ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Түркістан облысы жылы климатты өңір болғанымен кей аудандарда қыс қатты болады. Әсіресе, Созақ, Бәйдібек, Түлкібас аудандарындағы асуларда қытымыр аяздың қысатыны бар.
«Төмен температура» деген не? Төмен температура ауа райының жағдайына сәйкес болады, төмен температура кезінде судың, ауаның температурасы төмендейді, қиын табиғи жағдайлар туындайды: күшті жел, ауаның жоғарғы ылғалдылығы, аяз, қарлы боран, күртік.
Аяз деп ауа температурасының 0°С-ге жуық және одан да төмен түскен кездегі ауа-райы жағдайын айтамыз.
Қатты аяз кезінде адам организмінің ішкі температурасы төмендейді, физиологиялық және биохимиялық үдерістері бұзылады.
Ауаның төмен температурасы өте қауіпті!
Аяз кезіндегі өмірдің ұзақтығы қоршаған ауа температурасына, оның ылғалдылығына, желдің жылдамдылығына, жылы киімнің, аяқ киімнің, бас киімнің, үй-жайдың, азық түліктің, отын қорының болуына, адамның физикалық және моральдық жағдайына байланысты.
Ауа температураның төмендеуі адам денесіне едәуір зардап әкеледі.
Кім суыққа сезімтал?
- ауру адамдар,
- қарттар,
- балалар.
Далада ауа температурасы төмендегенде не болады?
- қол, аяқ тоңады
- зейін концентрациясы және қимыл белсенділігі төмендейді,
- сылбырлық және ашушаңдық пайда болады,
- естен тану болуы мүмкін.
Төмен температура кезінде организмге не болады?
- қатты тоңу,
- үсікке шалдығу.
Қолдардың қозғалуы және қолдар мен саусақтардың температуралық
көрсеткіштерінің әр түрлі деңгейлері: жалпы байланыстары және өзара іс-әрекеттері
32-36°C Қол саусақтарының ең жақсы қозғалуы
27-32°C Саусақтардың қозғалысына, жылдамдығына әсер ету
20-27°C Ұсақ бөліктермен жұмыс істеу қабілетінің, төзімділіктің төмендеуі
15-20°C Ірі заттармен жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі, саусақтардың ауырғанын сезіну
10-15°C Жалпы бұлшық ет күші мен қозғалыстың әлсіреуі
- °C Тері қабатының сенсорлық және температуралық рецепторларының жабылуы
<10°C Қолдардың өз сезімталдылығын жоғалтуы, қарапайым қимылды жасау қабілетінің төмендеуі
<0°C Ұлпаның үсікке шалдығуы
ОРГАНИЗМНІҢ ҚАТТЫ ТОҢУЫ
Организмнің қатты тоңуы деген не?
Адам организмінің қатты тоңуы суық ауаның ықпалы негізінде туындайды, бұл кезде дененің температурасы төмендейді. Организмнің қатты тоңуы көбінесе ауа температурасы 0 + 5 °С болған кезде туындайды.
Қатты тоңудың себебі не?
- төмен температура,
- ауаның жоғары ылғалдылығы,
- жел,
- жылы жайдың және жылы киімнің жоқтығы,
- азықтың тапшылығы,
- организмнің құрғауы,
- қозғалыстың жоқтығы,
- ауру.
Организмнің тез қатты тоңуына не әсер етеді?
- қалжырау,
- эмоционалдық күйзеліс (стресс),
- қанның аздығы,
- жарақат.
Оқушылардың қатты тоңуы қай кезде басталады?
- ұзақ уақыт суық ауада болғанда,
- суық желде, аязда,
- дымқыл ортада,
- қарда,
- суық суда,
- суық бөлмеде.
Қатты тоңудың және үсікке шалдығудың бірінші белгілері:
- діріл,
- бүрісу,
- «қаз тері»,
- адам терісінің ағаруы,
- әлсіздік,
- ұйқышылдық,
- бас ауруы, бас айналу,
- жиі зәр жіберу,
- әлсіреген, сыртқы дем,
- аяқ-қолдарды денеге қарай тарту, бүгілу,
- дене температурасы 36°С төмендеу.
Суық (мұздай) суда болғанда, адам организм қандай жағдайда болады?
Организмнің қатты тоңуы төмендегі судың температурасы кезінде болады:
- 10 — 18 градус (°С): адамның қатты тоңуы организмнің суыққа төзімділігіне және бұлшық ет белсенділігіне байланысты әр түрлі кезеңде дамуы мүмкін;
- 10 градус (°С): 2 сағатқа дейін, егер дұрыс жүзсе және дұрыс қалыпты ұстанса, 4 сағатқа дейін;
- 10 градустан төмен (°С): киімсіз адам тез қатты тоңуға шалдығады және ол қиын сипатта өтеді;
- 8 градустан төмен (°С): киімсіз адамда рефлекторлық шок және тез өлім пайда болады.
Суық ауа-райы кезінде далаға шығар алдында қатты тоңудан өзіңді қалай қорғауға болады?
1. Жақсылап тамақтанып ал.
- 2 – 3 кесе ыстық шәй ішіп ал.
3. Жылы киініп ал, бірақ қымтанып киінбе.
Киім денені қатты қымтамауы керек, ол құрғақ, жеңіл, көп қабатты және міндетті түрде табиғи матадан болуы керек.
Міндетті түрде ылғалдылықты және желді өткізбейтін матадан жасалған, ішінде жүні бар малақай, қолғап, бөкебай кию керек.
Сыртқы киім міндетті түрде су өткізбейтін болу керек.
Аяққа – еркін сыйып тұратын етік және жүннен жасалған шұлық. Аяқ киімді өз өлшемінен бір-екі өлшемге үлкен алу керек, ол жақсы қан айналымын қамтамасыз етеді және үсікке шалдығудың алдын алады. Аяқты жылыту үшін жұмсақ киізден, пішеннен, шөптен, бахиладан жасалған ұлтарақтар қолданылады. Аяққа жүннен жасалған шұлық киген дұрыс.
4. Аязда металлдан жасалған (алтын, күміс) әшекейлерлі (сақина, сырға және т.б.) тақпа.
- Беттің ашық жерлеріне глицерин жақ.
- Ауа температурасы -25 °С немесе одан да төмен болса, далаға шықпау керек.
Суық ауа-райы кезінде далада қатты тоңудан өзіңді қалай қорғау керек?
- Жылы жерге оралу керек. Жылы киім киіп алу керек. Дененің ашық жерлеріне суықтың әсер ету уақытын азайту керек.
2. Үздіксіз қозғалыстар жасау керек.
- Дененің ашық жерлерін бақылау керек, үсікке шалдығудың бастапқы үдерісін анықтай алу керек, көмек көрсету бойынша қажетті шараларды қолдана білу керек.
- Дененің тоңған ашық жерлерін дененің жылы бөліктерімен түйісу арқылы жылыту керек: қолды қолтықтың астына немесе аяқ арасына қою, қолды құлаққа, мұрынға, бетке қою.
- Ыстық шәй ішіп алу.
ҚАТТЫ ТОҢУ КЕЗІНДЕГІ БІРІНШІ КӨМЕК
- Суық судан, қардан, суық ғимараттан, ашық желді кеңістіктен, суық, су жерден тез арада адамды алып шығу.
- Зардап шеккенді жылыту.
- Су киімді шешіп құрғақ, жылы киім және бас киім кигізу, қосымша жылы көрпеге орап қою.
- Ыстық су беру.
- 20-22 °С температруалы суы бар ваннаға жатқызу, ол суды біртіндеп 36-тан 40 °С-ға дейін жеткізу. Тіпті адам денесінің жы- луын пайдалануға болады. Ол үшін зардап шегушінің жанына жатып, оған қапсыра құшақтау керек.
- Дәрігер шақыру немесе ауруды ауруханаға апару.
ҮСІККЕ ШАЛДЫҒУ
Үсікке шалдығу деген не?
Организмнің үсікке шалдығуы, көбінесе, суықтың ықпалымен қоршаған ортаның температурасы −10°С төмендеген кезінде туындайды. Бұл кезде адам денесінің кейбір жерлерінде ұлпалардың қабынуы және өлуі пайда болады. Көбінесе, ол ашық жерлер: қолдың буыны, бет, мойын, аяқ.
Ауа ылғалдылығы жоғарылаған сайын және ауа температу- расы төмендеген сайын зақымдану тез жүзеге асады.
Адам организмінің ауа температурасына реакциясы:
- −30 °C төмен: жасушалар өлімге шалдығады;
- −10-нан −20 °C-қа дейін: қан айналымы бәсеңдейді, ұлпалық ферменттердің іс-әрекеттері тоқтайды, ұлпаларға кислородтың түсуі баяулайды.
Тез үсікке шалдығуға не әсер етеді?
- Ауа-райының жағдайы: аяз, ылғалдылық және жел.
• Аяқ-қолдардың жылу изоляциясының жағдайы:
- қысып тұратын аяқ киім,
- ұзақ уақыты бойы қозғалмау,
- қолда бір затты ұстап тұруға мәжбүр болу.
• Организмнің жалпы жағдайы:
- әлсіреген организм,
- жарақаттар,
- қан жоғалту,
- азықтың тапшылығы,
- шаршау және стресс.
• Қан айналымының әр түрлі бұзылуы:
- аяқ-қол аурулары,
- капиллярларды, ірі қан тамырларына зиянын тигізетін әр түрлі жүйелі аурулар.
Үсікке тез шалдығуға не әсер етеді?
- су, дымқыл киім мен аяқ киім,
- дұрыс тамақтанбау,
- ыстық тамақтың жоқтығы,
- жылыну мүмкіншілігінің жоқтығы,
- қажығандық,
- қан жоғалту,
- ауру.
Үсікке шалдығу қашан басталады?
- ұзақ уақыт бойы суық мезгілде болған кезде,
- суық желде, аязда,
- ылғалды ортада,
- қарда,
- суық суда,
- суық жерде, ғимаратта.
Үсікке шалдығудың бірінші белгілері:
- суықты сезіну,
- тері қызырады, содан кейін ағарады және өзінің сезімталдығын жоғалтады,
- шаршау, шырмаушылық, ұйқышылдық және парықсыздық сезімдерінің пайда болуы,
- тыныс алудың және қан айналымының тоқталуы.
ОРГАНИЗМНІҢ ҮСІККЕ ШАЛДЫҒУЫНЫҢ ДЕҢГЕЙЛЕРІ:
I деңгей (жеңілдірек): жалғастырмалы емес суықтан басталады.
Бірінші белгілер:
- күйгенді, шаншуды сезіну, зақымданған жердің қатайып қалуы;
- терінің қышуы, ауыруы.
- деңгей: суықтың ұзақ мерзімді ықпалы кезінде болады.
Белгілері:
- тердің ағаруы,
- температураның төмендеуі,
- сезімталдылықтың жоғалуы,
- зақымданған жерлерде іші мөлдір сұйықтыққа толы күлдіреген томпақшалардың пайда болуы.
- деңгей: суықтың әсер ету кезеңінің ұзақтығы және ұлпадағы температураның төмендеуі.
Белгілері:
- пайда болған қаптардың іші қанға толады, түбі көгілдір- қызғылт болып келеді,
- терінің элементтері өледі және зақымданған жерлерде кейін түйірлер мен тыртықтар қалады,
- түсіп қалған тырнақтар қайтадан өспейді, тіпті, өссе де фор- малары өзгеріп кетеді.
- деңгей: суықтың ұзақ мерзімді ықпалы кезінде болады және ұлпадағы температураның төмендеуі неғұрлым көп болады.
Белгілері:
- ұлпаның барлық қабаттары қатайып кетеді, кейде сүйектер мен буындар зақымданады,
- зақымданған жер көкпең-көк болып тұрады, кейде мәрмәрлі түсті болады,
- жылытқан кезде зақымданған жер тез ісініп ұлғаяды.
Суық ауа-райы кезінде үсікке шалдығудан организмді қалай қорғауға болады?
- Суықтан тасалану.
- Қолтықтың астына қолды салып жылыту.
- Бетті, мұрынды, құлақтарды құрғақ қолғап киілген қолдарыңызбен жылытыңыздар.
- Зақымданған жерлерді ысқыламаңыздар.
- Ешқашан үсіп қалған жерлеріңізді қармен ысқыламаңыздар.
- Үсінген жерді қайтадан қатты тоңуына жол бермеңіздер, ол теріні одан бетер жарақаттайды.
- Егер де үсінген жерлерді жылытқан кезде олардың сезімталдылығы орнына келмесе, медициналық көмекке жүгініңіз.
Егер жақын уақытта кәсіби көмек көрсетілмейтін жағдайда не істеу керек?
- Жылы жерге кіріңіздер.
- Аяқ-киімдеріңізді, шұлықтарыңызды, қолғаптарыңызды шешіңіздер.
- Зақымданған жерді мүмкіндіктеріңіз болса t 20-22°С суы бар ваннада жылытыңыздар. Зақымданған жер қызара бастаған кезде судың температурасын 36-дан 40 °С дейін 15 минуттың ішінде көтеруге болады.
- 30 минуттан кейін теріні сүртіп, бақайлардың арасына мақта мен дәкені салып (мақта дәкеге оралу керек), аяқты дәкемен орап тастаңыздар, содан кейін емханаға барыңыздар.
- Бет пен құлақтарды үсікке шалдыққан кезде оларды қолмен не- месе жұмсақ матамен жылытып, спиртпен және вазелин майымен тазалаңыздар.
- Ыстық шәй немесе кофе ішіңіздер, жылы көрпеге оранып алыңыздар.
- Егер үсікке шалдыққан жерде томпқшалар пайда болса, онда міндетті түрде емханаға бару керек.