Без рубрики

«СІЗДЕН БАСҚА БӘРІ КІНӘЛІ»

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің жұмысын сынға алып, қатаң ескерту жасады.

Отырыста энергетика және коммуналдық секторды дамытуға арналған ұлттық жобаның іске асырылу барысы қаралды. Үкімет басшысы бірқатар өңірде қаржыландыру рәсімдері созылып кеткенін айтып, олардың қатарында Алматы облысын да атады.

Олжас Бектеновтің айтуынша, облыста ұлттық жоба аясындағы келісімшарттар әлі күнге дейін жасалмаған. Бұл өз кезегінде жобаларды уақытында жүзеге асыруға кедергі келтіріп отыр.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің баяндамасын тыңдаған Премьер-министр оның уәждерін қабылдамай, жауапкершілікті өзгеге аудармауға шақырды.

«Сізді тыңдасақ, сізден басқа бәрі кінәлі. Тездетіңіздер», – деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы ұлттық жобалардың орындалуын созбалаңға салуға жол берілмейтінін айтып, өңір әкімдеріне жұмысты жеделдетуді тапсырды.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close