Без рубрики

ӘУЕЖАЙ ЗАҢСЫЗ АЛЫМ АЛҒАН

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының» қызметінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу дерегін анықтады.

Агенттік мәліметінше, тергеп-тексеру барысында әуежайдың авиациялық отын жеткізу қызметі нарығында монополиялық жағдайын пайдаланып, жеткізушілерден заңда көзделмеген алым өндіргені белгілі болған. Сонымен қатар жеткізушілердің бұл талаптардан бас тартуға немесе өзге қызмет көрсетушіні таңдауға мүмкіндігі болмаған.

Тексеру нәтижесінде аталған алымның мөлшері кезең-кезеңімен өзгеріп отырғаны анықталды. Алғашында бір тонна авиаотын үшін 16 240 теңге көлемінде белгіленген төлем кейін 77 852 теңгеге дейін көтерілген. Кейін оның мөлшері 60 137 теңгеге дейін төмендетілген.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әуежайдың бұл әрекеттерін монополиялық жағдайды теріс пайдалану ретінде бағалады.

Тергеп-тексеру қорытындылары бірінші сатыдағы сотта қаралып, агенттіктің ұстанымы заңды деп танылды.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close