Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАРИХИ МҰРАЛАРЫ

Қазақстанда сакралды жерлерге өте бай. Солардың бірі - Қожа Ахмет Ясауи кесенесі.

ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан. Оны әлемнің сезігінші кереметі деп тегіннен тегін атамаған. Бұл сарайлар мен ғибадатханалардың кешені орта ғасыр сәулетінің жауһары. Кесененің күмбезі Орталық Азиядағы ең үлкен күмбездердің бірі, оның диаметрі шамамен 18 метрді құрайды. Кесенеде шартты түрде сегіз блокқа бөлінген 30-дан астам бөлмелер бар. Олар өзара шиеленіскен жолдармен, дәліздермен, сырмалы екі қабатты сатымен байланысқан. Жарық ішке ағаш шарбақтармен бітелген терезелер арқылы кіреді, жаңғырық адамдардың аяқ дыбысын алысқа алып кетеді… Жартылай қараңғылық, салқындық, тыныштық құлшылық етушілердің жүрегінде терең сенім мен үйлесімділік тудырады. Сол заманның ең озық технологиялары арқылы жасалған кесененің сәулеті қайталанбас құбылыс. Бұл ғимаратты тұрғызу кезінде парсы сәулетшілері Самарқанд және империя астанасы Тимуридтерді тұрғызу кезінде қолданылған көптеген жаңашыл сәулет және құрылыс шешімдерін пайдаланған. Құрылыста ерекше қоспа мен күйдірілген қызыл кірпіш қолданылған. Қабырғалар мен күмбездердегі декоративті әрлеудің байлығы әрі сан алуандығы, ғимарат пен күмбез көмкерілген сұлулығы мен шеберлігі жағынан ерекше тасты және майоликалы тақталар, мозаикалар, өрме жазумен, герметикалық және өсімдік өрнектерімен берілген қабырғадағы суреттер, тассүңгілер, қуатты тізбекті және көркем мұнаралар – осының бәрі Әмір Темір заманындағы, Орталық Азияға тән архитектура стилінің қалыптаса бастаған кезіндегі сәулет өнерінің қандай деңгейде болғанын көрсетеді. Сол дәуірде тұрғызылған барлық монументалды ғимараттардың ішінде тек Қожа Ахмет Яссауи Кесенесі ғана толықтай сақталған.

Республикалық мәртебеге ие, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік- шығыс бетінде 60 метр қашықтықта орналасқан – Рабия Сұлтан Бегім ескерткіші. Рабия Сұлтан Бегім Темірдің ұрпағы, атақты астроном ғалым Ұлықбектің қызы, Шайбанилік Әбілхайыр ханға ұзатылған, Көшкінші және Сүйінші хандардың анасы, Әбілхайыр хан қайтыс болған соң 16 жыл Түркістанда өмір сүреді және осында қайтыс болады. Арнайы салынған кесенеде өзі, ұлы және үш немересі жерленген. Алғашында сегіз бұрышты бір камералы, цилиндр тәріздес барабанға бекітілген биік күмбезі бар құрылыс ретінде салынып, кейіннен көп камералы шаршы жоспарлы құрылыстармен толықтырылған. Кесене өте үлкен сәулеттік кешендердің бірі. Оның құрамына бес үлкен бөлме кіреді. Кесененің қас беті сүйір ұшты биік екі тірек аралығының доға тәрізді жабын түрінде жасалған, сегіз бұрышты залы және осы залға жапсарлас салынған ұзынша келген тік бұрышты екі үй-жай бар. Кесененің айналасынан табылған майоликалық және жылтыратылған тақтайшаларға қарап, оның полихромды қаптамамен қапталғанын көруге болады. Кесененің оңтүстік-шығыс бөлігінде жерасты қабірханаға кіретін есік бар. Қабірхана сыланып, боялған. Кесене түркістандық жергілікті сәулеттік дәстүр негізінде салынған алғашқы кесене ретінде өте маңызды.

Домалақ ана кесенесі — сәулетті ескерткіш. Қаратаудың күнегей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан. Қазақ халқының абыз аналарының бірі, халық арасында Домалақ ана атанған Нұрилә Әли Сланқызының зиратының басына тұрғызылған. Домалақ ана Жетісу, Әулиеата, Шымкент, Ташкентті мекен еткен барлық халықтың анасы саналады. Оның баласы Жарықшақ Ташкент әмірінің көмекшісі, кейін Жетісу аймағының билеушісі болған. Есенбұға ханның бас уәзірі қызметін атқарған. Бірде Домалақ ананың түсіне ері Бәйдібек ата кіріп, туған мекені Қаратауға көш деп аян береді. Осы жол сілтеумен өмірінің соңғы уақыттарын Қаратауда өткізген аяулы ана намаз уақытында қайтыс болады. 1456 жылы Домалақ ананың немересі Дулат Бұхарадан Абдулла Шері есімді шеберді алдыртып, ана басына төрт қанатты күмбезделген кесене-там тұрғызады. Домалақ ана кесенесі бірнеше рет бұзылып қайта өңделген. Ғимаратта түрлі көне қолжазбалар сақталған. Бұл көпшілік тәу етер қасиетті орын. Кесенені салуда бұрыннан белгілі формалар мен мотивтерді қиыстыру арқылы жаңа ғимарат салу идеясы емес, ассоциативтік қатарлар түзу жолымен байырғы қазақтың халықтық мұрасын басқа, күрделірек деңгейде тереңінен меңгеру әдісі қолданылған. Табыну ғимараттарының белгілі бөліктері — портал, күмбез, мұнаралар — өзге иілімділік тілінің көмегімен, сезімдік-көркемдік дәрежеде ортаазиялық классикалық емес, қазақтың далалық көне өнерімен үндес жасалған. Домалақ ана кесенесінің биіктігі 12 метр. Аңыз бойынша Домалақ ана кесенесінде екі қасиетті тас бар, осы екі тастың арасынан тек жаны таза адам өте алады. Мұражайда қолдан жасалынған көптеген заттар сақталған.

Ақмешіт әулие үңгірі – Орталық Азиядағы ең үлкен үңгірлердің бірі. Түркістан облысы Бәйдібек ауданында орналасқан. Қаратаудың етегіндегі, әктасты жыныстар қабатында пайда болған ойық жарқабақ үңгір. Ұзындығы 254, ені 65, биіктігі 25 м. Жарқабақ саңылауларынан мезгіл-мезгіл су тамып тұрады. Ішінен қарағанда ернеуі киіз үйдің шаңырағы секілді көрінеді. Ел арасында бір кездері онда бір әулие әулетімен киіз үй тігіп, сатымен шығып- түсіп жүрген деген аңыз айтылады. Негізі Ақмешіт үңгірі туралы аңыз- әңгімелер өте көп. Есіркеп Қойгелді батырға қатысты айтылған аңыз. Батыр қалмаққа қарсы жорыққа шығарда кенеттен нөсер жауып кетеді. Он мыңнан астам сарбаз пана іздеп, осы үңгірге түседі де, таңғы намазға жығылады. Атауы жоқ үңгірді жауынгерлердің бірі батырдың есімімен атауға ұсыныс тастайды. Алайда Есіркеп Қойгелді батыр бұл ұсынысқа үзілді-кесілді қарсылық білдіреді. «Бұл Қаратаудың қасиеті дарыған таудың етегі. Бізді және астымыздағы аттарымызды жаңбырдан қорғап қалды. Сәждеге жығылып, намаз оқуымызға мүмкіндік берді. Үңгір ішіндегі тастары да ақ ұлпадай әппақ, керемет әсер қалдырады. Мұның қасиеттілігі сол шығар, сондықтан оны «Ақмешіт» деп атайық»,- депті. Міне, содан бері қасиетті орын ұрпақтан-ұрпаққа Ақмешіт деп аталып кетіпті. Ақмешітке келушілер саны жыл сайын артып отыр. Бірақ, олардың саны туралы нақты дерек жоқ. Тек болжам ғана. «Тарихи-табиғи мұраны қорғау және пайдалану орталығы» мекемесінің жүргізген жұмыстары бойынша, үңгірге жылына жүз мыңнан аса адам ниет етіп кетеді екен. Олардың көбі өз отандастарымыз болса, қалғаны Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен арнайы іздеп келіп, тілек тілейтіндер.

Отырар — Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі. Қаланың қалдығы Отырар төбе деген атпен белгілі, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Шәуілдір елдімекенінің жанында орналасқан. Отырар қаласы туралы көптеген саяхатшылардың жазба деректерінде айтылады. Ежелгі Отырар шұраты Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында орналасқан. Оның жері Сырдарияның орта ағысы тұсындағы жағаларында орналасқан. Орта Сырдарияның алқабы, Тұран ойпатының бір бөлігі, Қызылқұм-Ортасырдария жазығына кіреді. Шұраттың негізгі су көздері Арыс пен Сырдария. А.Н. Бернштам Отырар, Арыстың Сырдарияға құяр тұсында, Бөгенге жақын орналасқандықтан, қолайлы позицияда тұр және жер суару үшін суы жеткілікті деп дәл айтқан. Бөген мен Арыс бойымен Таласқа, үйсін, кейін қарлық иеліктерінің шекарасына дейін жеткен. Сырдария бойымен жолдар Шаш, Ферғана және Соғдыға, солтүстікке қарай Арал маңындағы алаңдар арқылы Еділ бойындағы далаға, Таулы Оралға және Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін барған. Шұраттың солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 53 километрдей, батыстан шығысқа қарай 54 километрдей. Шұрат территориясында 130 астам ескерткіштер бар. Отырар шұраты Қазақстан Республикасы археологиясының жауһары.

Қорыта келгенде, жоғарыдан көргеніміздей Қазақстан жері сакралды жерлерге бай. Жоғарыда аталғандардың бәрі тек еліміздің оңтүстік бөлігіне ғана қатысты киелі жерлер. Еліміздің әр аймағында көне орындар бар. Түркілердің Отаны Алтай¬дағы Берел, т.б.. Сакралды ны¬сандардың көбі исламға дейінгі дүниетанымды айшықтайды, көбіне нақты киемен қосарлана аталады. Айталық, Абылай ханның киесі қызыл түлкі, Райымбек батырдың киесі ақ түйе, Жамбылдың киесі қызыл шұбар жолбарыс, Кемпірбайдың киесі көкала үйрек. Қысқасы, киелі сакралды география хронологиясы бойынша да, мазмұны жағынан да ауқымды әрі бай.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close