Халықаралық беделіміз қалай көтерілді?
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан халықаралық маңызы бар құжаттарға қол қойып, бірқатар ұйымға мүше болды. Осылайша, халықаралық дәрежедегі беделін көтеріп алды.
1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонды жабу туралы жарлық қабылданды;
1992 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қосылды;
1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі атанды;
1992 жылы 15 мамырда Ұжымдық қауіпсізді шарт ұйымына кірді;
1992 жылы Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымына қосылды;
1994 жылдың 16 ақпанында Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойылды;
1995 жылы 9-12 желтоқсанда Ислам ынтымақтастық ұйымының құрамына енді;
2001 жылы Қазақстанның тікелей араласуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылды;
2014 жылы Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қойылды;
2015 жылы Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққанды мүшесі болды;
2016 жылы Қазақстан Орталық Азияның елдері ішінде бірінші болып БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайланды;
Қазақстан 2022-2024 жылдарға БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Қазақ елі ықпалды халықаралық ұйымдарға төрағалық етті. Мәселен, 2002 жылы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бірінші саммиті ұйымдастарылды. 2010 жылы Қазақстан мұсылман елдерінің ішінде бірінші болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету абыройына ие болды. Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті. Оған 28 мемлекеттің басшысы қатысты.
2017 жылы Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиті де қазақ жерінде өтті. Осы шарада Астана декларациясы қабылданды.