Без рубрики
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАСКЕЛЕҢ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ТУҒАН СӘБИ КӨЗ ЖҰМДЫ
Әлеуметтік желідегі мәлімет бойынша, босанған ананы мүгедектер арбасымен тасымалдау кезінде нәресте құлап кеткен болуы мүмкін.

Туыстарының айтуынша, дәрігерлер баланың жағдайы жақсы екенін айтып, анасының қолына берген. Алайда келесі күні сәби емуден қалып, жағдайы күрт нашарлаған. Кейін шұғыл түрде басқа ауруханаға ауыстырылғанымен, баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.
Оқиғаға қатысты Қарасай аудандық ауруханасы қызметтік тексеру мен ішкі аудит басталғанын мәлімдеді. Қазір медициналық көмектің сапасы мен барлық мән-жайлар жан-жақты зерттеліп жатыр.
Марқұм сәбидің өліміне қатысты түпкілікті қорытынды тексеру нәтижелерінен кейін жарияланады.
#алматы #роддом #жаңалықтар #новости #рекомендации



