Қоғам

ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛАУЛЫСЫ, ЖАСТАРДЫҢ ЖАНАШЫРЫ 

Бүгінде қоғамның қозғаушы күшіне айналған жастардың жанашыры, жақсылықтың бастамашысы «Nur Otan» партиясының жанынан құрылған Жастар кеңесінің мүшесі, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Талғат Балтабаев нәтижелі жұмыс атқарып келеді.

Жастардың әлеуетінің артуы, қарымының қарыштауына белсене атсалысып, біршама істердің ұйытқысы болып жүрген халық қалаулысы «Nur Otan» партиясының жанынан құрылған Жастар кеңесінде «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыруда.

Шымкент қаласының «ЖОЛ КАРТАСЫН» жастардың өз қабілетін жүзеге асыруына, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне араласуына, білім алуына және еңбек етуіне мүмкіндігі, жастардың өмір сүру деңгейін көтеру, әлеуметтік ахуалын жақсарту және дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейту бойынша 100 нақты шаралардың нәтижелі жүзеге асуына ықпал жасауда.

Сондай-ақ жастар тарапынан ұйымдастырылатын барлық шаралар мен түрлі акцияларға қатысып, төбе көрсетіп жүрген нар тұлғалы азамат.

Сонымен қатар биылғы жылы дәрігерлердің жұмысын дәріптеп, оларға құрмет жасаудың өнегелі бір үлгісін көрсетуге дәріптеген ”Рахмет саған, дәрігер!” атты жаңа авторлық жоба жарық көрген болатын. Ел ықыласына бөленген бұл жобаны телевизиялық нұсқаға айналдыруға өзі бастамашы болып, қалалық мәслихаттың сессиясында мақұлдап, игі жобаны қолдаған депутаттың бірі -Талғат Балтабаев болатын.

 

Тағы да айта кететін болсақ Шымкент қаласы мәслихат депутаты Талғат Балтабаев депутаттық сауал жолдап, Қайнарбұлақ елді мекеніндегі өзекті мәселенің шешілуіне ықпал етіп, көкейтесті мәселені арқалап талай есіктің табалдырығын тоздырған. Өзекті де өткір мәселеге дер кезінде назар аударып, түйткілді түйіннің шешілуіне ықпал еткен халық қалаулысына тұрғындар дән риза.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close