Без рубрики

ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖАҢА ПӘНДЕР ЕНГІЗІЛЕДІ

Еліміздегі мектеп бағдарламасына бірқатар жаңа пәндер мен міндетті курстар енгізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Жаңа өзгерістер оқушылардың құқықтық сауатын арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және білім мазмұнын жаңартуға бағытталған.

Министрдің айтуынша, алдағы уақытта мектептерде бірнеше жаңа пән кезең-кезеңімен оқытыла бастайды. Атап айтқанда, «Конституция негіздері» пәні 5–7-сынып оқушыларына арналған болса, «Заң және тәртіп» курсы 8–11-сыныптарға енгізіледі.

Сондай-ақ 5–11-сынып оқушылары үшін «Жеке қауіпсіздік» пәні оқытылмақ. Ал «Қазақстан географиясы» пәні 2027 жылдан бастап 8–9-сынып бағдарламасына енгізіледі.

Бұдан бөлек, «Құқық негіздері» енді факультативтік сабақ мәртебесінен алынып, барлық оқушы үшін міндетті пән ретінде оқытылады.

Жаңашылдықтар бастауыш сыныптарды да қамтиды. Енді 1-сынып оқушылары үшін арнайы бейімделу кезеңі енгізіледі. Бұл кезең балалардың мектеп ортасына тез үйренуіне, сондай-ақ оқу, жазу және санау дағдыларын жеңіл меңгеруіне мүмкіндік береді.

Министрлік өкілдері бұл өзгерістер білім сапасын арттыруға және оқушылардың заманауи талаптарға сай жан-жақты дамуына бағытталғанын атап өтті.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close