Без рубрики
ДАРИҒА БАДЫҚОВАНЫҢ ЭКС-КҮЙЕУІ БЕЙТАНЫС ӘЙЕЛМЕН КӨЗГЕ ТҮСТІ
Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев әлеуметтік желіде бейтаныс арумен түскен видеосын жариялап, оқырмандар арасында қызу талқыға түсті.

Видеода Дархан Мұсаевтың мейрамханада белгісіз бойжеткенмен әңгімелесіп отырған сәті көрсетілген. Жазбаның астына ол: «Бәрі ерекше…» деген қысқа жазба қалдырған.
Желі қолданушыларының басым бөлігі оған бақыт тілеп, жаңа қарым-қатынасқа қатысты жылы пікірлерін жазған. Алайда кейбір оқырмандар видеодағы қыздың кім екеніне қатысты түрлі болжам жасап, оны актриса Құндыз Бадықовамен байланыстырған.
Айта кетейік, Дархан Мұсаев пен Дариға Бадықова бұған дейін ресми түрде ажырасқанын мәлімдеген болатын. Бұрынғы жұптың жеке өмірі әлеуметтік желі қолданушыларының назарында жиі болады.



