Без рубрики
АЛМАТЫДА ВЕБКАМ-СТУДИЯ ӘШКЕРЕЛЕНДІ
Алматы қаласында заңсыз қызмет көрсеткен вебкам-студияның жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы құқық қорғау органдары хабарлады.

Полиция қызметкерлері жүргізген арнайы іс-шара барысында пәтерде тікелей эфирге қатысып жатқан қыз бен студияның әкімшісі анықталды. Екеуі де мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілген.
Тінту кезінде компьютерлік техника, бейнетүсірілімге арналған құрылғылар және онлайн трансляция жүргізуге пайдаланылған арнайы жабдықтар тәркіленді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары студия қызметіне қатысы болуы мүмкін өзге тұлғаларды анықтап, істің барлық мән-жайын жан-жақты тексеріп жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.



