Қоғам

«АҚША ЖЫМҚЫРУДАН СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР ШЕНЕУНІКТЕРДЕН АСЫП ТҮСПЕСЕ, КЕМ ТҮСПЕДІ»

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек Үкімет сағатында жеке сот орындаушылардың алаяқтық істері жөнінде мәлімдеді.

Депутаттың сөзінше жеке сот орындаушылар мемлекетке түсетін қомақты қаражатты жымқырған. Бас прокуротураның таратқан ақпаратына сүйенген мәжлісмен бірнеше факті келтірді.

— Алматы қаласында 409 млн, Солтүстік Қазақстан облысында 530 млн, Қарағанды облысында 110млн, Павлодар облысында  35 млн, Батыс Қазақстан облысында 16 млн теңге. Жалпы 660 фактіні жаңа ғана айттық. Бірақ та ақша жымқырудан жеке сот орындаушылары шенеуніктерден асып түсті деді депутат.

Сондай-ақ Бақытжан Базарбек жеке сот орындаушылар Астанада сотталған адамның жағдайын пайдаланып, 394 млн теңге қарызды ойдан шығарып, сотталған адамның шотынан шешіп алып, қомақты бөлігін қалтаға басқанын айтты. Ал СҚО-да сот орындаушы жымқырған 532 млн теңгені банкке салып, ай сайын сыйақы алып отырған деді. Ең сорақысы Алматы және Павлодар қаласында болыпты. Мұнда сот орындаушылар балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың алиментке арналған шотынан бірнеше жылдан бері ақша ұрлап, жеке мақсатта пайдаланыпты.

Депутат ұрланған қаржыны сот орындаушылар басшыларымен бөлісіп отырған дейді. Ол мұны ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті деп бағалады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close