Без рубрики
КАНЬЕ УЭСТ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ
Америкалық рэпер Канье Уэст Қазақстанға келді. Музыкант бүгін Алматыда жеке концертін өткізеді.

Канье Уэстті әуежайдан қазақы дәстүрмен қарсы алған. Қонақты ұлттық нақыштағы ерекше рәсіммен қарсы алу сәті әлеуметтік желіде тарады.
Рэпердің концерті бүгін Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Музыкалық кешке мыңдаған көрерменнің қатысуы күтіледі.
Канье Уэст — әлемдік хип-хоп сахнасындағы ең танымал орындаушылардың бірі. Оның Қазақстанға келуі отандық музыка жанкүйерлерінің ғана емес, халықаралық аудиторияның да назарын аударып отыр.



