КҮЙІКТІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ
Термиялық күйік-денеге жалын,қайнаған су,жанып тұрған және ыстық сұйықтық пен газ,қызған және балқыған металдар,напалымдардың тікелей әсерінен пайда болды.
Зақымданудың ауырлығы әсер еткен температураның жоғарлығына,әсер етудің ұзақтығына зақымданудың көлемі мен жайылуына байланысты.Қатты күйіктер әсіресе жалын мен қысымда тұрған будың әсерінен пайда болады.Аяқ-қол көз,дененің басқа мүшелеріне қарағанда күйікке жиі ұшырайды.
Химиялық күйік-денеге жинақталған қышқылдардың (тұз,күкірт,азот,карбол) және сілтілердің Күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий,мүсәтір спирті,
сөндірілмеген әк),фосфордың және ауыр металдардың кейбір тұздарының (хлорлы мырыш)әсерінен пайда болады.Зақымдалудың ауырлығы мен тереңдігі химиялық заттың түрі мен жинақталуына,әсер ету созымдылығына,қай жер екендігіне байланысты.Химиялық заттардың әсеріне кілегейлі қабықша,тері жамылғышы мен мойын төтеп бере алмайды. Ал,табан мен алақан мейлінше төзімдірек
Сәулелік күю ядролық жарылыстың жарық сәулесінен рентген мен күн сәулесінен пайда болады, сәулелік күйіктің сырттай алғашқы белгілері зақымдау дәрижесіне сәйкес келмейді.Зақымдау дәрежесі біршама кейінірек анықталады.
АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КОРСЕТУ
Термиялық күйіктің кезіндегі алғашқы медициналық көмек зардап шегушіге жоғары температураның ықпалын тоқтатуға,яғни жанған киімді сөндіруге,оны жоғары температура аймағынан әкетуге,оның денесінен күйген киімді шешуге бағытталады. Күйіктің асқынуын болдырмау үшін күйіктің бетіне таза таңғыштар жабу керек.1-дәрежедегі күйік кезінде таңғышты спиртпен,арақпен,калий пермаганатымен ылғалдап қоюға болады.Көпіршіктерді қыздыруға,алуға немесе қандайда бір май жағуға
болмайды.Жағылған май ауруды жазуға көмектеспейді.Есесіне жұқпалылардың енуіне жол береді.Бұл өз кезегінде алғашқы медициналық көмекті көрсетуге,теріні алғашқы хирургиялық емдеуге кедергі келтіреді.
ОҚИҒА ОРНЫНДА КӨМЕК КӨРСЕТУ
Бірінші тәртіпкүйген жерді мүмкіндігінше таза жаймамен жабу.Терінің күйген бөлігін байлап тастауға немесе қатты түйуге болмайды.Екінші тәртіп целлофан пакеттерін,пластикалық шөлмектерді қармен,мұзбен немесе суық сумен толтыру және оларды құрғақ жайма төселген күйген жердің үстіне қояды.Үшінші тәртіп-күйік алған адамға 1-2 таблетка анальгин беру(оның есі
болған жағдайда).Төртінші тәртіп-зардап шегушіге жылы сусынды көп ішкізу және толық тыныштықта қалдыру.
КҮЙІКТІҢ ТҮРЛЕРІ:
Бірінші дәрежелі – терінің қызарып, домбығып ісінуі;
Екінші дәрежелі – іші сұйыққа толатын бірнеше көпіршіктердің пайда болуы;
Үшінші дәрежелі – күйген жердің барлық қабаттарындағы жасушалардың жансыздануы;
Төртінші дәрежелі – тері астындағы тіндер мен ағзалардың, сіңір бұлшықеттерінің, сүйектің, ішкі ағзалардың қатты зақымдануы. Күйік орын алған жағдайда алғашқы көмектің әрі дұрыс, әрі уақытылы көрсетілуі жарақаттардың тезірек жазылуына, оны емдеудің жеңіл болуына, яғни жақсылықпен аяқталуына жәрдемдеседі.
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Бірінші және екінші дәрежелі күйікке ұшырағанда күйген жердің ауырғанын бәсеңдету үшін күйген теріні шүмектете ағызылған таза сумен біраз уақыт жуып-шаю керек. Содан кейін, әлгі жергеспирт немесе әтір жағып, үстін залалсыздандырылған құрғақ дәкемен таңып тастау ләзім. Әрбір отбасында, кез келген жұмыс орнында залалсыздандырылған дәкелер болуы тиіс. Егер, дәке болмаса, оның орнын жаңа ғана үтіктелген таза ақжайманы, орамалды, сүлгіні пайдалануға болады.
Күйіктің үстінде пайда болған көпіршіктерді қолдан жаруға, оған дәрігердің рұқсатынсыз қандай да бір май, сарымай жағуға, ас содасын себуге және несепті, басқа да дәрілерді пайдалануға болмайды. Олар күйген жерді ластайды, микробтардың көбейіп кетуіне жол ашады да, дұрыс емделуге кедергі жасайды.
Егер адамның киімі өртенсе, атқылап аққан сумен өшіру, не топырақпен, не қармен көму керек, не өртенген адамды көрпеге, пальтоға, әйтеуір бір қалың затқа орап, қымтау керек. Өртенген киіммен жүгіріп қашуға болмайды, өйткені жел жалынды үрлеп, денені одан бетер күйдіре түседі. Күйген адамнан киімді сыпырып алуға болмайды. Киімнің денеге жабысқан жерінің шеттерін қайшымен қиып тастау дұрыс. Дәрігер келгенше күйген адамға тәтті шай немесе кофе ішкізіңіз.
Өрт– бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар. Өрт сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді: қол көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған жәшіктер, асбест жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар; химиялық көпіршікті от сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер;
көміроттекті отсөндіргіштер; хладонды отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер); өртке қарсы жүйелер (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті генераторлар; автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы
автоматты өрт сөндіру жүйелері). Кез келген объектілерді эксплуатациялауды (туристік фирмаларды, қонақ үйлерді, демалыс базаларын) бекітілген нормативті құжаттар талаптарына сай қатаң түрде жүзеге асыру қажет. Барлық қоғамдық және өндірістік ғимараттарда нақты көрсетілген кедергісіз тез шығуға кепіл беретін апатты жағдайларда шығатын
жерлер болуы тиіс. Есіктер іш жағынан ашылуы керек. Бұл жерлерде
кедергі келтіретін бөгде заттар мен отқа жанғын материалдар болмауы керек. Бұдан басқа да құтқару жолдары қарастырылуы жөн (мысалы, сыртқа шығатын сатылар мен шатырға шығатын жерлер). Өрт кезінде ешқашан лифтті қолдануға болмайды.