Қоғам

ТУРИЗМ — ТҰЛҒАНЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ ҚҰРАЛЫ

Қазіргі техногенді ортада (техносфера) қоғамда, әсіресе жастар арасында, техника мен технологияның даму салдарынан қозғалыстың жеткіліксіздігінен ағза функциялары бұзылып, Гиподинамия ауруы кең тарауда.

Айналасында зәулім үйлер мен тоқтаусыз жүрген машиналардан шығатын улы элеменнтер, отырықшы өмір салты адамның физикалық және психикалық ауытқуына акеледі. Осы тұрғыда ашық ауада жүру жүрек, табиғатқа үнемі шығып, белсенді қимыл, әрекет жасауы қан тамыр, буын, өкпе т.б. аурулардын алдын алып қоймай, адамның моральдық, эстетикалық қасиеттері мен өмірлік құндылықтарын тәрбиелейді.

«…табиғатта өткен бір күн аудиторияда өткен бірнеше апталардан артық…» (К.Д. Ушинский) демекші қазіргі заманауи білім беру жүйесінде денсаулық сақтау технологиялары бар, тұлғаға бағытталған білім беру жүйесі дамыған елдерде үлкен сұранысқа ие. Осыған байланысты, жастарды рухани және дене тәрбиесі саласында жаңа бағыттар іздестіріліп, ескі    құралдар мен әдістер жетілдірілу үстінде. Әйгілі тығыз    байланыстағы   үштіктің    құрамдас   бөліктер — «рухани байлық», «моральдық тазалық» және «физикалық кемелдік» — дені сау, белсенді тұлғаның  атрибуты   ретінде,   ажырамас бір-бірімен      үйлесімді  байланыста болады.

Адамгершілік қасиетін тәрбиелеудегі басты міндет — адам өмірінің әртүрлі салаларында: еңбек, қоғамдық-саяси, рухани-адамгершілік және басқаларында көрінетін және іске асырылатын белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру екендігі    белгілі . Дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану процесінде белсенді өмірлік ұстаным қалыптасатыны бәріне айғақ. Кез-келген спорт түрімен шұғылдану үнемі жетілдіруді талап етеді, сондықтан еңбекқорлық    пен табандылық арқылы    қиындықтарды жеңуге мәжбүр етеді. Физикалық жетілу максималды физикалық және психикалық күйзелістерсіз,    күш    жігерсіз    мүмкін    емес,    сондықтан    олар    айқындық, ұстамдылық және ерік-жігерді тәрбиелейді. «Егер сіз батылдықты тәрбиелеуде тәрбиеленушіге батылдық таныта алатындай жағдай тудырмасаныз, сіз батыл адамды тәрбиелей алмайсыз», — деп А.С. Макаренко жазды. Ал спорт, осындай жағдай туғызатын санаулы салалардың бірі болып табылады.

Дене шынықтыру мен спорттың үлкен арсеналында туризм жеке тұлғаны дамытудың кешендіі құралы ретінде танымал. Бұл оның денсаулықты жақсарту қасиеті мен спорттық мәнінің арқасында болу керек. Туризм адамның интеллектуалды мүмкіндіктерін қалыптастыру және дамыту құралы болып табылады және туризм саяхаттау құралы ретінде ғана емес, сонымен бірге адамның моральдық және еріктік қасиеттерін дамыту құралы ретінде, оның ішінде адамгершілік мәдениетін, Отанға деген сүйіспеншілікті, жоғары азаматтық сезімді, борыш сезімін, достыққа адалдықты қалыптастыруға көмектеседі.

Алайда, туризмнің адамзатқа тигізетін әсерінің кеңдігіне қарамастан, шешімдер қажет ететін бірқатар проблемалар бар. Бұл туризм саласындағы мемлекет пен жергілікті билік органдарының бірыңғай саясатының жоқтығы, жастардың туризмнің мақсаттары, міндеттері мен мүмкіндіктері туралы хабардар болуының төмендігі (өйткені, өкінішке орай, туризм қазіргі кезде тек шетелдік сапарлармен байланысты болып айқындалады), білім беру жүйесіндегі бағдарламасында туризм саласының атақты ғалымдарының   еңбектерінің ескерілмеуі, қаржыландырудың жоқтығы, қымбат туристік құрал-жабдықтар және тағы басқа мәселелер. Осылайша, осы мәселені терең зерттеп қарастырудың қажеттілігі мен өзектілігі туындайды.

Қазіргі тәрбие беру патриоттық тәрбие, адамгершілік, еңбек тәрбиесі, политехникалық тәрбие, эстетикалық және дене тәрбиесін қамтиды.

Патриоттық тәрбие азаматтық жетілуді, қоғамдық белсенділікті және патриоттық тәрбиемен тығыз байланысты қоғамдық мінез- құлықдағдыларын дамытуды көздейді . Туризм арқылы әлеуметтік және саяси білім беру ұжымдыққа тәрбиелеуге бағытталған, яғни. қоғамдық мүдделерді жеке мүдделерінен жоғары қоятын, қиындықтар мен кедергілерді бірлесе жеңе алатын, ұжымның қуаныштары мен қайғыларымен бөлісуді білдіреді. Әр түрлі күрделілікке толы туристік жорықтарды ұжымның рөлі айқын көрінеді. Бірлігі жарасқан топ кез келген маршрутты сәтті өтуінің кепілі.

Туристік сапарларда, тіпті ұзындығы мен ұзақтығынан аз болса да, ұжымдық сезімдері тудырады, табиғатқа құрметті арттырады, қатысушылардың танымы   кеңейеді.   Туристік    жорықтағы ортақ    мақсат   әр    түрлі жастағы адамдарды біріктіреді. Жүрген әр шақырым өзіне деген сенімділікті арттырады, үлкен моральдық қанағат сезімін тудырады. Туризм еңбекке баулу құралы ретінде өзіне-өзі қызмет ету және әлеуметтік пайдалы іс-әрекеттерді жасауда жүзеге асады. Туристік топтың қатысушылары бүкіл маршрут бойында өзінің өмір сүруін қамтамасыз етуі керек : жүріп өту және кедергілерді жеңу, тамақ пісіру үшін лагерь құру, құрал- жабдықтарды жөндеу, киім-кешектерді жөндеу, суретке түсіру және т.б. Осының арқасында турист үй жұмысының негізгі әдістерін үйреніп қана қоймайды,  сонымен  бірге жұмыста саналы тәртіпті, ұйымдастыруды, үйлестіруді көрсетуге  үйренеді. Эстетикалық    тәрбие. Туризммен айналысатын адам сұлулықты, табиғатпен қоғамның байланысын, өмірді рухани мазмұнын терең түсінеді, оны әдемі, бай етеді, айналадағы әлемді жақсы көруге көмектеседі. Орыстың ұлы ұстазы К.Д. Ушинский табиғатты жас ұрпақтың тамаша тәрбиешісі деп атады.

Туризм көбінесе өлкетану жұмыстарына ықпал етеді, ал өлкетану туризмді өте танымал және педагогикалық құнды түрлердің бірі ретінде қарастырады. Жақсы ұйымдастырылған туризм және өлкетану жұмыстары студенттерге ғылым негіздері туралы терең және тұрақты білім алуға, оларды өмірге және жұмысқа, Отанды қорғауға дайындауға көмектеседі.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close