Қоғам

ЖАНУАРЛАРДЫҢ УЫМЕН УЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТ

Қауіпті жануарлардың таралуы Жердің түрлі зоогеографиялық аймақта- рындағы жануарлар әлемінің құрамын анықтайтын заңдылықтарға бай- ланысты. Жиі жағдайларда улы жануарлар көп және әртүрлі хайуанаттар әлемі бар аймақтарда кездеседі.

Көптеген улы жануарлар түрлерінің дене температурасы тұрақты болмағандықтан, олардың өмір сүруіне барынша қолайлы ылғалды тропикалық аймақтар аталған жануарлар түрлеріне ерекше бай. Бұл жерде аса қауіпті токсиндер шығаратын улы жануарлармен түрлердің ең іріөкілдері кезедесі. Сондықтан да адамдардың улы жануарлардың токсиндерімен улануы тропикалық ауытқушылыққа жатады. Қоңыржай климаты бар аймақтарда улы жануарлардың аздаған түрлері ғана кездеседі, олар адамдарда ауыр уланулар туғызбайды, сирек кезде ғана өлім жағдайы орын алуы мүмкін.

Жәндіктер

Жәндіктер – заманауи фаунадағы ең ауқымды санат, олардың мил- лионға жақын түрлері бар. Олардың барлығы дерлік құрлықта өмір сүреді. Кей жәндіктер қандайда бір мөлшерде адам организімі үшін токсин-ді заттар бөліп шығарады. Барынша қауіпті улы жәндіктер жарғаққанат- тылар отрядының өкілдері (аралар, соналар, түкті аралар, бүгелектер). Аралар мен соналар ауқымды топты құрайды, олардың құрамына

20 мыңнан астам түрлер кіреді, олар Антарктидадан барлық материктарға таралған. Олардың көбі синантропты өмір сүреді, кейбір түрлері бал алу мақсатында және өсімдіктерді тозаңдау үшін адаммен ара- лас дамиды. Нәтижесінде басқа улы жәндіктерге қарағанда адамның аралармен және соналармен жиі қатынасы орын алады, сондықтан да олардың уларымен улану, улы жыландар шағуынан туындаған инток- сикациялар санынан біршама артық.

Аралар мен соналардың у өндіру, сақтау және енгізуге арналған жоғары мамандандырыған, аса жетілдірілген аппараты бар. Оның не- гізгі бөліктері улы бездер және құрсағының соңында орналасқан бізгегі. Аралар мен соналардың улары қиын химиялық құрамнан тұрады және басқа жануарлардың уларынан ерекшеленеді. Ферментативті белсенділікке ие компаненттері екінші роль атқарады. Басты әрекет етушілер биологиялық белсенді аминдер (гистамин, серотонин, аце- тилхолин) және полипептидтер, оларды арасында кининдер, апамин мен мелитин ерекше маңыздылыққа ие. Бұл заттардың адам организмінің маңызды жүйелеріне кең спекторлы әсер ететін қабілеті бар: жүйке жүйесі, жүректамыр, тыныстау, эндокринді жүйе.

Түкті аралардың шағуы аралар мен соналардың шағуынан еш айырмашылығы жоқ.

Бүгелектер аралар мен соналар сияқты синантропты, бірақ олардың шағуы басқа жарқанаттыларға қарағанда барынша жанға батады (қатты ауырсыну), олардың көптеген түрлері Азияның тропикалық аймақтарында өмір сүреді және де Ресей аймақтарында сирек кездеседі.

Клиникалық картинасы. Жарғаққанаттылардың уымен улану симптомдарының айырмашылығы мен айқындылығы басқа жануарлардың уымен зақымдалуға қарағанда зардап шекен адамның өзге текті ақуыздарға жеке сезімталдығына байланысты. Ара шағуы кезін- де тек жергілікті раекция байқалады. Жалпы симптомдары 120-150 араның шағуы барысында дамиды, 400-500 – ара шақса жедел көмекті талап ететін жіті улану туындайды. Бірақ бір немесе бірнеше араның шағуынан уланы барысында анафилактикалық реакция орын алады, ол анафитактикалық шоктан өлуге әкелуі мүмкін.

Уды енгізу барысында күйіп-жанған ауру білінеді, ол бірнеше сағаттарды басылмайды. Зақымдалған жердегипемия мен ісік пайда болады. Көптеген зақымдар барысында ісік терінің көптеген жеріне тарауы мүмкін. Тері жабынының бозаруы байқалады. Жүрек соғуы, бас айналу, демікпе пайда болады Пульс жиілігі минутына 130-140 соққыға жетеді. Кей кездері конвульсия көрініс табады.

Жедел көмек. Аралар мен соналардың уларына қарсы антитоксинді сарысулар жоқ.

Симптоматикалық терапия. Улану дамуының симптомдарына қа- рай ем жасалады. Егер жарада араның бізгегі қалса оны алып тастау қажет. Шағылған жерге суық (егер болса, мұздай) компрестер тартылады, кейіннен антигистаминді препараттары бар жақпамайлар (преднизолон жақпамайы және т.б.) қолданылады. Ауруды азайту үшін анальгетиктер (парентерлі 1 – 2мл 50% анальгин ерітіндісі тәулігіне 2 – 3 рет және т.б.) беріледі.

Жоғарыңқы қозу орын алса транквилизаторлары: седуксен (көкта- мырға 2мл 0,5% ерітінді), элениум (ішке 0,005 – 0,01г күніне 2 – 4 рет) немесе триоксазин (ішке 0,3г күніне 2 – 3 рет).

Жыландар

Жыландардың абсолютті көпшілігі – құрлықты мекендеушілер. Хайуанаттар әлемінде 2600 астам жылан түрлері есепке алынған, олардың ішінде 400 жуығы улы. Адамдардың жылан уымен көпшілік уланулары кең таралған жылан түрлерінің, аздаған санының ішіндегілердің шағуымен байланысты.

Улы жыландардың толық емес шағуынан жыл сайын 1,7млн кем емес адам зардап шегеді. Орташа алғанда өлім жағдайы 2,4% құрайды. Аса қауіпті улы жыландардың шағуынан, медицина көмегінсіз, орташа есеппен 20 – 40% зардап шегуші, кей жерлерде олардың 70% дейіні қайтыс болады.

Өлімнің көп бөлігі Үндістанға және басқа да Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне келеді. Оңтүстік Америкада жыл сай- ын улы жыландар шағуына 3-4 мың адам, Африкада 800 жуық адам көз жұмады. Европадағы өлім жағдайлары бірен-сараң, жыл сайын емес. Түгелдерлік, жерүсті улы жыландардың барлық түрлері үш түрге жатады: аспидті (кобралар), сұржылантектестер және ойысбастылар (сылдырмақты жыландар).

Жыландардың улар көз артындағы бас бүйірлеріндегі түрі өзгерген самай сілекей бездерімен өндіріледі, сондықтан да көптеген улы жыландардың бастары қатты жалпақтанады. Жыландардың у өткізгіш тістері үстіңгі жақтың алдыңғы шеттерін- де орналасқан. Бұл тістер басқаларына қарағанда аса ірі. У өткізгіш тістердің ішінде у жылыстауына арналған каналшалар өтеді. Сұржылан тектес жыландардың 58 түрі бар, барлық Европа, Азия және Африка елдерінде таралған.

Сұржылан тектес жыландардың бастары шеңбер-үшбұрыш пішінді, мұрын шеті жапырылған және самай ұштары бүйірге шығыңқы, ол жерде улы бездер орналасқан; ол денесінен ұзын, өткір мойнымен аластатылған. Денесі қысқа және жуан, артқы жағы бірден тарылып, қысқа доғал құйрыққа ауысады.

Сұржыландардың барлық түрлерінің, жасыл түсті ағаш сұржылан- дарын қоса алғанда, түстері жыландарды қоршаған ортада көрінбестей ететін қорғаушы түс нұсқаларында.

Көптеген сұржыландар, мысалы көптеген асипидтер сияқты демонстративті қалыптарға еніп жауларына өздерінің бары туралы ескертпейді, байқалмай қалу үшін жай ғана жорғалап кетеді немесе жасырын қалады. Егер қарсыласы шындап жақындаса, бірден шағады. Жылдың жылы уақытында сұржыландар кешкі мезгілде белсендірек. Күндізгі уақыта өздерінің мекендейтін орнында тығылады немесе күнге қыздырынады. Көптеген сұржыландардың улар аспидтердің уларына қарағанда адам өміріне аса қауіпті емес. Организмге токсинді әсерінің басты белгілері жергілікті реакцияда көрініс табады.

Ірі сұржыландардың шағулары ғана адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін (гюрза, сонымен қатар Африка, Оңтүстік және ОңтүстікШығыс Азияны мекендейтіндер). Заманауи және дұрыс емдеу барысында бұл жағдайлардағы өлім сирек кездеседі.

Ресей мен жақын шетелдерді мекендейтін барынша қауіпті сұржылан түрлерін атап өтейік.

Кәдімгі сұржылан Британ аралдарынан бастап Сахалинге дейінгі Европа мен Азияның барлық орман аймақтарына таралған. Ұзындығы 75 см аспайды. Жоғарғы бөлігінің түсі қошқылкөгілдір мен қара аралығында. Артқы жағында бірден көзге көрінбейтін зигзаг сияқты жолағы бар.

Дала сұржыланы бұдан ұсақ, ақшыл боялған, оңтүстіке қарай, орманды далалы және далалы аймақтарда, сонымен қатар Қара және Ка- спий теңіздерінің жағаларында кездеседі; денесінің ұзындығы 50 см аспайды. Бұл сұржыландардың шағулары адам үшін қаупі аз. Өліммен аяқталу жағдайлары 0,5% аспайды, алғашқы жәрдем уақытылы және дұрыс көрсетілсе өлім жағдайы мүлдем болмайды.

Гюрза – өте ірі жылан, кейбір экземплярларының ұзындығы 1,6 м. жетеді. Таралуы аймағы аса кең.гюрза Кавказда және Орта Азияның оңтүстік аймақтарында кездеседі. Құрғақ тау бөктерлерінде, қамыстардың, сиретілген бұтақтасында арасында, жағажай жыраларында, өзен алқаптарында жиі мекендейді.гюрзаның шағуы жіті улану туғызады. Тиісті медициналық көмексіз зардап шеккендердің 10% көзжұмады.

Құмды эфа – ұзындығы 50-60 см жылан, ерекше «бүйірлеп» жүру арқылы құмда жылдам қозғалады, құмда «батып кетуге» қабілетті. Орта Азияның оңтүстік аймақтарын (Каспий теңізінің жағалауында, Арал теңізінен оңтүстікке қарай) мекендейді.

Клиникалық картинасы. Улы жыландар шағуы қатту ауру тығызбайды. Көп жағдайларда шағу моментін түйреуіштің түйреуімен салыстыруға болады. Сұржылан шаққан жерде у өткізгіш тістермен жасалған екі нүктелі жара көрінеді. Улы емес жыландар шаққан кезде теріден көптеген тістер қалдырған төрт қатар шағын белгілерді (мысалы, сарбас жылан шағуы кезіндегідей) көруге болады.

Аспидтердің (кобралар) шағуы кезіндегі клиникалық белгілеріне, салыстармалы түрде шағудың жергілікті көріністері нашар байқалуы, негізгі картина ретінде нейротрапты улардың әрекеті симптомдарының жедел өсуі (тыныстау орталығының параличі) дамиды, сұржыландардың уымен улану барысында алғы кезекте жергілікті зақымдаулар мен қайнайналымының бұзылуы шығады.

Сұржыландардың шағу барысында жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы салыстырмалы түрде нашар айқындалады. Сұржылан шағуынан 10-15 мин. өткенен кейін ісіну дамиды, эрите- ма пайда болады. Бірнеше сағат ішінде ісік қол-аяқтың көптеген бөлігіне тарайды, тәулік ішінде бүкіл денеге даруы мүмкін.

Жедел көмек. Улы жыландардың уларымен улану барысында алғашқы көмек көрсету үшін барынша тиімді құрал зардап шегушіге бірден айырықша антитоксинді сарысу енгізу болып табылады. Антитоксинді (токсинге қарсы) сарысулар бір немесе бірнеше түрлі жылан уларымен жануарларды имунизациялау жолымен алынады. Бірінші жағдайда моновалентті, ал екіншісінде – поливалентті сарысулар алынады.

Сарысу нұсқаулығына сәйкес тері астына немесе бұлшықетке енгізіледі.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close