Без рубрики

ТҮРКІСТАНДА 3 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ҚАРЖЫНЫ ЖЫМҚЫРҒАН ҰЙЫМДАСҚАН ТОПҚА ҮКІМ ШЫҚТЫ

Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешенін қолдауға бөлінген 3 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша сот үкімі шығарылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Тергеу мәліметінше, 2016–2021 жылдар аралығында «КТ Яссы Несие» ЖШС-нің басшылығы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы ірі қара мал сатып алуға арналған мемлекеттік қолдау бағдарламасының қаражатын заңсыз иемденудің қылмыстық схемасын ұйымдастырған.

Агенттік мәліметіне сәйкес, несие рәсімдеу үшін жалған тұлғалардың атына шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер тіркелген. Сонымен қатар өтінімдерге қолдан жасалған бизнес-жоспарлар, құқық белгілейтін жалған құжаттар және шын мәнінде болмаған кепіл мүліктері ұсынылған.

Тергеу барысында 33 қылмыстық құқық бұзушылық фактісі анықталған. Атап айтқанда, 24 жалған несие рәсімделіп, кепіл ретінде іс жүзінде жоқ 54 нысан көрсетілген.

Соттың шешімімен қылмыстық жолмен алынған мүліктер мемлекет кірісіне тәркіленді. Олардың қатарында 19 тұрғын үй, 10 жер учаскесі, 2 пәтер, 4 коммерциялық нысан және 4 автокөлік бар.

Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың 27 мүшесі кінәлі деп танылып, әрқайсысына 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close