Без рубрики

ТОҚАЕВ «БОЛАШАҚ ОЙЫНДАРЫ – 2026» САЙЫСЫНЫҢ АШЫЛУЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирінің ашылу салтанатына қатысып, жарысқа қатысушыларға құттықтау сөзін арнады.

Президент өз сөзінде заманауи спорт түрлерінің, цифрлық технологиялар мен инновациялардың дамуы жастардың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырып жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары» секілді халықаралық жобалардың спорт пен технологияны ұштастырып, елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін айтты.

Мемлекет басшысы спортшыларға сәттілік тілеп, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне және үздіктердің анықталуына тілектестік білдірді. Сонымен қатар мұндай додалардың жастарды жаңа жетістіктерге ынталандырып, цифрлық спорттың дамуына серпін беретінін атап өтті.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close