Без рубрики

СҚО-ДА МАС ЖОЛАУШЫ МЕДБИКЕГЕ ШАБУЫЛ ЖАСАДЫ

Солтүстік Қазақстан облысында жол апатына түскен көліктің жолаушысы оқиға орнына келген медбикеге шабуыл жасады.

Оқиға Чудесай өзені маңында болған. Lada автокөлігі жолдан шығып кетіп, аударылған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы жедел жеткен.

Медициналық көмек көрсету кезінде көліктегі жолаушылардың бірі агрессивті әрекет танытқан. Полицияның мәліметінше, мас күйдегі 62 жастағы ер адам 37 жастағы медбикені аяқ-қолынан және іш тұсынан ұрған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, медициналық қызметкерге шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ көлікте болған үш адамның да алкогольдік мас күйде болғаны анықталды. 52 жастағы жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Құқық қорғау органдары медицина қызметкерлеріне күш көрсету әрекеттері үшін жауапкершілік қатаңдатылғанын ескертті.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close