ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚОНАҚҮЙ БИЗНЕСІ
Әлемде қонақ үй және мейрамхана кәсіпкерлік саласындағы жетекші сала саналады. Аталған салада көптеген жобалар жүзеге асып, миллиондаған адам табыс тауып жүр
Бүгінгі таңда қонақжайлылық индустриясы Түркістан экономикасының дамуының әлуеті және болашағы зор салалардың бірі болып танылып отыр. Қонақ үй бизнесі туризмнің маңызды құраушысы ретінде жүреді. Туризм тек қана экономикасына ақша түсірумен бірге мемлекетаралық байланыстардың әлеуметтік және мәдени дамуына ықпалын тигізіп, халықтың танымдық деңгейін көтереді.
Түркістандағы «KHANAKA» қонақ үйі Түркістанның орталығында, тарихи-этнографиялық мұражайдың жанында орналасқан, қонақ үйдің терезелерінен Қожа Ахмет Ясауи Кесенесі көрінеді. Қонақ үйдің жанында қаланың негізгі жолдары мен көптеген көлік жол айырықтары өтіп жатыр. Қонақ үйдің ішінде демалыс пен іскерлік кездесулерді өткізу үшін барлық жағдайлар жасалған. Мейманхананың лоббиі қонақ үйдің орталық холлында орналасқан. Бір күн ішінде ағымдағы істерді талқылауға мүмкіндік беретін сәнді, тыныш және жайлы орта. Мейманхана жанында Арбат орналасқан. Бай тарихы бар, музыканттар, ақындар мен суретшілердің шабытын оятқан көшеде туристер әсіресе көп жүреді. Мұндағы әр үй – бір тарих. Жайлы орта, арбатты бойлай серуендеу өте жақсы әсер қалдырады.
Қонақ үй мен мейрамханасы көп қаланың болашағынан көп үміт күтуге болады. Яғни қонақ үй мен мейрамханасы көп елге туристер де көп келеді. Тарихы тереңдегі қала деуге әбден болады. Түркістан қаласы өзінің ерекше ескі ғимараттарымен, дәмханаларымен, қонақжайлылығымен ерекшеленеді. Бүгінде қалаға келуші қонақтардың саны күн санап өсіп келеді. Осыған орай қаланың әл ауқаты жақсарып, келген қонақтарға не түрлі қызмет көрсетіледі. Мәселен келген қонақ ең алдымен баратын қонақ үйлер қазірде жөндеу жұмыстарынан өткізіліп, сұлу қалыпқа енді. Қонақ үй кәсібі де сондықтан шаһармен бірдей ілесіп дамып келеді. Көне Түркістанда келбет беретін осындай ғимараттардың бірі — «Алпамыс» қонақ үйі. «Алпамыс» қонақ үйі қаладағы көрнекі жерлердің бірі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңайында орналасқандықтан болар, бұл жерден туристтер үзілген емес. Келген турист ең алдымен қаланың гүлденуіне ықпал етеді. Мәселен турист туристік сапарға құр-қол шықпайтыны белгілі, демек ол қалаға қаражат жұмсау арқылы қала экономикасына едәуір үлес қосады. «Алпамыс» қонақ үйіне қонақтаған туристер сонымен қатар сол жерден нағыз қазақы дастарханнан тамақтана да алады. Кәсіп басшылығының айтуынша, келген туристер біздің қонақжайлыққа дән риза. Түркістан қаласын екі бағытта дамытуға болады. Оның бірі туризм болса, кейінгісі кәсіпкерлік. Қаладағы кәсіпкерлердің саны көбейсе, жұмыссыздықтың саны азайып, халықтың тұрмыс-тіршілігі артатыны анық.
Қаланың әлеуметін арттыруға ықпал жасап жүрген осындай қонақ үйлердің бірі — «Жібек жолы». «Жібек Жолы» қонақ үйі, люкс сыныбындағы ең жайлы, жайлы және заманауи қонақ үйлердің бірі. Қонақ үй Жібек Жолы көшесінде, қала орталығынан 5 минуттық жерде, жаңа әкімшілік орталық пен негізгі сауда және ойын-сауық кешендерінен 10 минуттық жерде орналасқан. «Жібек Жолы» қонақ үйінде 50 жайлы нөмір, өз мейрамханасы, лаунж-бар, банкет және конференц-залы бар. Барлық бөлмелер жиһаздың эксклюзивті үлгілерімен жабдықталған, ванна бөлмелері бренд сантехникамен жабдықталған. «Жібек жолы» қонақ үйі барлық бөлмелерде тәулік бойы таза және жайлы ұстауға мүмкіндік беретін ауаны желдету және кондиционерлеу бірыңғай жүйесімен жабдықталған. Қонақтар үшін ыңғайлы тұрақ, сондай-ақ әуежай мен теміржол вокзалынан трансфер қызметі қарастырылған. Қонақ үйдегі сервис деңгейі халықаралық стандарттарға және 4 жұлдыз мәртебесіне толық сәйкес келеді. Қазақстанның ірі сауда-экономикалық орталықтарының бірі ретінде Түркістанның дамуымен қатар қонақ үй бизнесінің де дамуы әбден заңды болып көрінеді. Жыл сайын Түркістан өз бизнесін дамытатын немесе қонақжай оңтүстікте демалғысы келетін басқа қалалар мен елдерден келген қонақтар мен туристер үшін қолайлы жағдай жасайды.
Түркістан қаласының тарихы тым тереңде. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен туристер арнайы келіп, қаланың мәдениетімен танысқысы келеді. Олар біраз заманнан бері келе жатқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесін көру үшін алыстан ат арылтып келетіні аян. Оларға қонақ үй міндетті түрде қажет. Түркістанда туристерге қызмет көрсететін бірнеше қонақ үй бар. Жалпы көне қаланың өткені мен бүгіні жатқан тарих. Түркістан тарихындағы тағдыршешті кезеңдерді басынан өткерген. Ол сонау ғасырлардан бері сауданың орталығы. Қаладан ешқашан қонақ үзілмеген. Бұл қалаға тіпті атағы жер жарған парсы саудагерлері де келіп сауда жасасқан. Демек еліміздің рухани астанасының қазіргі халіне таң қалуға себеп жоқ. Кәсіптің, сауданың иісі шығатын қалаға келуші қонақтар бүгінде ең сапалы түрде саяхаттай алады. Оған көмек қаладағы қонай үйлер. Айта кетейік қазірде қаладағы қонақ үй кәсібі кең өріс жайған. Кәсіпкерлер қонақ үй кәсібін өте мақұлдайды. Қонақ үй де бизнестің ерекше түрі. Олар қаланың экономикасының дамуына айтарлықтай ықпал ететіні анық. Мәселен., осындай қонақ үйлердің бірі – «Айтолсы»н қонай үйі. Қонақ үй негізінен тойхана да болып есептелінеді. Ал тойдан кейін қалған адамдар осы қонақ үйде қонақтай алады. Айтолсын қонай үйі қала орталығында орналасқан. Қонақ үйдің өте қолайлы жерде орналасуы қалаға келген туристерге атақты Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жаяу қатынауға мүмкіндік береді. Туристер сондай-ақ қонақ үйдегі ең қолайлы және люкс бөлмелерге орныға алады.
Түркістанға мереке, демалыстарда арнайы ат басын бұрын келетіндер көп. Қазірде шаһарда кәсіп пен туризмнің қайнап тұрған шағы. Қала облыс орталығы болып белгіленген сәттен бастап, мұнда жаңа ғимараттар мен кәсіпорын, өнеркәсіптер бой түзеп, жұмыссыздық азайып, халықтың әл-ауқаты жақсарған. Мұндағы қонақ үй бизнесі де көз ілестірмей даму үстінде. Сапалы қонақ үйлер көптеген туристерге жайлы орын, құтты мекен бола алады. Мәселен, «Яссы» қонақ үйі. «Яссы» қонақ үйі қаланың ортасында орналасқан. туристердің арасында аса танымалды бұл қонақ үй инфрақұрылымы мен көлік жол айрығымен ерекшеленеді. Қонақ үй 52 бөлмеден тұрады. Олардың: 3- жартылай люкс, 1-люкс және 48-стандартты нөмірлер. Әр бөлмеде туристердің демалуына қолайлы ванна бөлмесі, кабельді теледидар, мини бар, кондиционер бар. Бөлме жағдайы: ванна бөлмесі, телефон, кабельді теледидар, фен, ашылатын терезелер, минибар, кондиционер. Қонақ үй жағдайы: мейрамхана, интернет, автотұрақ, нөмірлерді тәулігіне 24 сағат қызмет көрсету, жүк тасымал қызметі, кір жуатын орын. Түркістанның инвестициялық тартымдылығы жоғары, ары қарай дамытып және кеңейтуге мүмкіндік көп. Болашақта қала елге индустриялды аймақ ретінде танылса керек.
Сонымен бірге қалада «Яссауи» қонақ үйі туристердің ерекше сұранысына ие. «Яссауида» қонақтарға классикалық стильде орындалған және ыңғайлы ұйықтайтын орындармен, мини-бармен, кондиционерлеу жүйесін қоса алғанда заманауи техникамен, сондай-ақ жеке гигиеналық керек-жарақтармен жабдықталған жайлы бөлмелер қарастырылған. Барлық аумақта Wi-Fi арқылы интернетке мүмкіндік бар. Бұл мұнда келуші қонақтар үшін өте ыңғайлы. Қонақ үйдің өзінің жеке мейрамханасы да бар, онда күн сайын ұлттық және еуропалық тағамдар дайындалады. Барда сусындарды кез келген дәмге қарай тапсырыс беруге болады. Жалпы, қонақт үй кәсібінің дамуымен қызмет сапасы да, дизайны да, ас мәзірі де дамып келеді. Бұл қуантарлық жағдай.
«Отау» қонақ үйі Халықаралық қазақ-түрік университетінің жанында, қала орталығында орналасқан. Мұнда Сіз қаланың кез-келген бөлігіне оңай жете аласыз. Отау – Түркістандағы жаңа қонақ үйлердің бірі болып табылады. Әрбір бөлмеде теледидар, тоңазытқыш, телефон, кондиционер бар. Түркістандағы қонақ үйлердің арасында Отау қонақ үйі жоғары деңгейлі сервис сапасымен және қолжетімді бағамен ерекшеленеді. Қонақ үй қонақтары өздерінің бөлмелерінен шықпай Интернетті пайдалана алады. Қонақ үй туристік топтар мен іссапармен келген қонақтар арасында өте танымал. Қонақ үйдің жанында үлкен супермаркет, дәріхана, мейрамханалар, Burger және вафельді үйлер бар. Қонақ үйдегі жалпы бөлме саны – 10, жатын орын саны – 20, ал стандарт бөлмелердің 1 күндік құны 5000 теңгені құрайды. Жалпы, бүгінде қалада бизнеспен айналысатындар үшін көптеген мүмкіндіктер қарастырылған. Тек сол мүмкіндіктерді дұрысынан пайдаланып, кәсіп ашып, іс бастаған жағдайда ғана, қалаға сырттан қаражат айналымға түсіп, қала әл-ауқаты жақсара бастайды.
Түркістан — жас шаһар әрі ескі шаһар. Қаланың мүндай екі атауға ие болуының себебі де жоқ емес. Тамыры терең тарих қойнауында болғанымен, экономикасы жас қала. Қала облыс орталығы болған сәттен бастап, қалада туризм мен кәсіпкерлік кең етек жайып келеді. Оның үстіне кәсібін ашып, мал табамын деушілерге де мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек түрлері жетерлік. Қонақ үй кәсібі, мал, егін шаруашылығы, тағам шаруашылығы, өнеркәсіптердің даму да қала экономикасында алдыңғы рөлдерді ойнайтыны белгілі. Мәселен тағамдану орталықтарына да жіті көңіл бөлінуде. Себебі қала үшін басты міндеттердің бірі — туристерге сапалық қызмет түрлерін ұсыну. Сондай-ақ келушілерге жоғары қызмет түрін ұсынатын асхана, шайханалар да аз емес. Солардың бірі — «Дәмді» асханасы. Асхана ас мәзірінде еуропалық, ұйғыр және ұлттық тағам түрлері арзан бағада ұсынылған. Бір адамға орташа есеппен алғанда — 500-1500 теңге аралығында түседі. 150 адамға арналған зал заманауи талаптарға сай жасалынған және мұнда жоғарғы сапада қызмет көрсетіледі. Жұмыс жасайтын аспаздар да өз істерінің маманы. Кәсіп иесі осындай дәмхананы ашу арқылы тек қана қонақтарғы қызмет көрсетіп қана емес, біршама адамдарды жұмыспен де қамтып отыр. Асханалардың көбеюі — қала экономикасының көрсеткіші. Жалпы кез келген кәсіпорын қаладағы жұмыссыздар санын азайтып, экономикасына бірақ болса да ықпал келтіретіні анық. Сондықтан да қала халқы үшін қалада ашылған кез келген кәсіпкерлік мекеме үлкен қуаныш сыйлайды.
Ал қаладағы «Самарқанд» мейрамханасы қаладағы қонақжайлықтың айқын көрінісі десе болады. Шығыс рухының интерьері, стильді аксессуарлар мен ерекше жайлы атмосфера арқасында сіз шығыс ертегі еліне тап боласыз. Мейрамхананың сиқыршы аспаздары қонақтары үшін таңдаулы және дәстүрлі тағамдар: хош иісті және өз дәмімен масайрататын палау, дәстүрлі шығыс наны, дәмді және шырынды қытырлақ қабығымен самса ұсынады. Жас қой етінен дайындалған сорпа да келуші туристерді бей-жай қалдырмайтын көрінеді. Жиырмаға жуық ғажайып кәуаптардың түрлері кез келген қонақты қанағаттандырады. Ыстық тағамдардың үлкен таңдауы, дәмді десерт және жеңіл тәттілер әр қонақтың көнілінен шығады.
Түркістаннан шығыс базарының иісі аңқиды. Ескіде мұда әлем саудагерлері келіп осы қаланың көне базарын аралаған деседі. Әйтсе де сол дәстүрдің әлі күнге дейін шоғы сөнген жоқ. Мұнда келетін туристер қазақы қонақжайлық пен ақ дастарханның куәсі бола алады. Шығыс стилінде тек базам ғана емес, қонақ үй, мейрамханалар да бар. Олар заманауи кейіпке еніп, одан сайын әсерлене түскен. Жалпы қаладағы тағам өнеркәсібінің дамуы ықпал етіп, көптеген мейрамханалардың жұмысы өрбуде. «Керуен Сарай» шәйханасы соның айқын дәлелі деуге болады. Шәйхана табалдырығынан өтсеңіз, сіз әйгілі шығыстың қонақжайлылығын, атмосферасын және ерекше дәмді мәзірді көресіз. Ерекше мәзір үздік ортаазиялық салт-дәстүрлерде жасалған: мұнда сізді салаттар, көжелер мен тәтті тағамдар, ыстық тағамдар және гарнирлер, сондай-ақ гриль мен мангалда дайындалған тағамдар, тандырда пісірілген нандар өз хош иісімен баурайды. Барлығы тек Ташкент өзгешілігімен жасалған. Біздің аспаз өз ісінің шебері ғана емес, сондай ақ нағыз суретші: оның отбасы дәстүрлі өзбек тағамдарының дайындау әдісін ұрпақтан-ұрпаққа сақтай отырып, әрбір тағамды «жанымен» даярлайды. Тағамдардың дәмімен ғана емес, сонымен қатар олардың мөлшерімен де қуантамыз. Шәйхана шығыс стилінде жасалғандықтан, Сіз өзіңізді Самарканд қаласында тұрғандай әсер аласыз. Мұнда тек туристер ғана емес, базардағы кәсіпкерлер де келіп тамақтанатын көрінеді. Тек тамақтандыру орны ғана емес, бұл маңай сауда кәсібінің қайнап тұрған мекені десе болады.
Түркістан қаласында мейрамхана кәсібі өркендеп, талайдың таңдайынан кетпейтін дәмімен танымал. Түркістан тамағы үшін алыстан арнайы келетіндердің де қарасы көбейіп келеді. Түркістан қаласы өз кезегінде келушілеріне түрлі дәмді тамақтарын ұсынып, көңілдерінен шығуға күш салуда. Қалаға келушілер көбейген сайын қала экономикасы да артады. Олар тек мейрамхана емес, көптеген нысандарға кіріп сауда-саттықты жүргізеді. Қалада салық төлеп отырған «Түркістан» шайханасы қала қонақтарының көңілінен шығуда. Аты аңызға айналған қонақжайлылық, еліктірер атмосфера, ерекше дәмді ас мәзірі – «Түркістан» шайханасының табалдырығын аттаған кезде барлық шығыстық сән-салтанат көз алдыңыздан көрінетін болады! Түпнұсқа мәзір ең жақсы Орталық Азия дәстүрлері бойынша жасалған: мұнда сіз салаттар, сорпалар мен кондитерлік өнімдерді, ыстық тағамдар мен оларға арналған гарнирлерді, сондай-ақ грильде және грильде пісірілген тағамдарды, хош иісті нанды таба аласыз — бәрі өте тәбетті. Ташкент дәмі. Шайхана аспаздары өз ісінің кәсіби маманы ғана емес, сонымен қатар нағыз суретші: оның отбасында өзбектің ең жақсы тағамдарының дәстүрлері әр рецепттің «жанын» сақтай отырып, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Шайхана тағамдарының теңдесі жоқ дәміне қоса, шын мәнінде жомарт порциялармен қуантады. Шайхана шығыс стилінде жасалған, мұнда өзіңізді Самарқанның қақ ортасында жүргендей сезінесіз.