ТУРИЗМ МЕН КӘСІПКЕРЛІК
Кәсіпкерлік бұл – шаруашылық субъектілердің ақшалай қаражаттарымен, мүліктерді қоғамға пайда тигізумен жеке бастың пайдасының сай келу негізінде коммерциялық және басқа бір табыс табу мақсатында наваторлық қолданумен байланысты инициативті қызмет.
Туристік қызмет облысында кәсіпкерлік үлкен дәрежеде қызмет көрсетумен байланысты.
Кәсіпкерлік субъектілері өз атынан және өзінің жекеменшігінің жауапекершілігіне әрекет ететін бөлек жеке тұлғалар; сондай-ақ заңды тұлғалар жауапкершілігінде іс-әрекет ететін бірлескен серіктестер бола алады.
Кәсіпкерліктің екі (моделі) үлгісі белгілі: классикалық кәсіпкерлік және инновациялық кәсіпкерлік.
Классикалық кәсіпкерлік – қызмет номеклатурасын жаңарту және ұйым қызметінің рентабельдігін жоғарлату үшін шаруашылықтың дәстүрлі тәсілдерін қолдану барысындағы ресурстардың максимальді қайтарылуына бағытталған дәстүрлі, консервативті кәсіпкерлік.
Инновациялық кәсіпкерлік ең алдымен кәсіпкерлік қызметтегі новаторлықпен байланысты. Кәсіпкерліктің рөлі бұрынырақта белгілі болмаған (жаңашылдықты құру) экономикалық дәстүрлі факторларын қолдану жолымен жаңашылдықты құруға алып бару. Мұндай новаторлық қызмет жөн-жобасы бойынша дәстүрлі кәсіпкерлікке көбірек байқалатын нәтиже әкеледі, бірақ кәсіпкерге ерекше талаптар қояды.
Кәсіпкердің бойында болуы қажет қасиеттер:
- Заңды әрекет шеңберінде іскерлік қызметтің кез-келген сұрақ бойынша шешім қабылдауда тәуелсіз және дербес болу;
- Өз қызметінің нәтижесінде экономикалық және басқа бір қызығушылықты білдіру, максимальді мүмкін болатын табысты алуды көздеу;
- Тәуелділікке бойсұну және өз мойнына жауапкершілікті алу. Тәуелділік астарында шығынға апарар қолайсыз жағдайлардың жоспарын жүзеге асыру барысында мүмкіндіктің туындауын түсінеді. Тәуекелдік өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық және нарықтық болып бөлінеді.
Тәуекелдіктің төмендеу әдісі мен тәуекелділік оқиғаның туындауынан шығынның азаюы мыналар болып табылады: сақтандыру, нарықтық дамуына болжам жасау. Серіктестер арасында тәуекелдіктің бөлінуі, күтпеген және басқа да шығындарды жабуға қаражаттың сақталуы.
— Жұмысқа деген әрқашан да инновациялық тәсілдемені иелену (қызмет өндірісіндегі қолда бар факторларды қолданудағы новаторлық қызметті тұтынатын жаңа тұтынушыларын тарту мен іздеуде, өндіріс факторларында, қызметтің дәстүрлі емес ұйымдастырылған түрі және сатып алудың жаңа нарықтарына). Жаңашыл үрдісті енгізу мен іздеудегі кәсіпкер үшін жетекші күш жоғары табысты күту болып табылады.
Қазіргі кездегі жағдайларда табысты істің жетік ұйымдастырылуы үшін кәсіпкердің бойында жақсы кәсіби дайындық, экономика облысындағы қажетті білім, саясат, психология, заң, өнім және қызмет өндірісін ұйымдастыра алу қасиеттері болу керек, сондай-ақ ғалымдармен, маркетинг бойынша мамандармен, капитал иелерімен бірлесіп жұмыс жасай алуы қажет.
Кәсіпкерлік қызметте келесідей сатыларды бөліп шығарады:
- Кәсіпкердің мүмкіншіліктері мен нарықтық қажеттіктері қоса атқарыла алатын кәсіпкерлік идеялардың таңдалуы мен жинақталуы.
- Қызмет және маркетинг өндірісінің жоспары мен жұмыс жасауды жоспарлау, сондай-ақ қаржылық және ұйымдастыру жоспарларын жоспарлау.
- Ресурстардағы және тауарды жеткізушілердегі қажеттіліктің анықталуы.
- Жобаның жүзеге асырылуы, қызмет өндірісінің техникалық, қаржылық, ұйымдастырушылық дайындығы және жоспарланған қызметтің жүзеге асырылуы.
- Фирманы басқару – бұл жұмыстың түзетілуі және талдануы, бақылау, жаңа идеяларды іздеу.
Кәсіпкердің табысқа жетуі өзі функциялайтын жағдайлардан тәуелді болады. Олардың кейбіреулері мыналар:
Кәсіпкерлік орта – бұл кәсіпкерліктің нәтижелеріне әсер ететін және кәсіпкерлік жүзеге асырылатын қоғамдық жағдай. Жағдайдың келесідей топтары бар:
Экономикалық жағдай бұл – туристік тауарлардың шын мәнісіндегі ұсынысы және оларға деген төлемақыға қабілетті сұраныс, тауарларды шын мәнісіндегі және потенциалды сатып алушылардың кірістері, кәсіпкерлік үшін қағазға алынатын қаржылардың қол жетімділігі мен мөлшерінің бар болуы, альтернативті қызметтердің және оларға деген бағаның қойылуы, туристік нарықтың инфрақұрылымының дамығандығы, бәсекелестік шарты.
Әлеуметтік жағдайлар бұл — кәсіпкерлікті және оларға деген даму жолдары туралы қоғамның көрінісі, кәсіпкерлік деген мемлекеттің қарым- қатынасы, ұлттық дәстүрлер мен әдет ғұрыптардың білім деңгейі.
Құқықтық жағдайлар бұл – кәсіпкерліктің дамуы үшін көбірек қолайлы жағдайларды құратын және кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңдар мен заң алдындағы актілер. Заңдардың ең маңыздысы кәсіпкерлік қызметтің құқықтық кепілдемесі туралы заңдар болып табылады. Оған қоса жекеменшікке деген құқықпен және келісім шарттағы міндеттемелерді орындауды айтуға болады.
Ф.Котлер бойынша кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік реттелу қажеттілігі, келесідей себептерден туындайды:
- Фирмаларды бір-бірінен қорғау қажеттілігі, өйткені бәсекелестік кәсіпкерлердің мүдделеріне тиген кезде олар оны бейтараптауға тырысады.
- Тұтынушының таза емес іскер практикадан қорғау қажеттілігі.
Қазақстанда кәсіпкерік үшін заңдар жүйесі енді ғана жиналуда, әлемнің жетекші елдері өз кезектерінде көптеген ондаған жылдарға құрылған осы сала үшін заңдарды иеленеді.
«Кәсіпкер» және «Менеджер» сөздері синонимдер болып табылмайды. Менеджер бұл – қандай да бір рационалды тәсілдерді басқаратын кәсіби маман. Кәсіпкер өз қызметінде, сонымен қатар басқару саласында ереже ретінде жеке жаңашылдықты енгізуді қолданады.
Кәсіпкерлік қызметтің жалпы қабылдаған жіктелуі кәсіпкерліктің келесідей түрлерін бөліп шығарады:
- Өндіруші – қызметтің және басқа өнімнің ортаға шығуы;
- Коммерциялық — өндірушіден тұтынушыға жасалған өнімнің қозғалысы бойынша қызметтің ерекше түрі;
- Қаржылық – қызмет және өнімнің қайта өңделуі мақсатында қаржылық қаражаттарды пайдалану мен құру бойынша қызметтің ерекше түрі.
- Кеңес беру – қаржыны, маркетингті басқару. Өндірушілердің мүмкіншіліктерін бағалау, жалпы басқару бойынша көмек пен кеңес берумен байланысты қызмет.
Қызметтің алғашқы үш түрін қайта өндірудің сатысымен байланысты айырады және негізгі түрлерге жатқызады, өйткені қызметтің нәтижелері соңғы немесе өндіргіш тұтынуға дайын, қызмет немесе тауарлардың өндірісі болып табылады.
Қызметтің соңғы түрін (төртінші) кәсіпкерлік қызметің қөмекші түрлеріне жатқызады, өйткені бұл қызметің нәтижелері тәсілдер, әдістер, технологиялар мен жобалар болып табылады. Олардың қолданылуы қызмет сапасын жоғарлатады, бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатады немесе оларға деген өндірілуі мен жүзеге асырылуының шығысын төмендетеді.
Турқызметтің ерекшеліктерімен байланысты туристік ұйымның кәсіпкерлік қызметтері тек қана шартты түрде ғана белгілі бір түрге ғана жатқызылуы мүмкін.
Осылайша, туроператорлардың қызметі көп жағдайларда турөнімнің және оның бөлшектік өндірісімен тұтұнушыға көтерілуінің ұйымдастырушылық дайындығын құрайды. Сондықтанда туроператорлардың қызметін шартты түрде өндірістік кәсіпкерлікке жатқызуға болды.
Турагенттер делдалдардың қызметін – турларды сатушылардың функциясын атқарады. Одан басқа, олар жеке қызмет және т.б. Бұл аралас қызмет түрі.
Контрагенттер – туристік қызметтерді орындаушылар, (қонақ үйлер, мейрамханалар, тасымалдаушылар, экскурсиялық бюро және т.б) олар қызметті, турөнімдерді тұтынушыларға көрсетеді, қызмет өндірісінде де белсенді түрде қатысады және осы негізде өндірістік кәсіпкерлерге жатқызылуы мүмкін [1].
Туристік ұйымдар ұйымдастырушылық дайындықты, қызметті сату мен орындауды қоса атқара алады. Бұл жағдайда фирма бір мезгілде кәсіперлік қызметтің бірнеше түрін атқара алады.
Кеңес берушілік кәсіпкерлік қызмет туризм саласында кеңінен қолданылады. Туристік қызметтің сапасы неғұрлым жоғары және қызмет көрсетушілердің құрамы күрделірек болса, соғұрлым туристік қызметтің жүзеге асырылуы мен құрылу процесіне маман кеңесшілердің саны көбірек болады. Осылай клубты демалыс келесідей қатысушыларды қолданады: промоутерлерді (жоба жасаушылар), сату бойынша мамандар, курорттарды басқарушылар, клубты демалыс орнын айырбастау бойынша мамандар және т.б.
Кәсіпкерлік идея бұл – экономикалық белсенділіктің кәсіпкермен шығарылған жаңа формасы, онда белгілі бір қызметтерде кәсіпкердің осы қызметтерді өндіру мүмкіндігімен және инновациядан қосымша табысты алуға деген нарықтың нақты қажеттіліктерімен немесе потенциалды қажеттіліктері қоса атқарылады.
Кәсіпкердің қызметі идеялардың банкісін құруды болжамдайды, олар қызмет өндірісінің немесе делдалдықтың қосымша немесе негізгі профилін құрай алар еді. Идеялардың жинақталуы ағымды сондай-ақ перспективті сипатта бола алады. Әрбір идея бойынша кәсіпкер шешім қабылдайды, яғни оның практика жүзінде жүзеге асырылуына ат салысуы керек немесе керек еместігін шешеді. Әрбір кәсіпкермен шешім қабылдау прцесі қолда бар альтернативтердің бір нұсқасының таңдалуын қамтамасыз ететін, жеке индивидуалды технологиясы бойынша жүргізіледі, бірақ жалпы этаптары мен олардың орындалуының жалғасымдылығы келесідей:
- Идеялардың алғашқы экспертті бағалануының кәсіпкердің өзімен жасалуы практикалық іске асырылудың нақтылығы.
- Практикалық позиция тұрғысынан идеялардың бағалануы үшін нарықтағы жағдайлары туралы ақпараттардың жиналуы.
- Туристік нарықта өндірістік болжамдалатын қызметтерге сұраныс және ұсыныс объектілерін анықтау мақсатымен кәсіпкерлік есептерді жүргізу; ұқсас қызметтердің жүзеге асырылуының мүмкін бағалары; өндіріс шығындары; қызмет өндірісінің тиімділігі және табыстың көлемі т.с.с.
- Екінші эксперттік бағалау қызығушылық танытқан мамандармен жүзеге асырылады және идеяларды кәсіпкердің мүмкіндіктерімен орнату мақсатын иеленеді.
- Кәсіпкермен осы идеяны ұстана отырып, жұмысты жалғастыру шешімін қабылдау немесе оны қабылдамай басқа бір кәсіпкерлік идеяны ойластыруға көшу.
Қабылданған идеяның жүзеге асырылуы бірнеше этаптан тұрады:
- Бизнес-жоспар, оның мәні, жобаның жүзеге асырылуының нақты есептерімен тиянақты түрде баяндалуында болады. Бизнес жоспарда сондай-ақ кәсіпкердің ұйымдастырушылық формасы мен идеяның бастапқыда жүзеге асырылуы үшін қажетті қаржылық қаражаттардың қалыптасуының қайнар көзі көрсетіледі;
- Қағазға алынатын қаржы қаражаттары мен серіктестердің тартылуы;
- Егер фирма жаңадан құрылған болса, жеке фирманың мемлекеттік тіркелуі. Бұл үшін келесідей құжаттар қажет:
- құрылтайшылардың құрамын анықтау және құрылтай құжаттар өңдеу;
- құрылтайшылар фирманың қызметі мен құрылуы туралы келісім шарт жасау;
- директор мен басқа да басшылардың тағайындалуы туралы фирма құрылтайшылардың №1 хаттамасының толтырылуы және фирма қаулысының бекітілуі;
- банкте уақытша шот есептің ашылкы;
- фирманың орналасу жері бойынша бөліміндегі тіркеу поштасында фирманың тіркелуі және фирманың мемлекеттік реестерге қосылуы;
- фирманың адамдарымен өздерінің салымдарын банкке салу және онда тұрақты есеп шотының ашылуы;
- кәсіпорынның салық инспекциясы бар аудандарда тіркелуі;
- дөңгелек мөр мен бұрыштық штамптың әзірленуіне рұқсат алу;
- Фирманың тауардың өндірісіне ұйымдастырушылық техникалық дайындығы;
- Әрекет етуші фирма мен серіктестік байланыстарды басқару.
Кәсіпкерлік идеяның жүзеге асырылуы егер ол идеяны жүзеге асырудың басында жоспарланған нәтижелерге қол жеткізген жағдайда ғана табысты болып есептелінеді. Кәсіпкерлік табыстың дамыған түсінігі бірінші кезекте оқиғаның барысын өзгертуге талпынумен немесе жеке табынушылық идеямен байланысты болады. Коммерциялық табысты кәсіпкерлік жетістікті сүйемелдейді, бірақ кәсіпкерлік қызметтің өзінде мақсаттың өзі ретінде алға шықпайды. Кәсіпкерлік жетістігінің бұл түсінігі кәсіпкерліктің мәдениетіне құндылықтар туралы көріністер мен нақты дәлелдерді бірлесіп алып жүретін жүйеге сүйенеді, ол тауарлардың өндірісімен кірістердің тиімділігінің ұлғаюына септігін тигізеді және жоғары престингділікті қамтамасыз етеді.