Қоғам

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

«Құтқару жұмыстарының тактикасы жəне төтенше жағдай салдарын жою» табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін құрылған апаттық құтқару қызметі мен құрамаларының ұйымдастырылуы мен қызметі кезінде қоғамдық қатынастарды, мемлекеттік төтенше жағдай қызметінің ұйымдастырушылық негіздерін, олардың ТЖ салдарын жоюдағы мүмкіндіктерін, төтенше жағдай уақытында апаттық – құтқару отрядтарын құру, оларды дайындау, жұмысқа пайдалану ретін жəне олардың жұмыстарын басқаруды қарастырады. ТЖ зардабын жоюда құтқарушылардың негізгі міндеті – зардап шегушілерді жедел іздеу жəне оларға дер кезінде көмек көрсету.

ТЖ құтқару жұмыстарының тактикасы жəне төтенше жағдай салдарын жоюды сəтті өткізудің ең маңызды элементі басқару – ІҚЖ ұйымдастыру, үйлестіру, жетекшілік ету мен өткізу бойынша іс – шаралардың жиынтығы болып табылады.

«Құтқару жұмыстары жəне төтенше жағдай салдарын жою тактикасы» барынша қысқа уақытта, минималды шығынмен жəне залалмен, ІҚЖ толық жиынтығын жедел жүргізу бойынша күштер мен құралдардың тиімді қызметіне жағдай жасауды оқыту.

«Құтқару жұмыстары жəне төтенше жағдай салдарын жою тактикасының» негізгі міндеттері:

ТЖ зардабын жоюда құтқарушылардың негізгі міндетттерін үйрету, яғни:

  • зардап шегушілерді жедел іздеу жəне оларға дер кезінде көмек көрсету;
  • ІҚЖ ұйымдастыру, үйлестіру, жетекшілік ету мен өткізу бойынша іс – шараларды өткізу;
  • барынша қысқа уақытта, минималды шығынмен жəне залалмен, ІҚЖ толық жиынтығын жедел жүргізу бойынша күштер мен құралдардың тиімді қызметіне жағдай жасау.

Мақаланы оқудың негізгі себептері:

  • Төтенше жағдайлардың алдын – алу, жұмыс жүргізуді ұйымдастыратын мемлекеттік жүйені;
  • Азаматтық қорғанысқа байланысты шаралардың орындалатын түрлерін;
  • Төтенше жағдайлардан халықты қорғаудың тиімділігін арттыру мен негізгі жұмыс бағыттарын жақсарту жолдарын;
  • ТЖ сақтандыру, жұмыс жүргізудің мемлекеттік жүйесінің даму перспективасы туралы;
  • ТЖ қорғанудың озық тəжірбиелері туралы оқыту.

Осыған орай əрбір студент оқу барысында өз шеберлігін, əдістермен тəсілдердің бəрін көрсете білу керек. Пəннің жалпы міндеті Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар құрылымындағы мамандықтарды дайындау.

Әрбір құтқарушы мен қарапайым азаматтар білу қажет:

  • табиғи сипаттағы апаттар мен катастрофалардан сақтандыру немесе салдарын жоюға бағытталған шараларды атқарудың ұйымдастырушылық негіздерін;
  • радиациалық немесе химиялық залал жағдайын есептей бағалай білуі;
  • ҚР аумағындағы құтқарушылар мен апаттық – құтқару құрылымдарын аттестатциялау туралы заңдылықтарды жəне олардың құрамдары мен міндеттерін;
  • төтенше жағдай уақытында апаттық құтқару отрядтарын құру;
  • апаттар, табиғи апаттар кезінде халықты қорғау үшін шұғыл шараларды ұйымдастырып оны басқара білуді;
  • ТЖ кезінде атқарылатын жұмыстарды жоспарлауды ұйымдастыра білулері қажет.

Төтенше жағдайларды топтастыру жəне олардың сипаттары.

Төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына əкеліп соққан немесе əкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға жəне шаруашылық жүргізуші нысандарға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едəуір дəрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай;

Төтенше жағдай – белгілі бір аумақтағы апаттан адамдардың өлімі, олардың денсаулығына тигізген əсері қоршаған ортаға жəне халық шаруашылығы объектісі мен материалдық шығын жəне елді – мекен жағдайының нашарлауы (ҚР Азаматтық қорғаныс Заңының табиғи жəне техногендік характері 1 бап).

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны жəне басқалар), табиғи өрттер, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің жəне ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар;

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар – өнеркəсіп, көлік авариялары жəне басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті əсер ететін улы, радиоактивті жəне биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр – энергетика жəне коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар.

Зілзала – ТЖ пайда болуына əкеліп соғатын жойқын құбылыс.

Дүлей зілзала – ТЖ пайда болуына əкеп соғатын зілзала. Дүлей зілзала бірден елеулі адамның тіршілігін бұзып, үлкен материалдық құндылықтарды жояды, сонымен қатар адамдардың қаза табуына, жануарлардың өлуіне əкелетін кенеттен пайда болатын табиғи құбылыс.

Төтенше жағдай аумағы – төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аумақ.

Төтенше жағдайлардын алдын алу – адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту, төтенше жағдайлардың пайда болуын едəуір төмендетуге бағытталған жəне алдын ала жүргізілетін кешеңдік шаралар.

Төтенше жағдайды жою – төтенше жағдай пайда болған жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту үшін, сонымен қатар төтенше жағдайлардың аумағын жоюға бағытталған құтқару, авариялық – қалпына келтіру жəне басқа да шұғыл жұмыстар.

Авария – технологиялық процесстің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы.

Авариялар зардаптарының сипаты түріне, көлеміне жəне олар пайда болған кəсіпорынның ерекшелігіне байланысты, авариялардың əдеттегі зардаптары жарылыстар, өрттер, су басу, шахтаны үйінді басып қалу болуы мүмкін.

Көбінесе авариялар ауаның газдалуы, мұнай өнімдерінің қауіпті сұйықтықтардың, қатты əсер ететін улы заттардың төгілуі.

Апат – бұл тұтқиылдан болатын, халықтың үлкен тобының тіршілік əрекеттері бұзылуымен, адам өлімімен немесе өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен, едəуір экономикалық немесе экологиялық шығынмен сипатталатын табиғи немесе əлеуметтік зілзала.

Апаттар көлемі мен түрі бойынша былай бөлінеді:

Көлемі бойынша: кіші, орташа, үлкен.

Көлемді анықтау кезінде зардап шеккендер немесе ауруханаға жатқызылған адамдар саны, апат зардабына ұшыраған аумақ есепке алынады.

Түрі бойынша: табиғи жəне техногендік (антропогендік, яғни адам факторы əсерінен болады).

Табиғи:

  • метеорологоиялық (дауыл, циклон, құйын, құрғақшылық, аяз, найзағайдан болған өрттер);
  • тектоникалық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі);
  • топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың құлауы, су басу);
  • космостық (метеориттердің жəне басқа космостық денелердің құлауы, олармен соқтығыс).

Жасанды:

  • көліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, теңіз, өзен, темір жол);
  • өндірістік (радиациялық, механикалық, химиялық, термиялық);
  • спецификалық (бактериологиялық, эпидемиялық);
  • əлеуметтік (соғыс, аштық, қоғамдық жəне ұлттық тəртіпсіздік, ланкестік, маскүнемдік, нашақорлық).

Төтенше жағдайлардың көбісі адамға бағынышты емес табиғат күші əсерінен болады, жер сілкінісі, сел, су тасқыны, сырғымалар, қар көшкіні, дауылдар, дала жəне орман өрттері.

Төтенше жағдайлар себеп – салдарына байланысты мынадай классификацияға бөлінеді:

Табиғи (жер сілкіну, сел, көшкін, су тасқыны, табиғи өрт, эпидемия, ауылшаруашылық өсімдіктер мен орманның зиянкестермен аурумен бүлінуі).

Техногендік (өнеркəсіптік, транспорттық т.б. апаттар, өрт, жарылыс, ƏКУЗ, радиоактивті заттардың, биологиялық қауіпті заттардың тастандылары, ғимараттар мен құрылыстардың бүлінуі, өмірді қамтамасыз етіп отырған объектілердегі апаттар, плотиналардың бүлінуі).

Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілері бойынша жіктелінеді:

  • пайда болу саласы бойынша;
  • ведмостволық қатыстылығы бойынша;
  • аймақтық таралуы бойынша.

Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар:

  • табиғи;
  • техногенді;
  • жанжалды.

Табиғи төтенше жағдайларға:

  • геофизикалық қауіпті құбылыстар (жер сілкінісі, вулкан);
  • геологиялық қауіпті құбылыстар (көшкіндер, сел, сырғыма, тастың құлауы);
  • метеорологиялық жəне агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар (дауыл, құйын, құрғақшылық, аяз);
  • теңіздегі гидрологиялық қауіпті құбылыстар (теңіз деңгейінің қаты құбылуы);
  • гидрологиялық қауіпті құбылыстар (су басу, тасқындар, грунтті сулар деңгейінің көтерілуі);
  • табиғи өрттер (ормандық, далалық);
  • адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпидемиялар);
  • ауылшаруашылық малдарының жұқпалы ауруға шалдығуы (эпизоотиялар);
  • ауылшаруашылық өсімдіктерінің ауруға шалдығуы (эпифитотиялар) жатады.

Техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға:

  • өндірістік;
  • транспорттық авариялар (темір жол поездар, теңіз жəне өзен қайықтар апаттары, əуе апаттары, автомобильді авариялар, магистарльді өткізу құбырларындағы авариялар);
  • өрттер, жарылыстар;
  • ƏКУЗ тасталуымен авариялар;
  • коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру желілеріндегі авариялар;
  • тазартқыш құрылыстарындағы авариялар;
  • гидродинамикалық авариялар (плотиналардың, бөгеттердің бұзылуы)

Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға:

  • қарулы шабуыл;
  • кейбір аумақтардағы толқулар;
  • соғыс уақытындағы əскери əрекеттерде қазіргі заманғы зақымдау тəсілдерін қолдану жатады.

Ведмостволы қатыстығы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді:

  • құрылыста;
  • өндірісте;
  • халыққа үй-жайлылық жəне комуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету саласында;
  • көлікте;
  • ауылшаруашылығында, орман шаруашылығында.

Табиғи жəне техногеңдік сипаттағы төтенше жағдайлар нысандық болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай аймағы өндірістік немесе əлеуметтік нысан аумағынан шықпаса.

Төтенше жағдайлар жергілікті болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай аймағы өңдірістік немесе əлеуметтік нысан аумағынан шықса жəне облыстың екі ауданына тараса.

Төтенше жағдайлар аймактық болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай аймағы өндірістік немесе əлеуметтік нысан аумағынан шықса жəне облыстың кем дегеңде үш ауданына тараса немесе ҚР екі облысының аймағында пайда болса.

Табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар барынша ауқымды болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай ҚР үш жəне одан да көп облыстарының аймақтарына тараса немесе көрші мемлекеттің шекарасына өтетін болса.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close