ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІРДЕ ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК ТЕҢДІКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ
Атқарушы және өкілдік билік органдарында, шешімдер қабылдау деңгейіндегі басқару процесстерінде ерлер мен әйелдердің тең (паритетті) өкілдік етуіне қол жеткізу.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекет ісін басқаруға қатысуға құқығы бар». 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қызметте 49713 әйел жұмыс істейді немесе мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 57,4 %-ы. 2000 жылы олардың саны азырақ, 54 % болды. Мемлекеттік саяси қызметшілер арасындағы әйелдердің үлесі 11 %-ды құрайды (2000 жылы – 8,8 %), олардың ішінде орталық аппараттарда – 9,7 % (2000 жылы – 9,5 %). Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер арасындағы әйелдердің үлесі 59,2 %-ға дейін көбейді (2000 жылы – 56,2 %), олардың ішінде орталық аппараттарда – 60,1 %-ға дейін (2000 жылы – 55,2 %). Өңірлерде де жағдай осындай.
«Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығына сәйкес шешімдер қабылдау деңгейіне жоғарылату үшін өңірлерде кадрлар резерві құрылған. 2003 жылы өткен мәслихаттарға сайлау барысында әйелдердің қоғамдық- саяси белсенділігінің артуы байқалды. 1484 әйел немесе тіркелгендердің жалпы санының 20 %-ға жуығы депутаттыққа кандидаттар болып тіркелді. Олардың ішінде қатал бәсекелестік күресте 568 әйел немесе сайланған депутаттардың жалпы санының 17,1 %-ы жеңімпаз болды. Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия әйелдерді саяси тұрғыда одан әрі жоғарылату үшін халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, соңғы 3 жылда елдің барлық өңірлерінде 1200-ден астам конференциялар, тренингтер және семинарлар өткізді.
Әйелдердің білім деңгейінің анағұрлым жоғары болуы. Әйелдердің саясатқа қатысуы еркектермен лайықты бәсекелестікті құрап, елдегі істің жағдайының жақсаруына ықпал етеді. Басқарушылық құрылымдарда әйелдердің қатысуы едәуір икемдірек, үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға бағдар алған басқару нысандарын дамытады. Әйелдер әлдеқайда тындырымды, ұқыпты, тіл табысқыш, адамдарға үлкен ынтамен қарауға және қамқорлық жасауға бейім. Әйелдердің азаматтық белсенділігінің артуы, әйелдердің үкіметтік емес ұйымдарының қызметінің жандануы.
Әйелдердің қоғамдағы рөлі туралы қоғамда сақталып отырған таптаурындар, жыныстар теңдігі мәселелеріне патриархаттық тұрғыдан келу. Әйелдерді жоғарылатудың пәрменді тетіктерінің жетіспеуі. Әйелдердің және әйелдер ұйымдарының бастамаларын мемлекеттік органдар тарапынан қолдаудың жеткіліксіздігі. Саяси партиялардың әйелдерді билікке жоғарылату стратегиялары мен бағдарламаларының болмауы. Әйелдердің үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарының дәйексіз қызметі, әйелдер ұйымдарының әйелдердің мүдделерін қорғауға бағытталған күш- әрекетінің бытыраңқылығы. Әйелдердің саяси тәжірибесінің жетімсіздігі.
БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясына сәйкес әйелдердің атқарушы және өкілді билікке неғұрлым кеңірек қатысуын қамтамасыз етуге арналған уақытша шара ретінде әйелдер үшін квоталар енгізу мүмкіндігі. Әйелдер мен ерлер үшін тең мүмкіндіктерге қол жеткізу, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Дамыған елдердің әйелдерді саяси тұрғыдан жоғарылату мәселелері жөніндегі тәжірибесін зерделеу мүмкіндігі.
Ерлер мен әйелдердің тек сөз жүзіндегі теңдігі демократияға және қоғамның одан әрі дамуына ықпал етпейді. Биліктің шешімдер қабылдау деңгейіндегі әйелдер санының аз болуы олардың елде реформалар жүргізудегі рөлін төмендетеді. Әйелдерді саяси жоғарылатуға ықпал етпейтін қоғамдық таптаурындар мен ақылға сыймайтын түсініктердің болуы. Ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерінің жеткіліксіз қорғалуы шынайы гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін қатер тудырады. Отбасы, әйелдер мен балаларға қатысты заңнамалық актілердің және халықаралық шарттардың мемлекеттік органдар тарапынан да, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар тарапынан да тиісінше деңгейінде орындалмауы қоғам өмірінің барлық салаларында әйелдердің және үкіметтік емес әйелдер ұйымдарының өз құқықтарын іске асыруындағы бәсеңдетуі мүмкін.