Без рубрики

ҮШҚАЙЫҚТАҒЫ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САУРАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫНА АЙНАЛУДА

Сауран ауданына қарасты Үшқайық ауылдық округінде жүзеге асырылып жатқан балық шаруашылығы жобалары өңірдегі кәсіпкерліктің жаңа бағыты ретінде дамып келеді.

Ауыл шаруашылығын әртараптандыруға бағытталған бастамалар өз нәтижесін беріп, аталған жобалар сәуір айында алғашқы өнімдерін нарыққа шығарған болатын.

Сол кезеңде аудан әкімі Мақсат Таңғатаров Үшқайық ауылдық округіне арнайы жұмыс сапарымен барып, жаңадан іске қосылған кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысқан еді. Сапар барысында балық шаруашылығын дамытуға үлес қосып отырған кәсіпкерлермен кездесіп, өндіріс барысын көрген болатын.

Жобалардың бірі интенсивті технология негізінде іске қосылған балық өсіру кешені болды. Аумағы 1,2 гектарды құрайтын кешендегі бассейннің сыйымдылығы 16 мың текше метрге жетеді. Мұнда өсірілген сазан балықтары сәуір айында сатылымға шығарылып, Түркістан және Кентау қалаларының сауда орындарына жөнелтілген еді. Жоба аясында 2 миллион дана уылдырық салынып, нәтижесінде 500 мың шабақ өсіру жоспарланған болатын. Кәсіпорында екі адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Сонымен қатар Үшқайықтағы екінші жоба аясында да алғашқы нәтижелер байқалған. Онда үш бассейн іске қосылып, бекіре мен сазан балықтарын өсіру қолға алынған. Кәсіпорын алғашқы өнімдерін өңір нарығына шығарып, Түркістан және Кентау қалаларындағы дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарына жеткізген болатын. Алдағы уақытта өндіріс көлемін арттырып, жылына 20 тоннаға дейін балық өндіру жоспарланған. Жоба аясында үш адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Сол уақытта аудан әкімі Мақсат Таңғатаров балық шаруашылығы ауыл шаруашылығын әртараптандырудағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап өткен еді.

– Балық шаруашылығы нақты нәтиже беріп отырған салалардың біріне айналуда. Бұл жобалар ауыл тұрғындарының табысын арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді, – деген болатын аудан басшысы.

Жалпы, Сауран ауданында қолға алынған мұндай кәсіпкерлік бастамалар ауыл экономикасының дамуына серпін беріп, балық шаруашылығының өңірдегі перспективалы бағыттардың біріне айналып келе жатқанын көрсетті.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close