Қоғам

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА ХАЛЫҚТЫ ЕМДЕУ ЖӘНЕ ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Халықтың зақымдану сипаты мен құрылымы, олардың туындау ауқымы мен ерекшеліктері медициналық құрылымдар мен мекемелердің емдеу мен эвакуациялау қызметінің көлемін белгілейді.

Жалпы шығындар – халықтың арасындағы барлық шығындар – қайтарылмайтын және санитарлық болып бөлінеді. Қайтарылмайтын шығындарды өлтірілген, қаза болған, батып кеткен, хабарсыз кеткен адамдар құрайды. Санитарлық шығындар – зақымдалған, жарақатталған және кемінде бір тәулікке еңбекке жарамдылығын жоғалтқан, медициналық бекеттерге немесе медициналық мекемелерге түскен науқастар.

Санитарлық шығындардың құрылымы – зақымдалған, жарақатталған және науқас тұлғалардың әртүрлі санаттарының санитарлық шығындардың жалпы санымен пайыздық арақатнасы. Санитарлық шығындардың құрылымын зерттеу зардап шеккендердің емдеу-эвакуациялау сипаттамасын ұсынуға, демек, медициналық көмек көрсету, эвакуациялау және емдеу үшін күш пен қаражаттың қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Апаттардың салдарын жою тәжірибесі бейбіт уақытында жаппай зақымдау ошақтарында зардап шеккендердің емдеу-эвакуациялық іс-шараларын ұйымдастыру негізінде медициналық көмекті көрсетудің екі кезеңдік жүйесі сақталады жеп көрсетеді.

Эвакуацияның бірінші (госпитальға дейін) кезеңінде, яғни зақымдау ошағында немесе оған жақын жерде, тіршілік көрсеткіші бойынша алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек көрсетіледі, медициналық және эвакокөліктік сұрыптау жүрізіледі.

Зардап шеккендерді тағайындалуы бойынша, яғни олардың соңына дейін емдейтін емдеу мекемелеріне эвакуациялау жақсырақ, бұл білікті және мамандандырылған медициналық көмекті көрсету мерзімін жақындатады.

эвакуацияның екінші (госпитальдік) деңгейінде – емдеу мекемелерінде.

Медициналық эвакуациялау кезеңі – бұл эвакуациялау жолында ашылған және зақымдалған, жарақтталған және науқас адамдарды қабылдау мен медициналық сұрыптауға, оларды арнайы өңдеуге, инфекциялық науқастарды және реактивтік күйдегі науқастарды оңашалауға, сонымен қатар оларға медициналық көмек көрсетуге, емдеуге және әрі қарай эвакуациялауға дайындауға арналған медициналық қызметінің күші мен құралдары (медициналық бекеттер, мекемелер).

Медициналық эвакуациялаудың әр кезеңінің құрамында келесі функционалдық бөлімшелері болуы тиіс: қабылдау-сұрыптау, арнайы өңдеу, изоляторлар, операциялық-таңу, госпитальдік (емдеу үшін бөлімше) және эвакуациялық.

Медициналық эвакуациялаудың әр кезеңінде жарақатталған мен науқастардың бес негізгі тобын (ағынын) белгілейді:

  • айналадағылар үшін қауіпті (инфекциялық науқастар, АХҚЗ залалдандырылған, РЗ-мен ластанған, реактивті жағдайдағы науқастар);
  • осы кезеңде медициналық көмекке мұтаж (шұғыл медициналық көмекті талап ететін жарақатталғандарды белгілеу);
  • медициналық эвакуациялаудың келесі кезеңінде көмек көрсетілуі мүмкін зақымданған, жарақатталған және науқас адамдар (бұл зардап шеккендердің тобы кейінге қалдырылған медициналық көмекке мұқтаж);
  • жеңіл жарақатталған және науқастар;
  • ешқандай күрделі араласу өмірлерін сақтап қалмайтын жанталасып жатқандар (олар азаптарын жеңілдетуге мұқтаж).

Төтенше жағдайларда медициналық көмектің түрлері. Медици- налық көмектің түрі – белгілігі біліктілігі бар медициналық персонал, тиісті медициналық жабдықтауы бар, нақты медициналық көрсетілімдер бойынша орындайтын емдеу-профилактикалық іс-шаралар жиынтығы.

Қазіргі уақытта медициналық көмектің келесі түрлері белгіленеді: алғашқы медициналық (алғашқы көмек), дәрігерге дейінгі (фельдшерлік), алғашқы дәрігерлік, білікті және мамандандырылған медициналық көмек.

Алғашқы медициналық көмек (алғашқы көмек) – бұл жарақаттану немесе зақымдану жерінде халықтың өзіне өзі және өзара көмек көр- сету тәртібінде, санитарлық жасақтармен, құтқару құрылымдардың жеке құрамымен табельдік және қоластындағы құралдарды қолданып орындалатын қарапайым медициналық іс-шаралар кешені.

Оның мақсаты – зардап шеккен адамдардың өмірін сақтап қалу, сонымен қатар зақымданудың ауыр салдарын алдын алу немесе азайту.

Апаттар мен дүдей апаттардың салдарын жою бойынша жұмысты талдау алғашқы медициналық көмекті зақымдану сәтінен бастап алғашқы 30 мин ішінде көрсету, тіпті медициналық көмектің басқа түрлерін кейінге қалдырған кезде де, өлім санын күрт төмендететінін көрсетеді. Зақымданудан кейін 1 сағат ішінде көмектің болмауы ауыр жарақаттанғандардың арасында өлім санын 30%-ға, 3 сағ дейін – 60%- ға, ал 6 сағ дейін – 90%-ға өсіреді.

Дәрігерге дейінгі (фельдшерлік) көмекті фельдшерлік, дәрігерлік- бикелер бригадалары мен жедел медициналық көмек бригадалары зақымдану жерінен тікелей жақындықта көрсетеді. Оның тағайында- луы – өмірге қауіп төндіретін бұзылыстармен күресу (қан кетумен, асфиксиямен, шокпен және басқ.), жарақатты қайта инфекцияланудан қорғау, бірінші медициналық көмек көрсетудің дұрыстығын бақылау, әрі қарай асқынулардың дамуын алдын алу. Дәрігерге дейінгі көмек көрсету тиімді мерзімі – зақымдану сәтінен 2 сағ.

Алғашқы дәрігерлік көмекті жедел медициналық көмек бригадасының, дәрігерлік-бикелік бригадалардың дәрігерлері және жалпы бейінді дәрігерлер көрсетеді. Оның негізгі міндеттері – зардап шеккеннің өміріне қауіп төндіретін құбылыстармен күресу (қан кету, асфиксия, шок, тырыспа және т.с.с.), асқынуларды алдын алу (нақты айтқанда, жарақат инфекциясы және басқ.) және зақымдалғандарды әрі қарай эвакуациялауға дайындау. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетудің тиімді мерзімі шұғыл көрсетілімдер бойынша – 3 сағ, толық көлемде – 6 сағ. Білікті медициналық көмекті ауыр, өмірге қауіп төндіретін зақымдану салдары мен асқынулыраны жою үшін хирургиялық пен терапевттік бейінді маман-дәрігерлер көрсетеді.

Толық көлемде білікті медициналық көмек барлық мұқтаж адамдарға зақымдану сәтінен бастап 48 сағ ішінде көрсетілуі тиіс.

Мамандандырылған медициналық көмек – медициналық көмектің ең жоғары түрі; ол толық болып табылады, оны арнайы емдеу-диагностикалау жабдығы бар, жалпы бейінді емдеу мекемелерінде, бірақ оларға мамандандырылған медициналық көмек бригадаларын беріп, тар бейінді маман-дәрігерлер (нейрохирургтар, ото-ларингологтар, офтальмологтар және т.с.с.) көрсетеді. Мамандандырылған медицина- лық көмекті көрсетудің тиімді мерзімі – зақымдану сәтінен 24-тен 72 сағ дейін.

Төтенше жағдайлардағы санитарлық-гигиеналық және эпиде- мияға қарсы іс-шаралар. Мұндай іс-шаралар халықтың денсаулығын сақтау, оның жұмысқа қабілетін қолдау, санитарлық-эпидемиялық са- лауаттылығын қамтамасыз ету, жаппай инфекциялық және иинфекци- ялық емес аурулар мен уланудың пайда болуын және таралуын алдын алу мақсатында ұйымдастырылады. Олар жалпы денсаулық сақтау, апат аудандарында зақымдандыру деңгейі мен сипатын есепке алып, халыққа медициналық көмек көрсету принциптерінде, халықты са- нитарлық-гигиеналық қамтамасыз етудің медико-әлеуметтік ерек- шеліктерінде, оның тірішілік әрекеті жағдайларының күрт өзгеруінде құрылады. Осы іс-шаралардың рөлі тек қана апат ауданында ғана емес, маңындағы аудандарда да тұрғын мен өндірістік ғимараттардың бұ- зылуы, сумен жабдықтау мен канализация жүйелерінің зақымдалуы, қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық жағдайдың кенеттен нашарлауына байланыты өседі.

Осы іс-шаралардың мақсаттарына ұйымдастырушылық, құқықтық, инженерлік-техникалық, шаруашылық, насихаттау іс-шараларын өткізу, экономиканың сақталған объектілерінде өндірістік қызметтің жағдайларын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізу, апат аймағында қалған халықты орналастыру, тамақтандыру, сумен жабдықтау, монша-кір жуу қызмет көрсету кезінде санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау, қаза болғандарды жерлеуді санитарлық бақылау, сондай-ақ апат аймағында халықты төтенше жағдайлардың зақымдау факторларынан медициналық қорғау құралдарымен қамта- масыз ету арқылы қол жеткізуге болады.

Зардап шеккен халықтың арасында инфекциялық ауруларды кіргізуді, туындауын және тарауын алдын алу, туындаған эпидемиялық ошақтарды оқшаулау және жою бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу қарастырылады.

Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырудың негізгі принциптері:

зардап шеккен халықтың арасында осы іс-шараларды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілі;

төтенше жағдайларда медициналық көмекті ұйымдастыру кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдерінің барлық буындарға қатысуы;

денсаулық сақтау қызметтерінің Қорғаныс министрлігінің денсаулық сақтау қызметтерімен, халықтың арасында қорғау іс-шараларын ұйымдастыру бойынша елдің басқа ведомстволарымен тұрақты әрекеттесу.

Тәжірибе дүлей апаттар мен техногендік апаттардың медико-санитарлық салдарын жоюды санитарлық-гигиеналық пен эпидемияға қарсы қамтамасыз етуді обаға қарсы мекемелердің, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімшелерінің, әртүрлі деңгейдегі зертханалардың, гигиеналық пен эпидемиологиялық бейінді ҒЗИ базасында құрылатын мамандандырылған эпидемияға қарсы бригадалар (МЭҚБ) тиімдірек іске асыратындарын көрсетеді.

Ауыр жарақаттармен зардап шеккендердің саны бірден көп болған кезде шұғыл медициналық көмектің қажеттілігі және оны тиімді мерзімде көрсету мүмкіндігінің арасында сәйкессіздіктер әрқашан болады. Сондықтан зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу және оларда өмірлік қауіпті мен ауыр асқынуларды алдын алу үшін көбінесе өзіне өзі және өзара көмек көрсету түріндегі алғашқы медициналық көмектің шешуші маңызы бар. Мұны соңғы уақытта болған техногендік апаттардың салдарын талдау растайды: алғашқы медициналық көмекті уақытылы көрсеткен кезде қайтыс болғандардың саны едәуір азаяды.

Экстремалдық жағдайда алғашқы медициналық көмекті көрсетудің бірінші кезекті шаралары – бұл тыныс алудың ауыр бұзылуымен күре- су, жүрек қызметін қалпына келтіру, сыртқы қан кетуді уақытша тоқтату, жарақаттарды және күйген беттерді таңу және аяқ-қолдар сынған кезде қоласты құралдармен иммобилизациялау болып табылады.

Әр ересек адам тыныс алудың және жүрек қызметінің ауыр бұзылыстары, сыртқы қан кету, бас сүйек-ми зақымы, жарақаттар, күйіктер, аяқ-қолдың сынуы, буындардың шығып кетуі, электрожарақаттар, батып кету кезінде алғашқы медициналық көмекті көрсету үшін дайын болғаны қажет. Төтенше жағдай аймағында құтқару жұмыстары басталғанымен құтқару командалардың немесе шұғыл медициналық көмек қызметінің медициналық персоналы медициналық сұрыптауды жүргізеді, тыныс алудың қалпына келтіру мен ұстауды, қан кетуді тоқтатуды, таңғыштарды жақсартуды, ауырсынуды басуды, стандартты құралдармен көліктік иммобилизацияны және стационарлық емге мұқтаж зардап шеккен адамдаржы эвакуациялауға дайындауды қамтитын дәрігерге дейінгі және алғашқы дәрігерлік көмекті көрсетеді.

Жер сілкінісі кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру. Түркменияда (1948ж.), Югославияда (1963ж.), Қытайда (1976ж.), Румынияда (1977ж.), Арменияда (1988ж.) болған жер сілкінісінің салдарын жою тәжірибесі көрсетіп отырғандай, санитарлық шығындар жаппай болды, медициналық персоналдың өлімімен және медициналық меке- мелердің істен шығумен қосталды. Осыған байланысты медициналық көмекті көрсетуде, эвакуация мен емдеуде кідірістер, дәрі-дәрмектердің, жабдықтардың, таңғыш материалдардың жетіспеушілігі болды, медициналық бекеттер мен мекемелерді ашу үшін жарамды жайлар, жарық, су, азық-түлік пен жылу болған жоқ.

Апат ошағында санитарлық шығындардың құрылымы, мысалы Арменияда (1988 ж.), келесідей болды: бас сүйегінің жарақаттары 5 – 20%; кеуде мен іш – 10%; аяқ-қолдардың – 35 – 40%; қосарлас

жарақаттар – 25 – 80%; құрамдастырылған жарақаттар – 2 – 5%; тін- дердің ұзақ уақыт қысылу синдромы – 50%. Жер сілкінісі нәтижесінде көптеген адамдарда жүйке-психикалық бұзылуы пайда болды. Қатты реактивтік күй апат аймағына түскен тұрғындардың 50 – 75%-да бол- ды. Тұрғындардың 20%-да бұл реакциялар 2 – 3 сағ дейін, 70%-да – 5 тәул дейін, 10%-да – бірнеше айға дейін созылды.

Алғашқы медициналық жәрдем алдымен өзіне өзі және өзара көмек көрсету тәртібінде, ал содан соң – зақымдану ошағына кіргізілетін құтқару командалар мен санитарлар жасақтарының жеке құрамымен көрсетіледі.

Алғашқы медициналық көрсеткеннен кейін санитарлар жасақта- рының жеке құрамы зардап шеккендерді ошақтан қайталатанытн жер асты дүмпуі қайталанған кезде қауіпсіз жерлерде ошақтың периметрі бойынша құрылған және тазартылған кіру жолдары бар жинау бекеттеріне шығарады.

Жинау бекеттерінде жедел медициналық көмек машиналар бригадасының персоналы мен дәрігер-бикелер бригадасының жеке құрамы зардап шеккендерге күттірмейтін көрсетілімдер бойынша алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді.

Содан соң зардап шеккендерді жақын орналсқан сақталған емдеу мекемелеріне эвакуациялайды, сонда оларға білікті және, жағдайлар мүмкіндік берсе, мамандандырылған медициналық көмекті көрсетеді. Зардап шеккендердің денсаулық жағдайына байланысты оларды басқа қалалардың әртүрлі медициналық мекемелері мен ауруханаларына эвакуациялайды.

Жер сілкінісі аудандарында жаппай психикалық реакцияларды (қатты реактивтік күй) мен үрейді алдын алудың маңызы зор болады. Ол үшін ДББ-ға психиатрларды ды қосу қажет.

Армениядағы жер сілкінісінің салдарын зерттеу, егер ауыр жарақат алған науқастарды тасымалдау, жарамайтын көлікте (мысалы, туыста- ры өз көлігінде) алғашқы медициналық көмек көрсетпей жүргізілген кезде, науқастардың басым бөлігі жолда қайтыс болғанын немесе ем- деу мекемелеріне өте ауыр хәлде жеткізілгенін көрсетті. Сондықтан ерекше назарды медициналық сұрыптауды сапалы өткізуге және апат ошағында алғашқы медициналық пен алғашқы дәрігерлік көмек көр- сетуге аудару қажет.

Теміржол көлігінде апаттар болған кезде медициналық көмекті ұйымдастыру. Теміржол көлігінде апаттар болған кездегі санитарлық шығындар зардап шеккендердің әртүрлі санымен, сонымен қатар зақымдардың әртүрлі құрылымымен сипатталады. Әдетте, көптеген үшкір заттармен шаншылған, кесілген, жұмсақ тіңдердің соғылған жарақаттары, сүйектің сынуы, бас миінің ауыр соғылу мен шайқалумен бас сүйегінің қосарлас пен құрамдастырылған жарақаттары негізгі болып табылады. Қосарлас зақымдардың ерекшелігі – шынының сынықтарымен дереккөздің жарақаттары. Вагондар өртенген кезде 40% дейін құрамдастырылған және қосарлас жарақаттар байқалады.

Оқшаулау бойынша теміржол жарақаттары келесі түрде бөлінеді: бас – 60%; қол-аяқ – до 35%; кеуде, іш, жиі ішкі органдардың үзілуі мен қан кетумен – 20%-дан аса; жамбас пен ірі буындар – 10 – 12%. Ауырлық дәрежесі бойынша 50%-дан жоғары жеңіл, 30%-дан аса – орташа ауыр және 10 – 15% дейін – ауыр және өте ауыр жарақаттар құрайды. Ірі ауқымды авариялар кезінде зардап шеккендердің 20% дейін шұғыл медициналық көмекке мұқтаж.

Теміржол апаттарын жою тәжірибесі көрсетіп отырғандай, поез- дердің аралықтарда күйреген кезде зардап шеккендерге алғашқы ме- дициналық көмек көрсетуді жолсеріктерінде бар дәрі қобдишасы мен төсек орнын қолданып, өзіне өзі және өзара көмек көрсету тәртібінде іске асырылады. Жедел медициналық көмек пен темір жолдың дәрігерлік-санитарлық қызметінің желілік ауруханаларының ДББ маши- налары, сондай-ақ күйреу мен апат ауданына жақын орналасқан басқа ведомстволардың медициналық персоналы келген кезде, тек қана дәрі- герге дейінгі емес, сонымен қатар тіршілік көрсеткіштері бойынша әрі қарай жақын жатқан емдеу мекемелеріне эвакуациялап, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіледі. Теміржол апаттары кезінде ДББ офтальмолог-дәрігерлермен күшейтілуі тиіс.

Теміржол күйреулер бойынша материалдарды талдау 44% жағдай- ларда апат ауданында зардап шеккендерге жедел көмек машиналары- ның бригаларымен көрсетілгенін, 16% – вокзалдардың медициналық бекеттер персоналымен, 11% – теміржол ауруханалардың қызметкерлерімен көрсетілгенін көрсетті. Қалған жағдайларда медициналық көмекті көрсету жақын жердегі ауруханалардың медициналық персоналымен бірге жүргізілген.

  • бөлім

ЖАРАҚАТТАР

Жарақат немесе зақым – адамға сыртқы орта факторларының әсер ету нәтижесі – оның ағза органдары немесе тіндері тұтастығының не- месе функцияларының бұзылуы.

Зақымдау факторларының сипатына байланысты жарақат меха- никалық, физикалық, химиялық және психикалық болады. Белгілі жағдайларда халықтың бірдей топтарында уақыттың белгілі ара- лығында қайталанатын жарақаттар жиынтығы жарақаттанушылық деп аталады. Жарақаттанушылық өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, тұрмыстық, спорттық, балалық, автокөліктік болып бөлінеді.

Техногендік апаттарда механикалық зақымдарды болдыратын ба- сты факторлар:

жарылыс кезінде – адам денесіне соққы толқынымен тікелей динамикалық әсер; оны әрі қарай құлатып лақтыру; жарылыс құрылғылары немесе технологиялық жабдық бір сәтте ыдыраған және үлкен жылдамдықпен жан жаққа ұшқан кезде қалыптасатын екінші оқ-дәрілердің жарақаттау әсері;

ғимараттар мен құрылыстар қираған кезде, шахталарда тау жыныстары опырылған кезде – дене бөліктерін олардың сынықтарымен қысып тастау;

ЖКО кезінде – денеден үлкен жылдамдықпен келе жатқан көлік құралының соққысы.

Физикалық жарақаттарға термикалық зақымдар (күйіктер, үсулер) жатады.

Химиялық жарақаттар химиялық белсенді заттардың әсерінен бо- лады (химиялық күйіктер).

Бір механикалық фактор тек қана бір анатомиялық түзінділердің (оқшауланған жарақат), бірнеше анатомиялық түзінділердің немесе органдарының бір анатомиялық аймақ шегінде (көптеген жарақат), бір немесе бірнеше анатомиялық аймақтардың (қосарлас жарақат) зақымдануын болдыру мүмкін.

Механикалық жарақаттар ашық немесе тері жамылғысының тұтастығы бұзылатын жарақаттарға және жабық, терінің тұтастығы сақталған жарақаттарға бөлінеді.

Механикалық жарақаттың ауырлығы жеңіл, өмір үшін қауіпті емес және ауыр асқынуларға әкелмейтін зақымнан, өте ауыр, жарақат ор- нында шұғыл медициналық көмек көрсетуді және хирургиялық көмек кезеңіне жедел эвакуациялауды талап ететін зақымдарға дейін түрленеді.

Жеңіл жарақаттарға бас миінің шайқалуы, дереккөздің жеңіл жа- рақаты, асық жілік шыбығының, білек сүйектердің біреуінің, бұға- наның, бір-екі қабырғаның, қол мен табанның ұсақ сүйектерінің оқшауланған сынуы, сүйектердің жарылуы, жұмсақ тіндердің соғылуы, сіңірдің созылуы, көлемі мен тереңдігі бойынша шектелген жарақаттар, қол буындарының шығып кетуі жатады.

Жеңіл зардап шеккендердің көбісінде жалпы жаағдайы қанағат, өмір мен денсаулық үшін болжам қолайлы.

Орташа ауыр жарақаттар бас миінің жеңіл және орта дәрежелі соғуларды, екі көздің жеңіл жарақатын, жұмсақ тіндердің аумақты жа- рақаттануы, бір немесе одан көп қабырғалардың біржақты сынуын, жабық пневмотораксты, ішкі ағзаларға зақым келтірмей жамбас сүй- ектерінің оқшауланған сынуы, қолдың, табанның ашық сынықтарын, аяқтардағы буындардың шығып кетуін, жұлынның зақымысыз омы- ртқа денелері мен өскіндерінің сынуын қамтиды.

Орташа ауыр жарақаттарымен зардап шеккендердің жалпы жағдайы қанағат немесе орташа, өмір мен денсаулық үшін болжаммедицина- лық көмектің уақыттылығымен және тиімділігімен анықталады.

Ауыр жарақаттарға бас миінің ауыр соққылары, кеуде, іштің ішкі органдарының зақымдануымен жарақаттары, тамырлар мен жүйкенің зақымдануымен жұмсақ тіндердің ауқымды жарақаттануы, ірі буын- дардың ашық пен жабық зақымдануы, жамбас сүйектерінің көптеген жабық және ашық сынықтары жатады.

Зардап шеккендердің жалпы жағдайы ауыр немесе өте ауыр, өмір мен денсаулық болжамы күмәнді, қажетті медициналық көмек көр- сетілген кезде ғана сауығып кетуі мүмкін.

Өте ауыр жарақаттарға бас сүйегінің, ішкі органдарының, аяқ-қолдардың көптеген және қосарлас жарақаттары, жұлынның зақымдалуымен омыртқаның мынуы, ұзақ қысылу синдромы, жаншылғау, тыныс алу функцияларының, қан айналымының терең бұзылуымен аяқ-қолдың жұлынуы, естен тану жатады.

Зардап шеккендердің жалпы жағдайы өте ауыр, өмір үшін болжам қолайсыз.

Жарақаттардың асқынуы. Ерте немесе тікелей және кейінгі немесе қашықтықтағы болып бөлінеді.

Ерте асқынулар бірден жарақаттан кейін туындайды және шұғыл медициналық көмекті талап етеді. Оларға травматикалық шок, қан кету, кеуденің ауыр зақымдары кезінде жедел тыныс жеткіліксіздігі, ұзақ қысылу синдромы кезіндегі жедел бүйрек жеткіліксіздігі, травматикалық кома жатады. Кейінгі асқынуларға инфекциялық асқынулар, көбінесе іріңді жара инфекциясы жатады.

Травматикалық шок. Бұл механикалық жарақаттардың ауыр сал- дары – зардап шеккен адамның барлық органдар мен ағза жүйелері қызметінің бұзылуымен сүйемелденетін ағзаның зақымға жалпы тән емес реакциясы. Шоктың туындауы және оның көрінуі жарақаттың ауырлығына, ауырсыну факторының күші мен ұзақтығына, жарақат сәтінде қан жоғалтуына, зардап шеккеннің психоэмоциялық жағдайына байланысты.

Әсіресе шок қимыл-тірек аппаратының және іштің, кеуденің, жам- бастың ішкі органдарының көптеген және қосарлас зақымдалуы кезінде дамиды. Шоктың асқынуына келесі факторлар себепші болады: қайталанатын, тіпті шамалы қан кетулер; медициналық көмекті кеш көрсету; сүйектер сынған кездегі нашар иммоби¬лизация немесе оның болмауы; дөрекі тасымалдау, таңу кезінде қайта жарақаттану; аса суып кетушілік, қызып кету, қлжырау, ашығу.

Травматикалық шоктың дамуында екі фазаны айырады: эректильді және торпидті.

Эректильді фаза қысқа мерзімді және сирек кездеседі. Ол үшін сөйлеу мен қозғалудың қоздырылуы, бозару, пульстің жиілінуі, қалып- ты немесе шамалы жоғары артериялық қысым және жиіленген тыныс тән.

Торпидті фаза, бірнеше минуттан көп сағатқа дейін созылады, жалпы тежеулігімен, есті сақтаумен, терінің сұр-қоныр реңмен боза- руымен, жиі әлсіз пульспен, төмен артериялық қысыммен, беткі жиы тыныс алумен, шығарылатын зәрдің мөлшерінің азаюымен, суық термен сипатталады.

Зардап шеккен адамның жағдайының ауырлығына және бірінші ке- зекте артериялық қысымның (АҚ) деңгейіне, пульстің жиілігі мен са- пасына байланысты, зақымдардың сипаты мен ауқымын есепке алып, шок үш ауырлық дәрежесіне бөлінеді.

Бірінші дәрежелі шок (жеңіл). Орташа ауыр зақымдар, жиі оқшауланған, жалпы жағдайы орташа ауыр, бірақ ауыр болуы мүмкін, бағдарлануы мен есі сақталған, қозғалу мен психикалық тежеулігі орташа, бозарыңқылығы орташа. Пульс минутасына 90 – 100 соққы, ең жоғары артериялық қысым төмендетілген (сын. бағ. 90 мм төмен емес). Медициналық көмекті уақытылы көрсеткен кезде болжам, әдеттегідей, қолайлы.

Екінші дәрежелі шок (орташа ауыр). Зақымдар ауқымды, жиі көптеген. Жалпы жағдайы ауыр, бағдарлануы мен есі сақталған, бозарыңқылығы анық, қозғалу мен психикалық тежеулігі, диурездің төмендеуі, пульс минутасына 100 – 120 соққы, АҚ әлсіз, АҚ сын.бағ. 90 – 80 мм төмен. Болжам күмәнді.

Үшінші дәрежелі шок (ауыр). Зақымдар ауқымды, көптеген немесе қосарлас. Жалпы жағдайы өте ауыр, есі сақталған, күрт қозғалу мен психикалық тежеулігі, бозарыңқылы анық көгерген, пульс минутасына 120 – 160 соққы, аритмиялық, АҚ сын.бағ. 75 мм төмен, тыныс алу беткі, жиі, диурез төмен, тіпті толық жоғалуына дейін.

Егер зардап шеккенді ауыр шоктан шығара ламаса, онда содан кей- ін терминалдық күйге түсуі мүмкін.

Травматикалық шоктың даму ерекшеліктері жарақатты алған жерінде барынша ертерек жүргізілетін алғашқы медициналық көмек көрсету іс-шаралардың маңыздылығын анықтайды. Ең алдымен шоко- гендік факторлардың жалғасып жатқан әсерін жою қажет, олсыз басқа шокқа қарсы шаралар тиімсіз болады. Нақты айтқанда, бір жағдайлар- да зардап шеккен адамның үстіндегі жанып тұрған киімін дереу өшіру қажет, басқа жағдайларда зардап шеккен адамды үйінділердің астынан шығару және аяқ-қолдың, жамбастың, кеуденің қысылуын жою қажет. Содан соң дереу сыртқы қан кетуді тоқтату және цианозбен, терінің күрт бозаруымен, сақыр-сақыр аритмиялық тыныс алумен белгіле- нетін асқынған тыныс алу бұзылушылықтары. Соңғыларын жою үшін ауыз бен жұтқыншақтың қуысын саусаққа оралған таза матамен неме- се бет орамалымен сүрту керек және зардап шеккендерді тыныс алуды жеңілдететін күйге отырғызу керек. Ашық пневмоторакс кезінде ок- клюзиялық таңғыш салу қажет. Қан кету тоқтағаннан кейін және ты- ныс алу бұзушылықтары жойылғаннан кейін алғашқы медициналық көмектің басқа шараларына ауысуға болады (ауырсынуды басу, таңу, қол асты құралдарымен көліктік иммобилизация).

Дәрігерге дейнгі көмекті көрсеткеннен кейін зардап шеккендерді абйалап көлік құралдарымен дереу эвакуациялау қажет.

Жара

Жара – тері немесе шырышты қабықтар тұтастығының олардың барлық қалындығына бұзылуымен тіннің механикалық зақымдануы.

Жараның басты белгілері – аурады, жара шеттерінің айырылуы және сыртқы қан кету.

Жаралар беткі, терінің тұтастығы ғана бұзылатын және терең, терең жатқан түзілімдердің бұзылуымен – тері асты-май жасұнықтың, бұлшықеттің, сүйектердің, буындар мен ішкі ағзалардың бұзылуымен сүйемелденетін болып бөлінеді.

Терінің толық зақымдалмауы терінің сыдырылуы деп аталады.

Жаралану нәтижесінде пайда болған, араның қабырғасы мен түбімен шектелген, тіндегі кеңістік жара қуысы деп аталады. Жара қуысының өлшемдері жаралайтын заттың мөлшері мен пішініне, тін- ге өтіп кету тереңдігіне, сонымен қатар тіннің зақымдану аймағында тартыну қабілетінің дәрежесіне байланысты. Жараны сыртқы орта- мен және терең жатқан түзілімдермен қосатын жара қуысының бөлі- гі жара каналы деп аталады.

Каналы құрсақ, плевралды және басқа қуыстарға өтетін жаралар ойық жара деп аталады.

Жара қуысы бос кеңістік болып келмейді. Оның ішінде әрқашан ұйылған қан, зақымдалған тіннің қалдықтары, ал жеке жағдайлар- да – бөтен заттар болады (киімнің үзінділері, топырақтың, ағаштың бөлшектері, металл заттар және өзг.).

Жаралардың түрлері. Жаралар жаралану аймағындағы ана- томиялық бұзылыстардың ерекшеліктеріне байланысты түрлерге бөлінеді. Жаралардың келесі түрлері болады: шаншылған, кесілген, шабылған, соғылған, жаншылған, жыртылған, тістелген, атылған және аралас.

Шаншылған жаралар үшкір жіңішке заттармен жасалады (шеге- мен, бізбен, сыммен, тігін инемен, балытың сүйегімен және басқ.). Олар кішкентай, кей кезде нүкте өлшемімен және жіңішке, ұзын жара каналымен ерекшеленеді. Шаншылған жараның түбінде ірі қан тамыры зақымдалуы, бұл ретте жара каналы тар болғандықтан қатты қанау болмауы да мүмкін, ал қан тереңдікте ауқымды гемато- маны қалыптастырып жиналуы мүмкін. Іштің немесе кеуденің шан- шылған жаралары жиі ойық болып келеді және ішкі органдарының зақымнауымен сүйеменлденуі мүмкін.

Кесілген жаралар өте жіңішке заттың сырғанау қозғалысынан пайда болады (пышақтың, ұстараның жүзімен, шының шетімен және басқ.). Олар тереңдіктен көрі ұзындығы басып болатынымен және тегіс шеттерімен сипатталады. Қабырғаларының және жара қуысы түбінің тіндері тішілікке икемді, некроз учаскелері жоқ және орташа қансырайды. Жара қуысының тереңдігі шамалы болса, жа- раның қуысы шаншылған-кесілген деп аталады.

Шабылған жаралар ауыр өткір заттардың соққысынан пайда болады – балтамен, күрекпен, орақпен және басқ.. Терімен және тері астындағы май қабатымен қатар көптеген жағдайларда иерең жатқан анатомиялық түзілімдер де – ұлшықеттер, сүйектер, буындард да зақымдалады. Шабылған жаралар әр қашан үңірейді, қан қатты ағады, шеттері тегіс болады.

Жаншылған жаралар теріні ғана емес, астында жатқан тіндердің де механикалық беріктігінен асатын доғал затпен қатты соққан кез- де пайда болады. Тіндердің зақымдануы оларды езу және үзу ме- ханизмі бойынша, олардың тіршілік әрекетінің жоғалуымен және ауқымды некроздың туындауымен өтеді.

Соғылған жаралар – доғал затпен соққан немесе доғал затқа құлаған кездее пайда болады. Соғылған заттардың пішіні әрқашан дұрыс емес, шеттері тегіс емес, кетіктелген, қанмен толған және алғашқы некроз учаскелерін қамтиды. Жараның пайда болуымен бір уақытта айналадағы терінің және терең жатқан тіндердің және олардың қан тамырларының зақымдалуы болады. Қан тамырлары тромбталады, соғылған тіндердің тіршілік әрекеті бұзылады, бұл ке- лесіде тері шетіндегі және жараның ішіндегі қайталама некроздың туындауына әкеледі.

Жыртылған жаралар әртүрлі механизмдердің, трансмиссиялар- дың, жол-көлік апаты кезінде қозғалып жатқан бөліктеріне тиген тіндердің қатты созылу салдарынан пайда болады. Олар шеттерінің дұрыс емес, қиықты пішінімен, терінің тері астындағы-май жасұ- нықпен бірге тіннің ауқымды ақауын қалыптастырып үзілуімен си- патталады. Соңғылары топырақпен, майлау заттарымен және басқ. кірленуі мүмкін. Тіннің ауқымды қиықты толық және жартылай то- лық бөлігі бар жыртылған жаралар скальпельденген деп аталады.

Тістелген жараларең алдымен жануарменадамныңауызқуысын- дағы әртүрлі вируленттік микробтардың көп мөлшері салдарынан алғашқы инфекция жұқтырудың жоғары дәрежесімен сипатталады. Сондықтан тістелген жаралар нашар жазылады, іріңдеуге бейімді. Жануардың тістеуінен ең ауыр асқынуы құтыру ауруы болып табы- лады – жабайы жануарлардың арасында тараған вирустық инфек- ция. Үй жануарлары (мысықтар, иттер және басқ.) тістеген кезде соңғылары тістеу кезінде немесе құтыру вирусы жұққан жануар- дың сілекейі адамның жарасына тиген кезде, ол аурудың тасымал- дауышы болады. Бұл жағдайларда антирабикалық сарысуды енгізу қажет. Терінің және терең жатқан тіндердің адам тістеген кездегі си- патты зақымдар сот-медициналық сараптама үшін маңызы бар жеке ерекшеліктермен ерекшеленеді.

Атқан жаралар атқыш құралдардың снарядтарымен (оқ, дробь) немесе жарылыс әсері бар оқ-дәрілермен (снарядтардың, миналар- дың, бомбалардың, гранаттардың, қолдан жасалған жарылыс құрал- дардың және басқ. сынықтары) жасалады. Оқпен жаралау өтпелі, кіру мен шығу жара тесігінің қалыптасуымен немесе «соқыр», кіру жарасы ғана бар, ал оқ тіннің тереңдігінде қалып қойған кезде бо- луы мүмкін. Оско¬лочные ранения в большинстве случаев являются «слепыми». Оқ жараларының пішіндері домалақ, жарқыншақ жаралар тегіс емес қиыр шеттерімен сипатталады.

Атқан жаралардың ерекшелігі жара тесігінің кішкентай өлшемі мен жара қуысының зақымдалған тіндерінің үлкен шамасы арасын- дағы сәйкессіздік болып табылады. Қуыс әдетте ұйған қанға, әдетте- гі жасушалы құрылымын жоғалтқан өлген тіндерге толы болады (тін детриті). Оның ішінде сүйек сынықтары, киім үзіндісі және басқа бөтен заттар болуы мүмкін.

Жара қуысының айналасында тіндердің травматикалық некрозы- ның аймағы орналасқан.

Оқ ату снарядының жылдамдығы мен оның кинетикалық энерги- ясы жоғары болған сайын, тіндердің бұзылуы ауқымдырақ болады.

Аралас жараларжаралардыңбірнешетүрінің белгілерін қамтиды. Жараның жазылуы. Барлық әртүрлі жаралар іріңдеп немесе іріңдемей жазылады. Бірінші түрі – алғашқы тартумен жазу, екінші

– екінші тартумен жазу.

Алғашқы тартумен жазу тек қана кесілген тіршілік қабілеті бар және шеттері қанмен жақсы қамтамасыз етіліп жатқан және шан- шылған жараларда болуы мүмкін. Егер мұндай жаралар қайтада ми- кробтық кірленуден қорғалған болса, ал шеттері жақсы жабылған болса, онда жазу іріндеусіз өтуі мүмкін.

Екінші тартумен шеттері қисық, шеткі некроз учаскелері, терінің ақауы бар, сондай-ақ патогендік микробтармен ластанған жара- ларды жазады. Оларға барлық соғылған, жыртылған, жаншылған, жарқыншақ, тістелген жаралар жатады.

Екінші тартумен жазу процессі жараның қабынуы мен өзін өзі тазартудан басталады. Бұл кезенде жара қуысының қабырғасы мен түбіне тікелей жанасатын, тіндегі ұсақ қан тамырлары кеңееді. Кеңейтілген капиллярлардың жұқа қабырғалары арқылы жара қуы- сына қанның сұйық бөлігінің (экссудация), лейкоциттер мен лимфа- лардың шығуы болады.

Жараға түскен микробтар бөлетін ферменттердің әсерінен тін- нің өлген учаскелерінің жұмсаруы, ыдырауы және шеттетуі өтеді. Жара қуысының айналасында орналасқан лейкоциттер, лекоци- тарлық толқыны микробтардың жара шегінен тыс таралуына жол бермейді. Шеттетілген некротикалық учаскелер микробтардың де- нелерімен және ірің түріне айналатын лимфалармен бірге жарадан жойылады. Жараның іріңдеуі жараланудан кейін төртінші-бесінші күндері шығады және жараның өзін өзі тазартуға бағытталған ағза- ның қорғау-бейімделу реакциясы болып табылады.

Жара некротикалық тіндерден өзін өзі тазартқан сайын жара қуы- сын біртіндеп түбінен және қабырғаларынан бастап толтыратын, жас дәнекер тіннің қалыптасуы мен өсуі (түйіршіктенуі)болады.

Пісіп, түйіршіктер тығыз тыртық ұлпаға айналады. Бұл ретте оның талшықтары қысқарып, жараның шеттерін қосып, тартылады. Сонымен бірге шеттерінен жара қуысын толтырған түйіршік тінді біртіндеп жабатын эпителий өседі. Жаңа тері жжамылғысында шаш, май без бен тері бездері жоқ, ол тікелей тыртық ұлпада орналасқан және онымен тығыз дәнекерленген.

Эпителийдің өсу жылдамдығы жара шетінен 7-10 күн ішінде бар болғаны 1 – 1,5 мм құрайды. Сондықтан терінің ақауы бар кең жа- ралар баяу жазылады. Тізенің алдынғы бетіндегі, құйымшақтағы, өкшедегі жаралар ұзақ жазылады, өйткені бұл жерлерде терінің астында сүйек оррналасқан және әртүрлі себептерден қан айналымы төмен. Жаралардың тез жазылуына зардап шеккен адамның жалпы жағдайы да әсер етеді. Ауыр аурулармен ауырған, авитаминозы бар, диабетпен ауратын адамдарда жаралардың жазылу қарқыныбаяу.

Жаралардың қайталама инфекциясы түйіршіктердің ыдырауына, жас эпителийдің балқуына әкелуі және жараның жазылуын тежеу мүмкін.

Жаралардың асқынулары. Қан ағуы. Әр жарақатталған кез- де қан тамырлары зақымдалып, қан аға бастайды. Зақымдалған қан тамырының түрі бойынша қан ағулар артериялық, күре тамырдан, капиллярлық және аралас (артерио¬веноздық) болып бөлінеді. Ішкі органдардан капиллярлық қан ағу паренхиматозды деп аталады.

Ірі (магистралды) артерия жараланған кездегі артериялық қан ағу үңірейген жарадан қызыл түсті қан ағынның шығарылуымен сипатталады; күре тамырдан қан аққан кезде жарадан күңгірт қы- зыл түсті қан біркелкі ағады; капиллярлық қан ағулар ұсақ тамырлар зақымдалған кезде пайда болады.

Паренхиматозды қан ағулар артериялық пен вена капиллярларының тарамдаған желісі бар, іштің (бауыр, көкбауыр, бүйрек) паренхиматозды органдары зақымдалған кезде болады.

Қан ағу пайда болған уақыты бойынша олар алғашқы мен қайталамаға бөлінеді.

Алғашқы қан ағу бірден қан тамырын жаралағаннан кейін пайда болады, қайталамасы – қан ағуды кенетен тоқтатқаннан немесе оны емдеу тәсілдердің көмегімен тоқтатқаннан кейін біршама уақыт өткен соң пайда болады.

Әдетте қайталама қан ағуларға екінші тәулікте немесе одан кеш мерзімде туындайтын қан ағуларды жатқызады.

Алғашқы қан ағу арасында жиі артериялық-веналық және күре тамырдан қан ағулар кездеседі, қайталама қан ағулары көбінесе ар- териялық, сирек паренхиматозды болып табылады.

Қайталама қан ағулардың себебі – алдында салынған жгут босап кеткен, аяқ-қолдың иммобилизациясы болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде, зардап шеккен адамды тасымалдау уақытында жиі және дөрекі орнын ауыстыру салдарынан зақымдалған қан тамы- рының тесігінен қатпаған тромбтың шығуы. Қайталама қан ағулар қатарына инфекцияланған жарадағы қан тамырының қабырғасына бөтен заттың немесе сүйек сынығының тұрақты қысымына бола туындайтын, тамыр қабырғасының тесілуіне әкелетін қан ағулар да жатады.

Қайталама қан ағулар, әсіресе артериялық, қауіптілерге жатады, өйткені ол қан жоғалтқан, оны өтьеу механизмі әлсіз зардап шеккен адамда пайда болады.

Қан ағу жері бойынша қан жара арқылы сыртқа аққан кезде сыртқы және қан тінде немесе ойық жара болса – қуыстарда жиналса, ішкі болады.

Қан терінің астына немесе бұлшықеттің қаптамасы астында (фасция) аққан жағдайда, тіндерде қанның шектелген жиналуы (ге- матомалар) қалыптасады. Бір қатар жағдайларда үлкен өьшемдерге жеткен кезде, гематомалар бұлшықеттерді және қасында орналасқан қан тамырлары мен жүйкені қыса бастайды, бұл айналадағы тіннің қоректенудің бұзылуымен сүйемелденуі мүмкін.

Жаралардың өмір үшін қауіпті асқыну, көп жағдайда ірі артери- яның зақымдануынан болатын қатты сыртқы қан ағу болып табылады. Техногендік апаттарда қатты сыртқы қан кету салдарынан қан жоғалту, жағдайлардың жартысында зардап шеккеннің қаза болу се- бебі болып табылады. Сондықтан қан кетулерді ерте диагностикалаудың маңызы ерекше. Ірі артерияның жараланудың негізгі белгілері: жараланған адамның қарқынды және қысқа уақытта киімнің қанмен сулануы;

қанның зардап шеккен адамның аяқкиімінде, қасында жерде жи- налуы;

дененің ашық жерлеріндегі терінің күшейіп жатқан бозаруы (бетінің, қолдарының);

жалпы әлсіздіктің, бас айналуының, жүрек айнудың тез пайда болуы;

жараның ірі артериялардың проекциясында орналасуы.

Магистральды артериялардың ең жиі зақымдануы жаралар иықтың орта немесе төменгі үштен бір бөлігінің ішкі бетінде және жамбастың алдынғы ішкі бетінде орналасқан кезде ең жиі кездеседі.

Сиректеу ірі артериялардың зақымдануы қолтық, бұғана асты және тізе асты аймақтарында жараларды оқ- шаулаған кезде туындайды.

Күре тамырдан қан ағу күре тамыр қанының қысымы төмен болғандықтан және күре тамырларының оңай түсетін жіңішке қабы- рғаларына бола өмір үшін өте қауіпті емес, бұл күре тамырдың тез тромбалауына себепші болады.

Дегенмен ірі күре тамыр ды жаралау қанның көп жоғалтуына әкелуі мүмкін.

Ірі күре тамырларының жараланудың басқа қаупі ауа эмболиясы- ның мүмкін болуы, яғни қан ағынымен тамырдың тесігіне ауа көпір- шіктерін сорып алу. Бұл ретте ауа тығындары маңызды тамырлардың тесіктерін жауып тастауы мүкін, бұл қанның қан айналымы жүйесі бойынша қалыпты айналуына қауіп төндіреді. Бұл жағынан мойын мен кеуде тамырларының зақымдануы ерекше қауіпті болады.

Қан ағуды уақытша тоқтату. Көп жағдайларда ірі және орта өлшемді тамырлардан қан ағуды тоқтатудың практикалық маңызы бар. Ұсақ қан тамырлары зақымдалған кездегі қан ағулар таңғыш салып тоқтатылады.

Ірі артериялардың зақымдалуы кезінде қан тоқтатудың маңызы зор. Мұндай қан ағулар бірнеше минут ішінде зардап шеккен адамның көп қан жоғалту салдарынан өліміне әкелуі мүмкін.

Магистральдік артерия жараланған кезде қанды дереу тоқтату қа- жет. Кез келген кідірісті жағдайға қарамастан жіберуге болмайды. Артериялық қан ағуды уақытша тоқтату үшін келесі тәсілдер қолданы- лады (13.1, 13.2 сур.): бірнеше саусақпен немесе екі қолдың үлкен са- усақтарымен, бір саусақты екіншісінің үстінен қойып, «типтік жерде» зақымдалған жерден жоғары астындағы сүйекке артерияны саусақпен қысу;

жамбас артериясын қысу жұдырыққа қысылған саусақтармен шап- тан төмен шат сүйегіне жүргізілуі мүмкін;

Артериялық қан ағуды уақытша тоқтатудың ең тиімді тәсілі қан тоқтату жгутты салу болып табылады.

Стандартты жгут болмаған кезде қол астындағы құралдар қолда- нылуы мүмкін – белдіктер, байламдар, шарфтар, олардан «бұрама» түрінде импровизацияланған жгут жасалады.

Мүмкіндік болған кезде импровизацияланған жгут стандартты жгутқа ауыстырылуы тиіс.

Жгутты салған кезде келесі ережелерді сақтау қажет:

жгуты аяқ-қолдың қансыздануын барынша кішірек жерімен шектеу үшін, мүмкіндігінше зақымдалған жерге жақынырақ салады;

жгутты салу жерун киіммен, жұмсақ төсенішпен, бірнеше қабат бинтпен қорғау керек;

жгутты созады және созылған күйде бір біріне тікелей жатқызып 2-3 рет орайды.

Жгутты салғаннан кейін зардап шеккен адамның киіміне көрінетін жерде жгутты нақты салған уақыты көрсетілген жазбаны қалдырып, аяқ-қолын мұқият иммобилизациялау керек.

Жгутты таңғышпен жабуға болмайды, ол жақсы көрінуі, көзге түсуі тиіс. Аяқта жгут 2 сағат көп, ал қолдарда – 1,5 сағаттан көп болмау керек. Жылдың суық мезгілдерінде аяқ-қолды жгутты салғаннан кейін үсіп кетуіне жол бермеу үшін жылы орап қою керек.

Жгут салынған зардап шеккен адам қан ағуын тоқтату үшін бірін- ші кезекте эвакуациялануы тиіс. Эвакуация кідірген кезде, алдын ала жгуттан жоғары жерде артерияны саусақпен қысуды тегістеп, жгутты сәл босатады, ал содан соң оны қайтадан алдында орналасқан жерінен шамалы жоғары қайтадан тартып қояды.

Күре тамырдан қан ағулар артериялық қан ағуға қарағанда жиі кез- деседі және көбінесе аяқ-қол жарақаттаған кезде болады. Көп жағдай- ларда күре тамырдан қан ағуды тоқтату қандай да арнайы құралдар мен шараларды қабылдауды талап етпейді. Оған күре тамыр қан та- мырларының анатомиялық құрылысы мен қанның күре тамыр жолы бойынша баяу ағуы себепші болады.

Аяқ-қолдың күре тамырлары зақымдалған кезде қан ағуды тоқтату- дың негізгі тәсілдері:

аяқта жара болған кезде зардап шеккен адамды жатқызады және зақымдалған аяғын созылып тұрған күйде 5-7 минутқа 40-50 см-ге кө- теріп қояды. Содан соң аяқтарын түсірмей, жараға басатын таңғышты салады;

қолдың жарасын оқшаулаған кезде қолды тік ұстап тұрады, 5-7 ми- нуттан соң таңғыш салады.

Жараның хирургиялық инфекциясының алдын алу. Анти- септика және асеп¬тика. Жараның іріңдеп асқынулары. Кездей- соқ жараларға әрқашан микробтар кіріп кетеді. Олар жараны қоршаған теріден, киімнен, жол-көлік оқиғасы кезінде, техногендік апат кезінде жол шаңымен, теріге өтетін бөтен затпен түседі.

Әрбір кездейсоқ жарада микробтардың заңды болуы «жараның микробтық ластануы» терминімен белгіленеді. Микробтық ластану құрамында сапрофиттер де (тірі және өсімдік тектес өлі қалдықтармен қоректенетін микроағзалар), ауру тудырушы әрекеттегі микробтар да (сіріспе, ішек таяқшалары, кокк тобының микробтары және т.б.) бар.

Зақымданған тіндердің қорғаныс қасиеттерін сақтаған және қа- жетті емдік құралдарды (жараны зарарлы таңғышпен ерте жабу, жараға түсіп кеткен бөтен заттарды жою, қажетті дәрілік заттарды пайдалану және т.б.) уақтылы және дұрыс қолданған кезде инфекци- ялық асқынуларсыз жара процесі қолайлы өтуімүмкін.

Жаралардың хирургиялық инфекциясының алдын алуда анти- септика және асептика негізгі рөлді ойнайды.

Антисептика жара немесе адам ағзасында орналасқан микроб- тармен күресуге арналған шаралар кешені болып табылады.

Антисептиканың кез келген тәсілін қолдану жарадағы немесе на- уқас адамның ішкі мүшелеріндегі микробтардың толық жойылуы- на алып келе алмайтындығын есте сақтаған жөн. Антисептикалық құралдар жарадағы микроағзалар мөлшерін азайту, олардың дамуын баяулату немесе зақымдалған тіндерден жою мақсаттарында пайда- ланылады. Мұнымен инфекци¬ялық процесті ескертуге, оның тара- луын азайтуға және жараның тегіс жазылуын қамтамасыз етуге қол жеткізіледі. Анти¬септиканың бірнеше түрін ажыратады.

Механикалық антисептика алғашқы медициналық көмек көрсет- кен кезде таңғыш салудың алдында жара бетінен жердің кесектерін және киім қиындыларын жоюдан құралады. Бұл тәсілмен жара беті- нен микробтардың айтарлықтай мөлшерін жояды.

Әрі қарай жараны хирургиялық емдеген кезде бөтен заттарды, қан ұйындыларын және микроағзалар үшін қорек субстраты болып табылуы мүмкін барлық басқа тіршілікке қабілетсіз тіндерді алып та- стайды. Мұндай операция жараны хирургиялық өңдеу деп аталады.

Физикалық антисептиканың мақсаты жарада микробтар дамуына қолайсыз, олардыңуыттарын және шірік тіндердің ыдырауөнімдерін сіңірудің азаюына әрекеттесетін жағдай тудыру болып табылады.

Бұл мақсатқа гигроскопиялық дәкеден және мақтадан жасалған таңғыштарды, дәке тампондарды, резіңке және пластмасс түтіктер- ден жасалған дренаждарды қолданумен қол жеткізіледі. Осындай тәсілдермен жара ішіндегісінің таңғышқа немесе дренаждар арқылы сыртқа кетуіне және жараның тазалануына қол жеткізіледі.

Физикалық антисептика құралдары ретінде сондай-ақ ультра күл- гін сәулелену, лазер, ультра дыбыс пайдаланылады.

Химиялық антисептика микробтарға химиялық заттардың (анти- септиктердің) әсер етуден құралады. Нәтижесінде бактериялар не өледі (антисептиктердің бактерицидті әсері), не болмаса олардың да- муы және көбеюі баяулайды (бактериостатикалықәсері).

Антисептиктер негізінен жақпалар, жараларды суландыру және жуып-шаю түрінде қолданылады. Антисептиктер теріге инъекция түрінде сирек егіледі.

Антисептиктерді ішке қабылдауға беруге, сондай-ақ тыныс алу жолдары енгізуге (ингаляциялар) болады.

Биологиялық антисептика препараттардың екі тобын пайдалану- дан құралады:

микробтық жасушаға немесе оның токсиндеріне тікелей бактери- цидті әсер ететін (антибиотиктер, бактериофагтар, фитонцидтер);

макроағза иммунитетін көтеру және сонымен оның қорғаныс қа- сиеттерін күшейтумақсаттарында орташаәсерететін. Оларғаиммун- дық антибактериалдық және антитоксинді сарысулар, вакциналар, анатоксиндер, иммуноглобулиндер, қан плазмасы және т.б. жатады.

Антисептиктер қолданудың барлық түрлерінде макроағза және оныңтіндеріүшін қауіпсіз болуыжәне қатаңтүрде мөлшерленуі тиіс. Жаралардың инфекциялық асқынуларының алдын алу өзіне тек жараның ішіндегі микробтармен күресуді ғана емес, сонымен қатар олардың хирургиялық опе¬рациялар, инъекциялар кезінде, сондай-ақ ашық жараларкезіндедәрігергедейінгікөмеккөрсетукезінде тіндер- ге түсуін ескертуді қамтиды. Осы мақсатта әртүрлі физикалық және химиялық әдістер пайдаланылады, сондай-ақ ұйымдастырушылық және гигиеналық іс-шаралар жүргізіледі. Жараға микробтар түсудің ескертуге бағытталған шаралардың бүкіл жүйесі асептика деп аталады.

Асептика – алғашқы медициналық көмек көрсетуден бастап жа- раларды емдеуде медициналық тәжірибе сүйенетін негіздердің бірі.

Асиптикаға немқұрайлық, салақ қарау әрекеттеріне жол бергісіз, себебі ауыр асқынуларға сөзсіз алып келеді.

Асептиканың мақсатына микробтардың жараға түсудің негізінен байланысты жолын үзумен қол жеткізіледі. Байланысты инфекция- ның адын алу асептиканың негізгі заңына негізделеді: жарамен жа- насуға түсетіннің барлығы микробтардан бос, яғни зарарлы болуы тиіс.

Сәйкесінше, байланысты инфекциямен күресудің мәні жараны бетпен байланысқа түсуі мүмкін заттарды зарарсыздандыру болып табылады.

Қазіргі таңда зарарсыздандырудың кеңінен таралған тәсілі радиаци- ялық (сәулелік) зарарсыздандыру болып табылады, оның негізінде бір рет қолданылатын медициналық бұйымдар дайындалады: инелерімен поли¬мер шприцтер, қанды және қан алмастырғыш ерітінділерді құюға арналған жүйелер, зондтар, дренажды түтіктер, катетерлер, сондай-ақ таңу материалдары. Осы бұйымдарды зарарсыздандыру үшін иондайтын сәулеленудің радиациялық (сәулелік) зарарсыздан- дыру деп аталатын түрінде бактерицидті әсерін пайдаланады.

Зарарсыздандыру әсеріне бета- және гамма-сәулелер ие, олардың дереккөздері ретінде радиоактивті нуклидтер қызмет етеді. Сәулелік зарарсыздандыруға дайындалған бұйымдар, негізінен пластмастан жасалған, басында полиэтилен қабыққа герметикалық қаптайды, со- дан кейін иондаушы сәулелену көзімен камераларда зарарсызданды- рады.

Радиациялық зарарсыздандырудың көптеген басымдылықтары бар. Ол жоғары температураны көтермейтін материалдардан жа- салған бұйымдардың зарарлылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік бе- реді, ауа және ылғал өтпейтін қаптамаларда жүзеге асырылады, ол зарарлы заттарды ұзақ уақыт, қаптамада бүтін болған кезде дерлік, сақтауға кепілдеме береді.

Стационарлы және амбулаторлықмедициналық мекемелерде тер- миялық зарарсыздандыру – микробтарға жоғары температураның әсер етуі (қысым астында зарарсыздандыру, автоклавтау, құрғақ бу- мен зарарсыздандыру), ал жеке жағдайларда химиялық заттармен (салқын зарарсыздандыру) жүргізіледі.

Жаралардың көптеген асқынулары зақымдалған тіндерге жара- ның микробтық ластануын құрайтын микроағзалардың түсуімен шарттанған. Оларға жараданған кейін біраз уақыттан соң жараға түскен микробтар жатады. Бұл жара ұзақ уақыт ашық қалса, зарарлы емес таңғышпен жабылса, жаралар тікелей қолдармен жанасса, сон- дай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде асептиканың басқа бұзылулары кезінде.

Екінші рет микробтық ластану қауіптілігі оның құрамында көбі- несе хирургиялық инфекцияның ауыр түрлерін тудыруы мүмкін па- тогенді микроағзалар – стафилококктар, ішек таяқшалары болуынан құралады.

Инфекциялық асқынуларға негізінен некроздың ауқымды жерлері және жиі бөгде заттары бар үлкен терең жаралар шалдыққыш.

Жаралардың іріңді инфекциясы. Инфекциялық асқынулардың барлық түрлерінен іріңді инфекция ең көп кездеседі. Жарадағы ірің- деу процесі әртүрлі микробтармен тудырылуы мүмкін, бірақ көпте- ген жағдайларда іріңді жарада стафилококктар мен стрептококктар, едәуір сирек ішек және көкіріңді таяқшалар байқалады.

Жарадағы микробтардың рөлі токсинденр бөлуден құралады, олардың әсерінен шірік тіндердің ыдырауы және балқуы жүзеге асады. Өлі тіндердің балқыған жерлері, микробтық денелер, өлі қан жасушалары (лейкоциттер) лимфамен және тіндік сұйықтықпен ара- ласып, жара арқылы сыртқа бөлінетін ірің түзеді. Ірің бөлінуі бөгел- ген кезде микробтардың жара шегінен тыс таралуы және некроздың жаңа жерлерінің түзілуі жүзеге асады. Бір мезетте қанға микробтық токсиндердің және ірің тектес ыдырау тіндері өнімдерінің сіңуі жүзеге асады, ол ағзаның улануының клиникалық белгілерімен айқын- далады.

Жарадағы инфекциялық процестің даму себебі тек микробтар ғана емес, тіндердің табиғи қорғаныс антимикробтық қасиеттері жоғалты- латын күйі де болып табылады. Бұл ретте микробтар құрамы өзге- реді, олардың көбеюі жылдамдайды және жара шегінен тыс таралуы күшейеді. Сәйкесінше, жара инфекциясы – микроағзалардың макро- азғалармен әрекеттесу процесі. Мұнымен жараның хирур¬гиялық инфекциясы микробтардың қатысуымен пайда болатын және емде- удің хирургиялық әдісін талап ететін патологиялық процесс ретінде сипатталады.

Жараның іріңді инфекциясының дамуына ең алдымен келесі фак- торлар әсер етеді:

жарадағы некроздың үлкен шамасы; жараның ауқымды микроб- тық ластануы; микробтардың айқын патогенділігі (уыттылық); жара аймағында тіндердің қорғаныс қасиеттерінің төмендеуі (алдымен қан айналымының бұзылуы);

алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмектің ақаулары (жараны зарарлы таңғышпен кеш жабу немесе зарарсыз таңу матери- алдарын пайдалану, қажетті қимылсыздандырудың жоқтығы).

Іріңді инфекция белгілері көптеген жағдайларда жараданудан кей- ін 5-7 тәул кейін айқындалады, бірақ қолайлы жағдайлар болған кезде микробтар 6-7 сағаттан кейін-ақ тіндерге уытты әсе етіп, өзінің тіршілік қабілеттілігін таныта бастайды, ол қабынуда көрінеді.

Жарадағы іріңді инфекция жалпы және жергілікті симптомдармен бірге жүреді. Жалпы симптомдар дененің жоғары тем¬пературасы, тамыр соғысының жиілеуі және кейде қалтырау болып табылады. Жалпы симптомдар ауырлығы жара өлшемдеріне, ііңді процестің та- ралуңына, микробтар уыттылығына және тіндердің ірің тектес ыды- рау өнімдерінің сіңу жағдайларына байланысты. Іріңдеудің ауқымды аймағында және ыдырау өнімдерінің ыдырау өнімдері тез сіңгенде температураның жоғарылауы өте жоғары болуы, ал қалтырау өте айқын болуы мүмкін. Кең және терең емес жарадан жара бөліндісі жақсы аққан кезде, температураның жоғарылауы, тахикардия сияқты жалпы симптомдар әлсіз көрінуі мүмкін.

Жергілікті симптомдарға жарадағы аурудың пайда болуы немесе күшеюі жатады. Жараны қараған кезде оның шеттерінің қызаруы, оны айнала айқын ісіну айқындалады, кейде лимфа жолдарының (лимфан- гоит) жүрісі бойымен қызыл жолақтар пайда болады, бұл ретте өңірлі лимфа тораптары (лимфаденит)ұлғаяды және ауыратын болады.

Жаралардың іріңді асқынуларын емдеу стационарлы емдеу меке- месінде жүргізіледі және әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануды талап етеді. Олардың ішінде ең маңыздылары келесілер болып табы- лады:

жара қусынан іріңнің еркін ағуы үшін жағдай жасау; тін некрозы- ның жаңа (екіншілік) жерлері жолмен хирургиялықжою;

жарадан бөлінген микробтар сезімтал антибиотиктерді қолдану; жоғары калориялы тамақтану;

алмастыру және ынталандыру мақсатында қан құю; толық құнды күту.

  • тарау
ЖҰМСАҚТІНДЕРДІҢ ЖАБЫҚ ЗАҚЫМДАЛУЛАРЫ. ҰЗАҚ ҚЫСЫЛУ СИНДРОМЫ

Жұмсақ тіндердің жабық зақымдалулары. Бұл жаралардың көп кездесетін түріне соғып алу, сіңірдің созылуы және үзілуі, буынды шығару жатады.

Соғып алулар – өтпейтін затпен соғып алғанда немесе өтпейтін затқа түсіп кеткенде пайда болатын жұмсақ тіндердің зақымдалу- лары. Тіндердің зақымдалу тереңдігі соққы күшіне және ауданына байланысты және тереңдігіне сүйек тысына дейін таралуы мүмкін. Соғып алудың сипатты белгілері – соғып алған жердің ісуі, қанта- лау және ауыру. Ірі тамырлар үзілген жағдайда тері астында қан- ның шектеулі жиналулары (гематомалар) түзілуі мүмкін. Соғып алу кезіндегі ісіну тіндер борпылдақ жасұнықтың көптеген мөлшерін қамтитын жерлерде (бет, тамырлар аймағы) аса қатты айқындалған. Тамырларды соғып алу біраз жағдайлар буын қуысына қан кетумен (ге¬мартроз) бірге жүреді, бұл ретте буын сұлбасы тегістеледі.

Соғып алу кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек қысып байлайтын таңғышты салумен, мұзымен көпіршікті соғып алған жерге қою- мен, аяқ-қолға жоғары күйді берумен қысқартылады.

Созылулар мен үзілулер происходят дененің бекітілген күйі кезіндегі тіндердің қатты созылуы нәтижесінде жүзеге асады. Тін- нің созылуға қабілетінен асатын күш оның үзілуін шектейді. Егер сыртқы жағынан анатомиялық бүтіндікті сақтаса, созылу пайда болады. Көбінесе табағ буыны сіңірлердің созылуы жүзеге асады, бұл ретте қатты ауру, айқын ісік және буын маңы тіндерге неме- се буын қуысына қан кету пайда болады. Алғашқы медициналық көмек соғып алу кезіндегідей сияқты шараларды қамтиды. Со- нымен қатар, буынды бес-алты күнге міндетті қимылсыздандыру.

Буын шығулар – буын қапшығының үзілуімен, буын маңы жұм- сақ тіндерінің, сіңірлерінің және жүйкелерінің зақымдалуымен бірге жүретін, буын қуысында жанасып тұрған сүйектердің тұрақты жыл- жуы жүзеге асатын буындардың зақымдалуы.

Жаранық буын шығарулар соққы, құлау кезінде, сондай-ақ буын- дағы қозғалыстардың физиологиялық көлеміне сәйкес келмейтін қимылды орындау талпынысы кезінде жүзеге асады. Көбінесе буын шығарулар иық буынында, содан кейін жиілігі кему тәртібімен білек, жамбас, табан буындарында жүзеге асады.

Буын шығару симптомдары әртүрлі, ең сипатты осы күйді та- банды кедергімен өзгертуге келмейтін аяқ-қолдың мәжбүрлі күйі – серіппелі бекіту симптомы болып табылады. Буындағы кез келген қозғалыстар қатты аурудан мүмкін емес.

Жараданудың алғашқы сағаттарында буын аймағының пішін өз- гертуі, кейде тері астылық қан құйылу көзге көрінеді, аяқ-қолдың қысқаруы байқалады.

Дәрігерге дейінгі көмек аяқ-қолды қолда бар заттармен немесе стандартты шиналармен қимылсыздандырудан құралады. Жоғары аяқ-қол буындары шығып кеткен кезде жәбірленген адамның қолын үшкіл орамалмен немесе бинттен жасалған таңғышпен іліп қояды немесе буын шығуды салуға ешқандай әрекеттер жасамай, өзі алған күйде денеге бекітеді. Төменгі аяқтар буынын шығарып алған кезде жәбірленген адамды аяғының күйін өзгертпестен зембілге жатқыза- ды. Тізе және табан астына киімнен немесе басқа қолда бар матери- алдардан жасалған білікше салынады.

Жараны буын шығаруды салу мүмкіндігінше ерте жүзеге асуы тиіс, бірақ міндетті түрде рентгенологиялық бақылаудан кейін.

Қолды салғаннан кейін, егер әңгіме иықты шығарып алу жайлы болса, Дезо типті бинт таңғышпен немпесе гипс лонгетпен екі аптаға дейінгіжарамдылықмерзімгебекітеді. Екінші-үшіншікүннен бастап белсенді қозғалысқа рұқсат етіледі, бір мезетте масса, емдік гим-на- стика қолданылады.

Ұзақ қысылу синдромы. Жабық зақымдалуларға жататын ауыр жараның ерекше түрі жәбірленген адамдарда жұмсақ тіндерді ауыр ұзақ уақыт басқанда немесе торапты қан тамырын басқан кезде пай- да болатын ұзақ қысылу синдромы (ҰБС) болып табылады.

Әртүрлі уақыттарда ҰБС әртүрлі атаулармен сипатталған: «краш- синдром», «жара токсикозы», «қысылу ауруы», «босату» син¬дромы және т.б.

ҰБС табиғи апаттар кезінде (жер сілкінісі, су тасқыны, таулар- дағы құлаулар, дауындарда), сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстар қалдықтарының астында көптеген адамдар көмулі қалып кеткен тех- ногендіапаттаркезінде(жерастыжұмыстарындағыапаттар,ғимарат- тардыңбұзылуы, темір жолдардағыапаттар), жәбірленген адамдарда 20 – 30% жағдайда пайда болады.

ҰБС кезіндегі ауыр бұзылулардың даму механизмі күрделі.

Синдромның негізгі клиникалық белгілері басылға дене бөлігінің, көбінесе төменгі аяқтар, қан айналымы қалпына келіп, қысылудан босағаннан кейін пайда болады.

Патологиялық процестің дамуының төрт факторы жетекші болып табылады.

  1. Жүйке өзектері қысылу және жарадану нәтижесіндегі ұзақ уақыт аурудың қозуы, ауыр психикалық-эмоционалдық бұзылулар. Ауру және психикалық-эмоционалдық фактор тыныс алу, қай ай- налымы мүшелері функцияларының тез бұзылуына, несеп шығуды ауырлатуға және зақымданудан есеңгіреу үшін сипатты симптом ке- шенінің пайда болуына әрекеттеседі.
  2. Күре тамыры іркілісімен үйлесімде артерия қан ағымының әлсіреуі немесе тоқтауы салдарынан қанмен қамтамасыз етудің қат- ты азаюы қансыраған тіндердің кейінгі некрозына алып келеді.
  3. Тіндердің, негізінен бұлшықеттің, ауыр талқандалуына бай- ланысты ең ауыр бұзылулар қысылу аймағында. Жәбірленген адам- ды қысылудан босатқаннан кейін талқандалған бұлшықеттенн қанға уытты өнімден келіп түседі. Олардың ішінде бұлшықет пигментінің – миоглобиннің ерекше мәні бар, ол тұнбаға түсіп, бөлшектері бүй- ректің бүгілмелі арналарын бітейді және олардың эпителийінің некрозын тудырады, ол бүйректе несеп түзілу процесінің қатты бұ- зылуына және ауыр бүйрек жетіспеушілігінің дамуына – ҰБС кезін- дегіеңауыр асқынуға алып келеді, оның жиілігіжәбірленгендерде 20 – 40%-ға жетеді. Миоглобинмен қатар қанға тіндерді қысқанда басда да уытты өнімдер түседі, ол қатты уыттануға алып келеді.
  4. Босатқаннан кейін жіберленген адамда қысуға ұшыраған аяқ-қолдың қатты ісінуі, көпіршіктер пайда болғанға дейін, тез дам- диды. Жара арқылы және тері астында Ч 2 – 3 л плазма жоғалады. Нәтижесінде алдымен қанның ұюы, содан кейін оның сұйылуы пай- да болады.

ҰБС өтуі шартты түрде келесі кезеңдерге бөлінеді.

Бірінші кезең қысылудан босағаннан кейін 24 – 48 сағ созыла- ды. Бұл кезеңде жүйке-ауру және психикалық-эмоционалдық реак- циялар, тыныс алу бұзылулары, босаған аяқ-қолдың ісінуі басым. Бұл белгілер көбінесе есеңгіреу ретінде түсіндіріледі. Алғашқы ме- дициналық көмек және алғашқы дәрігерлік көмектің емдік шарала- рын көрсеткеннен кейін уақытша жақсару – қысқа «жарқын аралық» басталады, содан кейін жәбірленген адамның жағдайы нашарлайды. Екінші кезең 3 – 4-тен 8 – 12-ге дейінгі тәул созылады және ауыр бүйрекжетіспеушілігінің дамуымен сипатталады. Сыртқы түріанаэ- робтық инфекцияға ұқсайтын босаған аяқ-қолдың ісінуі қатты ұлға- яды. Аяқ-қол солғын, көк дақтарымен, қан тамырларының соғысы жоқ, сезімталдық жоғалған. Зақымдалған теріде көпіршіктер, қан құйылулар байқалады. Жәбірленген адамның қан аздығы өседі, диу- рез тіпті анурияға дейін қатты төмендейді. Бұл кезеңдегі қазаға ұшы- рау қарқынды терапияға қарамастан 25 – 35% жетуі мүмкін.

Үшінші кезең – қалпына келтіретін – әдетте аурудың үшін- ші- төртінші аптасынан басталады. Бүйректің функциясы қалпына келеді, тыныс алу және қан айналымы функциялары қалпына ке- леді. Клиникалық суреттегі бірінші орынға инфекциялық асқынулар шығады. Көлемді жаралар, шірік жерлер сияқты зақымданған тін- дердегі ауыр өзгерістер қалады, буындардың, тамырлардың және т.б. іріңді қабынулары пайда болуы мүмкін. Іріңді асқынулар тіпті сепси- ске – қанның жалпы зақымдануына дейін дамуы мүмкін. Бұл кезең бірнеше ай жалғасуы мүмкін.

Жарадану ауырлығына байланысты ҰБС келесі клиникалық түр- лері айқындалады:

  • жеңіл түрі – аяқ-қолдың жеке сегменттерін қысу, қысу уақыты 4 сағ аспайды, симптоматика айқын көрінбеген, болжам қолайлы;
  • орташа түрі – 4 – 6 сағ бүкіл аяқ-қолды қысып қалу, бүйрек функциясы шекті бұзылған, тыныс алудың және гемодинамиканың айқын бұзылулары жоқ;
  • ауыр түрі – 6 – 8 сағ бүкіл аяқ-қолды қысып қалу, ауыр бүйрек жетіспеушілігінің симптомдарыбайқалады, қазағаұшырау 30% және жоғары;
  • аса ауыр түрі – аяқ-қолды қысып қалу 8 сағаттан артық, қазаға ұшырау алғашқы екі күн.

Қысылу ұзақтығымен қатар ҰБС ауырлық дәрежесін анықтаған кезде зақымдалу ауданы, қысылу күші, сондай-ақ ішкі мүшелердің, сүйектердің, қан тамырларының бірге жүретін зақымдалуларының болуы өте маңызды. ұзақтығы бойынша аяқ-қол қысылуының кез келген басқа жарамен тіпті аздау үйлесімі ҰБС барысын қатты ауыр- латады және болжамды нашарлатады.

Алғашқы медициналық көмек оқиға болған жерде жәбірленген адам өмірін құтқару үшін қажетті негізгі шара қысудан босатумен бір мезетте көрсетіледі. «Босату» жәбірленген адам ағзасында патологи- ялық процесс басталатын «іске қосу» механизмі болып табылатын- дығын есте сақтаған жөн. Босатуды бастан, денеден бастайды. Бір мезетте асфиксиямен күрес жүргізеді (ыңғайлы күй беру, жоғарғы тыныс алу жолдарын тазалау), сыртқы қан кетуді тоқтатады, ауы- ртпайтын дәрілер береді немесе егеді. Қысудан босаған аяқ-қол жіліншектен бастап, ісінудің жылдам дауының алдым алу мақсатта- рында тығыздап бинтпен таңылауы тиіс. бинтпен таңылған аяқ-қол- ды салқындатуға (мұзбен, қармен, салқын сумен) ұшырату қажет.

Аяқ-қол негізіндегі бұраудытектораптыққантамырлар зақымданған кезіндегі, аяқ-қолдың өмірге қабілетсіз-дігінің бұзылулары немесе айқын белгілері кездегі қан кетуді тоқтату үшін таңу қажет.

Зақымдалған аяқ-қол міндетті түрде қимылсыздандырылады, се- бебіжәбірленгенадамдардың75%дейінаяқ-қолдарысыңғанболады. Атап өтілген медициналық көмек шараларын көрсетумен бір мезетте жәбірленген адамға көптеп тамақ береді.

ҰБС жәбірленген адамдарды көшіруді ең алдымен ең аятын көлікпен – зембілмен жатқан күйінде эвакуациялау қажет.

  • тарау

ДЕСМУРГИЯ НЕГІЗДЕРІ

Алғашқы медициналық көмек көрсеткен кезде жәбірленген адамдарға табиғи апат және техногенді апаттар кезінде дененің зақымданған жеріне таңғыш таңу көптеген жағдайларда жедел іс- шара.

Таңғыштар әртүрлі мақсаттарда қолданылуы ммүмкін. Көбінесе таңғыш жараға зақымданған тіндерді қосымша микробтар енгізуден қорғау және қан кетуді тоқтату (қысып байланған таңғыш) мақса- тында, күйген беттерді немесе үсіген жерлерді жабу үшін, сондай-ақ дененің зақымдалған бөлігінің қозғалғыштығын шектеу үшін таңылады.

Әрбір таңғыш екі бөлшектен құралған: зақымдалған тіндер ошағы жабылатын таңу матери¬алынан, және материалды жәбірлен- ген адамның терісінде бекіту үшін пайдаланылатын. Таңу материал- дарын бекіту тәсілі бойынша материалды жарағат маңындағы құрғақ теріге (желімдік, коллодийлі, лейкопластыр¬ь таңғыштар) әртүр- лі тәсілмен жабыстыратын таңғыштар, дененің әртүрлі бөліктерін бекіту үшін бинттер орнына қолданылатын, көбінесе жоғары қолдар- ды (қолды ілу) бекіту үшін үшкіл орамалды таңғыштар, сақпанша таңғыштар, оларың көмегімен беттің зақымданған бөліктері жабы- лады (мұрын, иек, жоғарғы ерін), негізінен бұт жараларын емдеген кезде пайдаланылатын Т-тәрізді таңғыштар, икемді торлы-түтікшелі бинттер («рэтэласт») және т.б. деп ажыратылады.

Атап өтілген таңғыштардың көпшілігі жәбірленгендер саны бір- ден көбейіп кетуімен төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсеткен кезде онша жарамды емес. Біреулері таңу матери- ал жара бөліндімен қапталған теріге бекіте алмағандығы, екіншілері таңу материа¬лының жеткілікті ұзақ уақыт ішінде тығыз жабысуды қамтамасыз етпегіндігі, үшіншілері таңғыштан ауаның булануына бөгет жасап, жараны кептіру қағидасына қанағаттандырмағандығы үшін жарамсыз. Сондықтан кеңінен тараған, шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсеткен кезде пайдаланылатындары таңу құралдарын бекіту бинтпен жүзеге асырылатын бинт таңғышта- ры болып табылады. Олар жеткілікті берік, икемді, тінге қажетті қысым тудырады.

Таңғыштарда пайдаланылатын таңу материалдарына дәке және мақта жатады. Көбінесе мақта матасынан дайындалған, 1 см2 аудан- ды 10 х 12 жібі бар сирек тор тәрізді бинт қолданылады. Бинт икемді, гигроскопиялық болуы, зарарсыздандырған кезде өзінің қасиеттерін жоғалтпауы және тіндерді қоздырмауы тиіс. Дәкеден фабрикалық тәсілмен немесе тікелей емдеу мекемелерінде әртүрлі таңғыш бұйымдарды дайындайды: ұзындығы және ені әртүрлі дәкелер, өлшем- дері әртүрлі сулықтар, дәке түйіршіктер, білтелер және өзг. Дәкеден жасалған бұйымдарды не тікелей емдеу мекемелерінің зарарсыздан- дыру бөлімдерінде автоклавтаумен, не болмаса арнайы мекемелерде радиациялық зазарсыздандыру әдісімен зарарсыздандырады.

Өте құнды таңу материалы – көптеген жағдайда дәкеге ұқсас қасиеттерге ие мақтадан жасалған гигроско¬пиялық мақта. Қазіргі таңда мақта шығынын үнемдеу мақсаттарында мақтаға 10% вискоза- ны – сүректі цел¬люлозаның қайта өңдеу өнімін қосады. Мақта-ви- скозды мақта бүтін мақта қасиеттерін жоғалтпайды, ол толық құнды таңу құралы ретінде қолдануға жарамды.

Жаралар жиілігі бойынша ашық зақымдалулар жетекші орын ала- тын төтенше жағдайлар жағдайларында жаңа жараларға салынатын бинт таңғыштарының мәні әсіресе маңызды және алғашқы медици- налық көмектің маңызды іс-шарасы болып есептелуі тиіс.

Жаңа жараларға салынатын таңғыш алғашқылық деп аталады; ол келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

зарарлы болуы, тек осындай жағдайда ға ол өзінің алғашқы міндеті – жараны екіншілік инфекцияданқорғауды орындайды;

дененің зақымданған бөлігінің қажетті тыныштығын қамтамасыз етіп, жараның тек өзін ғана емес, сондай-ақ зақымдалудың бүкіл ай- мағын немесе аяқ-қол сегментін жабады;

оның бетінде қан болмайтындай жеткілікті көлемді болуы. Қан сіңген таңғышта сырттан таңғыш арқылы зақымданған тіндерде олардыңкейінгідауымен микробтардыңеркін енуіүшін жағдай туды- рылады. Сондықтан таңғышты салған кезде дәкенің бірінші қабатта- рының үстіне қалыңдығы жарадан қан кету деңгейімен анықталатын мақтаныңқабаты, содан кейін дәкенің немесе дәке сулықтардыңтағы бірнеше қабаты қойылады, содан кейін салынған таңу материалы бинтпен мықтылап бекітіледі;

айтарлықтай қарапайым болуы, себебі жәбірленгендердің көптеген саны пайда болуымен шұғыл жағдайлар жағдайларында таңғыштарды олалды таңу техникасы бойынша минималды дайын- дығы бар адамдар таңады.

Алғашқы таңудың осы талаптарына таңу материалының кешенін қамтитын жеке таңу пакеті: бинт пен бинт ұшына бекітілген бір не- месе екі мақта-дәке жастықшалар жауап береді. Егер жекетаңу пакеті болса, дененің кез келген бөлігінің жарасын сенімді жабуға болады.

Таңғышты таңудын алдында жараны алғашқы бактериалдық ла- стануын азайту мақсатында ғана емес, сондай-ақ екінші микробтық ластанудың алдын алу мақсатында әрқашан өңдеу қажет. Ол үшін киім шеттерінен кемінде 10 – 12 см шегініп, жараның бүкіл аймағын киімнен босату қажет. Кесілген жаралар кезінде терінің 3 – 4 см йо- донатпен, жасыл гауһар ерітіндісімен, спиртпен немесе басқа қолда бар антисептиктермен, антисептик тікелей зақымданған тінге тимей- тіндей майлайды.

Зақымды жараларда беттерде бөгде денелер – жәбірленуші киім- дерінің қиындылары, жер түйіршіктері, ағаш кесектері және т.б. бо- луы мүмкін. Бұл бөтен заттарды жара бетінен зарарлы бинт немесе зарарлы сулық тілімімен жою, содан кейін тері шеттерді кесіп алған жаралардағыдай антисептик ерітіндісімен майлау қажет.

Жалаңаяқ адам шөпте жатқан сымды немесе қоқыста едірейіп тұрған шегені басып кеткенде пайда болған табан өкшесінің шан- шылған жаралары мұқият өңдеуді талап етеді. Сым немесе шеге жара арнасында былғаныш немесе тот басуды қалдырып, айтарлықтай те- рең енуі мүмкін. Тар жара арнасы және табан өкшесінің қалың, ішіна- ра қабыршықтанған терісі жара бөліндісінің сыртқа бөлінуіне бөгет болады. Мұндай жаралар табан флегмондының немесе сірспесінің себебі болуы мүмкін. Сондықтан жарылған жарасымен өкше терісін таза сумен мұқият жуу, кептіру, антисептик ерітіндісімен майлау және жараға зарарлы таңғышты таңу қажет.

Таңу материалын бекіту үшін пайдаланылатын барлық құралдар- дың ішінде ең сәйкес келетіні бин болғандықтан, алғашқы таңулар көптеген жағдайларда бинттік болып табылады.

Бинтпен таңудың бірнеше типі болады (15.1-сур), олардың үлестіріп күрделі түрлерін шығарады.

Қарапайым айналма таңғыш цилиндрлік пішінді дене учаскелерін- де (иық, мойын, жіліншік, білек және т.с.с.) жараларды бинтпен орауға ыңғайлы. Бинттің ұшын оралатын бөлікке қойып, сол қолмен ұстап тұрып, оң қолымен бинтті ашып, айналымдары бір бірінің үстіне жата- тындай орайды (15.1, а, б-сур). Шиыршықтық таңғышты екі-үш айна- лып бастайды, ал содан соң қиғашынан, шиыршық бойынша, алдынғы жүрісті шамамен үштен бір еніне жауып жүргізеді.

Майысқан жерлері бар таңғыш конус тәрізді пішіні бар дене учаскелеріне арналған (тізе, жіліншік). Ол бірнеше шиыршық жүрі- стен, әр қайсын бүктеп жасалады: бинтті жай шиыршық таңғышқа арағанда, одан сайын қиғаштап жүргізеді, бинттің астынғы шетін сол қолдың үлкен саусағымен ұстап тұрып, бинтті оның астынғы шеті үстінгі болатындай бүктейді (15.1, г-сур).

Бинттің келесі жүрісі «қарнымен» денеге ереже бойынша емес, «арқамен сыртқа қара» жасалады. Бірінші бүктелген жерінің деңгей- іне жеткен кезде, бинтті қайтадан бүктейді, енді бинтті денеге «арқа- сымен» орайды. Барлық бүктеулерді бір сызық бойынша жасаған жөн.

Сырғымалы таңғыш (15.1, д-сур) шина, гипс астына салынатын материалдыбекітуүшін, соныменқатартаңғыш материалдыаяқ-қол- дың елеулі бөлігінде алдын ала бекіту қажет болған кезде қолданыла- ды. Бинтті екі-үш айналма жүріспен перифериялық ұштың қасынан бекітіп қойып, бинттің келесі жүрістерін бинттың әр айналымы ал- дындағысымен жанаспайтындай жасайды.

Биинт таңғышы дененің кез келген бөлігінде айналма немесе шиыршыққана болаалмайды, ол міндетті түрдедененің бинтталатын бөлігіне тығыз жабысуы үшін 8-тәрізді жүріспен бекітілуі тиіс. Бинт- тің сегізтәрізді жүрістері буындарға, кеудеге салынатын таңғыштар- да қолданылады. Мұндай таңғыштың қарапайым түрі – желке мен мойынға крест тәрізді таңғыш.

Дененің бинтталатын бөлігін, әсіресе, аяқ-қолды ол таңғышты салғаннан кейін болатын күйдебекітукерекекенін естесақтаған жөн. Дұрыс салынған таңғыш ауыртпау және аяқ-қолдың перифериялық бөлігінде қан айналымын бұзбауы тиіс.

  • бөлім

ТЕРМИЯЛЫҚ ЗАҚЫМДАНУЛАР

КҮЙІКТЕР

Түрлі техногендік апаттардың ішінде термиялық күйіктердің жал- пы үлесі айтарлықтай басым. Қарапайым күнделікті жағдайда күйік- тердің саны барлық тұрмыстық жарақаттардың 80% құрайды.

Күйіктер 4 дәрежеге бөлінеді: 1 дәреже – қызару; 2 – күлбіреу;

3 –  терінің үстіңгі (3а), барлық (3б) қабаттарының жансыздануы;

4 – тері мен оның астыңғы қабатының қарайып күюі (жансыздануы). Ауырлығы, барысы мен емделу жолына қарай күйіктер үстіңгі – 1,2,3а дәрежелі және астыңғы – 3б және 4-дәрежелі болып бөлінеді. Зақымданған терінің өз бетінше қайта қалыпқа келу мүмкіндігі терінің үстіңгі қабаты күюінің басты айырмашылығы болып табыла- ды. Қатты күйген теріні қайта қалыпқа келтіру үшін зардап шеккен адам денесінің күйік шалмаған тұсынан алынған теріні орналастыру қажет болады.

  • дәрежелі күйіктер бу, ыстық сұйықтық, қызған заттың аз уақытқа әсер етуінен болады және терінің қызаруымен, шамалы ісінуімен, қатты ауырсынуымен айқындалады. Әдетте бұл сим- птомдар 3-4 тәуліктен кейін басылады, кейде терінің үстіңгі қаба- тынан эпидермис қабыршағы көптеп түсіп, түлей бастайды.
  • дәрежелі күйіктер дәл сол агенттердің неғұрлым көбірек уақыт әсер етуінен немесе температурасы әлдеқайда жоғары заттың аз уақытқа әсер етуінен болады. Зақымданған жерде ісік пен қан кер- неуден мүйіздік және өсім қабаты арасында тері қылтамырларымен жүретін түссіз мөлдір сұйықтық толған эпидермалдық қабыршақ пайда болады.

Қабыршақты алып тастағанда жанасу кезінде ауыру сезімін туғыза- тын, түсі ашық қызғылт келетін терінің астыңғы өсім қабаты көрінеді. 3-дәрежелі күйіктер теріге жалын, балқыған металл және басқа да өте жоғары температуралы агенттердің әсер етуінен болады. Зақымдану тереңдігі дененің әр бөлігінде сан түрлі болып келетін теріэпителийі жабыныныңқалыңдығынада байланысты. Сондықтан терінің ауқымды бөлігі күйгенде оның әр тұсында зақымдану дәре- жесі де әртүрлі болады.

Термиялық агенттің температурасы мен оның әсерінің ұзақтығы күйік дәрежесіне ықпал ететін факторлар болыптабылады.

Мәселен, аз ғана уақытта жалын шарпығанның өзінде теріде 3- дәрежелі күйік шалған жер пайда болады.

Ыстық судан болған күйік дәрежесі оның теріге әсер ету уақыты- на байланысты.

Күйік жарақатының ауырлығы негізінен зақымданған терінің массасына байланысты.

1 – 2 дәрежелі күйіктен зардап шеккендер оның кең таралғанына қарамастан әдетте жарақат алған соң 10-15 күннен кейін терісінде тыртық қалмастан жазылып кетеді. Тек қабыршақтарға инфекция тү- суі күйген қабаттың эпителимен қапталуы уақытын ұзартуы мүмкін. дәрежелі күйіктер -1 – 2 дәрежелі жайылған күйіктерден соң әдетте жекелеген бөліктер түрінде терінің беткі қабатының семуімен (қабыршақ) сипатталады және мұнда өсім қабаты бөліктері, тер және май бездерінің бөліктері сақталады.

Семіп қалған бөліктер жарақат алғаннан кейін 3-4 аптадан соң іріңдеп, теріден ажырай бастайды, басылған соң күйген жер терінің астыңғы қабатында орналасқан тер және май бездерінің шығару жол- дары жабыны өсуінен жабынмен көмкеріле бастайды.

36 дәрежелі қатты күйік сезімталдығы жойылған, тығыз, қоңыр түсті қабыршақтың пайда болуымен және терінің барлық қабатта- рының толықтай семуімен сипатталады. Зардап шеккен адамның жағдайы ауыр болады, ал күйіктің салдарынан семіп қалған тері аумағы тым үлкен болса жайсыз жағдай болжанады. Семіп қалған қабыршақ жарақат алғаннан кейін 1 – 1,5 айдың ішінде біртіндеп теріден ажырай бастайды, одан соң жұқпаланған түйіршікті жарақат пайда болады, оны қайта қалыпқа келтіру үшін зардап шегушінің күйік шалмаған жерінен алынған терісімен ауыстырып, жаңа тері отырғызу қажет.

Бет, мойын және кеуденің жалыннан болған терең күйігі көбі- несе ауыздың, жұтқыншақтың және жоғарғы тыныс алу жолдары шырышты қабығының күйігімен қатар жүреді, бұл тыныс алу жет- кіліксіздігі мен тұншығу қауіпін туғызады.

Күйік жарасының ауырлығына зардап шеккен орын да әсер етеді. Жүйке талшықтарының көптеп орналасуынан бет пен қолдың күйігі дененіңбасқабөліктеріндегі күйікке қарағанда неғұрлым ауырөтеді. Күйік ауданын дереу түрде анықтау үшін «тоғыздық» ережесі қолданылады.

Тері жабынының 8 – 10 % зақымданған қатты күйікте түгелдей дер- лік органдар мен жүйелердің қызметі бұзылады. Ауыр күйік жарақатын алғаннан болатын жалпы бұзылулар кешені «күйік ауруы» деп атала- ды. Оның барысы 4 кезеңнен тұрады: күйіктік шок, жедел күйіктік ток- семия, септико-токсемия, реконвалесценция немесе сауығу кезеңі.

Күйіктік шок кезеңі алғашқы екі күнді қамтиды. Шоктың клини- калық картинасына плазма жоғалтудан болған ісік, жоғарғы тыныс алу жолдары күйігінің симптомдары, есін жоғалтпаған жағдайда кей- де психомоторлық қозу, бұлшық еттің дірілі, дене температурасының төмендеуі, тамыр соғуының жиілеуі, артериялық қан қысымының қа- лыпты жағдайдан кейін төмендеуі және ең бастысы несептің бөлінуі күрт азаю тіпті толығымен тоқтауы тән. Диурездің 30 мл/с дейін және одан да төмендеуі жағдайдың нашарлылығының белгісі. Несеп әдетте қою, қан аралас келеді.

Күйіктік токсемия екінші-үшінші тәулікте басталады және 10-

12 тәулікке жалғасады. Ол семіп қалған теріде күйік жарақатынан сіңіріліп, өткір улануға әкеп жатқан уытты заттардың пайда болуына байланысты.

Жедел токсемия қатты және күшті қалтырау, сандырақтау, астан жи- рену, қайта-қайта құсу, ұйқысыздық, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі, жиі қайталанатын бронхы пневмониясы сияқты белгілермен байқала- ды.

Септикотоксемия күйік жарасының іріңдеуінен болады. Бұл кезеңге қатты қалтырау, үдемелі қан аздық және азу тән.

Реконвалесценция күйік жаралары жазылған соң болады. Бұл ке- зеңде ішкі органдар мен жүйелердің қызметі біртіндеп қалыпқа келе бастайды.

Табиғи апаттар немесе техногендік апаттар ошағында күйік кезінде көрсетілетін алғашқы көмек:

жанып жатқан киімдегі өртті сөндіру; жараны таңу;

ауырсынуды басатын дәрілер салу; сусындарды көптеп ішу;

Қатты күйсе және күйік аумағы көп болса көліктік иммобилизация. Жалын шарпыған киім дереу арада шешілуі тиіс. Зардап шегушінің үстіндегі тез шешілмейтін, жанып немесе бықсып жатқан киімнің бөл- шектеріндегі жалынды сумен, қармен, құммен, жермен, қалың матамен (пальто, көрпе және т.с.с) жабу арқылы оттегінің келуін шектеп, өшіру керек. Жанып кеткен немесе күйген жерге жабысып қалған киімді ше- шуге болмайды. Дененің күйген жерлерін таңғышпен жабады. Күйіп қалған адамдардың көпшілігі ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді қажетсінеді.

Қол-аяқтың көп бөлігі және қатты күйсе қолда бар құралдармен немесе көліктік шиналарды қолдану арқылы тасымалдауды ұйымда- стыру керек.

Күйіп қалғандардың көбін апат ошағынан алып шығу қажет бола- ды, ал беті күйгендердің дені қабағының тез ісіп кетуі мен көру қа- білетін уақытша жоғалтуынан апат ошағынан өздігінен шыға алмай, сырттан көмекті (алып шығуды) қажет етеді.

Химиялық күйіктер

Табиғаты әртүрлі химиялық белсенді заттардың теріге әсер етуінен болады. Көбінесе химиялық күйіктер бейорганикалық қышқылдар- дан (күкірт, азот, тұз), сілтілер (калий, натрий гидроксиді, өшпеген из- весть), ауыр металл тұздарының (күміс нитраты, цинк хлориді), кейбір ұшпа майлар, бензин, керосин және ұзақ уақыт әсер етсе кейбір еріт- кіштердің теріге жанасуынан болады.

Фосфор өтеё ауыр күйік тудырады. Теріге тигенде көбінесе жанып, химиялық күйікпен қатар фосфордың өзі және күйікке айналған өнім- дердің сіңірілуінен ағза уланып, аса ауыр термиялық күйікке шалдыға- ды.

Химиялық күйіктер тұрмыстық жағдайда сирек кездеседі, техно- логия бойынша жоғарыда аталған химиялық агенттер қолданылатын өндірісте апат орын алған жағдайда мұндай күйік жаппай сипатқа ие болуы мүмкін.

Зақымдану тереңдігіне байланысты химиялық күйіктер де терми- ялық күйіктер сияқты жіктеледі: таралымы бойынша көбінесе дененің жалпы ауданының 10 % -нан аспайды. Химиялық күйіктің жалпы бел- гілері (күйік ауруы) байқалмайды деуге болады. 3 – 4 дәрежедегі қатты күйіктер қышқылдар мен сілтілердің әсерінен болады.

Химиялық күйік кезінде алғашқы көмек көрсету жолы: дереу арада зақымданған жерді ағыны қатты сумен 5 – 10 минуттай жуып, одан соң қышқылдан күйсе – сілті ерітіндісімен, сілтіден күйсе – 1 – 2% сірке, бор немесе лимон қышқылымен бейтараптандырылып, асептикалық таңғыш салынады.

Өшпеген известьтен болған күйік кезінде алдымен терідегі известь қалдығын абайлап алып тастап, содан соң күйген жерді сумен шаяды.

Үсік

Термиялық жарақаттың біртүрітөменгі температураның әсерінен тіннің зақымдануы, яғни үсуі болып табылады. Күнделікті жағдайда да, жылдың суық мезгілінде, табиғи апат кезінде де бұл жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету мен емдеу аса маңызды. Көбі- несе аяқ пен қолдың дисталды бөліктері үсіктен зардап шегеді, оның ішінде үсу әдетте табан буыны деңгейінен көтерілмейді; қолдың үсуі болса негізінен саусақтармен шектеледі.

Үсудің барысына салқындау әсерін одан сайын күшейтетін немесе байқататын түрлі факторлар әсер етеді. Метеорологиялық факто¬р- лардың арасында ылғалдың жоғарылығы айтарлықтай рөл атқарады. Ауада ылғалдылықтың артуы жылу оқшаулағыштық рөлін төмен- детіп, жылу шығынының артуына әкеп соғады. Тағы бір климаттық жайсыз фактор ол желдің күшеюі: ауа қозғалысының жылдамдығы жоғарылаған сайын дененің үстіңгі қабатының жылу бөлуі де арта түседі.

Аяқ киім аяқтың үсуіне жол беретін маңызды фактордың бірі. Тар аяқ киім кигенде табанның қан айналымы бұзылып, ол ісіне бастай- ды. Бұл аяқтың үсуіне себеп болады, ал аяқ киімнің дымқылдығы тіндердің зақымдану деңгейін одан әрі арттыра түседі.

Суықтың әсерін күшейте түсетін факторларға аяқтың тершеңдігі, жеткіліксіз тамақтану, гипо және авитаминоз, қансырау, шаршау, мас болу, естен тану және тағы басқалары жатады.

Үсіктің пайда болуына зақымданған тіндерде жергілікті қан айна- лымының қалыптан тыс бұзылуы салдары әсер етеді. Алдымен ұсақ қан тамырлары жиырылады, сосын бірталай уақыт бойы кеңейіп тұрады да, қайтадан жиырылады – соның нәтижесінде тіндер семіп қалады.

Үсу екі кезеңнен тұрады: реактивті емес кезең (жасырын) және тіндердің жылынуынан кейін басталатын реактивті кезеңі. Реактивті кезеңде ғана үсік шалған жерлерде патологиялық өзгерістер байқа- лады.

Ұзақтығы бірнеше сағаттан бір тәулікке дейін созылатын реак- тивті емес кезеңде зақымданған жердің терісі көбінесе бозарып, кейде көгеріп тұрады, қолмен ұстағанда суық, сезімталдығы төмен немесе мүлдем сезбейді. Үсу деңгейі артқан сайын денеде ұю, сіресіп қалубелгілері байқала бастайды. Аталған белгілердіңанық байқалуы төменгі температура әсерінің ұзақтығына байланысты.

Реактивті емес кезең зардап шеккен тіндер температурасының қайта қалыпқа келуіне дейін жалғасады. Аяқ-қол жылытылып, қан айналымы мен қызметі қалыпқа келген соң реактивті кезең бастала- ды. Жасырын кезеңнің реактивті кезеңге өтуінің объективті белгісі үсік шалған аяқ-қолдың ісіне бастауы. Реактивті кезең басталғанда үсу диагнозы нақтыланып, зақымданған тіннің таралуы мен дәрежесі айқындалады.

Үсу де күйік сияқты төрт дәрежеге жіктеледі.

  • дәрежелі үсік орналасуы мен зақымдану аумағына қара- мастан, үсіктен зардап шегушінің жағ-күйінде айтарлықтай өзгеріс болмайды. Суық фактор әсерінің ұзақтығы әдетте көп- ке созылмайды. Тіндер температурасының төмендеуі де шама- лы. Бозарған тері жылытқанда қызарады; кейде көгеріп немесе мәрмәр түске енеді. Жылытқаннан кейін тактильді және ауыру сезімталдығы, саусақтар мен табандарының қозғалыс белсенділі- гі толықтай қалыпқа келеді. Зақымданған тері аумағы толығымен ісінеді. Үсіктің аталған белгілері үшінші-жетінші тәуліктерде жойылады.
  • дәрежелі үсік суықтың әсерінен кейін екінші-үшінші тәуліктер- де қабыршақтың пайда болуынан байқалады. Қабыршақтар күйіктен кейінгідей түссіз сұйықтыққа толы және құрамы жағынан плазмаға ұқсас. Ашылған қабыршақтардың түбі қол тисе ауыратындай терінің бүртікті-эпителиалды қабаты болып табылады. Жойылған элемент- тер 1 – 2 аптадан соң қайтадан қалпына келеді, түйіршіктену және тыртық қалмайды, тырнақ түсіп қалмайды, дегенмен жаңасы өсіп шығады.
  • дәрежелі үсік суықтың көбірек уақыт әсер етуінен болады. Терімен қатар тері асты шелі де зақымданады. Жансызданған жер- лерде қан аралас сұйықтықтарға толған қабыршақтар пайда болады. Алғашқы тәулікте, кейде аяқ-қол жылығаннан кейін бірнеше сағат- тан соң ісіне бастайды. Қабыршақтар шықпаса, зақымданған жер- лердің терісі қып-қызыл не көгерген реңкті, қолмен ұстағанда суық (1 – 2-дәрежелі үсікке қарағанда). Қабыршақ алынып тасталған соң жараның беті тіндердің жансыздануынан сезімталдығын жоғалтады. Семген тіндер екінші-үшінші аптада ажырай бастайды. Ажыраған соң түйіршіктеледі, егер де зардап шеккен адамға өзінің терісі оты- рғызылмаса денеде тыртық қалады. Тырнақ қайта қалпына келіп, регенерацияланбайды.
  • дәрежелі үсік суықтың ұзақ уақыт әсер етуінен болады. Жұм- сақ тіндердің барлық қабаты жансызданады. Зақымдану тереңдігінің шегі сүйек пен буындарға дейін өтеді. Реактивті кезеңнің алғашқы сағаттарында дене температурасы бірталай төмендейді. Үсік шалған жерлер бозарып немесе көгереді, қабыршақтар геморрагиялық сұй- ықтыққа толы. Аяқ-қол жылыған соң 1-2 сағаттан кейін ісіну баста- лады. Әдетте ол аяқ-қолдың ортаңғы бөлігіне қарай үлкейеді. Бұдан кейін мумияға айналады (кебу) немесе кей кезде қолдың буынында, табанның жекелеген бөліктерінде дымқыл гангрена басталады.

Күйік жарақаты сияқты 1-2 дәрежелі үсікті үстіңгі, ал 3-4 дәрежеліні қатты не терең деп бағалауға болады.

Реактивті емес кезеңде суықтан зардап шегушіге алғашқы ме- дициналық көмек оны жылыту, ыстық сусын немесе аз көлемде алкоголь берумен шектеледі. Үсіген адам тезірек жылы жерге жеткізілуі керек. Денеге жабысып қалған киім мен аяқ қиімді терінің үсік шалған жерлерінің механикалық бүлінбеуі үшін абайлап шешу қажет. Аяқ қиім мұздап қатып қалған жағдайда ол ерігенге дейін шешпеген жөн. Бұдан соң тоңған жерді таза жүн матамен немесе қолды жуып, спиртке малып алып ысқы- лау керек. Кейде ұзақ уақыт ысқылау қажет болады және оны сезімталдығы қайта қалпына келгенше, аяқтың немесе қолдың үсік шалған тұсы қызарып, ыси бастағанға дейін ысқылауға тура келеді.

Үсік шалған жерлерді қармен ысқылауға әсте болмайды, өй- ткені аяқ-қол салқындауға және микрожарақаттардың пайда бо- луына әкеп соғуы мүмкін.

Мүмкіндік болса үсік шалған аяқ-қолды жылытуға ванна қол- дануға болады. Ол үшін 20 – 30 минут ішінде температурасы 20 – 23 -тен 40 °С дейін жоғарылатылған суға үсіген жерді батырады. Сонымен қатар зардап шегуші өзі үсік жалған жердің шетінен ортасына қарай тері жылып, қызарғанға дейін массаж (сипау) жасауы керек.

Жылыған аяқ-қолды құрғатып, стерильді таңғышпен жабады және жылы матамен орап қояды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккен адам дереу арада емдеу ме- кемесіне жеткізілуі тиіс, әрі оны қайтадан үсік шалмауының алдын алу керек.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close