ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ГЕНДЕРГЕ ҚАРАЙ ЕҢБЕК БӨЛІНІСІ ЖӘНЕ АҚЫСЫ ТӨЛЕНБЕЙТІН ЖҰМЫС
Қазақстандағы әйелдер саны жалпы халықтың жартысынан асады, алайда олар мем лекеттің экономикалық өмірі мен әл-ауқатына өз деңгейінде үлес қосып отырған жоқ. Үкімет гендерлік теңдікті жақсарту мақсатында бірқатар жұмыс атқарып жатыр.
2005 жылы 2006–2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдіктің ұлттық стратегиясы бекітілді, онда ерлер мен әйелдердің құқығы мен мүмкіндігі тең болуына жағдай жасайтын шаралар да бар, әлеуметтік-саяси өмірде, экономикада, білім саласында гендерлік теңдік орнату; қоғамдық сананың гендерлік теңдік мәселесін жете түсінуіне жағдай жасау (ақпараттық-құқықтық «Әділет» жүйесі, 2005) сияқты шаралар қолға алынған. Сондай-ақ елде 2030 жылға дейінгі Отбасы мен гендерлік саясат концепциясы қабылданды («Әділет» АҚЖ, 2016). Гендерлік саясат концепциясының басты мақсаты – білім беру және жұмыспен қамту саласында қалыптасқан стереотиптермен күресу және әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылыққа қарсы тұру. Үкімет еңбек нарығындағы әйелдер үлесін арттыру үшін түрлі амал жасағанымен, ЭЫДҰ дерегіне сүйенсек, Қазақстандағы әйелдердің экономикалық белсенділік деңгейі ұйымның орташа көрсеткішінен төмен, яғни 61%-ға тең (OECD, 2017). Дүниежүзілік экономикалық форумдағы Global Gender Gap Report 2020 баяндамасында Қазақстан гендеріне қарай бөліну көрсеткіші бойынша 153 ел арасында 72 орында тұр деп жазылған. Баяндамада әйелдер экономикалық даму жетістігін қаншалықты пайдаланатынын олардың еңбек нарығындағы жағдайына қарап 70 Экономика және еңбек нарығы анықтауға болады дейді. БҰҰ-Әйелдер және БҰҰ Даму жөніндегі бағдарламасы сияқты халықаралық ұйымдардың пікірінше, білім беру және жұмыспен қамту саласындағы мүмкіндіктерді тең пайдалана алмау, еңбек ақысын бірдей төлемеу, ақысы төленбейтін еңбекті бөлгендегі гендерлік теңсіздік қоғамның түрлі саласында гендеріне қарай бөлінуге себеп болады және әйелдердің қоғамдағы орны мен дәрежесіне ықпал етеді. Халықаралық валюта қорының 2016 жылғы бағалауына сүйенсек, әйелдер мен ерлер арасындағы теңсіздік салдарынан Еуропа елдерінде ІЖӨ-нің 10,8%-ын жоғалтса, бұл көрсеткіш Таяу Шығыста 37,8%-ға, Орталық Азияда 10,1%-ға жеткен (Kalpana Kochar et al., 2017). БҰҰ жанынан құрылған Әлеуметтік даму ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Магдалена Сепульведаның пікірінше, ақысы төленбейтін үй шаруасы – адам құқығы саласындағы елеулі мәселе (БҰҰ жаңалықтары, 2013). Ол үй шаруасын өз мойнына алған, балаларға қарайтын, қарт және мүгедек адамдарды бағып-қағатын әйелдер қоғамнан оқшауланып қалады және кедейлік зардабын тартады дейді. Сөйтіп, ақысы төленбейтін еңбекке жұмсалатын уақыт тең бөлінбегендіктен, көп әйелдер кәсіби өмірін ысырып тастап, қоғамнан жырақтап қалады. Бұл еңбек өнімділігі мен мемлекеттің экономикалық өсіміне де ықпал етеді. Ақысы төленетін және ақысы төленбейтін еңбек анықтамасы Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ, 2013) халықаралық концепциясында және экономикалық іс-әрекет көрсеткішін есептеу жөніндегі халықаралық стандартта (Ұлттық есеп жүйесі, 2008, 2012) анық жазылған. Қандай да бір атқарылған жұмысқа ақша төленбейтін болса, ондай еңбекті ақысы төленбейтін еңбек дейміз. ХЕҰ ақысы төленбейтін еңбектің мынадай түрлері бар дейді: нәтижесінде өзің тұтыну үшін үй шаруасын істеу; отбасы мүшелеріне күтім жасау; пайдам тисін деп жергілікті қауымдастыққа немесе басқа үй шаруашылығына көмектесу мақсатында ақысыз еңбек ету. Бұл санаттарға үй шаруашылығын жүрзігу, үй жинау, кір жуу, тамақ істеу, қажет заттарды сатып алу, сәбилер мен балаларға қарау (белсенді немесе пассив көмек), төсек тартып жатқан немесе уақытша ауырып қалған адамға күтім жасау (қарт туыстар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға қарайласу) және үй жануарларына қарау кіреді. Мұндай міндеттерді орындау физикалық күш-қуат пен уақытты қажет етеді. Ақысы төленбейтін еңбекті атқаруға қанша уақыт кететіні отбасының қалада немесе ауылда тұратынына, әлеуметтік инфрақұрылымның бар-жоғына, үй шаруашылығының өзіне тән ерекшелігіне байланысты. Ақысы төленбейтін еңбек үй шаруасын атқарумен шектелмейді. Ақысы төленбейтін еңбектің басқа да түрлері бар, мысалы: ерікті болу, қайырымдылықпен айналысу, өзге туыстары мен достарының үй шаруасына көмектесу және басқа да қоғамдық жұмыстарды тегін істеу. 71 Айжан Сәлімжанова Ресми түрде «нарықтан тыс еңбек» деп аталатын ақысы төленбейтін еңбек ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) есебіне және мемлекеттік бюджетке кірмейді, саяси шешімдер қабылдағанда, саяси тұжырымдама жасау процесінде елеусіз қалады (Charmes, 2019). Ақысы төленбейтін еңбекті дәл бағалау қиын. Феминист ғалымдар күтім жасау бойынша ақысы төленбейтін еңбекті гендерлік теңдік пен әйелдердің экономикалық және әлеуметтік құқығы мен мүмкіндігін кеңейту жолындағы негізгі кедергі санайды (Кантильон және Тисдейл, 2021). Сөйтіп, саяси мекемелер саяси шешімдер қабылда[1]ғанда үй шаруасын елеусіз қалдырып, солай болуға тиіс деп қарайды. Күтім жасау бойынша ақысы төленбейтін еңбекке қатысты әлеуметтік және мәдени гендерлік нормалар отбасының жеке мәселесі, ішкі шаруасы саналады, қоғамдағы бұл көзқарас өте баяу өзгеріп келеді. Осы зерттеуде автор Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің ұлттық статистика бюросынан алынған гендерлік сегрегация туралы (үй шаруасын зерттеу аясындағы) бастапқы деректерді сараптаған. Автор 2018 жылы бірнеше мың отбасын іріктеп алып жүргізілген ішінара зерттеу деректерін (бастапқы деректер) пайдаланған. 11 904 отбасының 32 301 респондентінен (10 жастан бастап) сауалнама алған. Сауалнамада адамдар үй шаруасына және отбасы мүшелеріне күтім жасауға қанша уақыт жұмсайтынына (кір жуу, үй жинау, тамақ істеу, отбасындағы кіріптар жандарға күтім жасау т.б.) қатысты сұрақтар болды. Респонденттердің жынысы, отбасындағы орны, жасы, білім деңгейі күтім жасау мен үй шаруасын істеуге бөлетін уақытына қаншалықты әсер еткені ескерілген. Зерттеу жұмысында Қазақстандағы әйелдерге әлеуметтік қолдау көрсете отырып, олардың экономикалық дербестігін арттыратын мемлекет атқаруға тиіс шаралар көрсетілген. Жалпы алғанда, қазір экономика саласындағы әйелдердің әлеуетін арттыру ел дамуындағы басты мақсаттардың бірі болып тұр. Әйелдер мен еркектердің ақысы төленетін және төленбейтін жұмысқа бөлетін уақыты: әдебиеттерге шолу Біріккен Ұлттар Ұйымының статистика бөлімі адамдар уақытын қалай пайдаланатынын зерттеп (БҰҰ статистика бөлімі, 2007), әлемнің барлық елінде ақысы төленбейтін еңбекті негізінен әйелдер істейтінін анықтаған. Үй шаруашылығындағы ақысы төленбейтін еңбек теңдей бөлінбегендіктен, әйелдер мемлекет істеріне де, жеке өміріне де көп көңіл бөле алмайды. Ақысы төленбейтін еңбектің кең тараған бір түрі – ақысы төленбейтін үй шаруасы. Әдетте мұндай ақысыз еңбектің бар ауыртпалығын әйелдер көтереді. Үй шаруасына тым көп көңіл бөлу әйелдің өзіне де, ресми жұмыс істеуіне де кері әсер етеді, нәтижесінде балалары, қоғам мен мемлекет те зардап шегеді. 72 Экономика және еңбек нарығы Халықаралық еңбек ұйымы (ILO, 2018) дерегіне сүйенсек, мемлекет дамып, әлауқаты артқан сайын ақысы төленбейтін еңбекке жұмсалатын уақыт, соның ішінде үй шаруасына бөлінетін уақыт та азаяды. Бұл айтылғанның бәрі көпшілік тұрмыстық техника мен үй шаруасын жеңілдететін құралдарды оңай сатып алатындай жағдай[1]ға жеткенде іске асады. Ал кедей елдерде күтім жасау бойынша ақысы төленбейтін еңбек адамның күнделікті қажетін өтеуімен байланысты, сондықтан үй шаруасы көп уақыт пен күшті қажет етеді (мысалы, азық-түлік әкелу, су тасу, отбасы мүшелеріне қарау және т.б.) (БҰҰ-Әйелдер, БҰҰ ЕЭК, 2021). Бүкіл әлемде үй шаруасындағы күтім жасау бойынша ақысы төленбейтін жұмысқа жұмсалатын уақыттың 76,2%-ы әйелдерге тиесілі, бұл еркектер жұмсайтын уақыттан үш есе көп (ILO, 2018). БҰҰ Даму жөніндегі бағдарламасы дерегіне сүйенсек, Еуропа және Орталық Азиядағы әйелдер күтім жасау бойынша ақысы төленбейтін жұмысқа еркектерге қарағанда көбірек уақыт бөледі: күніне орта есеппен әйелдер 4,5 сағатын, ал еркектер 2,2 сағатын жұмсайды (UNDP, 2017). Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның сегіз ауданындағы отбасылар уақытты қалай пайдаланатынына қарап (Time use data), ақысы төленетін және төленбейтін жұмысты істеуде гендерлік теңсіздік барын анық байқаймыз, яғни ақысы төленетін және төленбейтін жұмыстың көп бөлігін әйелдер істейді. Қазақстандағы әйелдер ерлерге қарағанда ақысы төленетін жұмысқа аз уақыт, ал ақысы төленбейтін жұмысқа екі есе көп уақыт жұмсайды. Өзге елдердегі жағдай да осы шамалас. Молдова, Македония мен Сербия елдерінде ақысы төленетін жұмыс істейтін әйелдер мен ерлердің уақыт айырмашылығы аса байқалмайды, дегенмен әйелдер ресми жұмысына бәрібір азырақ уақыт бөледі. Алайда бұл айырмашылық өзге елдердің көрсеткішінен әлдеқайда төмендеу. Ал ақысы төленбейтін еңбекке келсек, гендерлік теңсіздік қай елде де бары анық. Албаниядағы әйелдер еркектерге қарағанда ақысыз жұмысқа 7,5 есе көп уақыт жұмсайды; Арменияда бұл көрсеткіш 5,6 есе, Түркияда және бұрынғы Югославияның Македония Республикасында 3,3 есе, ал Қырғызстан, Қазақстан мен Сербияда екі есе көп уақыт жұмсайды (UNDP, 2017). Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюро[1]сы Қазақстандағы әйелдер отбасы мен отбасы мүшелеріне тегін қызмет көрсетуге үш есе көп уақыт бөледі, ал отбасы мүшелеріне (балалар мен отбасының кіріптар мүшелеріне) күтім жасауға екі есе көп уақыт бөледі дейді. Сондықтан әйелдің ақысы төленетін жұмыс істеуіне, мәдени шараларға барып демалуына және өзге адамдармен араласып, сөйлесуіне уақыты жете бермейді. 73 Айжан Сәлімжанова Сағат-минут Үй шаруашылығына жұмсалатын уақытты зерттеуге арналған жұмыс түрлері Жұмыс істейтін Жұмыссыз Жынысы Жынысы Еркектер Әйелдер Еркектер Әйелдер Тәуліктегі уақыт 24,00 24,00 24,00 24,00 Жұмыс түріне қарай Жұмыспен қамту және жұмыспен қамтуға байланысты басқа іс-әрекеттер 05,29 04,34 00,26 00,13 Отбасы және отбасы мүшелеріне көрсетілетін ақысы төленбейтін қызмет түрлері 01,09 03,36 01,24 04,05 Отбасы мүшелеріне күтім жасау бойынша ақысы төленбейтін қызметтер 00,19 00,38 00,10 00,50 Ақысы төленбейтін ерікті болу мен өзге де ақысы төленбейтін жұмыстар 00,01 00,01 00,02 00,01 Білім алу 00,02 00,04 01,46 00,53 Әлеуметтену мен қарым-қатынас, бірлестік мүшесі болу және діни тәжірибе 00,49 00,41 01,07 00,57 Мәдениет, демалыс, бұқаралық ақпарат құралдары мен спорт шаралары 03,16 02,03 04,59 03,27 Жеке гигиена, өзіне күтім жасау 12,27 12,12 13,39 13,22 Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы 1-кесте. Еркектер мен әйелдердің ақысы төленбейтін үй шаруасына жұмсайтын орташа уақыт көлемі (Қазақстан Республика тұрғындарының уақыт қорын тәулікке бөлу, 2018 жыл) Бала қарау – ақысы төленбейтін еңбектің маңызды бөлігі. Жанет Горник және Ариан Хегевиштің пікірінше, отбасындағы балалар мен қарттарға қарау жауапкерші[1]лігі әйелдерге жүктелгендіктен, олар жұмыс күші ретінде қоғам өміріне еркектермен бірдей араласа алмайды (Gornick & Hegewisch, 2010). Еуропа мемлекеттері адамдардың жұмыс істеуі мен ата-ана міндетін қатар атқаруын қолдайтын саясатты күшейтті. Мұндай қолдауға бала қарауға байланысты ақысы төленетін және төленбейтін демалыс, жұмыс кестесін бейімдеу, салыққа жеңілдіктер мен басқа да қаржылай жеңілдіктер, балаға берілетін жәрдемақы кіреді; осының бәрі бала қарап отырған ата-ананың табыссыз қалмауына ықпал етеді. Оған қоса мемлекеттік күтім жасау, бала күтіміне байланысты жәрдемақы беру, жеке орталықтар атқаратын мемлекеттік күтім жасау секілді түрлері де бар. 74 Экономика және еңбек нарығы Кьяра Сарасено мен Вольфганг Кек гендерлік саясат сәбилі болған ата-анаға демалыс пен жәрдемақы беруді, күтім жасауға қатысты мемлекеттік қызметтерді дамытуды көздеуі мүмкін дейді (Saraceno & Keck, 2010). Сарасено мен Кек Еуропадағы 27 мемлекеттің бала күтімі саясатын талдаған, олар мемлекеттер арасында үш жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты берілетін көмек түрлерінде айырмашылық көп екенін анықтаған. Отбасы жағдайына байланысты демалыс алуға шектеу қойылған мемлекеттерде айтарлықтай айырмашылық бар: Бельгияда бала дүниеге келгеннен бастап екі жасқа дейін көптеген қызмет түрін ұсынады, мәселен, сәбиі бар отбасына мемлекет аз-маз қаржылай қолдау көрсетеді; Нидерланд, Ұлыбритания мен Италия сияқты елдерде үш жасқа дейін бала күтіміне байланысты бірнеше қызмет түрін пайдалануға болады және ата-анасына аздаған қаржылай қолдау көрсетеді. Бұл елдерде мемлекеттік қолдау аз болғандықтан, отбасылар бала күтіміне кететін шығынның көп бөлігін өзі көтереді. Басқа елдерде, мысалы, Солтүстік Еуропа мен Францияда мемлекет бала күтіміне байланысты ата-анасына демалыс береді және бала үш жасқа толғанға дейін ресми бекітілген қызмет түрлерін пайдаланады. Бұл мемлекеттерде балалы отбасы (ата-ана) ақылы күтім жасау қызметіне де жүгінеді. Үш жасқа дейінгі балаларды балабақшаға беру Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағында (27%) Еуропалық одақ пен ЭЫДҰ орташа көрсеткішінен (33%) төмен (UNDP, 2017). Кей аймақтарда ғана ерте жас тобындағы балалардың 10%-дан астамы мектепке барады. Мысалы: Беларусьте 19%, Черногория мен Қазақстанда 15% шамасында. Бес мемлекетте (Албания, Босния және Герцеговина, Косово, Түркия мен Өзбекстан) ерте жас тобына қатысты ресми статистика жоқ (UNDP, 2017). Салыстырмалы түрде алсақ, үш жастағы және одан үлкен балалар мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне көп барады. Бірақ мемлекеттер арасында бірқатар айырмашылық бар: Албания, Беларусь пен Украина балабақшамен толық қамсыздандырдық десе, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия мен Өзбекстанда үш жастан жоғары балалардың балабақшаға бару көрсеткіші 30%-дан төмен (UNDP, 2017). 2014 жылға дейін Қазақстанда үш жастан жоғары балалардың балабақшаға бару деңгейі 60%-дан сәл төмен болатын. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Ұлттық агенттігінің кейін шыққан дерегіне сүйенсек, бұл көрсеткіш 2020 жылы 3–6 (7) жастағы балалар арасында 98,7%-ға дейін артқан. Ерте жастағы балаларға арналған орталықтар мен мектепке дейінгі мекемелерге баруға жасы жетпейтін балаларға күтім жасау міндеті (күтім жасайтын арнайы қызметтер болмағандықтан) әйелдің мойнына артылатыны түсінікті. Сөйтіп, әйел күтім жасауға көбірек көңіл бөліп, ақысы төленетін жұмысқа уақыты қалмайды. 75 Айжан Сәлімжанова Кейінгі он жылда Қазақстандағы әйелдердің жұмыс күші ретіндегі көрсеткіші 65,2%- ға жеткен. Бұл ерлермен салыстырғанда 11,3%-ға төмен (ҚР-ның Статистика жөніндегі Ұлттық агенттігі берген дерек). Жұмыс күші құрамына қарап, жұмыс істеп немесе іздеп жүрген еңбек етуге жасы жеткен мемлекет тұрғындарының үлесін анық көруге болады (ХЕҰ, 2015). Балалар мен қарттарға қарау көбіне әйелдерге жүктелетіндіктен, күтім жасау бойынша қызметтерді дамыту әйелдердің еңбек нарығындағы жұмысқа шығуына ықпал етеді. Өкініштісі, Қазақстанда балаларға күтім жасау бойынша қызметті дамытуға инвестиция құю мен өзге де бастамалар айтарлықтай нәтиже бермеді. Әлі күнге балалардың бәрі бірдей мектеп жасына дейін білім беретін мекемелерге бармайды. Кейінгі жылдары мемлекетте әйелдердің жұмыс күші ретінде еңбекке араласу деңгейі төмендеген (ҚР Статистика жөніндегі Ұлттық агенттігінің дерегі). 2000 жылдардың басынан бері Қазақстан үкіметі отбасындағы міндет пен ақысы төленетін жұмысты қатар алып жүруге ықпал ететін саясат жүргізіп келеді. Алайда постсоциалистік Еуропа елдерінің көбіндегі жағдай біздің елде де қайталанды. 0 20 40 60 80 100 120 Бастауыш біліммен қамту коэффициенті (0 жылдан 2 жылға дейін) (%) Бастауыш біліммен қамтудың жалпы коэффициенті (3+) (%)** * Ең соңғы қол жетімді ұлттық деректер негізінде ** Оқуға түсудің жалпы коэффициенті білім беру жүйесінің мүмкіндігін көрсетеді, алайда жоғары коэффициент екінші жылға немесе кеш оқуға түсетін балалардың едәуір санын көрсетуі мүмкін. 2-сурет. Балаларды күтіммен және мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіштері Экономика және еңбек нарығы Қазақстанда ерлер мен әйелдердің жұмыспен бірдей қамтылуына қолдау көрсетілгенімен, үйдегі күтім жасау шаруасын тең бөлуге көңіл бөліне қоймайды. Екі асыраушысы бар, яғни әйелі мен ері екі жақтап табыс табатын отбасына қолдау көрсету үшін балаларға күтім жасайтын ақылы қызмет түрін көбейтті. Күтім жасау ісіне ер адамдар да аралассын деп жасалып жатқан болмашы әрекеттер әйел ғана күтім жасаумен айналысқан бұрынғы үлгіден бас тартып, екі асыраушысы бар, яғни ері де, әйелі де табыс табатын, бірақ басты асыраушысы ер адам болып қалатын, әйел ресми жұмыс істесе де, үй шаруасының көбін өзі атқаратын жаңа үлгіге көшуге ықпал еткен (Meurs et al., 2021). Қазір Қазақстанда ерте жастағы балаларға күтім жасау бойынша мемлекеттік қолдаудың көбі тек әйелдерге (анасына) арналған. Әкелер жаңа туған бала күтіміне берілетін 56 күндік демалысты ала алмайды. Қазақстанда ерлер үш жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін бір жыл ақылы демалыс пен екі жыл ақысыз демалысты ғана ала алады. Бірақ ерлерді мұндай демалысқа шығуға ынталандыру жағы қарастырылмаған, ал жұмыс беруші балаға күтім жасауға жәрдемақы төлей ме, жоқ па, өзі біледі. Сондай-ақ ақылы демалыс кезінде берілетін жәрдемақының жалақыдан аз болғаны әкелердің бала бағуына кедергі болып отыр (OECD, 2017а). Қолда бар деректерге сүйенсек, мұндай демалыс алатын әкелер саны аз (ILO, 2012). 2008 жылдан 2018 жылға дейін 80 мыңға жуық еркек бала күтіміне байланысты демалыс алған және бала бір жасқа толғанға дейін күтім жасауына байланысты табыссыз қалғаны үшін әлеуметтік төлем алған (Информбюро, 2018). Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Ұлттық агенттігінің ресми дерегіне сүйенсек, осы уақытта 4 209 144 сәби өмірге келген, оның 600 мыңын жалғызбасты аналар тапқан, сонда әке статусы бар 3 604 565 еркектің 2,2%-ы ғана декретке шыққан. 66,2 66,7 66,8 66,7 65,4 64,1 64,1 63,8 64,8 64,6 63,7 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 3-сурет. 2010–2020 жылдардағы әйелдердің Қазақстандағы жұмыс күшіне қатысу деңгейі (жалпы халық санағында жұмыс істейтіндердің үлесі) (%) Дереккөз: ҚР Ұлттық статистика агенттігінің деректері 77 Айжан Сәлімжанова 2009 жылдан бастап Қазақстанда балаға күтім жасау қызметтері ауқымы айтар[1]лықтай артты. «Балапан» бағдарламасының арқасында 2010–2020 жылдары балаларға күтім жасайтын қызмет түрі көбейген. Бағдарламаның басты мақсаты 2015 жылға дейін бір жастан алты жасқа дейінгі балалардың 77,7%-ын, ал 2020 жылға дейін 100% қамту болатын (ҚР Үкіметінің қаулысы, 2010). Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Ұлттық агенттігінің ресми дерегіне сүйенсек, 2000 жылдан 2019 жылға дейін балаларға арналған мекемелер саны шамамен 10 есе артқан: 2000 жылы 1089 болса, 2020 жылы 10 650 болған. 2011 жылдан бастап жекеменшік орталықтар саны көбейді, олардың көбі мемлекетпен келісімшартқа отырып, жұмыс істейді. Елде бала туу көрсеткіші артқаны балаларға және отбасының өзге де кіріптар мүшелеріне күтім жасау қызметін ресми бекіту жағын қолға алу керегін көрсетіп отыр. Сөйтіп, күтім жасау қызметтерін ресми бекіту арқылы мемлекет әйелдерді қолдап, олардың еңбек нарығындағы белсенділігін арттырады. Материалдар мен әдістер ҚР Статистика жөніндегі Ұлттық агенттігінің 2003, 2006, 2012 және 2018 жылдары уа[1]қыт бюджетін бөлу бойынша отбасын іріктеу әдісімен зерттеген (D 001 формасы). Отбасы және отбасы мүшелері зерттеу нысаны болды. Бұл еңбекте 2018 жылғы деректерді қарастырамыз. Автор күтім жасау және үй шаруасын істеу сияқты жұмыстарға бөлінетін уақытқа респонденттердің жынысы, отбасы жағдайы, жасы мен білім деңгейі қалай ықпал еткенін қарастырды. Зерттеу үлгісі: автор 11 904 отбасындағы 32 301 респонденттен сауалнама алды. Қай уақытта не істегенін жазатын күнделікті (Time Use Survey) 10 жастағы және одан ересек отбасы мүшелері толтырды. Күнделікті екі күн, яғни жұмыс күні (дүйсенбі– жұма) және демалыс күндері (сенбі, жексенбі) толтырды. Күнделікте тәуліктегі 24 са[1]ғат уақыт толық қамтылған, әрқайсын 10 минуттан 144 аралыққа бөледі; іс-әрекеттің нақты басталу және аяқталу уақыты көрсетіледі. Сауалнамада мынадай жұмыстар мен қызметтерге қанша уақыт жұмсайтынын сұрадық: ақысы төленетін жұмыс (жұмыспен қамту және жұмыспен қамтуға қатысты басқа іс-әрекет түрлері); отбасы мен отбасы мүшелеріне көрсетілетін ақысыз қызмет түрлері (тамақ істеу, үй жинау, қолмен/машинамен кір жуу және тұрғын үй мен ауладағы басқа да жұмыстар); отбасы мүшелеріне күтім жасау бойынша ақысы төленбейтін қызметтер (бала қарау және оқыту, кіріптар ересек адамдарды күтіп-бағу және басқа да ақысы төленбейтін үй жұмыстары); ақысы төленбейтін ерікті болу мен өзге де ақысы төленбейтін жұмыстар (өз еркімен тегін қызмет көрсету, басқару, құрылыс жұмыстары және жөндеу, 78 Экономика және еңбек нарығы балалар мен ересектерге өз еркімен тегін күтім жасау және басқалары); білім алу (мектеп/университетке және басқа да ресми білім беру орындарына бару сияқты іс-әрекеттер); әлеуметтену мен қарым-қатынас (әңгімелесу, сұхбаттасу, мәдени және қоғамдық бірлескен іс-шараларға қатысу, басқа да әлеуметтену мен қарым-қатынасқа қатысты шараларға араласу, бірлестіктерге мүше болу, діни тәжірибе); мәдениет, демалыс, бұқаралық ақпарат құралдары мен спорт шаралары (мәдени, ойын-сауық және спорттық шараларға қатысу, мәдени өмірге араласу, хобби, ойындар және басқа да шаралар). Отбасы мүшелерінің түрлі жұмыстарды атқаруға қанша уақыт жұмсайтынын анықтау үшін жұмыс түрлерін мынадай негізі бес санатқа бөлдік: 1. Жұмыспен қамту/ақысы төленетін жұмыс (жұмыспен қамту және жұмыспен қамтуға қатысты басқа іс-әрекет түрлері). 2. Отбасы мен отбасы мүшелеріне көрсетілетін ақысыз қызмет түрлері (үй жинау, кір жуу сияқты жұмыс пен қызметтің барлық түрін қамтиды). 3. Отбасы мүшелеріне күтім жасау бойынша ақысы төленбейтін қызметтер (бала және отбасының кіріптар мүшелеріне қарау сияқты нақты ақы төленбейін жұмыстар). 4. Білім алу, әлеуметтену, мәдениет пен демалыс (ресми білім алу, әлеуметтену мен қарым-қатынас; мәдени, ойын-сауық және спорттық шараларға қатысу т.б.). 5. Ақысы төленбейтін ерікті болу мен өзге де ақысы төленбейтін жұмыстар (басқа үй шаруашылығында ерікті болып тегін жұмыс істеу, өз еркімен қызмет көрсету, басқару, құрылыс, қайта салу және жөндеу т.б.). Автор респонденттердің түрлі жұмыстарды істеуге кететін уақытын мынадай жас тобы бойынша сараптаған: 18 жастан 30 жасқа дейін, 31 жастан 45 жасқа дейін және 46 жастан 65 жасқа дейін. Отбасы мүшелерінің білім деңгейі мен отбасындағы жағдайын да сараптады. Сараптаманың толық нұсқасы «Зерттеу нәтижесі» бөлімінде берілген. Зерттеу нәтижесі Бастапқы деректерге жасалған зерттеу нәтижесіне сүйенсек, «Жұмыспен қамту/ақысы төленетін жұмыс» деп аталатын бірінші санатқа жұмыспен қамтуға қатысты барлық жұмыс пен қызмет түрлері кіреді, бұл санаттағы барлық жас тобында (18–30 жас, 31–45 жас және 46–65 жас) әйелдерге қарағанда еркектер ақысы төленетін жұмысқа көбірек уақыт жұмсайды. Сөйтіп, Қазақстандағы еңбек нарығында ерлер көбірек жұмыспен қамтылған деп тұжыруға болады. «Отбасы мен отбасы мүшелеріне көрсетілетін 79 Айжан Сәлімжанова ақысыз қызмет түрлері» деген екінші санаттағы барлық жас тобында әйелдер кір жуу, үй жинау, тамақ істеу сияқты міндеттерді орындауға көп уақытын арнайтынын көрдік. Алайда уақыт бойынша айырмашылық респонденттердің жасы ұлғайған сайын азая[1]ды: 18 жастан 30 жасқа дейінгі әйелдер ерлерге қарағанда үйдегі ақысы төленбейтін жұмысқа 23% артық уақыт жұмсайды, ал 46 жастан 65 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында бұл көрсеткіш 8,6%-ға кеміген. «Отбасы мүшелеріне күтім жасау бойынша ақысы төленбейтін қызметтер» деп аталатын үшінші санатта да осындай жағдай байқалады, адам жасы ұлғайған сайын ерлер мен әйелдер арасында балаларға және отбасындағы өзге де кіріптар адамдарға қарау секілді қызмет түрлеріне жұмсалатын уақыт айырмасы азайған. «Білім алу, әлеуметтену, мәдениет пен демалыс» деген төртінші санатта барлық жас тобындағы ерлер мен әйелдер ел-жұртпен араласу, әлеуметтену және мәдени шараларға шамамен бірдей уақыт жұмсайды. «Ақысы төленбейтін ерікті болу мен өзге де ақысы төленбейтін жұмыстар» деген бесінші санатта 18 жастан 30 жасқа дейінгі ерлер әйелдерге қарағанда басқа үй шаруашылығына өз еркімен қызмет етуге, көмектесуге, басқаруға, құрылыс және жөндеу жұмыстарына 42,8% көбірек уақыт жұмсайтынын көрдік. Жас ұлғайған сайын бұл айырмашылық азаяды. Респонденттердің білім деңгейіне қарап жұмыспен қамтуға жұмсалатын уақытты сараптадық, сонда жоғары білімі бар әйелдер ерлерге қарағанда (жоғары оқу орнынан кейін білім алған респонденттер) ақысы төленетін жұмысқа көбірек уақыт жұмсайтынын (16%-ға артық) анықтадық. Тағы бір қызық көрсеткіш: білім деңгейі жоғары ерлер білімі төмен басқа еркектерге қарағанда үйдегі ақысы төленбейтін жұмыстар мен отбасы мүшелеріне қызмет көрсетуге көбірек уақыт жұмсайды. Ал әйелдің білім деңгейі қаншалықты жоғары болса, ол отбасы мүшелеріне күтім жасау бойынша ақысы төленбейтін жұмысқа азырақ уақыт жұмсайды. Еркектер мен әйелдер білім деңгейіне қарамастан, «Білім алу, әлеуметтену, мәдениет пен демалыс» және «Ақысы төленбейтін ерікті болу және өзге де ақысы төленбейтін жұмыстар» деген санаттарға шамамен бірдей уақыт жұмсайтыны белгілі болды. Сараптау нәтижесі көрсеткендей, отбасылық жағдайы қандай екеніне қарамастан, ерлер де, әйелдер де ақысы төленетін жұмысты істеуге бірдей уақыт жұмсайды. Ал «Отбасы мен отбасы мүшелеріне көрсетілетін ақысыз қызмет түрлері» санатында ажырасқан немесе ешқашан тұрмыс құрмаған әйелдерге қарағанда некеде тұрған әйелдер үй жұмысына көбірек уақыт жұмсайтыны белгілі болды. «Отбасы мүшелеріне күтім жасау бойынша ақысы төленбейтін қызметтер» деген үшінші санат бойынша отбасы жағдайына қарамастан (некеде болсын, ажырасқан, жесір немесе ешқашан тұрмыс құрмаған болсын), әйелдер отбасы мүшелеріне күтім жасап, қызмет көрсетуге шамамен бірдей уақыт жұмсайды. Бұл отбасылық жағдайы әртүрлі еркектердің 80 Экономика және еңбек нарығы жұмсайтын уақытынан көбірек. Сонымен, отбасы мүшелеріне күтім жасау жұмыстары негізінен әйелдердің міндеті саналады деген қорытынды жасауға болады. Ерлер мен әйелдер отбасы жағдайына қарамастан, «Білім алу, әлеуметтену, мәдениет пен демалыс» және «Ақысы төленбейтін ерікті болу және өзге де ақысы төленбейтін жұмыстар» деген санаттарға шамамен бірдей уақыт жұмсайды.