Без рубрики

МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРУ ІСІ БОЙЫНША СОТТАЛҒАН ЕРЛАН ҚОЖАҒАПАНОВ БОСТАНДЫҚҚА ШЫҚТЫ

Бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты.

Ол 2025 жылдың мамыр айында аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, сот қаулысына сәйкес Қожағапановтың өтелмеген бас бостандығынан айыру жазасының қалған бөлігі айыппұл төлеу жазасына ауыстырылған.

Осылайша сот шешімі негізінде бұрынғы шенеунік жазасының қалған мерзімін бас бостандығынан айыру түрінде емес, айыппұл төлеу арқылы өтейтін болды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close