Қоғам

ОТБАСЫЛЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҮГІТ-НАСИХАТ БАСТЫ НАЗАРДА

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуда ақпараттық үгіт-насихат тобының алар орны ерекше. Сондықтан әйелдер мен балаларға қатысты қысымды болдырмау үшін, профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізу құзырлы орындардың күн тәртібінен түспейді. Ең өзекті тақырыптардың бірі саналатын отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесіндегі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу Түркістан облысы әкімдігі мен өңірге қарасты құзырлы органдардың үнемі бақылауында, қырағы назарында.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобаларының жұмыстарын іске асыру жоспарының 29 пунктіне сәйкес 2004 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің тағайындауымен «Тұрмыстық зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы әзірленді.

Заң жобасының негізгі мақсаттары – адамның қызығушылығын, бостандығын, заңды құқықтарын қорғауға, кепілдеме беруді көтермелеу. Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдау. Тұрмыстық зомбылықты алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жүргізу. Аталған заңды қабылдау – отбасылық тұрмыстық қатынастардағы азаматтардың қызығушылықтарын және бостандықтарын талап ету.

Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

Осы ретте, Түркістан қалалық полиция басқармасы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» қабылданған заңдардың талаптарын орындау мақсатында отбасы-тұрмыстық салада құқық бұзушылыққа жол беретін адамдарға қатысты қорғау нұсқамасын шығару, сондай-ақ, құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сотқа құжаттарды жолдау бағытында жұмыстарды қолға алып, осы жұмыстар төңірегінде нақты ұйымдастырушылық шараларын қабылдады.

 

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Тән азабын шектірген зорлық адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін. Жан азабын шектірген зорлық жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік-жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету.

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық–адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау конституциялық заңдылықтың басты талабы.Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі–бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді.

Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлы-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың  психологиялық денсаулықтары мен жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.

Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі жанұядағы зорлық-зомбылық.«Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек. Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.

Зорлықтың түрлері: Эмоциялық зорлық  балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу. Физикалық зорлық отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық. Қауіп-қатер  отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу.

Балаларды анасына қарсы қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану. Қазақстандағы тұрмыстық зомбылық туралы заңды қабылдау қажеттігі туды. Зорлық-зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіндегі еліміздегі адамзат әлеуетіне қажеттігі де туындап отырғандығын ескертеді. Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді.

Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар. Әйелдер мен балаларға арналған зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқынды. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close