Без рубрики

ПӘКІСТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ТЕҢІЗ ПОРТТАРЫН ҰСЫНДЫ

Пәкістан Қазақстанға халықаралық нарыққа шығатын жүк тасымалын дамыту мақсатында өз аумағындағы үш ірі теңіз портын пайдалануды ұсынды.

Бұл туралы Пәкістанның теңіз істері жөніндегі федералдық министрі Мұхаммад Джунайд Анвар Чаудри мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан жүктерді тасымалдау үшін Карачи, Порт-Касим және Гвадар теңіз порттарын пайдалана алады.

Әзірге Пәкістан тарапы қандай көлік бағыттары қолданылатынын, жүк тасымалының көлемі қандай болатынын және жаңа логистикалық шешімдердің нақты қашан іске қосылатынын жариялаған жоқ.

Қазіргі уақытта екі ел жүк тасымалын Өзбекстан–Түрікменстан–Ауғанстан бағыты арқылы, сондай-ақ Иран, Қырғызстан және Қытай арқылы жүзеге асыратын көлік дәліздерін дамыту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мәліметке сәйкес, 2025 жылы Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы 105,6 млн АҚШ долларын құрады. Ал екі мемлекет алдағы жылдары бұл көрсеткішті 1 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close