Саясат

Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы жеке қабылдау өткізді

Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов, «Nur Otan»  партиясының Шымкент қаласы филиалында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауға қатысқан қала тұрғындары 2022 жылы Қазақтың қос Батыры Сабыр Рахымов -120 жылдығы мен Тоғанбай Қауымбаветың – 100 жылдық мерей тойларын өз деңгейінде өткізу үшін жоспар құру, Тәуелсіздік күніне орай іс-шаралар өткізу, саяси қуғын- сүргін заңының 24 бабына сәйкес, қаржы бөлу сияқты өтініштерін жеткізді. Сонымен қатар қала тұрғындарының Ұлы Отан соғысы ардагеріне көше атын беру, жаяу жүргіншілердің жолын кеңейту, мешітке келушілерге ақысыз автотұрақ ұйымдастыру үшін жер бөліп беру, Мирас ықшам ауданындағы жарық, кәріз жүйелерін ретке келтіріп, бейне бақылау камераларын орнату, қоғамдық көлік мәселелерін ретке келтіру сынды бір қатар уәждері мен сауалдары тыңдалып, кеңінен талқыланды.


Сондай-ақ, әлеуметтік көмек сұрай келген тұрғындардың да мәселесі назарға алынып, оң шешімін тапты. Кезекті жеке қабылдау барысында мәслихат хатшысы Бахадыр Мәдәліұлы тұрғындардың талап өтініштерін тыңдап, жоғарыда айтылған мәселелер бойынша тиісті басқармаларға тапсырма беріп, орындалуын жіті назарда ұстайтынын жеткізді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close