Без рубрики

САЙРАМДА ЭЛЕКТР СЫМДАРЫ ШЫҒАРЫЛАДЫ

Түркістан облысы Сайрам ауданында электр сымын өндіретін зауыт бар. Оның бас кеңсесі

Шымкентте болғанымен, жұмыстың басым бөлігі Сайрамдағы өндірістік нысанда атқарылады. Бұл зауыт 2006 жылы ашылған. Бастапқыда 30 адамды жұмыспен қамтыған зауыт иесі жұмыстың алғашқы жылдарында шетелден арнайы мамандар шақыртқан көрінеді. Бүгінде кәсіпкер кәсіпорынды дамытып, бірнеше жерден филиалдар ашқан. Соның бірі – Сайрамдағы Ақсу ауылында. Мұндағы зауыт 2025 жылы толықтай реконструкциядан өтіп, қазір 80 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Жақында «AstroTech Cable» кабель өндіретін зауыттың жұмысымен танысу үшін аудан әкімі Мадияр Мұхтарұлы арнайы Ақсу ауылына барып қайтты. Онда әкім өндіріс орнымен ғана танысып қоймай, олардың алдағы жоспарлары туралы да әңгіме қозғады.

Жалпы, «AstroTech Cable» жобасының құны 1,3 млрд теңгені құрайды. Бұл өндіріс орны тәулігіне 12 мың шақырымға дейін кабель өнімін шығаруға қауқарлы. Мұндай ауқымды жұмыс күнделікті 80 адамның күшімен жүзеге асырылып отыр.

Кәсіпорында өндірілген өнімге ішкі нарықпен қатар, өзге шет елдерден де тапсырыстар түсіп тұрады. Қазір Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Польша сынды елдерге тұрақты түрде электр сымдары экспортталып жатыр.

Аудан әкімі Мадияр Мұхтарұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында: «Өңірде осындай өндіріс орындарының көбеюі – жаңа жұмыс орындарының ашылуына, инвестиция көлемінің артуына және аудан экономикасының нығаюына оң ықпал етеді. Алдағы уақытта да өндіріс саласын қолдауға және инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға басымдық береміз», – деді.

Сайрам ауданындағы бұл кәсіпорын айына 1 миллион шақырымды қамтитын сым өндіреді. «AstroTech Cable» зауыты сымның бірнеше түрін өндіреді. Олардың ішінде тұрмыстық және өнеркәсіптік электр сымы, төмен және орта кернеулі күштік кабельдер, өздігінен оқшауланған сымдар, бақылау және басқару кабельдері бар.

Ауданда мұндай өндіріс орындарының көбеюі экономиканың тұрақты дамуына үлес қосады. Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамтып, олардың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. Оған қоса, елдегі жұмыссыздар саны кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың арқасында азая түспек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close