Қоғам

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕГІ ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАР

Төтенше жағдайлардағы санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар.

Мұндай іс-шаралар халықтың денсаулығын сақтау, оның жұмысқа қабілетін қолдау, санитарлық-эпидемиялық са- лауаттылығын қамтамасыз ету, жаппай инфекциялық және иинфекци- ялық емес аурулар мен уланудың пайда болуын және таралуын алдын алу мақсатында ұйымдастырылады. Олар жалпы денсаулық сақтау, апат аудандарында зақымдандыру деңгейі мен сипатын есепке алып, халыққа медициналық көмек көрсету принциптерінде, халықты са- нитарлық-гигиеналық қамтамасыз етудің медико-әлеуметтік ерек- шеліктерінде, оның тірішілік әрекеті жағдайларының күрт өзгеруінде құрылады. Осы іс-шаралардың рөлі тек қана апат ауданында ғана емес, маңындағы аудандарда да тұрғын мен өндірістік ғимараттардың бұ- зылуы, сумен жабдықтау мен канализация жүйелерінің зақымдалуы, қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық жағдайдың кенеттен нашарлауына байланыты өседі.

Осы іс-шаралардың мақсаттарына ұйымдастырушылық, құқықтық, инженерлік-техникалық, шаруашылық, насихаттау іс-шараларын өткізу, экономиканың сақталған объектілерінде өндірістік қызметтің жағдайларын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізу, апат аймағында қалған халықты орналастыру, тамақтандыру, сумен жабдықтау, монша-кір жуу қызмет көрсету кезінде санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау, қаза болғандарды жерлеуді санитарлық бақылау, сондай-ақ апат аймағында халықты төтенше жағдайлардың зақымдау факторларынан медициналық қорғау құралдарымен қамта- масыз ету арқылы қол жеткізуге болады.

Зардап шеккен халықтың арасында инфекциялық ауруларды кіргізуді, туындауын және тарауын алдын алу, туындаған эпидемиялық ошақтарды оқшаулау және жою бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу қарастырылады.

Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырудың негізгі принциптері: зардап шеккен халықтың арасында осы іс-шараларды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілі;

төтенше жағдайларда медициналық көмекті ұйымдастыру кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдерінің барлық буындарға қатысуы;

денсаулық сақтау қызметтерінің Қорғаныс министрлігінің денсаулық сақтау қызметтерімен, халықтың арасында қорғау іс-шараларын ұйымдастыру бойынша елдің басқа ведомстволарымен тұрақты әрекеттесу.

Тәжірибе дүлей апаттар мен техногендік апаттардың медико-санитарлық салдарын жоюды санитарлық-гигиеналық пен эпидемияға қарсы қамтамасыз етуді обаға қарсы мекемелердің, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімшелерінің, әртүрлі деңгейдегі зертханалардың, гигиеналық пен эпидемиологиялық бейінді ҒЗИ базасында құрылатын мамандандырылған эпидемияға қарсы бригадалар (МЭҚБ) тиімдірек іске асыратындарын көрсетеді.

Ауыр жарақаттармен зардап шеккендердің саны бірден көп болған кезде шұғыл медициналық көмектің қажеттілігі және оны тиімді мерзімде көрсету мүмкіндігінің арасында сәйкессіздіктер әрқашан болады. Сондықтан зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу және оларда өмірлік қауіпті мен ауыр асқынуларды алдын алу үшін көбінесе өзіне өзі және өзара көмек көрсету түріндегі алғашқы медициналық көмектің шешуші маңызы бар. Мұны соңғы уақытта болған техногендік апаттардың салдарын талдау растайды: алғашқы медициналық көмекті уақытылы көрсеткен кезде қайтыс болғандардың саны едәуір азаяды.

Экстремалдық жағдайда алғашқы медициналық көмекті көрсетудің бірінші кезекті шаралары – бұл тыныс алудың ауыр бұзылуымен күре- су, жүрек қызметін қалпына келтіру, сыртқы қан кетуді уақытша тоқтату, жарақаттарды және күйген беттерді таңу және аяқ-қолдар сынған кезде қоласты құралдармен иммобилизациялау болып табылады.

Әр ересек адам тыныс алудың және жүрек қызметінің ауыр бұзылыстары, сыртқы қан кету, бас сүйек-ми зақымы, жарақаттар, күйіктер, аяқ-қолдың сынуы, буындардың шығып кетуі, электрожарақаттар, батып кету кезінде алғашқы медициналық көмекті көрсету үшін дайын болғаны қажет. Төтенше жағдай аймағында құтқару жұмыстары басталғанымен құтқару командалардың немесе шұғыл медициналық көмек қызметінің медициналық персоналы медициналық сұрыптауды жүргізеді, тыныс алудың қалпына келтіру мен ұстауды, қан кетуді тоқтатуды, таңғыштарды жақсартуды, ауырсынуды басуды, стандартты құралдармен көліктік иммобилизацияны және стационарлық емге мұқтаж зардап шеккен адамдаржы эвакуациялауға дайындауды қамтитын дәрігерге дейінгі және алғашқы дәрігерлік көмекті көрсетеді.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close