Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОФОЛЬКЛЕРЛЫҚ ТОПТАР-2

Ансамбль репертуары да, негізінен, елімізге танымал әндер мен күйлерден құралады.

Оларды заманауи өңдеумен шетелдік тыңдарманға таныстыру еліміздің бай әрі көне руханиятын жаңа заман талабына сай көрсете білу білімпаздық пен орындаушылық талғам, шеберлікті қажет етеді. Ансамбльдің әрбір мүшесі осы талаптарға сай. Әр аспапты тартушылар өз партиясынан бөлек еркін суырып салманы жетік игерген мамандар.

Ансамбль құрамында қазақтың дәстүрлі аспаптары домбыра, қобыз, саз сырнай, сыбызғы, шаңқобыз т. б. көне аспаптарымен бірге бас гитара, барабан құрылғысы, синтезатор, фисгармоника сияқты джаз аспаптары үйлесім табады. Эстрадалық симфониялық оркестрмен өнер көрсеткен ансамбль ұжымы, архаикалық бақсылық тембр ретінде көмей дауысын да қолданады. Міне, осы үш түрлі мәдениет пен алуан заманның аспаптарын бір уақтылы үйлестіріп, шығармаларды ойнату ансамбльдің инновациялық тәжірибесін жүзеге асырумен келе жатқан ізденімпаз ұжымның басты жетістігі мен айрықшалығының көрсеткіші. Халық әніне күйін дәстүрлі аспаппен бастап орындап, оны джаз құралдарымен дамыта түсу, бастапқы әуеннің жасырын қор ресурстарын жетілдіріп, құлпырта білу ерекше қиял мен шеберлікті қажет етеді. Әр жылдары құрамы ауысып отырған көркем ұжымның бүгінгі күнгі ахуалы аспаптық секстет құрап отыр. Десек те, бұл құрам негізінен аспаптық шығармаларды, осы аспаптық туындылардан ішінара аздаған вокалды үзінділер қосып, вокалды лирикалық кантиленамен бірге, көне дәстүрлі көмей дауысымен әрленген тараушалар қосуы, аспапты музыканың айрықша тембрін құрайды. Сонымен аспаптық музыкадағы вокал Қазақстан музыка мәдениетінде тұңғыш рет аспаптық тембр қызметін атқарып, адам дауысының жылы лебі жеке бояу ретінде басқа да музыкалық аспаптармен жаңаша үйлесімде ортақ ұжымдық сипат алады.

Топтың әр мүшесінің ұжымда өзіндік қызметі мен орны бар. Мәселен, жоба авторы Ғ.Ғабдрахимова қазақтың көне қобыз аспабын кәсіпқой игерген жоғары санатты орындаушы. Оның стилі заманауи орындаушылық мәнер мен көне халықтық саз өнерінің өзіндік ерекшеліктерін сабақтастырған. Ғазиза жеке орындаушы ретінде де ұлттық өнеріміздіФранция, Германия, Ұлыбритания мен АҚШ-та көрсеткен майталман. Ол өнерін ғана емес, білімін де ұдайы ұштап жүрген сирек мамандардың бірі. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын қобыз сыныбынан бітірген соң, оның мақсаты продюсерлік жұмыстың қыр-сырын игеру болғандықтан, Ғазиза әрі Халықаралық бизнес академиясына түсіп, «Арт-менеджмент» мамандығынан 2007 жылы магистрлік оқуын ойдағыдай аяқтады.

Танымал сазгер, аранжировканың маман-өңдеушісі Р.Гайсин – «The Magic of Nomads» тобының музыкалық продюсері мен шығармашылық жетекшісі. Оның сазгерлік шығармашылығының қоржынында алуан жанрдағы шығармалар бар. Көпшілігі аталған өнер ұжымына арнайы шығарылған. Олар әндер, аспаптық композициялар сияқты шағын камералық шығармалармен шектелмейді, сонымен бірге кинофильмдерге арналған музыка және симфониялық туындылардан да құралған. Көптеген Халықаралық музыкалық фестивальдердің жүлдегері Ренаттың ғажап саздары әлемнің түкпір-түкпірінде белгілі. Әсіресе елімізде Р.Гайсиннің қаламынан шыққан туындылар жиі орындалып, Отандық өнер сүйер қауымның ерекше ілтипатына бөленді. Оның есімі заманауи Қазақстанның ең дарынды сазгерлерінің қатарында атауға тұрарлық.

Топтың белді мүшесі В.Насибулин болса өзін бас-гитара мен контрабас аспаптарында шебер өнерпаздығымен ғана емес, академиялық және джаз бағытындағы жоғары кәсіпқой дәрежеге жеткен өнерпаз әрі педагог ретінде танымал. Суырып салма шебері Валерий Насибулин алуан құрамдағы өнер ұжымдарында еңбек етіп, халықаралық фестивальдер мен конференцияларға қатысты. Оның әр түрлі бағыттағы жобаларға қатысуда көп жылдық тәжірибесі көшпенділер музыкасын орындау мен түсіну үдерісіне әсер етуде.

Түрлі джаз топтарының құрамында әлемнің көптеген елдерінде өткен халықаралық джаз фестивальдері мен конференцияларға қатынасқан ұжым сазгері, аранжировка жасаушысы В.Хоменков– Қазақстандағы тәжірибелі, жетекші джаз пианисі әрі педагог. Оның ерекше шығармашылық дарындылығы әсіресе әр түрлі музыкалық аспаптарды меңгерудегі асқан өнері, өңдейтін музыкалық материалды терең түсінуі жобаның сөзсіз үлкен игілігі.

Құрманғазы атындағы консерваторияның түлегі, бүгінде шығармашылық еңбектебелсенді жұмыс жасап келе жатқан, домбырада өзіндік орындау мәнері бар талантты жас орындаушы Қ.Қалиевтің репертуары, негізінен, дәстүрлі төкпе күйден құралған. Ал топтың екінші белсенді мүшесі Ж.Ілестің мықтылығы оның көп аспапты игерген мультиаспапшылығында. Құрманғазы атындағы консерваториясын домбыра мамандығынан тәмәмдаған Ж. Ілес, ұлтымыздың белгісіндей домбырадан бөлек кем дегенде алты музыкалық аспапта еркін ойнайды. Олар шаңқобыз, сыбызғы, сазсырнай, жетіген, шертер, дауылпаз және басқа. Топтың ерекше архаикалық тембірін құрайтын музыкалық бояудың бірі – көмей дауысын қосу да осы жас өнерпаздың үлесінде. Ол жасаған бейнелер қазақ сарындарының ертеректегі руханиятын жандандырып, оларды заманауи өнермен жалғастыра түседі.

Санасыздық жаулаған заманда өнердің жеңіл, желік түрлеріне талғамды дәстүрлі мәдениетті қарсы қойып, соны өзек ету, сайын дала санасын сергіткен жыраулық дәстүрдің жандануына, бабалардың мұрасының жаңаруына үлес қосып келе жатқан өнерпаздар тобының бірі «Алдаспан». Ол қазақ эстрадасындағы айрықша сананы сергітіп, ойды оятады. Алдаспан деп ұлы бабаларымыз жүзі жалпақ, бас жағы көлемді алмас болаттан соғылып, қынсыз, ауыр қылыш түрін атағандығы белгілі. Аса салмақты алдаспанды тек қарулы батырлар белге байлап немесе иығына асып, бір шапқаннан кесіп түскен қылыштың таңдаулы ерекше асылын меңзеу. Бұл тұрғыда ауыз әдебиетінде атақты батырлардың Тәңір сыйлаған сыйы деп қабылданған деген деректер бар. Көшпелі түркі халықтарының бейнелеу жәдігерліктерінде Алдаспан ұстаған батырлар бейнесіне [151] еліктегісі келген топтың саз туындылары жеңіл қабылданатын зарлауық, жыларман әндерді емес, ұлттық құндылықтарымызды жандандыратын «ойлы құлаққа» арналған.

1988 жылы ауыр рок музыка бағытына әуес Нұржан Тойшы (Тойчиев Нұржан) Джеймс Хэтфилд, Керри Кинг, Макс Кавалер басқа да орындаушылардың осы бағыттағы саздарын тыңдау барысында композициялардың сезімді баурау жігерлілігі жағынан күйдің ырғақтық сұлбасына ұқсайтындығын байқаған болатын.

Н. Тойшының алғашқы музыкалық білімі домбыра үйірмелерінде, кейін кәсіпқой тұрғыда А. Жұбанов атындағы арнаулы музыка мектебінде жалғасты. Дәстүрлі өнермен заманауи музыканы қатарынан игерген жас орындаушының құлағына бірден домбыра мен гитараға ортақ трэш ырғақтар естіледі. Осы кезден электродомбыра жасау бағытын қиялдан тастамаған Нұржанның арманын айналасындағы достары қолдамайды. Оның үстіне мұндай аспаптар және оларды жасаушы шеберлер мен шеберханалар елімізде болмағандықтан, ал барларының шеберлік деңгейі домбыраның жаңа нұсқасын жасауға қолы жете бермегенін айту керек. Нұржанның арманын тек 2009 жылы жүзеге асырылды. Жұмыс бабымен Мәскеуде болған Н.Тойшы электро-аспаптарға жабдықтар сатып алып, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының акустикалық домбыраларды жасайтын шеберханада жұмыс істеген рояль күйін келтіруші (настройщик) Көбеков Мұратты өз жобасына да тартты. Екеуі бірлесіп 2009 жылдың қарашасынан 2010 жылға дейін алғашқы үш аспап жасады. Алайда, үшеуінің тек бірінші жасаған электродомбырасы сәтті болып шықты. Осы алғашқы аспап мойнындағы пернелерінде, дыбыс тазалығында кемшілік жақтары болса да, тәжірибе жүзіндегі сынақ нәтижесінде бұл домбыраның акустикалық айрықша тембрінің бары анықталды. Электродомбыраның бірдей диаметрлі өрілген қос ішегі дәстүрлі домбыра тембры мен дыбысына жақын, тек электронұсқаның дыбысы әлде қайда қатты саңқылдап шығады. Демек, гитара дауысына еліктеп кетпей, электродомбыра дәстүрлі аспаптың қасиетін сақтады. Нұржанның электродомбыра аспабы электрогитара секілді өз репертуары бар музыкалық аспап бола алатынына сенімділігі болашақта эстрадалық топтың стилін қалыптастырды. Мәскеудегі «Шамрай» шеберханасының қызметкерлеріне өз мақсатын түсіндірген соң, аспаптарды жасаушы шеберлер бұл іске шынайы ықылас білдіріп, тапсырысты қабылдады. 2010 жылдың қазан айында таптырыс беріліп, ал 2011 жылдың ақпан айында алғашқы үш домбыра жасалып бітті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close