Қоғам

СПОРТ- ДЕНІ САУ ҰРПАҚТЫҢ КЕПІЛІ

Қазіргі таңда салауатты өмір салтындағы маңызды мәселе болуы жас ұрпақтың негативті әдетке бет бұруы аландатып отырған жағдайлар бар. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын табысты қалыптастыруы арқылы алған теориялық білімдерін болашақта денсаулығын сақтау, жақсарту, нығайту, белгілі бір бағытта (дұрыс тамақтану арқылы да жақсарту, дұрыс, жүйелі ойлау да) болып табылады.

Бүгінгі күні, мектеп тарапынаң оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін оны оқу-тәрбие үдерісінде жаң-жақсы насихаттау, жалпы тамақтану мәдениеттің қалыптасуын, теориялық-тәжірибелік білім бағытын жүйелі жетілдіру керек деп ойлаймыз.

Қазіргі ақпараттық, онлайн негізінде сабақ өткізіліп жатқан кезде, салауатты өмір салтының басты себептері: жанұяның әлеуметтік — экономикалық жағдайы (дұрыс, дәрумендерге бай тамақтану, спорт секцияларына қатысу, үй жағдайында жасалатын жағдай), отбасындағы келеңсіз жайттар (ата-аналардың спортққа деген қөз қарасы), алдына мақсат қоймай, уақытын бос өткізу (уақытты дұрыс жоспарлай білу), интернет желісіне аландау (тәрбие талаптары).

Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын жүйелі және мақсатты қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде табысты тұлға моделінде пайдалана білуге жүйелі, кіші жастан бастап тәрбиелеу. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын табысты қалыптастыруы арқылы алған білімдерін болашақта денсаулығын жүйелі сақтау, жақсарту, нығайту болып табылады. Мектеп тарапынаң оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін оны оқу-тәрбие үдерісінде жаң- жақсы дұрыс насихаттау, жалпы мәдениеттің және тамақтану мәдениеттің, спорт мәдениеттің қалыптасуын, білім бағытын жүйелі жетілдіру керек деп ойлаймыз.

Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын ұстана білетің дара да табысты тұлғаларды тәрбиелеу, педагогтардың басты талап етіп қойылған мақсаты. Мектеп тарапынаң салауатты өмір салтты бойынша ұйымдастырылатың іс-шара түрлері келесі бағытты болу керек деп ойлаймыз: сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, демалыс күндерінде, спорт секцияларында, дене шыңықтыру сәттерін күн сайын ұйымдастыру, дене шыңыктыру сабақтарында қызықты үлтық ойындар қолданып отыру, волонтерлық қозғалыстар; дене тәрбиесі және салауатты өмір салты бойынша тақырыпты сабақтары, спорттық секциялар мен үйірмелер, ата- аналар үшінде ақпараттық-ағарту курстары, экологиялық форумдар, ғылыми жобалар, сенбіліктер, семинар-тренингтер, демалыс күндердегі денсаулық фестивальдері, спорттық спартакиадалар, деңсаулық қауіпсіздік бағдарлары, оқушылар арасында «сенім қызметтерін» ұйымдастыру арқылы қолайлы жағдайлар жасау мен қатар, балалардың психологиялық қөз қарастарында түзеу шаралары маңызды. Баланың дене, әлеуметтік – психологиялық, биологиялық, физиологиялық денсаулығын сақтау арқылы, жас ұрпақ тұлғасының өзара үйлесімділігін, білімін тереңдету, тек табысты тұлға ғана емес бақытты тұлға қалыптастыру маңызды деп білеміз.

Әрбір мемлекет өз азаматтарының денсаулығын сақтауды басты мақсат тұтатыны аңық. Салауатты өмір салтын қалыптастыруды жүзеге асыру денсаулық сақтаудың басты жұмысы болып табылады. Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы Елбасының жолдауын, егемендіктің негізгі кілтін ұстар жас ұрпақтың болашағына апаратын, алтын бағыт десе де болады. «Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаған. Елбасымыз «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған». Қазіргі таңда елімізде жасалып жатқан маңызды стратегиялық жоспарларда салауатты өмір салтын ұстануға байланысты төмендегі іс- шаралар маңызды деп көрсетілген: нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес, темекі мен алкогольді тұтынуды қысқарту, тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту. Мемлекет тарапынаң қарастырылып жатқан мәселелер, адам өмірінің басты құндылығы адам денсаулығын жақсарту мен нығайту мәселесіне байланысты болып келеді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру баланың өзіне, жан-жақты көп көмегін береді. Өз-өзіне қызмет жасау, денсаулығын нығайту, сақтауға негізделген. Жеке адамның сапалы тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру болып саналады. Адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады: белсенді қозғалыс нәтижесінде ағзаны шынықтыру; дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану; жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру; қарым – қатынас және экологиялық мәдениеті қалыптастыру; дұрыс жыныстық тәрбие алу; зиянды әдеттерден аулақ болу.

Қазіргі кезде білім беру ошақтарындағы дене шынықтыру сабағындағы салауатты өмір салтының негізгі қағидаттардың бірі–белсенділік болып табылу керек. Ол дене шынықтыру мен айналысатындардың ойластырылған негізде, терең түсінуін қамтамасыз етіп, дене шынықтыру — спорт шараларына тұрақты үлкен шынайы қызығушылық мен қажеттілік тудыруға, барынша белсенді болуға жетелеуге бағытталған басты мәселелердің бастамасы деп білеміз. Бұл қағидатты іске асыру  дене шынықтырумен        айналысатындардың түрлі жаттығуларды орындау техникаларын біліп, терең түсініп, дене шынықтыру үдерісіне саналы және байсалды, үлкен қызығушылықпен қарауға көмектеседі деп ойлаймыз. Өйткені, белсенділік–адам орындайтын басты іс-шаралардың өлшемі, оның жұмысқа тартылу деңгейі болып табылады. Мысалы, дидактикалық тұрғыдан алғанда, белсенділік деп білім, білік және дағдыларды саналы   түрде игерудің алғы шарттары мен нәтижесін атаймыз. Проблемалық оқыту әдісі теориялық сабақтарда да, тәжірибелік дене шыңықтыру сабақтарында да қолдану керек. Мысалға алғанда, проблемалық оқыту әдісі қолданылатын сабақта бастауыш сынып оқушылары тірек-қозғалыс дағдыларын  дамыту мәселесін қарастырғанда оларға мынадай сұрақтар қойылуы мүмкін: Аяқпен неше түрлі жолмен қозғалту, сол арқылы денесің шыңықтыру болып келеді. Сабақ барысында, оқушылар бұл қозғалыс түрлерін дұрыс меңгеру, деңсаулығына салмақ салмай, денсаулыққа пайдасы арқылы көрсету керек.

Жоғарыда аталған дене шыңықтыру сабағына тән ортақ белгілер бұлар — оқушы мен мұғалімнің арасындағы тығыз және дұрыс психологиялық қарым- қатынасты дамыту, дене шыңықтыру барысында ойлау қызметі жоғары деңгейде қалыптастыру, ұжымдық жұмыс түрлері мен жеке жұмыс түрлерің бірге нәтиежелі қолдану; оқушыларға әсер ететін эмоционалды деңгейін артыру; танымдық тұрғыдан оқушылардың жекелік ерекшеліктерін қарастыру; өз бетінше, жүйелі білім алуға ынталандыру, саралау, жүйелеу әдісін іске асыруға мүмкіндік беру осылар оқу үдерісінің тиімділігін артыруға үлкен жағдай жасайды. Бұның барлығы оқушы білімінің сапасына қазіргі замануи дене шыңықтыру сабағында да қойылатын маңызды талаптардың бірі – оқушының денсаулық жағдайын, дене бітімінің дұрыс дамуын, қимыл-қозғалыс мақсатты болу маңыздылығын, психикалық даму ерекшеліктерін ескеру, саралау және жекешелендіру тәсілін қолданудың маңызы зор болып келеді.

Бүгінгі күні, дене шынықтыру сабағында нәтижелі түрде саралау тәсілі бар оқышылармен қоса, қорсеткіші төмен оқушылар үшін де маңызды болып табылады. Әдетте қимыл-қозғалысқа нашар, дене бітімінің дамуы баяу оқушының бұл сабақта үлгерімінің төмен болуының басты себебі болып жатады. Ал орташа оқушыға есептелген сабақта деңгейі, спортта жетістігі жоғары, икемі бар оқушыға қызықсыз болады. Оның үстіне, дене шынықтыру сабағында балалар негізгі, дайындық және арнайы топ деп бөлінеді. Сондықтан, тапсырмаларды да, сабақ мазмұнын да, оқу материалын игеру қарқынын да, нәтижелерді бағалауды да саралау қажет.

Дене шынықтыру сабағында оқытуды тиімді түрде саралай білу әрбір оқушыға білім бере отырып, оларды лайықты әрі шабыттандырушы түрде жұмылдыруға жағдай жасап отыру маңызды. Дене шыңықтыру мұғалімі, оқушыларының ішкі мүмкіндігін арттыру үшін бір қатар педагогикалық оқыту тәсілдерін қолдануға болады. Мысалы:оқушылардың қызығушылығын туғызып, олардың қажеттіліктері мен ұмтылысына сай келетін тапсырмалар орындауды қамтитын жаттығуларды әзірлеу және жетілдіру. Бұл оқушылардың ізденісі арқылы әлемдік, отандық спортшылардың өмір жолдары арқылы спортққа деген қызығушылықтарын оята білу керек. Олардың дене шыңықтыру сабағы арқылы жаттығулары мен айналысу тәжірибесі арқылы мүмкіндіктерін байқауға болады. Оқушылырдың білетіні және қолынан келетіні мен істегісі келетінінің арасында қалай байланыс орнатуға болады деген сұраққада, дене шыңықтыру сабағы барысында жауап алуға болады. Осылар арқылы, дене шыңықтыру мұғалімі оқытуға қалай тиімді кіріктіре алуға болады деген сұраққа да жауап алуға болады. Сондай-ақ, мұғалім оқушылар өздері баратын спорт секцияда үйренген дағдыларын көрсетуді өтініп, сол арқылы спортық мүмкіндіктері төмен оқушылардың, салауатты өмір салтына деген ықыластарын оятуға болады.

Сол себептен, оқушылардың табысқа жетуге арналған ортаны қалыптастыру үшін, күнделікті оқыту барысында жаңа әдістерді қолданып, сабақты қызықты және нәтижелі өткізу болады. «Ынтымақтастық педагогика» негізінде оқушылардың табысқа жетуге арналған ортаны қалыптастыру, күнделікті оқыту барысында жаңа әдістерді қолданып, сабақты қызықты және нәтижелі өткізу, оқушылар ортасында топтық жұмысқа ынталандыру. Бұл мұғалімдер мен оқушылардың қарым-қатынасын тығыз байланыстырып, кері байланыс орнатып, сапалы білім алуға, спортқа деген қызығушылық танытуға, салауатты өмір салттың қалыптастыруға қолайлы мүмкіндіктер туғызады. Сондықтан, мектептердегі дене шынықтыру пәндері арқылы спортқа қызығушылығы оянған әрбір оқушының салауатты өмір салтын сақтап, денсаулықтарына көңіл бөлуі маңызды.

Балалар спортты мектеп кезінең жақсы көретіні анық, сол себептен мұғалімнің негізгі міндеті — олардың спортқа деген ынта-ықыласын, сүйіспеншілігін дене шыңықтыру сабағы арқылы арттыра түсу керек. Салауатты өмір салты – кәзіргі кезде бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді де жүйелі іс-әрекеттердің жиынтығы. Оқушылардың жастайынан спортқа қызығушылық танытуы, келешекте оның дені сау, табысты тұлға болып шығарына мүмкіндік береді. Сондықтан, мектетердегі дене шынықтыру пәндері арқылы спортқа қызығушылығы оянған әрбір оқушының салауатты өмір салтын сақтап жүруге жетелейтіні сөзсіз. Сондықтан, жас кезінең оқушының салауатты өмір салтын қалыптастырып, денсаулықтарына аса зор көңіл бөліп, жас ұрпақ тұлғасының «денсаулық — әдемілік айнасы» — деп бекерден айтпаған дана да дара халқымыз.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close