Қоғам

УЛЫ ГАЗБЕН УЛАНҒАНДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТ

Қыс мезгілінде үйді жылытып жүрген көмір мен табиғи газдың қаншалықты қауіпті екенін білесіз бе? Түркістан облысының көгілдір отынға қосылмаған алыс-шалғай ауылдары көмірмен үй жылытады. Төтенше жағдайлар қызметкерлері иіссіз газдың қаншалықты қауіпті екенін ескертіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізгенімен адам шығынымен аяқталатын оқиғалар жыл сайын орын алады. Мамандар қайғылы жағдайдың көбі қауіпсіздік ережелерін елемегеннен болады дейді. Сондықтан улы газбен уланған адамға қалай көмек көрсету керектігін біле жүріңіз.

Улы газ – иісі жоқ уландырғыш газ, оны көру немесе иісі арқылы тану мүмкін емес және одан адам бірнеше  минут ішінде-ақ өліп кетуі мүмкін.

Улы газ кез келген отынды, мысалы, газ, мұнай, керосин, ағаш отын немесе көмірді  жаққанда шығады. Әдетте, от жағатын  құрал (мысалы, пеш) дұрыс жұмыс істеп  және  пайдаланылып тұрса, қауіпті  емес.

Улы газ дем арқылы ішке кеткенде:

қанның оттегін тасымалдау қабілетін төмендетеді;

миға орны толмас  зақым келтіруі мүмкін;

жүрек ауруы бар адамдардың кеуде тұсы ауыруы немесе жүрек қысылуы мүмкін.

Улану белгілері:

бұлшық еттердің әлсіреуі;

бас айналу;

құлақ шуылы;

жүрек айну;

құсу;

ұйқы келу; кейде, керісінше, аз уақытқа белсенділіктің артуы; соңынан, жүру тепе-теңдігінің жоғалуы, теңселу;

сандырақтау;

елес қуу (галлюцинация);

есінен тану;

талу;

кома және тыныс алу орталығының семуінен болған өлім. Тыныс алу тоқтағаннан кейін де жүрек біраз уақыт соғып тұруы мүмкін.  Кейде адамдардың осындай уланудан кейін 2-3 аптадан соң ғана қайтыс болғаны туралы жағдайлар да болған.

Улы газбен уланғанда улы газдың келуін тоқтатыңыз; жапа шегушіні таза ауаға шығарыңыз; жатқызыңыз, тыныштандырыңыз да таза ауамен дем алдырыңыз (газетпен желпіңіз, желдеткіш немесе кондиционер қосыңыз);

Егер зардап шегуші есінен танған болса, жүрегіне жабық массаж жасаңыз  және жедел жәрдем келгенше немесе есін жиғанша жасанды демалдырыңыз.

Есіңізде болсын, зардап шегушіні қауіпті аймақтан шығару кезінде, алдымен өзіңіздің қауіпсіздігіңізді, өзіңіз уланып қалмауды ойлаңыз. Ол үшін тез қимылдау керек және қол орамал немесе дәкемен мұрынды байлап алу керек.

Ең көп тараған көздері — бұл газ және май пештері, ағаш пеші, газ құралдары, бассейндердегі жылыту құралдары және қозғалтқыштар, жанып біткен газ шығарушы құбыр. Пештегі жарықтар, мұржалардың толып қалуы, бітеліп қалған құбырлар – бұлар улы газдың тұрғын үйлерге, бөлмелерге тарауына әкеліп соғады. Пешке таза ауаның жеткіліксіздігінен де үй ішіне улы газ жиналып қалуы мүмкін. Үйдегі бөлмелердің тар болуынан ауа алмасуы нашар болады да,  улы газбен улану қаупі күшейе түседі.

Улы газбен улануды болдырмау  үшін:

ешқашан, тіпті, есіктері ашық болса да, қозғалтқышы қосулы машинаны гаражда қалдырмаңыз;

генераторды ешқашан үйде, гаражда, жертөледе (подвал) қоспаңыз. Ашық құрған терезе, есік немесе желдеткіш үйдегі улы газды шығара алмайды.

генераторды далада қосқан күнде де оның ашық терезе мен есіктің қасында тұрмағанына көз жеткізіңіз;

ағаш көмірді үйде, палаткада, машинада немесе гаражда ешқашан жақпаңыз;

ешқашан білмей, дағдыланбай және құралсыз от  жаққыш құралдарды орнатпаңыз және қолданбаңыз;

ешқашан газ плитасын, пісіру шкафын немесе кептіру құралын бөлмені жылыту мақсатында қолданбаңыз;

ешқашан пісіру шкафының түбіне фольганы қоймаңыз, себебі ол газдың қалыпты жануына кедергі келтіреді;

ешқашан желдетілмейтін газ құрылғысын жабық бөлмеде немесе жатын бөлмеде пайдаланбаңыз.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close