Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОФОЛЬКЛЕРЛЫҚ ТОПТАР

Қазір қазақстанда дәстүрлі орындаушылардың кейбірі дәстүр мен заманауи жаңашылдықты үйлестіріп, қарқынды модернизация үдерісіне көшіп отыр.

Елімізде эстрада өнерінің заманауи көркем құбылыс ретінде пайда болу себебі мен салдары, ағымдағы даму бағыттары мен кәсіби және сахналық шеберлік, репертуар таңдау, тағы да көптеген басқа да мәселелелер арнайы сараптауды қажет етеді. Осы тұрғыда қарастырылып отырған тараудың негізгі мақсаты – танымал этнофольклорлық топтардың стильдік бағыт бағдары мен қалыптасу, даму тарихын сараптау арқылы қазіргі Қазақстанда аутентикалық фольклорды жаңғыртып жүрген эстрада өнеріндегі ансамбльдік ұжымдардың даму деңгейі мен үдерісін айқындау болмақ.

Қазақстандағы этнофольклорық бағыттағы ансамбльдерді құрамы жағынан екі үлкен топқа бөлуге болады. Олар:

  • моноэтностық аспаптардан құралған ансамбльдер. Мұнда тек қана қазақтың ұлттық аспаптарынан құралған камералық құрамдар қолданылады;
  • полиэтностық аспаптардан құралған ансамбльдер. Олардың құрамындақазақ, еуропалық классикалық және джаз аспаптары бар аралас құрамды ансамбльдер.

Полиэтностық және моноэтностық этнофольклорлық ұжымдардың стильдік бағыт-бағдары да алуан түрлі. Диссертацияның осы бөлімде этно-рок («Ұлытау», «Алдаспан»), этно фьюжн, этноджаз («The Magic of Nomads»), этно-поп («Қоңыр» тобы) және таза этнофольклорлық ансамбльдер («Тұран», «ХасСақ») қарастырылады. Этно-эстрадалық бағыт ұстанған топтардың құрамы шағын трио («Қоңыр», «Алашұлы», «Ассыл»), квартет («Алдаспан»), квинтеттен («ХасСақ», «Тұран») көлемді секстеттерге («The Magic of Nomads», «Ұлытау») дейінгі көлеммен ерекшеленеді. Әр ұжымның мақсат-мүдделері де алуан түрлі. Бірі этно-рок стилін электродомбыраның көмегімен дамытуды көздесе («Алдаспан»), басқа топтар ұмытылған аспаптармен стилизацияланған фольклор туындыларын модернизациялап халыққа оны жаңарта ұсынуды міндет санаса («Тұран»), енді бірі – көне аспаптардың жаңа тембрлік үндестігін табуды лирикалық сазды әуендермен кемел тоғыстырады («ХасСақ»).

Осы бағытта алғашқы адым жасаған топтың бірі «Ұлытау» ұлтымыздың дәстүрлі күй өнерін әлемге паш етумен танулған болатын. Қазақта: «Ұлытауға шықтың ба, ұлар етін жедің бе?» – деген аталы сөз көбіне келелі іс бастаған ел ағаларына, яки қажылық сапарды ниет еткен азаматтарға арнап айтылған. Демек, сауапты іс атқарардың алдында Ұлытауға зиярат ету ісі қалыпты саналып, мұнда кие тұтып ұлықтау әдеті бар болған. Қазақ Совет энциклопедиясында Ұлытауда сақталған жазық өзен арналарына қойылған тас мүсіндер бабаларды еске түсіріп, ас беріп, ат шаптыруға қойылған белгілердің аймақ төңірегіндегі көп болғаны жазылған». Ал қазақтың ежелгі тарихи құжаттарында (Ә. Баһадұр

«Түрік шежіресі») әспеттеу сөздерге міндетті түрде «өр», «ер», «ұлық» мағынасын беретін қосымшалар қосылғандығы айтылады. Демек, бұл таудың өте ерте заманда, Оғыз хан заманынан бұрын қастерленіп, моғол түркі тайпаларының атамекені ретінде кие тұтқандығын Рашид әд-Діннің «Жәмиғ ат-тауарих», Әбілғазы Баһадұрдың «Шежіре-и түрік» және Атамәлік Жувейнидің «Тарих-и жаһангушай» деректері растайды.

Т.Әбенайұлы: «Ұлытау жайлы сонау ерте, бағзы замандардағы көне тарихтарда да тайға таңба басқандай айқын да, нақты тұжырымдар берілгендігіне назар аударады. Тарихтың атасы Геродоттың жазбаларында

«Тұран ойпатындағы тау», деп аталатын дала төсіндегі алып тау да осы Ұлытау саналды. Дүниені дүр сілкіндіріп, атының тұяғы бүкіл әлемді басып өткен Шыңғысханның сұрапыл жорықтарына да осы тау куә. Асан қайғының тамсанып, таңданып, ат сауырына бөктеріп алып кете алмай, қимаған жерұйығы Ұлытау болғанын бүгінгі ұрпақ мақтанышпен еске алады. Жошының ордасының керегесі де тау бөктеріндегі кең далада керіліпті. Алтын Орданың одан кейінгі билеушілері болған Тоқтамыс пен Едігенің де шабысып жүріп мәңгілікке табысқан мекені осы таудың төбесі. Қазақ мемлекеттігінің негізін қалаған Керей мен Жәнібектің ордасы орнығып, туы желбіреп, Жарғысы бекіп, елді бірлікке бастаған мекен де осы Ұлытаудың етегі екенін тарих бізге дәлелдеп бергендей», – деп жазады. Міне, әрі қазақ тарихының қайнарын заманауи елдігіміздің ұлттық идеологиясынан бастау алған есімді иемденген «Ұлытау» қазақстандық аспапты этно-рок стиліндегі музыкалық ұжымның ұлттың тарихи танымы және рухани мақтанышын ту етіп көтеріп, шартарапқа жайып отырған өнерлілерді біріктірді. Топ домбыра, электр-гитара және скрипкадан тұрады. Бастапқы адымынан игі мақсатпен құрылған ұжым – қазақтың күй өнерін әлем халықтарына таныту міндетін қойды. Продюсер Қыдырәлі Болмановтың басқаруында топ бес-алты жылда жемісті еңбек етіп, танымал болып үлгерді.

«Ұлытау» тобы 2001 жылы Голливудта Бүкіләлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында Бас жүлде иемденсе, 2005 жылы олар Шешенстан мен Ингушетия республикаларының Еңбек сіңірген және Халық әртістері атақтарымен марапатталған. Мәскеудің және Лос-Анджелестің (АҚШ)

«Paramaunt Records» студиясында жазылған «Жұмыр қылыш» – он композициядан құралған алғашқы күйтабағы қазақ күйшілерінің үздік туындыларымен қатар итальяндық барокко музыкасының ақиығы А. Вивальдидің «Жыл мезгілдерін» де қамтиды. Үнтаспа қазақтың дәстүрлі өнерін ТМД мен Еуропаның тыңдармандарына халқымыздың этномузыкасын мойындатуды көздеді. Кейін үнтаспаның кейбір күйлеріне бейнеклиптер түсіріліп, «Муз ТВ», «MTV», «Channel V» сияқты музыкалық телеарналарға ұсынылды. 2006 жылдың көктемінде Лондонда американдық продюсер Тим Палмердің қатысуымен «Ұлытау» жобасы көпшілікке таныстырылып, «Жұмыр қылыш» таспасының тұсауы кесілді. Ресейліктер «Ұлытау» шығармашылығын Еуропаны жаулау жолындағы алғашқы қадамы, деп бағалады. Топ құрамы үнемі жаңарып, толығып отырады. Бастапқы құрамға қазір «А-Студио» тобының бұрыңғы дабылшысы, ресейдің танымал барабаншысы Игорь Джавад-заде келді. Аспапты ансамбльдің репертуар ұстанымдарына тоқталсақ, музыкалық ұжымда басымдылық домбыра аспабына беріледі. Басты мақсат – қазақ күйлерін жаңаша үлгімен насихаттау болса, алғашқы Гран-приді де «ұлытаулықтар» Құрманғазының «Адайы» арқылы танылғандығын айту керек.

«ULYTAU» аспаптық тобын бұрын-сонды кездеспеген, яғни аналогы жоқ авторлық жұмыс деуге болады. Осы ұжым сахнаға алғаш шыққаннан бері талғамы биік тыңдарманның да, соңына ерген жстарды жа өзіне қарата білді. Оны әсіресе, соңғы жылдарда құрылған дуэт, трио, квартет, шағын ансамбльдердің құрамында міндеті түрде бір ұлттық аспаптың қатысуынан көруге болады. Кейінгіге бағыт көрсете біліп, қазақ эстрадасын жаңа арнаға бұра білген бұл топ әлем классикалық музыкасымен бірге күйлерді рокпен синтездеді. Бүгінгі уақытта, ашық ақпараттар алаңында батыстық дыбыс тасқынына жасөспірімдерге ән, күйлерімізді осындай форматта ұсынған да ұтымды секілді. Әрине, бұл төл тембридеалимызды мүлдем ұмыту емес. Бірақ, кәсіби негізді жаңалықты жатырқамай, күйлердің, әсіресе төкпе күйлердің синтезге сұранып тұрған екпін ырғағын тәжірибеде қолдану. Егер қоңыр үнді сақтаймыз деп жаңалық атаулыдан бйыбына бармай қаша берсек, бай төл өнеріміз өзімізге жат бола бермек. Уақыт соны талап етіп отыр»– деп музыкатанушы, өнертану кандидаты Б.Тұрмағамбетова «Ұлытау» тобының соны ізденістеріне, заманауи бағыт-бағдарына оң бағасын берді.

2001 жылы құрылған «Ұлытау» этно-рок тобы – әлемдік аспаптық ансамбльдік музыка саласындағы инновация болды. Себебі көркем ұжым қазақтың дәстүрлі күйшілері Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Нұрғиса Тілендиевпен қатар, әлемдік музыка жауһарлары И.С. Бах, В.А. Моцарт, А. Вивальди, Н. Паганини сияқты ұлы сазгерлер шығармаларын заманауи интерпретацияда орындауымен көзге түсті.

Қазақстанға танымал өнепаздардан құралған «The Magic of Nomads» тобының жоба авторы мен жетекшісі – Ғазиза Ғабдрахимова, топтың музыкалық продюсері – Ренат Гайсин және ансамбльдің тұрақты мүшелері: Виктор Хоменков, Валерий Насибулин, Жалгасбек Илес, Курмангазы Калиев, Ермек Дияров сынды өнер қырандарынан құралады. Сонымен бірге, айта кету керек, әр жылдары топта танымал мультиаспапшы Еділ Құсайынов сазгер әрі топтың орындаушысы ретінде, және домбыра партиясында болған консерватория ұстазы Сәлімгерей Садықов болды. Қазақтың дәстүрлі аспаптарымен музыканы заманауи өңдеп шетелдік көрерменге таныстыру мақсатында құралған ұжымның концерттік сапар географиясы кең ауқымды. Ансамбльдің құрылғанына көп уақыт болмаса да, олар әлемнің оннан аса елінде өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Солардың қатарында Нью-Йорк, Лондон, Берлин, Франкфурт, Ганновер, Мюнхеннің еңүздік өнер шаңырақтары. Қазақстан ұлттық музыка тарихында тұңғыш рет бұл ұжым «Бұлбұл Заман» атты топтамасын Лондонның «Abbey Road» танымал студиясында жазды. Дәстүрлі саздарды талғампаз көрермендерге заманауи тұрғыда жеткізу үшін топ мүшелеріэтноджаз бағытын мығым ұстанады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close