ЖЫР-ТЕРМЕ ЖАНРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Сонау ерте заманнан бастау алған жыраулық, жыршылық «Терме» атауы «тер», «теру» сөзінен, яғни шашылып жатқан жырларды жинақтау мағынасын береді.
Терме – қазақ халық поэзиясында қалыптасқан лирикалық өлең түрі. Ғиб- раттылық мәні бар моральдық идеялар тұрғысынан әр нәрсені теріп айтып, бір нәрседен екінші нәрсеге еркін ауысып отыру термеге тән қасиет. Ол нақыл сөз үлгісінде құрылып, әдетте өнегелі, нұсқалы сөздердің тізбегіндей болып келеді. Ырғақтық құрылысы жағынан жеті-сегіз буынды жыр үлгісінде айтылады. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында жедел қарқынмен дами бастады. Тер- ме пішіні мен мазмұны толғауға біршама жақын. Толғауда әлеуметтік сарындар басым болса, термеде көбіне күнделікті тұрмыс-тіршілікке қатысты жәйттер сөз болады. Терме сөз бен әуен сабақтасып келгендіктен синкретті өнерге жатады. Сөздің мағынасы, әсерлілігі, ырғағы ширақ келуі қандай маңызды болса, әуеннің, аспаптық (домбыра) сүйемелдің де үлкен мәні бар. Терме сөзді айқын, анық жеткі- зуге лайық қысқа қайырылатын, жеңіл желдірмелі әуенмен (речитатив) айтылады. Терме, термелеп айту дегеннің өзі жырды – өлеңді жеңіл әуенмен айту, орындау тәсілін де көрсетеді. Осы кеңірек мағынасында термелеп айтқан жыр, өлең (дас- тан да) термешілік өнер қатарында қаралады. Терме – қазақпен қатар, қарақалпақ, қырғыз, өзбек халық шығармашылығында да тарихи орны бар. Жанрлық жағынан Қазақстанның батыс аймағы мен Сыр бойында терме дәстүрі әсіресе мол дамы- ған. Халықтық дәстүрлер негізінде қазіргі кезде терме айтыс өнері қайтадан жаң- ғырып, жандана түсті.
Жыр жанры.
Жыр – кең мағынада, поэзиялық шығармалардың жалпы атауы. Көне түркі тіліндегі «иыр» сөзі де қазіргі «поэзия» терминінің мағынасында қолданылған. Бұл атау дәл осы мағынада қазіргі қарақалпақ, қырғыз, ноғай, қарашай, балқар, башқұрт, татар, тағы басқа түркі тілдерінде әлі күнге дейін қолданылады. Халық поэзиясындағы 7 — 8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық шығарма жанры. Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, тарихи жырлар, лиро-эпостық жырлар, жоқтау- лар, жыраулар поэзиясы, толғаулар, термелер поэзияның осы өлшемдегі үлгісіне құрылған. Поэзиядағы бұл жанрды жазба әдебиет өкілдері де (Абай, С. Торайғы- ров, т. б.) орнымен пайдаланған. Буын санының бір қалыпқа түсіп тұрақтануы – Жыр жанры дамуының соңғы кезеңдерінде пайда болған құбылыс. Ежелгі заман- дардағы Жыр өлшеміне аралас буын тән болған. Мұндай өлшем қазақ халкының толғауларында, ноғай халқының йырларында, башқұрт халқының қобайырларын- да, қырғыз халқының санатында сақталған. Тармақтарындағы буын саны 7-ден 15-ке дейін жетеді. Аралас буынды үлгілер батырлар жырында да кездеседі. Жыр өрнегі өзге өлшемдерге қарағанда әлдеқайда ерте туған. Жырдағы тармақ пен ұй- қас мөлшері және олардың арақатынасы қатаң сақталмай, жиі өзгеріп, құбылып тұрады. Дәл осы қарапайым ерекшелікке көпке дейін ғылымда мән берілмегендік- тен, Жырда басқа өлшемдегідей егіз, кезектес, шалыс ұйқас түрлері болады деп есептелініп келді, олардың жалпы саны 10-ға дейін жеткізілді. Мұндағы басты қа- телік тирада ішіндегі ырғақтық үзілістерді шумаққа теңгеруден туған еді. Кейінгі арнайы зерттеулер Жырдың тармағы мен ұйқасы тирада пішініне ғана тән заңды- лықтарға негізделіп түзілетінін айқын дәлелдеп берді. Жырдың ұйқасы дара ұйқас (монорифма) және аралас ұйқас (полирифма) болып бөлінеді. Аралас ұйқас негізгі ұйқас пен қосымша ұйқастардан тұрады.