Без рубрики

АҚСУКЕНТ АУЫЛЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА РЕЙД ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Сайрам ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы рейдтік іс-шаралар жалғасып жатыр.

Бұл шараның негізгі мақсаты – аудан мен ауылдық өңірлердің тазалығына мән беру, халықты тазалыққа баулу.

Жалпы, Қазақстан Республикасының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында құрылған мобильді топ Сайрам ауданы аумағында жүйелі түрде рейдтік іс-шаралар өткізіп отырады.

Рейд барысында саябақтар, скверлер, демалыс орындары, жағалау аймақтары және халық көп шоғырланатын қоғамдық орындардың тазалығы тексеріледі. Қажет болған жағдайда тұрғындарға немесе белгілі бір кәсіп иесіне ескерту жарияланады. Сондықтан аймақ көркін қалдықтар құртпас үшін ауыл тұрғындарына қоршаған ортаны таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығару жөнінде түсіндіру жұмыстары да жүргізілді.

Жоспар бойынша Ақсукент ауылындағы Қазыбек би, Бекет батыр және Пратов көшелеріндегі тазалық бақыланып, рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында көше бойындағы заңсыз қоқыс орындарына айналған аумақтар анықталып, тұрғындарға ескерту жасалып, қоқыстың экологияға әсері мен зияны туралы ақпараттар айтылды.

Рейд қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес, абаттандыру қағидаларын бұзған 5 тұрғынға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделді.

Мұндай іс-шаралар тұрақты түрде, апта сайын, ұйымдастырылып отырады. Сондықтан аудан әкімшілігі тұрғындарды тазалық сақтауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, ортақ мүлікке зиян келтірмеуге шақырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close