Білім

ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН ҰСТАЗДАР

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы дәстүрлі тамыз кеңесінен кейін, еңбегі еленіп, өзгелерге үлгі бола білген ұстаздарды марапаттады. Өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім беруде ерен еңбектері үшін 15 ұстаз төсбелгімен, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен 100 ұстаз, Құрмет грамотасымен 100 ұстаз марапатталды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталғандар:

1.Көмекбаева Балқия Әбдіманапқызы- Ардагер ұстаз.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталғандар:

1.Тагаева Гульмира Жапбаровна — «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» МКҚК –нің директоры;

2. Алтаев Бейсен — №58 Жалпы орта білім беретін мектебінің
директоры;

3. Джамалова Хулкар Абдыкаюмовна –Е. Юсупов атындағы №104 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры;

4. Налибаева Гулнара Шариповна — №109 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры;

5. Сарымсакова Айна Аблаевна – А. Макаренко атындағы №4 мектеп-лицейінің директоры;

6. Турсынова Ақжарқын Усмановна – Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығының бөлім басшысы;

7. Шымырбаева Гүлшат Алдияровна -№69 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталғандар:

1. Жомартова Зарина Кенжетайқызы – «Саз колледжі» МКҚК-нің
«арнайы фортепиано» бөлім меңгерушісі, оқытушы-
концертмейстер;

2. Алжанова Аят Скатаевна – Дарынды балаларға арналған №1мамандырылған ІТ лицей интернатының директоры;

3.Амантаеева Ляззат Алтынгалиевна — №2 балалар саз мектебінің директоры:

4. Күздеубаев Жолдасбек Мейрамбекович — Жастардың
уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының директоры;

5.Кузумбаева Толқын Аманбековна – М. Жұмабаев атындағы №39 жалпы білім беретін мектебінің директоры;

6.Өткелбай Нұрбике Керімқұлқызы- Шымкент қаласы білім басқармасының
есепшісі;

7. Оспанова Айткүл Аскаровна – Шымкент қаласы білім басқармасының «Әкімшілік жұмыс және персоналды
басқару» бөлімінің бас маманы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close