СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТТЕР
Қазселденқорғау мамандары Қазавиақұтқару тікұшағымен зерттеу Ақсу, Сайрам-су және Өгем өзендерінің бассейндерін бойлай ұшып, әуеден барлады. Жыл сайын қауіпсіздік мақсатында сел қауіпті жағдайды бақылау үшін көлдердегі мұз әлі ерімеген сәттен бастап, олар толық ерігенге дейін зерттеу жүргізіледі. Әуеден барлау нәтижесі бойынша Ақсу 2 көлін мұз 80%, Ақсу 3, 4 көлдерін 40-50% басқаны анықталды. Қалған көлдер ашық және суға толу сатысында. Сайрам-су өзенінің бассейнінде мұз астында 1 көл бар, қалған көлдердің беті толығымен ашық, мұздақ мұздықтардың көпшілігін биіктігі 0,5-тен 1,5 метрге дейін қысқы қар басқан. Мұздықтардың қарқынды еру белгілері анықталған жоқ. Түркістан облысының тауларында 45 мұздақ көл, ең көп мұздақ көлдер Төлеби ауданында қалыптасады. Бүгінгі таңда өңірдегі жалпы жағдай тұрақты.
Су тасқыны – бұл өзенге, көлге немесе су қоймаларына жақын жерлерге судың жайылуы, ол материалдық залал келтіреді, тұрғындардың денсаулықтарына зиян келтіреді немесе адамдардың өліміне алып келеді.
Судың жайылуы Қазақстанның барлық ірі өзендерінде байқалады. Егерде судың жайылуы залалмен ілеспесе, бұл өзеннің, көлдің жағадан шығуы. Судың тасуы көпірлердің, жолдардың, ғимараттардың, салынымдардың бұзылуына әкеп соғады, едәуір материалдық залал келтіреді, ал су қозғалысының жоғары жылдамдықтарында (4 м/с астам) және судың биік көтерілуі кезінде (2 м астам) адамдар мен жануарлардың өлімін келтіреді. Бұзушылықтардың негізгі себептері ғимараттар мен салынымдарға су массасының, жоғары жылдамдықпен жүзген мұздардың, түрлі сынықтардың, жүзетін заттардың және т.б. гидравликалық соққыларының әсерінен болады. Тасқын — өзеннің сулы режимінің фазасы; қардың, мұздың күшті еруімен немесе жаңбырдың көптеп жаууымен келген, өзендегі су деңгейінің қысқа мерзімді және кезеңмен біршама көтерілуі. Тасқындар Атырау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында қалыптасады.
Тасқындар кезеңмен қайталанбайды, және де бұл су басу кезеңінен ерекшелігі. Тасқынның ұзақтығы бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін. Су тасу кезеңі мен тасқын кезіндегі орташа айлық шығыны орташа жылдықтан көп.
Су тасу кезеңіне қарағанда тасқын жылдың кез келген уақытында пайда болуы мүмкін. Үлкен тасқын су басуға әкеп соғуы мүмкін. Тасқынның орын ауыстыру процесінде өзен бойынша тасқын толқыны пайда болады.
Су тасуына қалай дайындалу керек
Егерде Сіздің аймақ су басудан жиі азап көрсе, су басуы мүмкін жерлердің шекараларын, тұратын жерге жақын орналасқан сирек су басатын жерлерді, оларға баратын қысқа жолдарды зерттеңіздер және есте сақтаңыздар. Ұйымдасқан және жеке эвакуациялау кезіндегі, сондай-ақ кенеттен және қатты таралған су басу кезінде әрекет жасау ережелерімен отбасы мүшелеріңізді таныстырыңыздар. Қайық, плот және оларды жасау үшін арналған құрылыс материалдарын сақтау орындарын есте сақтаңыздар. Эвакуация кезінде шығарылатын құжаттардың, мүліктер мен дәрі-дәрмектердің тізімін жасаңыздар. Арнайы чемоданға немесе рюкзакқа бағалы заттарды, қажетті жылы киімдерді, азық-түлік, су қорларын және дәрі-дәрмектерді салып қойыңыздар.
Су тасу кезінде қандай әрекет жасау керек
Су тасу туралы және эвакуациялау туралы ақпараттың белгісі бойынша, дереу белгілі тәртіппен апатты су басуы мүмкін қауіпті аймақтан белгіленген қауіпсіз аймақтарға немесе биік учаскелерге, жерлерге шығыңыздар, өздеріңізбен бірге құжаттарды, бағалы заттарды, қажетті заттарды және бүлінбейтін азық-түліктердің екі тәулікке жететін қорын ала шығыңыздар. Соңғы эвакуациялау пунктіне тіркеліңіздер. Үйден шығарда электр желісін және газды өшіріңіздер, жылу беретін пештердегі отты сөндіріңіздер, ғимараттан тыс жерлердегі барлық жүзетін заттарды бекітіңіздер, немесе оларды үй сыртындағы үй-жайларға орналастырыңыздар. Уақыт болған жағдайда, үйдегі бағалы заттарды үйдің жоғарғы қабаттарына немесе шатырдың астына ауыстырыңыздар. Терезелер мен есіктерді жабыңыздар, қажет болған жағдайда және уақыт болса бірінші қабаттың терезелері мен есіктерін тақтайлармен (щиттармен) сыртынан шегелеп тастаңыздар. Ұйымдасқан эвакуация болмаған жағдайда, көмек келгенше дейін немесе су азайғанша дейін, ғимараттардың жоғарғы қабаттарында және шатырларында, ағаштардың үстінде немесе басқа биік заттардың үстінде болыңыздар. Бұл ретте үнемі апаттық белгі беріп отырыңыздар: күндіз – ағашқа бекітілген жақсы көрінетін орамалды іліп немесе сонымен бұлғап, ал түнгі уақытта – жарық белгісімен немесе анда санда дауыс беріп. Құтқарушылар келген кезде сабыр сақтап, дүрлікпей және әбігерленбей, қауіпсіздік шараларын сақтап, жүзу құралына ауысыңыздар. Бұл ретте құтқарушылардың талаптарын бұлжытпай орындаңыздар, жүзу құралының шамадан тыс ауырлауына жол бермеңіздер. Қозғалыс кезінде белгіленген орыннан кетпеңіздер, бортқа отырмаңыздар, экипаждың талаптарын қатаң сақтаңыздар. Су басып қалған аймақтан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету, су деңгейінің жоғарылауы жалғасқанда, жоғарғы (шатыр астын) қабаттарды су басу қаупі болу сияқты маңызды себептер болғанда ғана өз беттеріңізше шығу ұсынылады. Бұл ретте сенімді жүзу құралы болу және қозғалыс бағытын білу қажет. Өздеріңіз шықан кезде апаттық белгі беруді тоқтатпаңыздар. Суда жүзіп келе жатқан және батып жатқан адамдарға көмек көрсетіңіздер.
Егерде адам батып жатса
Батып бара жатқан адамға жүзу құралын лақтырыңыздар, оны жігерлеңіздер, көмекке шақырыңыздар. Зардап шегіп жатқанға жүзіп жеткенде өзеннің ағынын ескеріңіздер. Егерде батып жатқан адам өзінің әрекеттерін бақылай алмаса, оның артынан келіп, шашынан ұстап алып, жағаға қарай сүйреңіздер.
Су басқаннан кейін қандай әрекет жасау керек
Ғимаратқа кірместен бұрын оның қирайтын немесе қандай-да бір заттың құлайтын қаупі бар екенін тексеріңіздер. Ғимаратты желдетіңіз (жиналған газдан арылуы үшін). Электр жарығын қоспаңыздар, ашық оттың көздерін пайдаланбаңыздар, үй-жайды толық желдеткенше дейін немесе газбен қамтамасыз ету жүйесінің дұрыстығын тексергенше дейін сіріңке жақпаңыздар. Электр сымдарының, газбен қамтамасыз ету құбырларының, су құбырларының және канализациялардың дұрыстығын тексеріңіздер. Үй-жйларды кептіру үшін барлық есіктер мен терезелерді ашыңыздар, сәкіден және қабырғадан саздарды алыңыздар, жертөледен су шығарыңыздар. Суда қалған азық-түліктерді пайдаланбаңыздар. Құдықтарды түскен саздардан тазалаңыздар және оларды судан алып тастаңыздар.