Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ

Қазіргі қазақстандық қоғамда гендерлік саясаттың жүзеге асырылуы мемлекеттік саясаттың – бұл бағыт Қазақстан мемлекеттілігінің нығаюы және қоғамды заманға сай жаңғырту үшін маңызды ресурсқа айналған жағдайда – маңызды бағыты болып табылады. Гендерлік саясаттың мақсаты – нақты гендерлік теңдікке қол жеткізу. Бұл барлық азаматтар таптаурын салттар мен дәстүрлі гендерлік жүйеден туындайтын шектеулерден тәуелсіз түрде таңдау еркіндігі мен өздерінің жеке қабілеттерін дамыту еркіндігіне ие деген сөз. Гендерлік саясаттың іске асырылуы – демократияға қол жеткізудің басты факторларының бірі.

Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қор өкілдігінің қолдауымен «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» қоғамдық қоры (Алматы) жүргізген гендерлік зерттеу барысында қазақстандықтардың гендерлік саясатты жүзеге асырудың басты бағыттарына қатысты көзқарастары сараланды. Зерттеу мынадай сұрақтармен айналысты: қазақстандықтар қазіргі Қазақстан қоғамындағы ерлер мен әйелдердің жағдайы жөнінде не ойлайды? Қазақстанда ерлер мен әйелдер үшін теңсіздіктің қандай белгілері бар? Республика азаматтары үшін қандай гендерлік мәселелер ерекше өзекті болып табылады? Өздерінің гендерлік құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыру үшін олар қандай шаралар қажет деп біледі?

Қазіргі Қазақстан қоғамында мемлекеттің гендерлік саясатын қалыптастыру және оны жүзеге асыру мәселелері бұқаралық санада жағымды демократиялық қағидалардың, ғұрыптардың жүйеленуі мен нығаюы салдарынан өзекті сипатқа ие болып отыр. Гендерлік саясатқа немқұрайлы қарау мемлекет пен қоғамның демократиялық құрылымының негіздерін бұзады, азаматтық қоғам институтының тиімділігін азайтады, құндылықтар демократиялық жүйесінің мәртебесін төмендетеді және сонымен қатар саяси жүйені демократияландыру барысына сенімсіздік тудырады. Гендерлік саясаттың мақсаты – нақты гендерлік теңдікке қол жеткізу. Бұл барлық адамдар таптаурын салттар мен дәстүрлі гендерлік жүйеден туындайтын шектеулерден тәуелсіз түрде таңдау еркіндігіне және өздерінің жеке қабілеттерін дамыту еркіндігіне ие деген сөз.

Гендерлік теңдік екі жыныс өкілдерінің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін біркелкі деңгейде жүзеге асыру мәселесін қозғайды. Ерлерге қатысты гендерлік кемсітушілік деректерін – ондай жайттар Қазақстан қоғамында орын алып тұрады – назардан тыс қалдыру орынсыз болып табылады. Сөйтіп мемлекеттік гендерлік саясат әйелдердің ғана жағдайын жақсартуға емес, екі жыныстың да мүдделері мен мүмкіндіктерін тең дәрежеде ескере отырып, нақты гендерлік теңдікке қол жеткізуге бағытталуға тиіс. Әйтпесе теңдік мәселесіне қатысты гендерлік саясаттың саралануы толық болмайды әрі әйелдік субъективтік көзқараспен ерекшеленетін болады.

Қазіргі Қазақстандағы гендерлік саясаттың бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Мұнда қазақстандық            саяси  көшбасшылардың мемлекеттік қызметтің осы бағытына деген саяси мүддесінің әлсіздігін, саяси дәстүршілдікті, бұқаралық саясат кеңістігінің әйелдер үшін шұғыл тараюын, гендерлік саясат нысандарының материалдық теңсіздігін атауға болады. Іс жүзінде қазақстандық әйелдердің экономикалық мәртебесі қазақстандық ерлерге қарағанда төмен. Соның нәтижесінде бизнесте, сонымен қатар басты қаржылай қорлар шоғырланған және саяси элита қалыптасатын салалар мен мамандықтарда       әйелдердің аз екендігі, азаматтардың тең құндылығын түсінудің бұзылғандығы, халықтың ер және әйел тобының өзіндік психологиялық ерекшеліктері мен моральдық құндылықтары және сонымен қатар қазақстандық қоғамда тарих барысында қалыптасқан салт-дәстүрлер мен таптаурындар байқалады.

Сонымен қатар Қазақстанның КСРО құрамында болған тарихын да естен шығармау керек. Кеңес үкіметінің тұсында мемлекет жылдар бойы гендерлік саясаттың монополиялық объектісі мен субъектісі рөлін атқарды. Кеңестік отбасылық саясатта тек әйел-ана мен оның балалары ғана нысан ретінде қарастырылды. Мемлекет ерлердің отбасылық немесе әкелік рөлін өзінің басымдылығы ретінде танып, білмеді. Ерлерді ақы төленбейтін үй шаруасына тарту кеңестік отбасылық саясаттың мақсат-міндеттерінің қатарына тіпті енген де жоқ. Кеңестік отбасылық саясаттың нәтижесі мемлекеттік патриархаттың нығаюына алып келді. Онда мемлекет пен әйелдердің құрған одағы бойынша мемлекетке ниеттестік танытып, «жұмыс істейтін аналар» гендерлік келісімінің жарлықтарын орындаған жағдайда әйелдер мемлекет тарапынан қолдауға ие болатын.

Қазақстанда жаңа экономикалық қатынастарға өту барысында әлеуметтік салада маңызды өзгерістер орын алуда. 1990 жылдардың екінші жартысында гендерлік саясаттың жалпы болмысын қайта қарастырудың қажеттілігі туындады. Бүгінгі таңда біз қазіргі Қазақстанда гендерлік қатынастар трансформациясының берік беталысы ретінде неотрадиционализм құбылысының қайта жандануын байқаймыз. Бұл беталыс үстемдік сипатта. Сонымен қатар гендерлік саясаттың идеологиясы мен құралдарында дәстүршіл дискурстың жүйелене түсуі байқалады. Трансформацияға түсіп отырған қазақстандық қоғамда гендерлік саясатқа дәстүрлі, пронаталистік және фамилистік – бұл сипат отбасылық (әке, ана және балалар) үлгіге бет түзейді – сипат беруге болады. Іс жүзінде қазақстандық  неотрадиционализм трансформацияланған қоғамда мемлекеттік идеологияға айналуда.

Қазақстанда гендерлік саясатты жүзеге асыруды реттейтін бағдарламалық құжат 2005 жылы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің

№ 1677 жарлығымен қабылданған «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы» болып табылады. Аталмыш стратегияда төмендегідей басты мақсаттар атап көрсетілген:

  1. Ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің нақты теңдігін қамтамасыз ету;
  2. Қоғамдық-саяси өмірде гендерлік теңдікке қол жеткізу;
  3. Экономикада гендерлік теңдікке қол жеткізу;
  4. Гендерлік білім;
  5. Құқықтық және гендерлік ағарту ісі;
  6. Ерлер мен    әйелдердің репродуктивтік денсаулығын нығайту;
  7. Қоғамда жынысқа байланысты зорлық- зомбылыққа жол бермеу;
  8. Отбасында гендерлік теңдікке қол жеткізу;
  9. Отбасын нығайту және       отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейту;
  10. Гендерлік-сезімтал қоғамдық сананы жетілдіру.

Біздің ойымызша, бұл стратегияның Қазақстанда гендерлік теңдікке қол жеткізу жолындағы маңызы зор, себебі ол белгілі бір бағдарлар мен үлгілерді ұсынады. Бірақ өкінішке қарай онда көзделген мақсаттарға жетудің жолдарын нұсқайтын айқын көрсеткіштер, құрылымдар мен міндеттерді орындау уақыттары көрсетілмеген. Оның сыртында бүгінгі таңда қазақстандық қоғамда қазіргі Қазақстанда гендерлік қатынастар трансформациясының берік беталысы ретінде неотрадиционализм құбылысының қайта жандануы байқалады. Ал ол стратегияға қол жеткізуге шектеу қояды. Өкінішке қарай көбінесе әйелдерге қатысты болып келетін эмансипация олар үшін ықтимал рөлдер мен өмір салттарының аясын кеңейтсе де, Қазақстан мемлекетінің қазіргі гендерлік саясаты ерлерге көп көңіл бөлінбейтін жағдайға     алып     келуде.     Әлі    күнге     дейін «асыраушы ер азаматтың» рөлі нормативтік үлгі болып табылады және де ол үлгі әкелер мен ерлердің үй шаруасын атқаруға, балаларды бағып-қағу мен оларды тәрбиелеуге тең дәрежеде ат салысуын талап етпейді. «Жауапты әке міндетін» жүзеге асыру жолында институционалдық қолдаулардың жоқтығы баланың дүниеге келуі отбасындағы гендерлік рөлдердің дәстүршілдігінің себебіне айналуына әкеліп соғуда. Сонымен қатар кәсіби, отбасылық және ата-аналық міндеттерді ұштастыра білуге қолайлы шарттарды қамтамасыз етуге бағытталған әртүрлі деңгейдегі тиімді механизмдер мен сараланған бағдарламалардың (тату отбасын жұмыс орнымен қамтамасыз ету, балаларға қамқорлықтың қол жетімді және сапалы инфрақұрылымын жасау) жоқтығы тек әйелдерді ғана отбасы мен жұмыс арасындағы теңгерімді іздестіретін субъектіге айналдырып отыр. Ал бұл жағдай біріншіден ананың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алғандағы қауіп-қатерін жоғарылатса, екіншіден отбасын қамтамасыз ету ісі мен балаларға деген күнделікті қамқорлыққа ата-ананың тең деңгейде қатыспауының орныға беруіне әкеліп соғады.

Осыған байланысты бұл зерттеу қазақстандықтардың гендерлік саясатты жүзеге асырудың басты бағыттарына деген көзқарастарын анықтауды мақсат тұтты. Зерттеу барысында біз мынадай сұрақтарға жауап іздедік: Қазақстандықтар қазіргі Қазақстан қоғамындағы ерлер мен әйелдердің жағдайы жөнінде не ойлайды? Қазақстанда ерлер мен әйелдер үшін теңсіздіктің қандай белгілері бар? Республика азаматтары үшін қандай гендерлік мәселелер ерекше өзекті болып табылады? Өздерінің гендерлік құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыру үшін олар қандай шаралар қажет деп біледі.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close