ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Төтенше жағдай туындаған кездегі іс-әрекеттерді жадыңыздан шығармаңыз!
Қатты жер сілкінісі болған кезде егер сіз жұмыста, үйде, ал балаларыңыз сол кезде мектепте немесе балалар бақшасында болса? Өзіңіз бен отбасы мүшелерінің осындай жағдай бола қалған кезде жете зерттеңіз: тығылу үшін ең қауіпсіз жер қайда, жер сілкінісі біткеннен кейін қай жерде кездескен дұрыс т.б. Сіздің алдынала құрған «сценариіңіз» апат болған жағдайда көмекке келеді.
Алдын-ала дайын болыңыз:
Рюкзак немесе сөмкеңізді және құжаттарды;
Үш күнге жететін тамақ пен су;
Алғашқы медициналық қобдиша мен медикаменттер;
Жылжымалы электр фонары мен сіріңке;
Жылы киім мен аяқ киім.
Алғашқы жер сілкінісі кезінде :
Есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және басқалардың да үрейленуіне жол бермеңіз;
Газ, су және жарықты сөндіріңіз;
Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда қорықпаңыз, сол жерде тұрыңыз, яғни күтіңіз.
Егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үйдің ішінде болсаңыз (дүмпу күші
бес және одан жоғары болса): Екінші және одан да жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетпеңіз;
Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға
жатыңыз; Кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар
мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ ұстаңыз;
Лифтіні пайдаланбаңыз.
Егер көшеде болсыңыз:
Ғимараттар мен электр желілерінен алшақ, ашық алаңда тұрыңыз,үзілген электр желілерінен алшақ тұрыңыз;
Ғимараттың алдың кесіп өтпеңіз және оған кірмеңіз.
Егер автокөліктің ішінде болсаңыз:
Ашық алаңда қалыңыз жер сілкінісі біткенше көлік ішінде болыңыз
Есіңізде болсын. Жер сілкінісі кезінде жер жарылып, адам өлімі сирек кездеседі. Жер сілкінісі кезінде мынадай жағдайларда бақытсыздық орын алады:
Ғимараттардың кейбір бөліктерінің қирауы;
Сынған терезелердің құлауы;
Үзілген электр желілері;
Пәтердегі ауыр заттардың құлауы;
Жер сілкінісен кейін:
- Қажет адамдарға алғашқы жәрдем көрсетіңіз;
•Зардап шеккендерді үйіндіден шығаруға көмектесіңіз;
•Радиоқабылдағышты қосыңыз;
•Суды, газды, жарықты мүмкіндік болса өшіріңіз;
•Ашық отты пайдаланбаңыз;
•Өте сақ болыңыз, ғимаратты тез арада босатыңыз, яғни басқа жаққа барыңыз.
Назар аударыңыздар! Радио үнемі қосулы тұрсын!
Төтенше жағдайлар қызметінің дабылын тыңдаңыздар!
Өрт
•Отпен жұмыс істегенде абай болуға;
•Балалардың отпен жұмыс істеген кездегі қырсыздығына;
•Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерде өртеуге;
•Автокөліктен шыққан жалынға;
•Күн күркірегендегі найзағайларға;
•Майланған материалдың үйкелісіне;
•Күн сәулесінің әйнектен өткен нүктесі.
Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт
шалады.
Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен ағаштардың ұшар
басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы
минутына 0,1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100
метрге дейін жетеді. Торф пен ағаштардың тамыры жанғанда жер асты өрті жан-жаққа тарайды.
Орманда жүргенде есіңізде болсын:
•Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;
•Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз;
•Отты таза алаңда жағыңыз;
•Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық өшіріп кетіңіз;
Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;
•Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп өртке айналуы мүмкін;
•Жаңа басталған өртті сумен, ағаштың жапырақты бұтақтарымен және топырақ тастау арқылы өшіріңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ: СУ
Құтқарушылардың тәжірибесіне сүйенсек, қайғылы жағдайға көбіне балалар,
мастар мен қатар денсаулығы дұрыс және жүзуді жақсы білетіндер де
ұшырайды.
Суға түскенде қандай жағдайларды жасамау керек
- белгі қойылған жерден аспаңдар!
•рұқсат етілмеген жерде шомылмаңдар;
•балалар шомылғанда қараусыз қалдырмаңдар;
•шомылғанда камера, доп, тақталарды пайдаланбаңыздар;
•суда бұзықтық жасамаңдар;
•өтіп жатқан кеме, катер мен қайықтардан секірмеңіздер;
•таныс емес жерде шомылмаңдар.
Егер сіз қайықта болсаңыз:
техникалық жағдайы нашар, қараусыз қалоған қайықтарды пайдаланбаңыз;
•құтқарушы құралсыз суға түспеңіз;
•техниклық құжатта көрсетілгеннен артық жүк пен азаматтарды алмаңыз!
•мас күйде суда жүзбеңіз!
•қайықтың мұрындығы мен шетіне отырмаңыз!
•жүзу барысында бір орыннан екіншісіне, бір қайықтан басқа қайыққа ауыспаңыз;
•қайықтан сүңгіуге секірмеңіз;
•қараңғы уақытта жүзу құралдарын пайдаланбаңыз!
•14 жасқа дейінгі балаларға үлкендердің бақылауынсыз жүзу құралдарын пайдалануға тиым салынады.
•Ыстық күн мен құмда «қыздырынып» болған соң салқын суға түсуге асықпаңыз.
•Температураның тез ауытқуы қан тамырының қысқаруына, құлап қалуға әкеп
соқтырады.
•Қайғылы оқиға болған жағдайда есіңізде болсын! Зардап шеккен адамға тынысы тоқтағаннан кейін 6 минуттан кешікпей өмірге қайтаруға болады.
Біле жүріңіз: Сіңір тартылғанда не істеу керек: саусақтарыңызды жұдырығыңызға тең жинап,
сермеп, қайта жинаңыз. Аяғыңызды бауырыңызға жинап, сіңір тартылған аяғыңызды өзіңізге қарай қатты тартыңыз. Егер сіңір тартылуы қоймасы, онда жоғарыда аталған шараларды аталғандарды қайталау керек.
КӨКМҰЗ
Көкмұз – бұл қалың мұздың беті, көкмұз жерде, тротуарларда болады. Көкмұз – ауа температурасы 0С-ден – 3 С пайда болады, мұздың қалыңдығы бірнеше см. жетеді. Мұздақ – жер үстінде пайда болатытн мұздың жұқа қабаты, күн суығаннан кейін, не жаңбырдан кейін пайда болады. Мұздақ үстінде жүргенде табанды нық басып, асықпай, тізені бос қолды ұстап жүру керек. Асығу – көкмұз үстінде құлауға әкеліп соқтырады.