ТҮРКІСТАНДА 60 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ ЕГІЛДІ
Қазіргі таңда Түркістан қаласында 60 мың ағаш егіліп үлгерген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 130 мыңға жеткізу жоспарланып отыр.
Майкотов көшесін абаттандыру жұмысы бүгінде нәтижесін берді. Бір кездері жазық жатқан далаға жан бітіп, жасыл желек көз қуантуда.
Сонымен қатар, қала басшылығы «ОТБАСЫҢМЕН ОН ТАЛ ЕК!» эко-акциясын биыл да жалғастыруға ниетті. Былтыр акция аясында егілген жасыл желектің 80 пайызы тамыр жайып, өнді.
Қазіргі таңда Түркістандағы көгал аумағы 2,5 млн. шаршы метрге жетті. Ал ағаш 700 мың түпке жеткен.
Күздік маусымда «Отырар» ықшамауданына – 29 мың, әкімшілік-іскерлік орталық аумағында және жаңа қалада 32 мың, әуежай жолы бойына – 13 мыңнан астам көшет егіледі деп көзделуде. Сонымен қатар Б.Саттарханов даңғылы, «Денсаулық» саябағы, Шекті Тілеу, Баялиев, «Фараб» кітапханасының маңайы мен Кентау тас жолы, Майкотов және айналма жол бойын көгалдандыру қолға алынады.
Қалада егілген ағаштардың басым бөлігін қысқа қарағаш, айлант, ірі жапырақты қарағаш, үйеңкі, ясень, тұт ағашы, форзиция, аморфа, богрянник, қарағай, айва, сириялық раушан, сирень, боз арша, акация, софора, форзиция, алма, терек және өзге де ағаштар құрайды.