СЕЙСМИКАЛЫҚ ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ЖҮЙЕЛЕР
Сейсмикалық белсенділік- бұл энергетикалық шамадағы бір қатар диапозондағы жер сілкінісі ошақтарының орташа санымен анықталатын, сеймикалық режимнің шамасы. Жер сілкінісі (seismos-грек тілінде) — бұл жер асты соққыларының нәтижесінде жер бетінің тербелісі, жыдам ауысуы.
Сейсмикалық қауіптілікті бағалау сейсмикалық жағдайды болжаудағы бірінші буын болып табылады.
Осы арқылы аймақтық жерсілкінісін тудырушы жерлердің бөлінісі түсінікті болады, бұл олардағы жерсілкінісі пайда болудың сейсмоәлеуетін және кеңістік-уақыттық заңнамаларын анықтайды, сейсмикалық үдемеліліктің балдағы болуы мүмкін сейсмикалық ықпалын орнату сияқты, дәл солай ең
жоғары деңгейдегі жылдамдату мен топырақтың тербелу жылдамдығы орнатылды.
Жер сілкінудің өлшеу құралдары
Жер сілкіну үлкен апаттарға әкелетіндіктен оның қай жерде, қашан және күші қандай болатынын болжау өте маңызды мәселе. Сейсмикалық есептеулер бойынша, орташа алғанда Жер шарында жылына 1 – 2 апатты (күші 10 балдан жоғары), 9 – 15 жойқын, 50 – 100 қиратушы, 300 – 500 өте күшті жерсілкіну болады. Жерсілкіну, өте сезгіш аспаптар – сейсмографтармен жабдықталған сейсмикалық станцияларда зерттеледі. Жерсілкінудің геологиялық жағдайларын зерттеу алдағы уақытта жерсілкіну болуы мүмкін аймақтарды және жерсілкіну болмайтын аймақтарды алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді. Осының негізінде сейсмикалық аудандау жүзеге асырылады.
Сейсмограф — жер қабығының тербелуін жазатын аспап. Сейсмограф өзінің өте сезімталдығының нәтижесінде бірнеше мың километр.
Сейсмограф — жер қабығының тербелуін жазатын аспап. Сейсмограф өзінің өте сезімталдығының нәтижесінде бірнеше мың километр қашықтықта болған жер сілкінуін жазып алады. Бұрынғы КСРО-да Голицин мен Никифоров сейсмографтары тараған. Онда ілулі заттың тербелуі электрлік тербелуге айналып, жазуды алыстан түсіруге мүмкіндік береді.
Қазақстандағы сейсмикалық аумақтар
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан облысы, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймаққа орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30%-ы шоғырланып, тұрғын үй қорының 35%-на жуығы орналасқан, Республика халқының 40%-ы тұрады. Жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өнеркәсіп орындары, жасанды және су қоймалары, жарылғыш және улы материалдар қоймалары орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген объектілерді кейбіреулерінің бұзылуы, оңалмайтын өзгеріске алып келуі мүмкін. Инженерлік желілер мен коммуникациялардың жер сілкінудің салдарынан бұзылуы аса қауіпті. Жер сілкінісімен бірге өрт пайда болып, геологиялық ортаның экологиясы бұзылады, қопарылма, сырғыма, сел тасқыны және т.б. шаруашылыққа қосымша залал әкеледі.
- Жер сілкіну, жер сілкінісі (араб тілден ескірген сөз зілзала араб.: زلزال,ағылш. earthquake) — жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.
- Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.
Жерсілкіну түрлері мен басқа да сипаттамалары мен өзгешеліктері
- Пайда болу тегіне қарай
• Жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді.
• Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған.
• Денудациялық жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.
• Тектоникалық жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну — Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады.
Сейсмикалық толқындар таралуына қарай
- Сейсмикалық толқындар қума, көлденең және беттік толқындар болып үшке
бөлінеді.
• Сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тау жыныстарының құрамына, құрылымына және физикалық жағдайына байланысты болады.
• Қума толқындардың таралу жылдамдығы 5 – 6 км/с, көлденең толқындардікі 3 – 4 км/с.
• Сейсмикалық толқындар туындатушы жарылымдардың ұзындығы бірнеше км- ден (1966 жылғы Ташкент жерсілкінуінде – 8 км) жүздеген км-ге (1960 жылғы Чилидегі жерсілкіну) дейін жетеді.
• Ал 1957 жылғы Гобь Алтайындағы жерсілкінуде жалпы ұзындығы 700 км-дей жарылымдар жүйесі пайда болған.
• Жер қыртысында немесе мантияның жоғары бөлігіндегі тау жыныстарының лездік қозғалысқа келуінен жер асты соққысы туындаған орынды жерсілкіну ошағы, ошақтың тереңдіктегі орнын гипоцентр, Жер бетіндегі проекциясында орналасқан ауданды эпицентр деп атайды.
Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай
- Жерсілкіну Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай:
• Жер бетіне жақын (тереңдігі 10 км-ге дейін),
• орташа немесе қалыпты тереңдіктегі (10 – 60 км),
• аралық (60 – 300 км) және терең фокусты (300 км-ден терең) болып жіктеледі.
• Ең көп тарағаны жақын және орташа (Ашғабадта жерсілкінудің тереңдігі 15 — 20 км, Ташкентте 5 — 10 км, Спитакта 10 — 15 км болған) тереңдіктегі жерсілкінулер. Терең фокусты жерсілкіну өте аз тараған (Қиыр Шығыста, Тынық мұхиттың жағалауындағы жерсілкінудің гипоцентрі 600 — 700 км тереңдікке жеткен). Жерсілкіну гипоцентрі теңіз бен мұхиттардың астында да орналасады. Оларды теңіз сілкінуі деп атайды. Бұл құбылыстардың нәтижесінде цунами пайда болады.
Жерсілкіну ұзақтығы
- Жерсілкіну ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше айға (кейде жылға) дейін созылады. Механикалық кернеу күшінің біртіндеп шығуына байланысты, жер асты дүмпулері қайталанып отырады. Әдетте, алғашқы күшті дүмпуден кейін, әлсіз дүмпулер тізбегі жалғасады. Оларды афтершоктар деп, ал дүмпу білінген уақыттың барлығын жерсілкіну кезеңі деп атайды. Афтершоктар негізгі дүмпуден соң 3 – 4 жыл бойы жалғасуы мүмкін. Мысалы, 1887 ж. Алматыдағы (Верный) жерсілкіну кезінде 600 дүмпу болғаны тіркелген. Жерсілкіну кезінде орташа есеппен 1×1024 – 1×1025 эрг энергия бөлінеді. Мысалы, Ашғабадта болған жерсілкінудің энергиясы – 1×1023 эрг, Моңғолиядағы Гобь Алтайында — 1×1024 эрг, Чилиде — 1×1024 эрг, Ташкентте — 1×1020 эрг, Кемин жотасында (Алматы) — 4×1024 эрг.
Жерсілкінудің өлшеу құралдары мен әдістері
- Жерсілкіну үлкен апаттарға әкелетіндіктен оның қай жерде, қашан және күші қандай болатынын болжау өте маңызды мәселе.
• Сейсмикалық есептеулер бойынша, орташа алғанда Жер шарында жылына 1 – 2 апатты (күші 10 балдан жоғары), 9 – 15 жойқын, 50 – 100 қиратушы, 300 – 500 өте күшті жерсілкіну болады.
• Жерсілкіну, өте сезгіш аспаптар – сейсмографтармен жабдықталған сейсмикалық стансаларда зерттеледі. - Жерсілкінудің геологиялық жағдайларын зерттеу алдағы
уақытта жерсілкіну болуы мүмкін аймақтарды және
жерсілкіну болмайтын аймақтарды алдын-ала анықтауға
мүмкіндік береді.
• Осының негізінде сейсмикалық аудандау жүзеге
асырылады.
• Қазіргі кезде Жер шарының сейсмикалық картасы жасалып,
басты екі сейсмикалық белдеу бөлінген:
• Тынық мұхиттық белдеу — Тынық мұхитының батыс және
шығыс жағаларын айнала орналасқан.
• Бұл белдеуге жас қатпарлы таулар (Альпі, Апеннин, Карпат,
Кавказ, Гималай, Кордильерлер, Анд, т.б.), сондай-ақ,
құрлықтардың су асты шеттерінің жылжымалы белдемдері
(Тынық мұхитының батыс шеттері, Алеут , Куриль,
Жапония, Малайя, Жаңа Зеландия, т.б. аралдар, Кариб,
Кариб , т.б. теңіздер) кіреді.
Жерсілкінудің басқа да түрлері
- Қазіргі кезде адамның табиғи ортаға ауқымды әсер етуіне (кентас, мұнай, газ бен жер асты суларын көп
мөлшерде алуы, ядролық жарылыстар, ірі су қоймаларын жасау, т.б.) байланысты техногендік
жерсілкіну мүмкіндігі де арта түсуде.
Алдын –ала болжау
Қазіргі кезде тәжірибеге енгізілген үлкен аймақтар мониторингі : үлкен жарылыстар аймағына арнайы құралдар орнатылады, құралдардан алынған ақпараттар спутник арқылы беріледі.
Жануарлар арқылы анықтау
Табиғатта болатын өзгерісті үй жануарлары да жақсы сезеді. Үй құстары, ит, шошқа жер сілкіну болар алдында тамақтан бас тартып, мазасыздана бастайды
Бауырымен жорғалаушылар
Жыландар, әсіресе улы жыландар, жер сілкінуден бірнеше күн бұрын өз індерінен кетеді. Тура осы жолмен кесірткелер мен құмырсқалар да жүреді. Ғалымдардың түсіндіруі бойынша сыртқы тері қабаты өте
сезімтал, ыстық температураны бірден табады. Жоғары сезімтал адамдар жер сілкіну болардың алдын – ала біле алады: дем жетпей қалу, бас ауруының байқалуы, аздаған мөлшерде жер сілкіну.
Өлшеу құралдары
Барлық дәрежедегі сейсмикалық толқындардың күшін арнайы құрал — сейсмограф арқылы өлшейді. Бір
сейсмограф жердің көлденең қозғалысын жақсы сезсе, екінші түрі тік қозғалысты жазуға бейімделген. Толқындар тіркеліп, қағаз лентаға жазылады. Қағазсыз тіркелетін электронды сейсмографтар бар.
Өлшеу құралдарының тарихы
Төменгі Хань империасының астрономы Чжан Хэн (78-139) үние жүзінде бірінші сейсмоскоп жасап шығарды, ол өте әлсіз тербелісті үлкен қашықтықтан сезген. Бұл құрал біздің заманымызға жеткен жоқ. Ол
құрал туралы “Хоу Хань шу” кітабында жазылған жазба бойынша білуге болады. (“История Второй Хань”).
Қызықты факторлар
Ирландиялық жер сілкіну заңдылықтарын зерттеуші Роберт Маллет бірінші рет сейсмикалық толқындардың бір орыннан күн сәулесі сияқты таралатынын байқады. Ол орталық жер бетінде таралу ошағы болатынын дәлелдеп, эпицентр деген атақ берді. Ғылыми маңызы бар бірінші сейсмограф1879 ж. Жапонияда Юингпен бірлесе отырып салынды. Салмақ сапасы ретіндемаятникке 25 кг шойын сақинасы болат сымға ілінген.