзге көрінетін жерде тұрады. Графикалық бөлімдегі белгілердің толық жазылуы эвакуациялау жоспарының астында мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі.
  1. Жалпы құрылыс үшін жалпы эвакуациялау жоспарынан басқа әр аймақ (сектор, үй-жайлар тобы) аймақтар мен секторлар бойынша жауапты кезекшілер болуы тиіс, өрт қауіпсіздігі шаралары мен өрт жағдайларындағы тәртіп ережелері туралы жаднамасы бар жалпы эвакуациялау жоспарынан үзін- ділермен (әртүрлі нұсқалар) қамтамасыз етіледі. Эвакуациялау жоспарының үзіндісінде басқыш алаңдары, лифттер мен лифт холлдары, есік, балкон, дәліз, сыртқы басқыштарға арналған ойықтар- дың белгілері бар бөлмелер көрсетіледі. Эвакуациялау жоспарынан үзінді арналған үй-жай сектордың, аймақтың әр қабаттық жоспарында «Сіз тұрған үй-жай, аймақ…» деген жазумен белгіленеді. Эвакуациялау жолы бұл үзіндіде жасыл түсті тұтас сызықпен көрсетіледі. Эвакуациялау бағытын көрсететін сызықтар қаралып жатқан үй-жайдан қауіпсіз жерге немесе тура сыртқа шығу орнына дейін жүргізіледі. Эвакуациялау жоспарынан алынған үзінді үй-жайда көзге көрінетін жерде шынының (пленканың) астына іледі, жоспардан алынған үзіндінің көлемі 20х30 см кем емес.

Эвакуациялау жоспарынан алынған үзіндінің астында қолданған белгілердің түсінігі беріледі. Үзіндінің мәтіндік бөлігінде қызмет көрсету персоналының және адамдарды эвакуациялауға жұмылдырылған күштердің міндеттері мен әрекеттерінің бірізділігі көрсетіледі. Эвакуациялаудың жалпы жоспарынан алынған үзіндінің мәтіндік бөлігі аймақтан, сектордан, үй-жайдан эвакуациялауға жауапкершілік атқаратын адамда болады. Эвакуациялау жоспарын кәсіпорынның, ұйымның басшысы бекітеді. Үзіндінің мазмұнымен (қолдарын қойып) барлық қызмет көрсету персоналы, сондай-ақ көрермендерді эвакуациялауға жұмылдырылған барлық қосалқы күштер танысады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close