Тәуелсіздікке — 30 жыл

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХНАМАСЫ

— 2010 жылдың қаңтарынан Кеден одағы іске кірісті

— 14 ақпан — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресей Президенті Дмитрий Медведевпен кездесті. Медведев өз кезегінде ЕҚЫҰ саммитін Қазақстанда өткізу туралы бастамаға қолдау білдірді;

— 19-17 наурыз — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовтың ресми шақыруымен Ташкентке барды;

— 7 сәуір — Ақордада Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті. Кездесу барысында Бас Хатшы Елбасына ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, оны Қазақстан аумағынан шығартқаны үшін тағы да алғысын білдірді. Біз Сіздің Қазақстанның ядролық қаруды жасау және таратпау бағытында жасаған әрекеттерін жоғары бағалайтыныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Біздің ядролық қаруды таратпау ісіне қосқан үлесімізді былтырғы жылдың желтоқсан айында АҚШ пен Ресей лидерлері де бірлесе жасаған мәлімдемелерінде атап өтті. Ядролық қарудан қатты зардап шеккен және одан өз еркімен бас тартқан ел ретінде Қазақстан басқа мемлекеттерді де одан бас тартуға үнемі шақырып отырады, — деді Президент;

-11 сәуір — Блэр Хаус ресми резиденциясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамамен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президентінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық саммитті шақыру, Ресеймен Стратегиялық шабуылдық қару-жарақ (АҚШ) туралы жаңа шартқа қол қою, АҚШ-тың жаңа ядролық стратегиясын қабылдау сияқты ядролық қарусыз әлем қалыптастырудағы үлкен қадамдарға себеп болған халықаралық қауіпсіздік саласындағы бастамаларын және жетістіктерін айрықша атап өтті. Кездесуден кейін Президенттердің бірлескен мәлімдемесі жарияланды. Онда екі ел басшысы да ядролық қарусыз тіршілікті таңдайтыны айтылған. АҚШ Қазақстан Президентіне ядролық қарусыздану және қауіпті қаруды таратпауға қосқан үлесін ерекше атап өтті, — деп атап көрсетілген мәлімдемеде. Сондай-ақ АҚШ Президенті Б.Обама хақықаралық ядролық отын банкін орналастыру туралы ұсынысы үшін қазақстандық әріптесіне алғыс білдіріп, Қазақстанның МАГАТЭ директорлар кеңесінің мүшелігіне кіруге деген талпынысын қуаттады;

— 21 сәуір — Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен келді. Мемлекеттік сапар Қазақстанның Корея Республикасындағы жылының салтанатты ашылу рәсімінен басталды. Шараға Корея Республикасының Президенті Ли Мен Бак қатысты;

— 25 мамыр — Елбасы елімізге ресми сапармен келген Түркия Президенті Абдулла Гүлмен келіссөз жүргізді. Ақордадағы келіссөздер кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркиямен экономикалық ынтымақтастықтың жаңа тұрпатты арнайы бағдарламасын түзуді ұсынды. Елбасы оған ерекше атау да әзірлеп қойыпты, жаңа қазақ-түрік экономикалық бағдарламасы Жаңа синергия деп аталмақ. Бір қызығы, синергизм (грекше, syn бірге, ergos әрекет ететін) сөзі биологияда ағзалардың бірлесе және біртекті қызмет етуін білдіреді екен. Яғни одақтас мемлекеттердің ара қатынасын бейнелі айшықтауда таптырмайтын саяси термин. Мұнда ол іс-қимылдың негізгі үш үдерісін — дұрыс жоспарлауды, озық білім мен жедел ақпаратты тиімді алмасуды және ағымдағы жұмысты үйлестіруді білдіреді. Қазақстан — тек қана Азияның жүрегі емес, ол сондай-ақ осы аймақтың маңдайындағы жарқыраған жұлдызы! Мұны тек Қазақстан ғана мақтан тұтпайды, мұны біз — Түркия да мақтан тұтамыз! Біз сіздердің елдеріңізде бұдан да көп жұмыс істеуге, ендігі игерген салалардан ғана емес, жаңаларында

да бұдан да көп жобаны жүзеге асыруға құлықтымыз!, — деді Түркия Басшысы Абдолла Гүл;

— 8 маусым — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің Іс басындағы төрағасы ретiнде Стамбұлда басталған Азия кеңесінің ІІІ Саммитінде сөз сөйлеп ашты. Елбасы осы жолы тағы бiр бастама көтерiп: ЕҚЫҰ — Азия Кеңесi форумын құруды ұсынды. Бұл екi ұйымның ынтымақтастығы мен әрiптестiгi Азия құрлығындағы қауiпсiздiк платформасын қалыптастыруға жол ашуы тиiс, — дедi Назарбаев;

— 11 маусым Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер басшыларының кезекті саммитіне қатысып, сөз сөйледі. Шанхай ұйымын құрудағы басты мақсаттардың бірі — 2002 жылы 7 маусымда қол қойылған ұйымның Хартиясына сәйкес, өзара сенім мен достықты, тату көршілік жағдайды нығайту, саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, білім беру, энергетикалық, көліктік, экологиялық және басқа да салалардағы тиімді ынтымақтастықты дамыту көзделген. Бүгінде саммиттің негізгі міндеті өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылықты, қауіпсіздікті ұстап тұру, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Әлемдегі энергоресурстардың тапшылығы ШЫҰ-ның энергетикалық қоғамдастықты құруына түрткі болуы тиіс. Бұл қоғамдастықтың аясында энергоресурстарды өндірушілердің, тасымалдаушылардың және тұтынушылардың стратегиялық мүдделерін үйлестіретін боламыз. Трансқұрлықтық автокөлік инфрақұрылымын белсенді дамытып отырған Қазақстан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары мен оның қосымша бөлшектері үшін қолайлы жағдай жасау туралы келісімді келісуді шапшаңдатуды ұсынады, — деп Елбасы өзге де әріптестеріне ұсыныс айтты;

— 29 маусым — Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен толеранттық және кемсітпеушілік жөніндегі ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі конференциясы болып өтті. Мәселенің мәні құны өте жоғары адам өміріне байланысты. Егер ЕҚЫҰ-ның халық арасындағы миссиясы осы проблеманы шешудегі қосымша күшке айналатын болса, онда бұл әлемдік оң жағдайға ұйымның қосқан ең маңызды үлесі болары анық, — деді Президент Н.Назарбаев.

Сондай-ақ, ол ХХІ ғасырдың соңғы өткен онжылдығы мен алғашқы онжылдығы то­леранттық ұғымына, ең бастысы, ЕҚЫҰ кеңістігіндегі нақты саясатқа едәуір өзгерістер алып келгенін айтты. Жиын барысында Мемлекет басшысы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуші ел ретінде ұйымның барлық аумағында толеранттық, этносаралық бейбітшілік және конфессия аралық келісім идеясын алға жылжытуға өз үлесін қосуға шын ниетімен күш салатынын жария етті;

— 17 шілде — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің Алматыдағы бейресми кездесуіне қатысты.Лаңкестік, аштық, кедейшілік, экологиялық апаттар, эпидемиялар, ұлтаралық және дінаралық қақтығыстар — бүгінгі адамзат баласының бас қосып шешер, алдыңғы қатардағы түйткілді мәселесі. Бұлармен күрес жүргізу ЕҚЫҰ сияқты қызмет аясы көпқырлы және беделді институттардың бар күш-жігерін жұмсауын қажет етеді. Сондықтан бүгінгі саммитті өткізу — тұтастай алғанда адамзат үшін маңызды — деді Елбасы өз сөзінде;

— 4 тамыз — Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев азаматтардың құқын қорғаудың өзекті мәселелеріне арналған жиын өткізді. Басқосуға Премьер-Министр К.Мәсімов, Мемлекеттік хатшы — Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев, Президент Әкімшілігінің жетекшісі А.Мусин, Бас Прокурор Қ.Мәми, Жоғарғы сот төрағасы М.Әлімбеков, Ішкі істер министрі С.Баймағанбетов, Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаров және құқық қорғау орындары мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Жиын барысында азаматтардың жеке ісі, мәселен үлескерлердің тағдыры, қылмысқа қарсы күрес, заңдылықты сақтау мен құқық бұзушылықты болдырмау, азаматтардың кәсіпкерлік құқын сақтау секілді мәселелер талқыланды;

— 20 тамыз — Президент Нұрсұлтан Назарбаев Армения астанасы — Ереванда өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше-елдер Мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысты;

— 14 қыркүйек — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украинаға ресми сапармен барды;

— 25 қазан — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев НАТО-ның Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссенмен кездесті. Солтүстік­атлантикалық Альянспен арамыздағы қарым-қатынас жемісті дамып келе жатқандығын айта кеткім келеді. Қазақстан НАТО-ның Парламенттік Ассамблеясына бақылаушы ретінде қатысады. Былтырғы жылдың маусым айында посткеңестік кеңістік аумағында НАТО Солтүстік­атлантикалық әріптестік кеңесінің форумын өткізді,- деді Н.Назарбаев кездесу барысында. Андерс Фог Расмуссен Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастық Қарулы Күштер мен әскери саланы реформалау, төтенше басқару мен

ғылыми ынтымақтастық сияқты салаларда белсенді түрде дамып келе жатқандығын тілге тиек етті;

— 12 қараша — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдады. Бордюжа Президентке биылғы жылғы 10 желтоқсанда Мәскеуде өтетін ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына әзірлік барысы туралы айтты. Кездесу барысында Н.Бордюжа Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына жоғары баға берді;

— 18 қараша — Президент Нұрсұлтан Назарбаев Каспий маңы елдері мемлекет басшыларының үшінші саммитіне қатысу үшін Бакуге сапармен барды;

— 1 желтоқсан — Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитінің отырысын ашты. ЕҚЫҰ-ның соңғы саммиті осыдан 11 жыл бұрын Стамбұлда өткен екен. Содан бергі кезеңде дүниенің төрт бұрышында болған және болып жатқан әрекеттер, адамзаттың қауіпсіздігіне қатер төндіретін қауіп-қатерлер ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің басшыларын бір үстелдің басында шүйіркелесуге итермеледі. Алайда түрлі себептермен алқалы басқосулар өтпей келген-ді. Бұндай сәтті бастаманы Қазақстан көтеріп, төрағалық тұсында тиімді жүзеге асыра білді. Расында, ЕҚЫҰ-ның Астана Саммиті Қазақстан үшін ғана емес, әлемдік қауымдастық үшін де елеулі оқиға болды. Өйткені төрткүл дүние үшін аса өзектіге саналатын өңірлік қақтығыстардың баршасы ЕҚЫҰ шеңберінде сөз болды. Саммитке қатысқан жоғары деңгейдегі тұлғалар мемлекеттер өзара түсінісіп, қатерлермен бірлесе күресуі керектігіне барынша назар аударды.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Астана Саммитінің ашылуы барысында әлем алдындағы аса үлкен жауапкершілікті сезіне тұрып, салтанатты түрде байырғы қазақ жерінде, Қазақстанның елордасы — Астанада, Еуразияның жүрегінде, мыңжылдықтар бойы адамзат тарихын жасаған ұлы халықтардың диалогы басталғанын қадап тұрып айтты. Бұл біздің халықтарымыздың қауіпсіздігі мен гүлдену ісіне қосылған үлкен ұлы үдеріс. Алып Еуразия құрлығын Сенім. Дәстүр. Ашықтық және Төзімділік сынды жалпы құндылықтарға негізделген ортақ кеңістікке айналдыру өз қолымызда. Біздің Саммиттің тарихи маңызы мен атқарар жүгі де осында деп білемін, — деп атап көрсетті Н. Назарбаев. Саммитке барлық құрлықтан — Еуропа мен Азиядан, Солтүстік Америка мен Австралиядан 75 елдің делегациясы қатысты. Оның ішінде елордамыз 5 мыңнан астам шетелдік қонақтарды және 1,5 мыңнан астам қазақстандық және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қабылдады. Саммит арқылы Қазақстанды танитындар елімізді жаңа қырынан біле түсті, ал елге алғаш аяқ басқандар дархан даланың ұлылығын сезініп, ұлтымыздың ұстынына куә болды.

Бұл басқосудың ең басты нәтижесі — Астана декларациясының қабылдануы болды. Декларацияда ЕҚЫҰ-ның барлық нормалары, қағидалары мен міндеттемелері көрсетіліп, оның ауқымы мен аумағы да кеңейтіліп, қайта қуатталды. Бұндай декларацияны беделді сарапшылар Ұйымның келешектегі жұмысына ерекше серпін беретін құжат ретінде мойындауда. Декларация — еуразиялық және еуроатлантикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің біртұтас және бөлінбес кеңістігіндегі жаңа кезеңнің бастауы болуы мүмкін. Астана Саммитінің табысы бұл бүкіл ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің табысы болып табылады, — деп атап көрсетті Елбасы Саммиттегі қорытынды сөзінде;

— 9 желтоқсан — Кеден одағының Жоғарғы органының отырысы барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ресей Президенті Дмитрий Медведев, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында Бірыңғай экономикалық кеңістік құру жөніндегі Декларацияға қол қойды.Біз Біртұтас экономикалық кеңістік 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енетінін бекіттік және оған басқа елдердің де енуіне жол аштық. Ол бізді Еуразиялық экономикалық одақ құруға жақындата түседі, — деді осы мәселеге байланысты сөзінің соңында Қазақстан Президенті;

— 9-10 желтоқсан — Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕурАзЭҚ, ТМД және ҰҚШҰ-ның іс-шараларына қатысу мақсатымен Мәскеу шаһарына ресми сапармен барды. Мемлекетаралық кеңестің жалпы жұмысына баға берген Нұрсұлтан Назарбаев: Біз Қоғамдастықтың, Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің негізгі даму бағыттары бойынша көптеген мәселелерді талқыладық. Небәрі 10 жылдың ішінде біз көп нәрсеге қол жеткізіп отырмыз, — деді;

— 23 желтоқсан — Өскемен қаласында Тұңғыш Президент — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту туралы республикалық референдум өткізу жөніндегі бастамашы топтың республикалық жиналысы болып өтті. Оған қатысқан 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларынан келген 850 делегат бастаманы бірауыздан қолдады. Бұл бастама қазақстандықтардың құлағына тиісімен, республикамыздың түкпір-түкпірінен оны қолдаушылардың қатары күн өткен сайын көбейді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close