Тәуелсіздікке — 30 жыл

ЕЛБАСЫ ЖАСАҒАН ЕРЛІКТЕР

Міне, биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, біреулер үшін бұл аз уақыт, ал кейбіреулер үшін ұзақ уақыт. Бұл мерзімнің аз немесе көптігі елімізде болып өткен оқиғаға, асып өткен асулар мен меңгерілген белестерге байланысты.

Ең алғаш Тәуелсіздіктің шамшырағын жаққан күннен бастап, Тұңғыш Президентіміз-Елбасы Н.Назарбаев дағдарыстан күйзелген халықтың жағдайын жақсарту мен елдің экономикасын қалай қалыптастыру жолдарын іздестірді. Өзіне үмітпен қараған, Қазақстанның болашағы қандай болар екен деген күдікпен оянатын халыққа ең бірінші Тәуелсіздік бізге не берерін түсіндіре білді. Бірнеше айлап жалақысын алмаған жұмысшылар мен қызметкерлерге үміт отын сыйлады. Түрлі жоспарлар құрып, шетелдерден инвесторларды шақырып, оларға жеңілдіктер жасай отырып, елдің экономикасын көтере бастады. Кешегі өткен Білге қағандай «күні-түні ұйықтамай, елімді қалай көтеремін» деп мазалаған ойлардың шешімін іздестірді.

Осындай ойлармен арпалысып жүрсе де, жылдар бойы қазақтың қайғысы мен мұңына, жан жарасы мен дене жарақатына айналған Семей атом сынақ полигонының жұмысын тоқтатып, көптің алғысы мен халықтың ырзасына ие болды.

Бұл жөнінде бүкіл әлемді уысында ұстағысы келген алпауыт мемлекеттің 2008-2016 жылдар аралығында президенттік қызмет атқарған Барак Обаманың өзі: «Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев әлем көшбас-шыларына ядролық қауіпсіздік пен ядролық қаруды таратпау мәселесі бойынша үлгі бола алады. Қазақстан бүкіл әлемге ядролық қарудан бастарта отырып, қауіпсіздік пен экономикалық өсімді қамтамасыз етудің озық үлгісін көрсетті »-деп мойындаған еді.

Астана қаласының орналасқан жері- Сарыарқаның бел ортасы. Сарыарқа -кезінде өз төрінен талай қырғын мен талай көшпенділікті өткізіп , қанды қырғындар мен қайғылы оқиғалардың куәсі болған мекен. Желмаясын желдіріп, халқына құт мекен іздеп арманда кеткен Асанқайғының толғауын естіген, Абылай ханның қазақтың бірлігін сақтауды уағыздап үш жүздің басын қосуға жиын өткізгенін көрген, хан Кененің бодандықтың тұзағын үзбек болған күресімен күңіренген жер. Сар даласында дауылы толастамаған, желі тынбаған осы мекенді жасыл аймаққа айналдырып, Еуразияның кіндігіне айналдырған да Елбасымыз. Осыдан 30 жыл алдыңғы қала күре тамырымен өзгерген десем де болады. Рас, бұрынғы Целиноград аталған қаланың белгісіндей болып, қаланың оң жағалауында орналасқан үйлер әлі де кездеседі, бірақ бұл уақыттың еншісінде, әлі талай өзгерістер мен талай өзгерулер болатынына сенімдімін. Себебі, Елбасымыздың көрегендігі мен болжам жасау қабілетінің жоғары деңгейде екенін көреміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close